Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЕШ АУРУЛАРЫ




 

Өњештіњ аурулары көп емес. Өңеште дивертикул (бултық), ќабыну процесі (эзофагит) және ісік (карцинома) жиі дамиды.

Өњеш дивертикулы — өњештің іргесінің б±лтиюы. Дивертикулдың іргесі өңештің барлыќ қабатынан (шынайы дивертикул), кілегейлі және кілегейасты қабаттарынан немесе б±лшықетті қабаттан ғана (б±лшыќеттік дивертикул) қалыптасуы мүмкін. Даму орны мен топографиясына ќарай, дивертикулдар фаринг-эзофагтық, бифуркациялык, эпифреналдыќ жєне кµп дивертикулды деп жіктеледі. Дивертикулдың даму тегі әртүрлі. Кеуде қуысы қабынғанда бірікпелік дивертикул қалыптасса, өңеш іргесінің босаң жерінде релаксациялыќ дивертикул пайда болады. Кейде дивертикул асқынып, оның кілегейлі қабаты қабынады, бұл процесс дивертикулит деп аталады.

Өңеш пен жүтќыншақтың дәнекер ткані мен бұлшықетті қабаты қ±рсақта толыќ жетілмесе, тума дивертикул дамиды. Ал өңеш қабынып, шорланса немесе тыртыќ басып, саңылауы тарылса, іргесіне ішінен әсер ететін қысым артса, дивертикулдың жүре болѓан деп аталатын т‰рі қалыптасуы мүмкін.

Эзофагит — өңештің кілегейлі қабатының қабынуы. Ол кµбіне басқа аурулардың салдары ретінде дамып, анда-санда ѓана бірінші ретті, дербес ауру болады. Эзофагит жедел және созылмалы ағымды.

Жедел эзофагит ыстық-суықтың, химиялық және физикалыќ факторлардың әсерінен, ж±қпалы аурулардан (дифтерия, скарлатина, сүзек) және аллергиялыќ жауап ретінде дамиды. Оныд катарлы, фибринді, флеглоналы, ойыќ жаралы және гангреналы түрлері бар.

Жедел эзофагиттің ерекше түрі — жарѓаќты эзофагит. Оның даму барысында өңештің кілегейлі қабыќшасы ж±қа ғана жарғак ќабыршыққа айналады. Химиялық зат күйдірсе, қабыршық қалың болып сыдырылады, өңештің іргесі тыртықтанып, сањылауы тарылады (өњештіњ тартыќтыќ стеноз).

Өңештің іргесіне ±зақ уақыт алкоголь, темекі, тым ыстық тағамдар сияқты тітіркендіргіштер әсер етсе немесе жүрек қызметі жеткіліксіздігінен, порталық гипертензиядан қанайналымы б±зылып, веналарына қан іркілсе, созылмалы эзофагит дамиды. ¤ңештіњ іргесі сусіңділеніп, кілегейлі қабыќшасын қан кернейді, кей жерлерінің эпителийі закымдалады, лейкоплакия, склероз процестері байқалады. Туберкулезден, сифилистен өрбіген спецификалы созылмалы эзофагиттіњ морфологиясы ќабыну процесінің осы ауруларға тән түрімен бейнеленеді.

Эзофагиттің ерекше бір түрі — рефлюкс-эзофагит. Ол кері аќќан (регургитация) асқазан сөлініњ єсерінен дамиды (регургитациялық эзофагит). Сөл кілегейлі қабыќшаны жидітетіндіктен (пептикалыќ эзофагит), эрозиялар мен ойыќ жаралар ќалыптасады (эрозиялы, ойыќ жаралы эзофагит).

Өңеш карциномасы (ќылтамаќ).Карцинома µңештің ортањғы және тµменгі бµлімдерінің аралығында, яѓни кеңірдек бифуркациясымен т±стас келетін жерде жиі қалыптасады. Өңештің бастапќы және асқазанмен ұштасќан бөлімінде бұл ісік сиректеу. Өңеш карциномасы бярлық ќатерлі ісіктердің 2—5%-ын қамтиды.

Этиологиясы. Ќылтамақ өңештің кілегейлі қабықшасын тым ыстық әрі қатты тағамдар, алкоголь, темекі ұзақ уақыт тітіркендірген жағдайда, асқорыту жолының созылмалы инфекцияларынан және дұрыс қалыптаспаған анатомиялық құрылымдардан (дивертикулдан, эктопиялы цилиндр тєрізді эпителий мен асқазан бездерінен) өрістейді. Бұл ағзаның ракалдылыќ процестері ретінде кілегейлі ќабыќша эпителиініњ лейкоплакиясы мен тым дисплазиялануын атаѓан жөн.

Патологиялық анатомиясы. Макробейнесіне қарай, қылтамақ: сақина тәрізді әрі тығыз түрге, бүртікті және ойыќ жаралы түрлерге жіктеледі. Саќина тәрізді тыѓыз карцинома дамыған жерінің іргесін айнала жайлап, саңылауды тарылтады. Ісік жидіп, заќымдалѓан немесе ойық жараға айналған кезде өңеш қайта ас өткізе бастауы мүмкін. Б‰ртікті карцинома асқазанныњ саңырауқ±лақ тәрізді карциномасына ±қсас. Карциноманың б±л түрі жидіп зақымдалуға бейім, сондыќтан ол кµбіне ойық жараға айналып, төңірегіндегі ағзалар мен тканьдерге жиі жайылады. Ойық жаралы карцинома ісіктің даму барысында қалыптасады. Ол сопақша пішінді, өңештің ұзына бойына сєйкес жайғасады.

Микробейнесі тұрғысынан, өңеште кариноманың: жалпаќклеткалы, аденокарцинома, безді-жалпаќклеткалы, безді-кисталы, мукоэпидермалыќ және жіктеліп жетілмеген т‰рлері дамиды.

¤ңеш карциномасы метастаздарын негізінен лимфа жолдары арќылы шашады.

Ол көбінесе төңірегіндегі кеңірдек, асқазан, кеуде ќуысы, плевра сияқты ағзаларға жайылып асқынады. Әдетте, өңеш-кеңірдекаралыќ жыланкөз қалыптасып, аспирациялық пневмония, абсцесс пен гангрена, плевралыќ эмпиема, іріңді медиастенит µрістейді. Ќылтамақпен сырқаттардың тез жүдейтіні көпке белгілі.

 

АСЌАЗАН АУРУЛАРЫ

 

Асќазан ауруларыныњ ењ мањыздысы – гастрит, ойыќ жаралы ауру жєне рак (карцинома).

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 95; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты