Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЖЕДЕЛ БРОНХИТ




 

Жедел бронхит — бронхылардың жедел ағымды қабынуы; ол дербес сырқат та бола алады немесе бірқатар басқа аурулардың (мысалы, пневмонияның, созылмалы гломерулонефриттен туындаған бүйрек қызметі жеткіліксіздігінің) салдары ретінде де дамиды.

Этиологиясы мен патогенезі. Этиологиялық факторлардың ішінде респирациялыќ сырқаттарды µрістететін вирустар мен бактериялардың мәні зор. Физикалық (қ±рѓақ және суық ауа) және химиялық (хлор, азотты тотықтар, күкіртті газ, т.б.) факторлардың, әртүрлі шаңдардың тынысалу жүйесіне кеселді әсері мол. Б±л факторлардың әсеріне тынысалу жүйесіндегі қорѓаныстық бөгендердің т±қымқуалайтын дәрменсіздігі, әсіресе мукоцеллюлалық тасымалдау мен гуморальдық жергілікті қорғаныс факторлары ќолайлы жаѓдай туғызады да, жедел бронхиттің барысында мукоцллюлалық тасымалдау мөханизмдері одан єрі зақымдала түседі. Өйткені патогенді әсерден бронхылардың бездері мен бокалша клеткалары шырыш (жалқаяқ) бөлуін үдетіп, кірпікшелі призмалыќ эпителий түлейеді, сµйтіп бронхылардың кілегейлі қабықшалары жалаңаштанып, инфекцияныњ бронхылар іргесіне өтіп, одан да әрі жайыла беруіне жаѓдай туады.

Патологиялық анатомиясы. Жедел ағымды бронхит кезінде бронхының кілегейлі қабықшасына қан толып, ісінеді жєне қанды дақтар мен ойық жаралар пайда болады, саңылауына шырыш жиылады. Кілегейлі қабықша катарлы қабынып, фибринді немесе фибринді-геморрагиялы процесс өрістейді. Кейде бронхыныњ кілегейлі ќабықшасы ойылып, жараланды. Бронхиттің б±л түрі ойыќ жаралы бронхит деп аталады. Ал бронхиолалардаѓы жедел қабыну — бронхиолит — пролиферациялы да болуы мүмкін. Ондай жағдайда лимфоциттер, макрофагтар, плазмоциттер шоғырланып, эпителийі кµбейіп, бронхиолалардыњ іргелері қалыңдайды. Бронхының бастапқы (проксималдық) бөлімінің, єдетте кілегейлі қабықшасы ғана (эндобронхит) немесе кілегейлі қабықшасы мен б±лшыќетті қабаты (эндомезобронхит) зақымдалады. Бронхының соңғы (дисталдық) бµліміндегі процесс оның барлыќ қабатын қамтып (панбронхит, панбронхиолит), кейде төңірегіне де жайылады (перибронхит).

Көбіне жедел бронхит бронхылардың кєріздік (дренаждыќ) єрекеті бүлінгендіктен, асқынады. Өйткені м±ндай жағдайда бронхылар тарамдарының дисталдыќ бөліміне инфекциялы шырыш өтіп (аспирация), өкпенің µз ткані де қабынады (бронхпневмония). Кейде панбронхит пен панбронхиолиттің салдарынан бронхылардың төңірегімен қоса, µкпенің аралыќ ткані де қабынады (перибронхылыќ аралыќ пневмония).

Жедел бронхиттіњ ақыры бронхының іргесі ќаншалыќты зақымдалғанына байланысты. ¦йымалы немесе шырышты катар түрінде өрістеген бронхит ќайтымды болса, оның деструкциялы түрлері (іріңді катар, деструкциялы бронхит пен бронхиолит), єдетте, пневмонияѓа ұласады. Патогенді єсер ±заќ болса, бронхит созылмалы аѓымды.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 119; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты