Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ТЫНЫСАЛУ АЃЗАЛАРЫНЫЊ АУРУЛАРЫ




 

Тынысалу аѓзаларыныњ аурулары клиникалыќ жєне патоморфологиялық бейнесінің алуан түрлілігімен ерекше. Б±л жаѓдай тынысалу аѓзаларында ауру дамыта алатын этиологиялық факторлардың көптігімен, науқастардың жас шамасымен және µкпе қ±рылысының µзіндік ерекшеліктерімен байланысты. Тынысалу аѓзаларының ауруларын кµбіне биологиялық факторлар қоздырады; әсіресе бронхылар мен өкпеде қабыну (бронхит, трахеит, бронхиолит, пневмония) процестерін өрбітетін вирустар мен бактериялардың маңызы зор. Бронхылар мен өкпеде қабыну мен аллергиялыќ (бронхылық астма) және ісік (карцинома) процестерін химиялыќ жєне физикалыќ агенттер де дамытады. Б±л агенттер тыныс жолдары мен µкпеге ластанған ауа арќылы µтеді. Бронхылар мен өкпе сырқаттарыныњ дамуына т±ќымќуалайтын факторлар мен жас шамасына байланысты ерекшеліктердіњ де үлкен әсері бар.

Тынысалу ағзалары сырқаттарының даму барысы патогенді жєне ауыруға қолайлы жаѓдай туѓызатын факторлармен ғана сабаќтас емес, тынысалу ж‰йесіндегі қорѓаныстыќ бөгендердіњ жаѓдайына да байланысты. Олардың ішінде аэродинамикалыќ сүзгі (фильтр) мен жалпы жєне жергілікті қорғаныстың гуморальдық пен клеткалыќ механизмдері ерекше орын алады. Аэродинамикалыќ с‰згініњ ж±мысы бронхылардың тарамдарындаѓы кірпікшелі эпителий арқылы жүзеге асып, мукоцеллюлалық тасымалдау процесіне негізделеді. Тынысалу жүйесіндегі гуморальдыќ жергілікті қорѓаныс факторларына секрециялық иммунды глобулиндер (ІgА), комплементтер жүйесі, интерферон, лактоферрин, протеазалардың ингибиторлары, лизоцим, сурфактант, хемотаксистік фактор, лимфокиндер, ал гуморальдық жалпы қорѓаныс факторларына ІgM мен ІgG жатады. Тынысалу ж‰йесіндегі клеткалыќ жергілікті қорѓаныс факторларына альвеолалыќ макрофагтар кірсе, клеткалыќ жалпы қорѓанысты полиморфядролы лейкоциттер, келімсек макрофагтар мен лимфоциттер қамтамасыз етеді. Тынысалу жүйесіндегі қорғаныстық бµгендердің қ±рамдас бөліктерінің жеткіліксіздігі кейде т±ќымќуаласа (бір немесе бірнеше факторлардың тапшылыѓынан), енді бірде ж‰ре (әртүрлі сыртқы әсерден) пайда болады.

Тынысалу ағзалары ауруларының клиникалық морфологиясын айқындау үшін ќазір алуан түрлі тәсілдер қолданылады. Олардың ішінде ең маңыздылары — қақырықты цитологиялық және бактериоскопиялыќ тәсілдермен зерттеу, бронхылар мен альвеолалардан шайынды алу (бронх-алвеолалық лаваж), бронхылар мен өкпеден биоптат жасау.

Тынысалу аѓзаларының ең маңызды сырқаттарының қатарына жедел бронхит, өкпенің жедел ағымды қабынуы (пневмониялар) мен деструкциялы (абсцесс, гангрена) сырқаттары, өкпенің созылмалы бейспецификалық сырқат-тары, пневмокониоздар, бронхылар мен өкпенің карцино-масы жатса, плевра сырқаттарының ішінде ең жиісі ¾ плеврит.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 92; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты