Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


К¤МЕЙ МЕН Ж¦ТЌЫНШАҚТЫЊ АУРУЛАРЫ




 

Көмей мен ж±тќыншаќтыњ ауруларыныњ ішінде ењ маныздысы — ангина (лат.: апgеrе — т±ншықтыру). Ол тонзиллит деп те аталады. Ангина (баспа) — ж±тқыншақ пен таңдайдағы бадамша бездердің лимфаденоидты тканінің қабынуы. Ол инфекциялық сырқаттар тобына жатады. Б±л ауру кең тарап, көбіне жылдың салќын маусымында байқалады.

Ангина жедел және созылмалы ағымды. Әсіресе жедел ангинаның организмге әсері зор.

Этиологиясы мен патогенезі. Ангинаны єртүрлі қоздырушылар дамытады. Олардың ішінде стафилококтар мен стрептококтар, аденовирустар мен түрлі микробтар ассоциациясы басты орын алады.

Ангинаның даму механизміне экзогендік жєне эндогендік факторлар єсер етеді. Дегенмен, эпителий арқылы немесе гематогендік жолмен өткен инфекцияныњ маңызы зор және тоњғанда немесе дененің бір жері тоңазыѓанда яки жарақаттанғанда жанданѓан аутоинфекция ерекше қауіпті. Ал эндогендік факторлар жүтқыншақтағы лимфаденоидты қ±рылымдар мен организмнің сезімталдығына және адамның жас шамасына байланысты. Сондықтан да ангина ересек балалар мен жасы 35—40-тан аспағандарда жиірек, ал жас балалар мен қарттарда сирек байқалады. Созылмалы тонзиллиттің даму барысына аллергиялыќ фактордыњ єсері үлкен.

Патологиялыќ анатомиясы. Жедел ангинаныњ катарлы, фибринді, іріңді, лакуналыќ, фолликулдыќ, некрозды және гангреналы түрлері бар.

Катарлы ангина кезінде таңдайдың бадамша безі мен доғасына қан толып, көгеріңкірейді, кілегейлі қабыќшасын шырыш басып, кµмескі тартады. Ұйымалы немесе лейкоциттер араласқан шырышты экссудат пайда болады. Кейде лайсаңдау экссудат эпителийдің астына жиналып, ұсақ-±сақ кµпіршіктер түзеді. Ангина фибринді болса, бадамшаның кілегейлі қабатын ақшыл сары түсті фибринді қабыршық басады. Ол көбіне дифтерия ауруында байќалып, ангина дифтеритті түрде дамиды. Іріњді ангина кезінде бадамша без сусіңділеніп, лейкоциттер көп болады. Іріңді қабыну безді түгел жайлап, көбіне ангинаныњ флегмоналы түрі байқалады. Кейде ірің бір жерге шоғырланып, абсцесс (іріњдік) түзеді. Ірің бадамшаның төңірегіне, тіпті организмге түгел жайылуы (диссеминация) да мүмкін. Енді бірде бадамша бездің жүлгелерінің (лакуналарының) түбіне сыдырылған эпителий араласқан ±йымалы, шырышты немесе лейкоцитті экссудат жиналады, сµйтіп лакуналыќ ангина орын алады. Жүлгелерге ірің толған кезде бадамшаның үстін ақшыл сары түсті қабыршыќ басады. Ол оңай сыдырылады. Фолликулдыќ ангина негізінен лимфалыќ фолликулдарды зақымдайды. Бадамша без қанға толып, ±лѓаяды, фолликулдарының орталық аймақтары іріњдеп, жидиді. Фолликулдардың маңындағы лимфоидты тканьде лимфоциттер мен лейкоциттер көбейіп, олар фолликулдардың арасына да жайылады. Некрозды ангина кезінде кілегейлі қабықшаны, кейде оның астындаѓы қабаттарды да некроз процесі жайлап, жиегі тегіс емес ақаулар қалыптасады (некрозды-ойыќ жаралы ангина). Кµмей мен бадамшада қанды ошақтар көбіне сол себепті пайда болады. Ал егер бадаша бездің ткані гангренадан жидісе, гангреналы ангина дамығаны. Некрозды және гангреналы ангинаға көбіне скарлатина мен жедел ағымды лейкоз себеп болады.

Ангинаның ерекше түрі — Симановский ¾ Плаут — Венсенның ойық жаралы-қабыршықты ангинасы. Ол - ±ршыќтәрізді бактериялар мен ауыз қуысында қалыпты жаѓдайда болатын спирохеталардың симбиозынан дамитын ж±қпалы (эпидемиялы) ангина. Егіс даласында ќыстап шыќќан дақылдарды асқа пайдаланѓанда дамитын сепсистік ангина (алиментарлы-токсикалық алейкия ангинасы) да дербес сипатты ауру. Даму орны µзгеше, бµбешік пен кеңсірік-кемейдегі бадамшалардың, ж±тќыншаќтыњ екі жаќ жиегі мен артќы ќабырѓасының, т.б. қ±рылымдардың ангиналары да б±л аурудың ерекше түрлері.

Созылмалы ангина (созылмалы тонзиллит) бірнеше рет ќайталанѓан (ќайталамалы) ангинадан µрістейді. Бадамшаныњ лимфоидты ткані көбейіп, ұлѓайып, қабығымен қоса шорланады. Бездің лакуналары көңейіп, эпителиінде ұсақ жаралар пайда болады. Кейде көмей мен ж±тқыншақтағы лшфоидты қ±рылымдардың барлыѓы бірдей ±лғаяды.

Жедел және созылмалы ангина кезінде жұтқыншақ пен бадамша без жэне, әдетте, мойындағы лшфалыќ түйіндер де ұлғаяды.

Ангинаның асқыну зардаптары жергілікті және жалпы сипатты болады. Процесс бадамша бездің тµңірегіне жайылса, паратонзиллалыќ абсцесс, көмей арты абсцесі, көмейдіњ клетчаткасында флегмона немесе тромбылы флебит дамуы мүмкін. Ангина ревматизммен, гломерулонефритпен, инфекциялы-аллергиялыќ сырќаттар-мен де асқынады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 95; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты