Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ойық жаралы ауру




Ойыќ жаралы ауру — негізгі клеткалыќ және морфологиялыќ бейнесі асќазан мен ±лтабардаѓы ќайталамалы ойыќ жара болып табылатын циклді (кезењді) созылмалы аѓымды сырќат. Б±л ауру ойыќ жараның ќалыптасќан жері мен патогенезініњ ерекшеліктеріне ќарай пилорус-дуоденум аймаѓын жєне асќазан денесініњ ойыќ жаралы ауруы деп жіктеледі. Дегенмен, аурудын б±л екі түрі бірге дамуы да мүмкін.

Асќазан мен ±лтабардың ойыќ жаралы ауруын бейнелейтін ойыќ жарадан басќа, µзге ағзалар ауруының бір көрінісі ғана болып табылатын симптомдыќ ойыќ жаралар тобы да бар. Б±л топќа эндокриндік сырќаттардан (паратиреоздыњ, тиреотоксикоздың, Эллисон — Золлингердің эндокриндік ойыќ жаралары), ќанайналымы жедел немесе созылмалы түрде б±зылѓанда (дисциркуляциялыќ ойыќ жаралар, сыртќы жєне ішкі уытты әсерден [уытты әсер (токсикалыќ) ойыќ жаралар] аллергиядан (аллергиялыќ ойыќ жаралар), спецификалы кабынудан (туберкулез, мерез ойыќ жаралары), асќазан мен ішекке жасалѓан операциядан кейін (операциядан кейінгі ойыќ жаралар) жєне дәрі-дәрмектердің єсерінєн (мысалы, кортикостероидтермен, ацетилсалицилат қышкылымен емдегенде байќалатын дәрі-дәрмектік ойыќ жаралар) ќалыптасатын ойыќ жаралар жатады.

Ойыќ жаралы ауру кењ таралып, кала т±рғындарында, єсіресе ер адамдар арасында жиі кездесетін сырќат. Ойыќ жара асқазанның денесінен гөрі пилорус-дуоденум аймаѓында жиірек қалыптасады. Ойыќ жаралы ауру — адамѓа ѓана тєн дерт. Оныњ басты себебі — стресті єсер, сондыќтан XX ѓасырда ойық жаралы аурумен сырќаттану дүние жүзініњ барлыќ елдерінде көбейді.

Этиологиясы. Ойыќ жараныњ себептерініњ ішінде стресті жайѓдайлар мен психоэмоциялыќ зорыѓу басты орын алады. Осы факторлардыњ әсерінен ми ќыртысының ж±мысы б±зылып, асқазан-±лтабар жүйесінің секрет түзетін қызметі мен моторикасы д±рыс үйлестірілмей қалады да, кортико-висцералдық өзгерістерге себеп болады. Заќымдалған ағзалардан келген кеселді импульстің әсерінен де ми қыртысының үйлестіру ќызметі тап осылай б±зылып, висцеро-кортикалыќ өзгерістер туындатады. Ойыќ жаралы аурудың неврогендік теориясы айтарлыќтай дәлелді болғанмен, тек қана оѓан сүйеніп, б±л аурудың барлыќ түрінің даму себебіне толық түсінік беруге болмайды. Ойық жаралы ауруды алиментарлыќ факторлардыњ (тамақтану реті мен тағамдардың сапасы), зиянды әдеттіњ (темекі мен алкогольға к±ныѓу) және ацетилсалицил қышқылы, индометацин, кортикостероиодтар сияқты бірқатар дәрі-дәр-мектердіњ әсері де дамытады. Қанныњ О(І) тобы, резус-фактор болымдылық, асқазан шырышының ќ±рамына кіретін гликопротеиндердің түзілуіне жауапты гисто-сиымдылыќ антигендерінің болмауы ("секрет түзілмейтін ахуал" — "статус несекреторов") сияќты т±ќымќуалайтын конституционалдыќ (генетикалыќ) факторлардыњ әсері де күмән туѓызбайды. Соңѓы кезде ойыќ жаралы аурудың даму себебі ретінде Саmруlоbасtеr руlоrіdis деген инфекцияѓа зор мән беріліп жүр. Б±л бактерия ±лтабар ойық жарасының 90%-ында, ал асқазан ойық жарасының 70%-ыда болады.

Патогенезі.Ойық жараныњ патогенезі күрделі, әрі этиологиялыќ факторлармен тыѓыз байланысты. Ол жан-жақты айқындалѓан деуге болмайды. Ойыќ жараның патогенездік факторлары жалпы және жергілікті топќа жіктеледі. Жалпы факторларға асқазан мен ±лтабардың ќызметін реттейтін нерв және гуморальдық механизмдердің заќымдалуы жатса, жергілікті факторлар асқазан мен ±лтабардың ќышќыл-пептикалыќ факторларымен, шырштыќ бөгенмен, моторикасымен және кілегейлі ќабыќшаныњ морфологиясымен байланысты.

Неврогендік факторлардың маңызы өте зор. Жоғарыда айтылғандай, сыртқы (стресс) немесе ішкі (висцералдық патология) себептердің әсерінен ми ќыртысы аралық ми мен гипоталамустыњ ж±мысын ‰йлесімді ете (координация) алмай қалады. Сондыќтан кейде (пилорус-дуоденум аймаѓында ойық жара қалыптасқанда) гипоталамус пен гипофиз және кезеген нервтің мидағы орталығы тым қозып, кезеген нервтің тонусы артып, қышқыл-пептикалық фактор жанданады, асқазанныњ моторикасы күшейеді. Енді бірде (асқазан денесінде ойыќ жара қалыптасқанда), керісінше, ми қыртысы гипоталамус-гипофиз аймағыныњ ќызметін тежеп, кезеген нервтің тону сын төмендетеді, моторикасын бәсеңдетеді, ал қышқыл-пептикалық фактордыњ әсері өзгермейді, кейде тіпті төмендейді.

Гумюральдыќ факторлардыњ ішінде негізгі рµльді гипоталамус-гипофиз-б‰йрек‰сті бездерін қамтитын ж‰йе атқарады. Аурудың алғашќы кезеңінде АКТГ мен глюкокортикоидтар тым көп бөлініп, кейін азайып сарќылады. Бұл гормондардыњ кезеген нервті қоздырып, қышқыл-пептикалыќ факторды жандандыратыны белгілі.

Гуморальдыќ жүйенің әсері ойыќ жара пилорус-дуоденум аймаѓында қалыптасканда айқын болады. Ал ойық жара асқазан денесінде дамыѓан кезде АКТГ мен глюкокортикоидтардың мөлшері күрт азаяды да, жергілікті факторлардың рµлі арта түседі.

Жедел ойық жараның созылмалы жараѓа ұласуына, аурудың асқынып, қайталана беруіне жергілікті факторлар едәуір әсер етеді. Ойық жара пилорус-дуоденум аймаѓында қалыптасқан кезде гастринтүзгіш клеткалар кµбейіп, гастрин мен гистамин көп түзіледі, соның салдарынан ќышќыл-пептикалыќ фактор жанданады. М±ндай жаѓдайда кілегейлі қабықшаны қорѓайтын фактордан (шырышты бөгеннен) оны зақымдаѓыш (қышқыл-пептикалыќ) фактордың әсері басым болып, пептикалыќ ойық жара қалыптасады немесе оның аѓымы асқынады. Ойық жара асқазанның денесінде қалыптасқан жағдайда ќышқыл-пептикалыќ фактордың активтілігі қалыпты немесе жоѓары болып, моторика бәсењдейді, аѓзаныњ іргесіне сутегі иондары сіңіп, шырышты бөген б±зылады. Сондыќтан лаброциттер гистаминді көп бөліп, қанайналымы өзгереді, тканьдер д±рыс қоректенбейтін болады. Сөйтіп, асқазанның кілегейлі қабықшасынан созылмалы гастриттіњ, ал ±лтабардың кілегейлі қабыќшасынан созылмалы дуодениттіњ морфологиялыќ бейнесіне тән өзгерістер орын алады. Кілегейлі қабыќшаныњ зақымдалуына Самруlоbаcter руlоrіdіs атты бактерия да қатысты сияқты.

Сонымен, ойық жаралы аурудың түрлі патогенездік факторларының маңызы ойық жараның қалыптасқан орнына (пилорус-дуоденум аймаѓы, ќарын денесі) байланысты (12-кесте). Егер пилорус-дуоденум аймаѓыныњ ойық жаралы ауруында вагус пен гастриннің әсері, қышқыл-пептикалық фактордың рµлі басым болса, асқазан денесінің ойыќ жаралы ауруында вагус пен гастриннің де, қышқыл-пептикалық фактордың да әсері онша болмайды; пептикалыќ ойыќ жара асқазанның іргесінде қанайналымы б±зылып, зат алмасу процесі зақымдалғандыќтан қалыптасады.

Патологиялық анатомиясы. Ойық жаралы аурудың морфологиялыќ негізі — созылмалы ќайталамалы ойыќ жара. Ойық жара өзінің қалыптасу барысында эрозия мен жедел ойыќ жара сатыларынан өтеді. Сондықтан эрозияны, жедел және созылмалы ойыќ жараларды ойыќ жаралы аурудыњ морфогенездік кезеңдері деп есептеуге әбден болады. Кезеңділік әсіресе асқазанның ойық жаралы ауруында айқын көрініс береді.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 96; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты