Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ж‡КТІ КЕЗДЕГІ ЖӘНЕ БОСАНЃАННАН КЕЙІНГІ АУРУЛАР




Жүкті кезде нерв-гормондыќ жүйеніњ кызметі µзгеріп, кейде жүктіліктің барысына кері єсерін тигізеді және ж‰ктілік патологиясына себеп болады.

Жүктілік патологиясына: 1) гестоз (жүктілік токсикозы), 2) жатырдан тысқары жүктілік, 3) µздігінен түсік тастау, 4) мезгілінен б±рын босану және 5) қағанаќ кезбесі жатады. Сонымен қатар, босанѓаннан немесе түсіктен кейін плаценталық полип, хорионэпителиома және жатырдың босанумен байланысты инфекциялары байқалады.

Гестоз (латынша: gestoкөтеру, жүкті болу), яғни жүктілік токсикозы — жүктілік шемені, нефропатия, преэклампсия мен эклампсия аурулары тобының жалпылама атауы.

Этиологиясы мен патогенезі. Гестоздың себептері әлі белгісіз. Патогенезі бүйректік, гормондыќ, коагуляциялық, нейрогендік, т.б. теориялар т±рѓысынан пайымдалады, бірақ оладың ішінде ең дәлелдісі — иммунологиялыќ теория. Б±л теория бойынша, плацентаның бөгендік қасиеті µзгеріп, ананыњ организмінде нєрестенің антигені толық "таныл-май қалады. Ал ана организмінде нәрестелік антигеннің толық танылмауы мен супрессорлық факторлардың (антиденелерді, т.б тежейтін Т-супрессорлардыњ) жеткіліксіз түзілуінің себебі ана мен оның күйеуіндегі жєне нәрестедегі гистосыйысушылық антигендерінің D тобыныњ салыстырмалы гомозиготалығымен байланысты сияқты. Супрессорлыќ факторлар жеткіліксіз болѓандықтан организмнің жауабына иммундыќ клеткалар мен иммундыќ кешендер қатынасады. Иммундық кешендер жүкті ананың қан арнасында және плацентаның тамырларында пайда болып, трансплантантты шектеп аластағанда байќалатын процесті өрістетеді. Иммундыќ кешендердің әсерінен гестоз кезінде басқа ағзалар да зақымдалады (жүктілік нефропатиясы). Организмнің ангиотензинге сезімталдағы күрт артып, жалпы ангиоспазм мен артериялық гипертония дамиды.

Гестоздың даму барысында қан арнасына плацентадан тромбо-пластин көп өтіп, қан д±рыс ±йымайды. Сондыќтан кµптеген тамырларда (диссеминациялап) қан ±йиды (ЌД¦, яѓни ДВС-синдром); оның бейнесі әсіресе эклампсия кезінде айқын.

Эклампсия — токсикоздың клиникалық мәні зор єрі қауіпті түрі. Ол жүктіліктіњ екінші жартысында, босанѓан кезде және босанѓаннан кейінгі кезеңде дамиды.

Патологиялық анатомиясы. ¦саќ тамыларларда диссеминациялы тромбоз дамып, ішкі ағзаларда ±сақ-±сақ некрозды және ќанды ошаќтар пайда болады. Б±л оныњ басты бейнесі. Мәйіт сарғайып, сусіңділенеді, ми, µкпе, жүрек, бауыр мен бүйрек ауыр заќымдалады. Мидыњ ткані сусіњділеніп, ±сақ тамырларында тромбылар болады, көбіне ми қыртысы астындағы ядроларға қан ќ±йылады. ¤кпе де сусіңділенеді, геморрагиялы пневмония ошақтары қалыптасып, бірігеді. Ж‰ректіњ тамырларында тромбылар түзіліп, миокардта некрозды және қанды ошақтар қалыптасады. Бауыр ұлғайып, қанды ошақтар кµбейіп, ш±бар ала болады. Микроскоппен ±сақ тамырларынан тромбылар, паренхимасынан ќанды және некрозды ошақтар көрінеді, Б‰йрек ұлғайып, болжырайды; ќыртыс қабаты ісініп, ш±бар болса, ми қабаты µте толыќқанды көледі. Кейде қос бүйректің қыртыс қабатынан да симметриялы жайѓасқан некрозды ошақтар ±шырасады. Гистологиялық тәсілмен бүйректің тамырларынан тромбылар мен фибриноидты некроз аймақтарын, ал нефронның негізгі бөлімдеріндегі өзекшелердіњ эпителийін дистрофия мен некроз шарпып, әсіресе пирамидалардыњ аралыќ тканіне ќан кұйылѓанын көреміз.

Науқас бауыр не бүйрек ќызметі жеткіліксіздігінен, ДЌ¦ (ДВС)-сшдромынан жєне тіршілік үшін маңызды аѓзаларѓа қан қ±йылѓандықтан өледі.

Жатырдан тысқары жүктілік кезінде нәресте жатырдан басқа жерде, яѓни жатыр т‰тігінде (түтіктік жүктілік), аналыќ безде (аналыќ бездегі жүктілік) немесе ќ±рсақ (іш) ќуысында (ќ±рсақтыќ жүктілік) дамиды. Жүктілік түтікте ең жиі кездеседі. Жатырдан тысқары жүктілік ±рықтанған аналыќ клетканың жатыр түтігі арқылы жылжуына (жатыр түтігі созылмалы ќабынса, онда тума аномалия, ісік, т.б. процестерден) кедергі туындаған жаѓдайда дамиды.

Т‰тіктік ж‰ктілік кµбіне жалғыз түтікте орын алады. ¦рықтанған аналыќ клетка түтіктің қ±рсақ жақ ±шында дамыѓан түтіктік жүктілік — ампулалыќ деп, ал жатыр жақ бөліміне бекісе, — интерстицийлік деп аталады.

¦рық өсе келе түтікті жыртып, жатырдың жалпақ жалѓамасының арасына бекісе, интерлигаменттік (жалғамааралыќ) ж‰ктілік қалыптасады.

Түтіктік жүктілік кезінде ±рық бекіген кілегейлі қабықшада децидуалыќ жауап өрістеп, кілегейлі қабықша мен түтіктің іргесінде ірі әрі ашық түсті дицидуалыќ клеткалар пайда болады. Кілегейлі қабықшада ±рыќтыќ т‰кті ќабыќша қалыптасып, оныњ түгі (ворсина) б±лшыќетті қабат пен оның тамырларына өтіп кетеді, басқа да элементтерді заќымдайды. Жүктіліктің алѓашқы айларында-ақ түтіктің ішіне қан кетіп, ±рыќ сыдырлып түтіктің саңылауына бөлінеді — т‰тіктік шала т‰сік. Қан сіңген өлі ±рық пен оның қабықшалары түтіктен оның фимбриялық ±шы арқылы қ±рсаққа шыѓарылады — т‰тіктік толық т‰сік.

Түтік жыртылса, ондағы ±рыќ өліп, қабыршыќтанып қақталады (мумификацияланады) ("жарѓаќ ±рыќ") не ізбестенеді (литопедион - тас нєресте); бірен-сараны ѓана тірі қалып, дамиды - ќ±рсаќтыќ екінші ретті ж‰ктілік.

Жатырдан тысқары жүктілікті аныќтау үшін хорионныњ т‰ктері мен децидуалық клеткалар немесе ±рықтың басқа элементтері ғана негіз бола алады. Әдетте, жатыр т‰тігі мен ондаѓы ±рыќ операциялық тәсілмен алынады. Децидуалыќ өзгеріс жатыр ќырындысынан да байқалады.

Өздігінен түсік тастау мен бұрын босану — жүктіліктің түрлі мерзімінде тоқтауы. Жүктілік 14 аптаѓа жетпей, ұрық түсіп қалса, аборт (т‰сік) деп, ондай жағдай І4-аптадан 28-аптаѓа дейін байқалса, кешеуіл т‰сік деп, ал 28-апта мен 29-аптада үзілген жүктілік — б±рын босану деп аталады.

Өздігінен түсік тастаѓанда жатырдан зақымды не зақымсыз ±рыќпен бірге қанды сілікпе бөлінеді. Мезгілінен б±рын босанѓанда алдымен нәресте, кейін бала жолдасы мен оның ќабықшалары туылады. Өздігінен түскен не жатырды қырнап алынған ±рық қиќымдарының қ±рамында ±рыќ қабыќшалары, хорион түктері мен децидуалыќ ткань болады.

Үрық көбіне жатырдың кілегейлі кабықшасына толыќ беки алмағанда, ќан кеткенде, ісік өскенде және басқа да себептерден кілегейлі ќабықша ќалпынан тайѓанда түседі.

Жасанды аборт дәрігерлік көмек ретінде медицина мекемелерінде жүзеге асырылады; ол денсаулыќқа қауіп туғызбайды. Аборт ауруханадан басќа жерлерде, лас жағдайда жасалса (криминалдыќ аборт), жатырѓа инфекция түсіп, кейде сепсис қаулайды. Ондай жагдайѓа кінәлі адам заң ж‰зінде жауапқа тартылады.

Қағанақ кезбесі (mola һуdatidosa — пузырный занос) деп гидропиялы және кисталы өзгеріске ±шырап, әрі эпителийі мен синцитийі көбейгендіктен, хорионның түктері күрт ±лѓайып, жүзім шоғы тәрізді кисталы шоғырлар түзген плацента аталады. Ќаѓанақ кезбесі көбіне жас әйелдерде кездеседі. Ол дамыѓан кезде ±рыќ өледі.

Кейде хорионның түктері жатырдың терең ќабаттарына жайылып, әсіресе венаға өтіп кетеді — деструкциялы қаѓанақ кезбесі. Ол өкпеге плаценталыќ эмболдар жаяды. Қағанаќ кезбесінің даму себебі әлі белгісіз. Ќағанақ кезбесі дамыѓандардың біразының аналық безінде фоликулдық кисталар пайда болады: б±л ауру осы бездің гормон түзгіш қызметі д±рыс болмағандықтан дамуы м‰мкін. Ќаѓанақ кезбесі хорионэпителиомаѓа ±ласуы мүмкін ("Экзокриндік бездер мен эпителийлік жамылѓылар ісіктерін" қара). Соңѓы кезде ќағанаќ кезбесі және деструкциялы қағанаќ кезбесі мен хорионэпителиома "трофобласттыќ ауру" деп аталып жүр.

Плаценталыќ полип босанѓаннан немесе түсіктен кейін жатырдың кілегейлі қабыќшасында қалып қойѓан бала жолдасының элементтерінен өрбиді. Полип беріштене бастаған хорион түктерінен, ±йыѓан фибриннен, децидуалық тканьнен қ±рылады. Жатырда дәнекер тканьді аймақ қалыптасады. Плаценталыќ полип жатырдың босанѓаннан кейін қалпына келуін тежеп, кілегейлі қабықшаның қабынуына жағдай туѓызады және қан кетуіне себеп болады.

Жамырдың босанумен байланысты инфекциясы — босанғаннан кейінгі кезеңнің ең қауіпті зардабы; оны көбінесе стрептококк, стафилококк немесе ішек таяқшасы қоздырады.

Жатырѓа т‰скен инфекциядан эндометрий қабынып, іріңді эндометрит дамиды. Эндометрит босану кезеңінде де, босанғаннан кейін де байќалады. Босанумен байланысты инфекцияны қоздырушылардың тегі экзогенді де (асептиканың ережелері орындалмаѓанда), эндогенді де (босанѓан кезде эндометрийдегі инфекция қаулап) бола береді.

Кейде эндометрит ауыр аѓымды болып, сепсистік түрде өрістейді. Жатырдың ішкі бетін лайсаңдау боз түсті ірің жайлап кетеді. Инфекция жатырдағы лимфалық тамырлар мен веналар арқылы (лимфогендік және гематогендік жолмен) жайылып, лимфангит, флебит және тромбылы флебит орын алады. Эндометрит метрит пен периметритке ұласып, перитонитпен асқынады. Ақырында жатырда өте ауқымды инфекция көзі қалыптасып, процесс бүкіл организмге жайылады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 108; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты