Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жедел энтерит




 

Жедел энтерит — аш ішектің жедел ағымды қабынуы.

Этиологиясы. Энтеритті тырысқақтың вибрионы, іш сүзегінің таяқшасы, колибацилла, стафилококк пен вирустар қоздырады. Ол сепсистің, лямблиоз бен описторхоздыњ, әсіресе сальмонеллез бен ботулизм сияқты тағамдық уытты инфекциялардыњ салдары ретінде, химиялық заттармен және саңырауқ±лақтармен уланѓанда дамиды.

Энтерит тағамдық (алиментарлыќ) және аллергиялық (кейбір тағамдар мен дәрілерге идиосинкразия) әсерден де туындайтыны белгілі.

Патологиялық анатомиясы. Жедел энтерит көбіне катарлы, фибринді, іріңді, некрозды-ойыќ жаралы болады.

Ең жиі кездесетін энтерит — катарлы энтерит. Ішектің кілегейлі қабықшасы ќан толып, сусіңділенеді, бетін ±йымалы, ±йымалы — шырышты немесе ±йымалы-іріњді экссудат жауып кетеді. Кілегейлі ќабықшаның асты да сусіңділеніп, қабынады. Әсіресе бүрлерінің ±шындаѓы эпителий дистрофияға ±шырап, сыдырылады [катарлы т‰лемелі (десквамациялы) энтерит], бокалша клеткалар көбейіп ("бокалшаклеткалық трансформация)", ±сақ эрозиялар мен қанды ошақтар пайда болады.

Энтерит, әсіресе илеит фибринді болса, кілегейлі ќабыќша некрозға ±шырап, фибринді экссудат түзіліп, оның үстін боз немесе бозѓылт с±р қабыршыќ басады. Некроз үстіртін болса, крупты энтерит, ал терең жайылса, дифтеритті энтерит дамиды. Кейін дифтеритті ќабыршық сыдырылған жерлерде терењ ойыќ жаралар ќалыптасуы да мүмкін.

Іріњді энтерит кезінде ішектің бүкіл қабаты іріңдейді (флегмоналы энтерит) немесе лимфалық фолликулдардың маңында іріњдіктер түзіледі (апостемалы этерит).

Энтерит некрозды-ойық жаралы болса, деструкциялыќ процестер басым болады, кейде (мысалы, іш сүзегінде) ішектегі жекелеген және топтасқан фолликулдар басымырақ зақымдалады, енді бірде, лимфалыќ қ±рылымдар бүлінбей, процесс тек қана кілегейлі қабықшаны қамтиды. Грипп, сепсис сияқты ауруларда дамыған некрозды аймақтар мен ойық жаралар көбіне кµлемді болып, аллергиялыќ васкулит, түйіншекті периартериит кезінде шектеліп, ±саќ ошақты келеді.

Жедел энтериттің барысында ішектің лимфалыќ қ±рылымдарындаѓы ретикулалық макрофагтар көбейіп, түрленеді (трансформация). Б±л процестің айқындығы кілегейлі қабыќшадағы қабыну процесініњ сипатына сәйкес болмайды. Кейде аталѓан процестер тым өрістеп (мысалы, іш сүзегімен сырқаттарда жекелеген және топтасқан фолликулдар ми тәрізденіп, ісінеді), ішектің ауыр зақымалуына себеп болады.

Ішектегі процестердің салдарынан шажырќайдаѓы лимфалық т‰йіндердіњ клеткалық элементтері көбейіп, плазмоциттер мен ретикулалыќ макрофагтарѓа айналады. Кейде лимфалыќ түйіндер ќабынады.

Асќыну зардаптары. Жедел энтерит асқынса, ішектен ќан кетеді, немесе іргесі тесіліп, перитонит дамиды (мысалы, іш сүзегі асқынѓанда). Кейде науқастыњ организмінде су (дегидратация) мен минералдар (деминерализация) азаяды (мысалы, тырысќақпен сырқаттарда). Жедел энтерит созылмалы энтеритке ±ласуы да мүмкін.

 

Созылмалы энтерит

 

Созылмалы энтерит — аш ішектің созылмалы аѓымды қабынуы. Ол дербес те, басқа созылмалы аурулардыњ (гастрит, гепатит, бауыр циррозы, ревматизмдік аурулар, т.б.) салдары да бола алады.

Этиологиясы. Созылмалы энтеритті ±зақ уаќыт әсер етіп, энтероциттерді зақымдап, кілегейлі ќабықшаның қалыпты жаңару процесін б±затын әртүрлі экзо- және эндогендік факторлар дамытады. Экзогендік факторларѓа инфекциялар (стафилококк, сальмонеллалар, вирустар), кейбір улар мен дәрі-дәрмектердің әсері (салицилаттар, антибиотиктер, цитостатикалыќ заттар), ±зақ уақыт д±рыс ќоректенбеу (тым ащы, ыстыќ немесе д±рыс пісірілмеген тағам ішу), ірі талшықты өсімдік таѓамдарын, тым кµмірсулы, майлы немесе ќ±амында белок пен витамин тым аз тағамдарды үнемі ішу жатады. Ал эндогендік факторлар ретінде аутоинтоксикацияны (мысалы, уремия), заталмасу процесінің б±зылуын (созылмалы панкреатит, бауыр циррозы), аш ішек ферменттерінің түқымќуалайтын сапасыздығын атауѓа болады.

Морфогенезі. Созылмалы энтериттің барысында аш ішектің кілегейлі қабыќшасындаѓы регенерациялыќ процесс б±зылады. Крипталардағы эпителий д±рыс көбейіп жетіле алмайтын, ішектің бүрлерін қуалай "жылжып", жаңарып түлемейтін болады.

Ішектің бүрлерінен түлеп түскен энтероциттердің орнын толтыру үшін алдымен крипталардың эпителийі көбейеді, бірақ олар өз қызметін сапалы орындай алмайды. Сондыќтан ішектің бүрлерінде толыќ жетілмеген, қызметі сапасыз, зақымдалѓыш энтероциттер көп болады. Эпителийі азайған бүрлер семіп, қысқарады. Біраздан кейін крипталардың камбийлық (өндіршін) аймаѓы энтероциттерді қажетті мөлшерде қалпына келтіре алмай, кеңейіп, кистаға айналып, шорланады. Сөйтіп, регенерациялыќ процесс әбден б±зылып, аш ішектің кілегейлі қабыќшасы қалыпты ќ±рылымынан тайып, семеді.

Патологиялық анатомиясы. Созылмалы энтериттің морфологиялыќ бейнесі энтеробиоптатты зерттеу арќылы соңғы жылдары жақсы дәйектелген. Созылмалы гастрит сияќты, созылмалы энтерит те эпителийдің регенерациясының б±зылуынан басталады да, оның ақырында кілегейлі ќабыќша семіп, қалыпты ќ±рылымынан таяды.

Созылмалы энтерит атрофиясыз энтеритке және атрофиялы энтеритке жіктеледі.

Созылмалы атрофиясыз энтериттіњ даму барысында ішектің бүрлері біркелкі жуандап, ±шы күрзі тәрізденеді, эпителийдің базальдық мембранасы зақымдалады. Бүрлердегі энтероциттердің цитоплазмасы көпіршіктенеді (вакуольді дистрофия). Цитоплазмадағы тотығу-тотықсыздандыру ферменттері мен гидролиздік ферменттердің әсері кеміп, эштелийдің абсорбциялық (сору) қабілеті өзгереді. Ішектің бетінде эрозиялар қалыптасады, іргелес бүрлердің ±шы бірігіп, аралыќ жалѓамдар ("аркадалар") түзеді. Аралыќ тканьді плазмоциттер, лимфоциттер, эозинофильдер жайлайды. Клеткалы крипталар кейде қуысты қ±рылымдарға айналады. Крипталардың арасындағы клеткалар шоѓыры кілегейлі қабыќшаның бүлшықетті қабатына дейін жайылады. Егер процесс бүрлермен шектелсе, созылмалы беткейлік энтерит дамыѓаны, ал кілегейлі қабықшаны түгел қамтыса, созылмалы диффузды энтерит орын алѓаны.

Созылмалы атрофиялы энтерит кезінде ішектің бүрлері қысқарып, сиықсызданады және көбі бір-бірімен бірігіп кетеді. Кысқарған бүрлердің аргирофильді талшықтары кабысады (коллапс). Энтероциттер көпіршіктеніп, олардың түкті жиегіндегі сілтілік фосфатазалардың әсері кемиді. Бокалша клеткалар да көбейеді.

Крипталарда аздаѓан лимфо-гистиоцитті шоғырлар пайда болып, коллагендік және б±лшықеттік талшықтар көбейеді, кейде олар семіп, енді бірде қуысқа айналады. Созылмалы атрофиялы гастриттің екі даму варианты бар: кілегейлі қабыќшаның бүрлері ѓана семіп, крипталары өзгермейтін — гиперрегенерациялыќ вариант және бүрлер мен крипталар да семіп, азаятын — гипорегенерациялыќ вариант.

Созылмалы энтерит ±зақ мерзімді әрі ауыр әсерлі болса, анемия, кахексия, гшопротеинемиялыќ сусіңділену, остеопороз, эндогендік авитаминоз байќалады, ішкі секрециялық бездер зақымдалып, ішкен ас д±рыс сіңбейді (сіңірілмеу синдромы).

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 118; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты