Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бронхпневмония




 

Бронхпневмония деп — бронхиттен немесе бронхиолиттен басталып, µкпеге жайылған қабыну процесі аталады (бронхальвеолит). Бронхпневмонияныњ морфологиялық негізі — ошақты қабыну. Б±л пневмонияның бірінші ретті (мысалы, вирустыќ респирациялыќ инфекцияларға тєн) және екінші ретті, салдарлыќ (басқа аурудың зардабы ретінде дамитын) түрлері бар (XX тәсімді ќара).

Этиологиясы. Б±л аурудың этиологиясы алуан түрлі. Оны пневмококк, стафилококк, стрептококтар, энтеробактериялар, вирустар, микоплазма мен саңырауқ±лақтар сияқты микробтыќ агенттер дамытады. Пневмонияның клиникалыќ және морфологиялық ерекшеліктері қоздырушыныњ сипатына байланысты. Бронхопневмония химиялыќ жєне физикалыќ әсерден де дамиды, сондыќтан оны уремиялыќ, шањ-тозањдыќ, радиациялыќ пневмония деп жіктеуге де болады.

Патогенезі. Бронхпневмония жедел ағымды бронхиттен немесе бронхиолиттен өрбіп, қабыну процесі өкпе тканіне интрабронхылыќ (катарлы бронхит немесе бронхиолит кезінде тµмен ќарай) немесе кейде перибронхылыќ (деструкциялы бронхит немесе бронхиолит кезінде) жолмен жайылады. Инфекция бүкіл организмді жайласа, бронхпневмония, єдетте, гематогендік жолмен дамиды (сепсистік пневмония). Ошақты пневмонияның дамуына аутоинфекция мен аспирацияныњ (аспирациялыќ пневмония), өкпеге қан мен лимфа іркілуінің (гипостаздыќ пневмония) және аспирация мен нерв-рефлекторлыќ процестердің (операциядан кейінгі пневмония) де зор маңызы бар. Бронхпневмонияның ерекше бір тобын иммунитет тапшылығына негізделген иммундефициттік пневмониялар құрайды.

Патологиялық анатомиясы. Түрлі себептерден дамыған бронхпневмонияның морфологиялыќ бейнесінде µзара айырмашылыќ болғанмен, ортақ белгілер де жоқ емес. Бронхпневмония қандай себептен дамыса да, оның қ±рамынан үнемі жедел аѓымды бронхит немесе бронхиолит көрініс береді. Бронхит пен бронхиолит, єдетте, катарлы қабынуға (ұйымалы, шырышты, іріңді, аралас) негізделеді: кілегейлі қабықша қан кернеп, ісінеді, бездермен бокалша тәрізді клеткалар шырышты көп түзіп, призма пішінді клеткалар сыдырылады. Сол себепті бронхылардың тарамдарын тазартатын мукоцеллюлалық механизм зақымдалады. Сусіңділеніп, клеткалар шоғырланған бронхылар мен бронхиолалардың іргелері қалыңдайды. Кµбіне бронхылардың соңѓы тарамдарында панбронхит, панбронхиолит, ал бастапќы тарамдарында эндомезобронхит өрістейді. Іргелері сусіңділеніп єрі клеткалар шоғырланған бронхылардың кәріздік (дренаждыќ) әрекеті б±зылады, инфекция араласқан шырыштың бронхылар тарамдарының соңѓы бµлімдеріне µтуіне қолайлы жағдай туады, Жиі жµтелудің єсерінен бронхылардың саңылауы уақытша кеңейіп, кейде транзиторлы (өтпелі) бронхэктаздар ќалыптасады.

Бронхпневмониялыќ ќабыну ошаќтары, єдетте, µкпеніњ II, VI, VIII, IX, X cегменттерінде болады. Олар т‰рлі кµлемді қатты, с±рғылт қызылдау болады. Ошақтың кµлеміне қарай, бронхпневмония милиарлыќ (альвеолит), ацинустық, бөлікшелік, біріккен бөлікшелік, сегменттік жєне полисегменттік түрлерге бөлінеді. Альвеолаларѓа жиналѓан экссудатқа шырыш пен нейтрофилдер, макрофагтар мен эритроциттер, сыдырылған альвеолалық эпителий араласады; кейде фибрин де болады. Экссудат өкпеге біркелкі жайылмай, бір альвеолаларға көп, енді біреулеріне аз жиналады. Альвеолааралық пердеге клеткалар шоғырланады.

Бронхпневмонияның морфологиясында науқастың жас шамасына байланысты ерекшеліктер болады. Мысалы, сєбилерде дамыѓан пневмонияның біразында альвеолалардың ішкі бетіне гиалинді мембраналар, яѓни фибринді тыѓыз қабыќшалар түзіледі. («Балалыќ шақ ауруларын» қара). 1—2 жастаѓы, түрлі себептен єлсіреген балалардың µкпесінің кµбінесе омыртқа жотасы т±сындаѓы, яѓни туылѓаннан кейін толық керілмеген артқы бөлімдері (II, VI, X сегменттері) қабынады. Б±л пневмония паравертебралыќ пневмония деп аталады. Балалар екпесінің жиырылѓыштыѓы мен кәріздік єрекеті µте жақсы, лимфалыќ тамырлары көп, сондықтан олардаѓы пневмониялық ошақтар тез тарап кетеді. Ал 50-ден асқан адамдардыњ лимфалық тамырлар жүйесі тозып үлгереді, қабынѓан жерлер баяу жазылады.

Бронхпневмонияның морфологиялыќ бейнесі инфекциялыќ агенттке байланысты; клиникалық т±рѓыдан ең маңызды түрлері — стафилококк, стрептококк, пневмококк, вирустар мен саңырауқ±лақтар дамытқан ошақты пневмониялар. Стафилококтыќ бронхпневмония, єдетте, сарѓыш (золотистый) стафилококтың әсерінен дамып, көбіне вирустық инфекцияларѓа қосарланады. Ол ауыр әсерлі, IX жєне X сегменттер қабынып, некрозды ошаќар мен іріњдіктер пайда болады. Ірің бронхылар арқылы шығарылып, іріңдіктердің орнында ірілі-ұсақты қуыстар қалады. Некрозды ошақтардың айналасын ±йымалы-геморрагиялы қабыну шарпиды.

Стрептококтыќ бронхпневмонияны гемолиздік стрептококк пен вирус қосылып қоздырады. Ол жедел аѓымды. Өкпе ±лғайып, кесіндісінің бетінен қанды сұйықтық ағады. Түрлі көлемді бронхылардың іргелерін негізінен лейкоциттер жайлайды; кейде некроз дамып, абсцестер мен бронхэктаздар қалыптасады. ¤кпе мен плевраның лимфалық тамырлары да қабынады. Пневмококтыќ бронхпневмония ошаќтарында бронхиолалар зақымдалады, нейтрофилді экссудат жиналып, оның құрамында фибрин болады. Пневмониялық ошақтың жиегі сусіңділеніп, микробтар шоѓырланады. ¤кпенің кесіндісі тарғыл тартады. Сањырауќ±лаќтыќ бронхпневмонияны (пневмомикозды) әрт‰рлі, көбінесе Саndida түрлес саңырауқ±лақтар дамытады. Өкпе қабынып, түрлі көлемді, қаттылау, бозғылт қызылдау (бөлікшелік, біріккен) ошақтар қалыптасады. Олардың жидіп, ыдыраған орталыќ аймағында саңырауқүлақтың жіпшелері болады.

Вирустыќ бронхпневмонияны РНЌ-лы немесе ДНҚ-лы вирустар дамытады. Вирустар тынысалу жолдарыныњ эпителиіне өтеді. РНЌ-лы вирустар цитоплазмада топтасып, базофильді қосымшалар түзіп, клетканы зақымдайды. Клеткалар сыдырылады және кµбейе келе шоғырланып, алып клеткалар қалыптастырады. Ал ДНЌ-лы вирустар клетканың ядросына енеді; клеткалар сыдырылѓанымен, жаңармайды. Кілегейлі қабыќшадан алынѓан ж±ғынды препараттан сыдырылған клеткалар табылып, олардың ішінде жаңа қосымшалар болса, оның диагноз қоюға үлкен септігі бар. Вирус эпителийлік бµгенді зақымдайды, сондықтан вирустық пневмонияға көбінесе бактериялық инфекция қосарланады. Вирустың жеке µзінің єсерінен пневмония сирек дамиды. Вирустық пнөвмония кµбіне гриппен, парагриппен, аденовирустық инфекциямен, цитомегалиямен, жел (ақ) шешекпен, қызылшамен ауырғандарда байқалады («Балалыќ шаќ аурулары» мен «Инфекциялық ауруларды» қара).

Бронхпневмонияның зардабы оны дамытқан себептің ерекшелігіне, науқастың жас шамасы мен хал-жағдайына байланысты. Пневмониялық ошақтар кейде карнификацияланады немесе іріњдеп, абсцеске айналады, плевраға жуық жайғасса, плевритке ±ласады.

Науқас адам өкпесі іріңдеп немесе іріңді плеврит дамып µледі. Бронхпневмония єсіресе жас бµбектер мен қарттар ‰шін µте қауіпті.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 123; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты