Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


БҮЙРЕК АУРУЛАРЫ




 

Протеинурия мен сусіңділену (отек) байқалатын және жүрек ±лѓаятын бүйрек ауруларын XIX ғасырдың бас кезінде аѓылшын дәрігері Р. Брайт бір топќа біріктірген-ді. Кейін аурулардың б±л тобы Брайт ауруы деп аталатын болды.

Б±дан шамалы уақыт б±рын бүйректе дамыған патологиялыќ процестің басымырақ түрі (қабыну, дистрофия, склероз) мен дамыѓан жеріне (шумақ, өзекше, интерстиций) қарай, Брайт аурулары нефрит, нефроз және нефросклероз топтарына жіктелетін. Емгер Фольгард пен патологанатом Фар ±сынѓан б±л классификация нефрологияның бүгінгі талабына сай келмейді. Соңѓы 20—30 жылдың ішінде, әсіресе клиника мен иммунология, биохимия мен морфология тәсілдерін кең қолданып, бүйрек биоптатын зерттеу арқылы бүйрек сырқаттарының мәні мен патогенезі және морфологиясы жайлы көптеген соны деректер жинаќталды. Б±л деректер арқылы бүйрек шумақтары қабынатын сырқат — гломерулонефрит — жеке ауру емес, бір топ аурулардың жиынтығы екені дәйектелді. Ал бүйрек өзекшелерінің эпителийінде өрбіген дистрофия мен некробиоз процестеріне негізделетін сырқат — нефроз — көбіне гломерулалық фильтр (шумақтық сүзгі), яѓни шумақтардың зақымдалу салдарынан дамитыны да соңғы кезде аныќталды. Сондай-ақ, бүйрек интерстицийінің ќабынуына да (интерстицийлік немесе аралық деп аталатын нефритке) үлкен мән берілетін болды.

Ќ±рылым-қызметтік т±рѓыдан, бүйрек ауруларын, яғни нефропатияларды, — гломерулопатиялар мен тубулопатия-лар тобына жіктеуге болады, ал олардың әрќайсысы жүре пайда болуы не тұқым қуалауы мүмкін.

Гломерулопатиялардың даму барысында бірден және негізінен шумақтар зақымдалып, бүйректің сүзгілік қызметі б±зылады. Ж‰ре пайда болатын гломерулопатиялар тобына гломерулонефрит, идиопатиялық нефроз синдромы, бүйрек амилоидозы диабеттік және бауырлық гломерулосклероз жатқызылса, т±ќымќуалайтын гломерулопатияларѓа түқымќуалайтын кереңді нефрит (Альпорт синдромы), т±қымќуалайтын нефрозды синдром және нефропатиялыќ амилоидоздың отбасылық түрлері кіреді.

Тубулопатиялар дамығанда бірден және негізінен өзекшелер зақымдалып, бүйректің концентрациялау (несепті қанықтыру), реабсорбциялау (қайта сору) және секрет түзуі б±зылады. Ж‰ре пайда болатын тубулопатиялар тобына бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігіне морфологиялық негіз болып табылатын некрозды нефроз ауруы мен "миеломды бүйрек" және "подагралық бүйрек" аурулары жатады, ал т±ќымќуалайтын тубулопатиялар тобы өзекшелік ферментпатияларды қамтиды.

Бүйрек ауруларының үлкен бір тобын интерстицийлік (аралыќ) нефрит, пиелонефрит пен б‰йректіњ тасты ауруы және нефросклероз қ±райды. Нефросклероз көптеген бүйрек ауруларының салдары ретінде дамып, бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігіне морфологиялыќ негіз болады. Бүйрек ауруларының ерекше тобына поликистоз сияқты бүйректің қ±рсақта қалыптасатын кемістіктері мен бүйректіњ ісіктері жатады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 121; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты