Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Остеоартроз




Остеоартроз — буын сырқаттарының ең жиісі; оның негізі дистрофиялық процесс ("дегенерация"). Кексе әйелдер жиірек ауырады. Остеоартроз бірінші ретті (идиопатиялық) және екінші ретті (мыс., эндокриндік аурулардың салдары ретінде дамитын) т‰рлерге бөлінеді. Бұдан остеоартроз бірқатар ауруларды қамтитын жалпы ±ѓым екені байқалады. Бірақ бірінші ретті мен екінші ретті остеоартроздарда айтарлықтай айырмашылыќ жоқ. ¦ршық, тізе, сирақ-аяќ буындары жиірек, ал қолдың ірі буындары сиректеу зақымдалады. Процесс көбіне күрт немесе біртіндеп бірнеше буынды қамтиды.

Этиологиясы мен патогенезі. Оотеоартроз т±қымқуалап немесе жүре дамиды. Генетикалыќ әсерден буынның шеміршегінде метаболизм өзгеріп, әсіресе оның матриксінде катаболизм б±зылады. Жүре пайда болатын факторлардыњ ең маңыздысы — механикалыќ жарақат.

Классификациясы. Клиника-морфологиялық т±рѓыдан, остеоартроздың даму барысы 3кезеңге бөлінеді. I кезеңде буын күш түскенде ауырады. Рентген тәсілімен буындаѓы саңылаулар тарылѓаны, остеофиттер пайда болғаны байќалады. II кезеңде буын үнемі ауырады. Рентген тәсілі буындағы саңылаулардың тарыла түскенін көрсетеді. III кезеңде буын үнімі ауырып ќана қоймайды, шеміршегінің астында склероз өрістейді, ж±мысы бұзылады.

Патологиялық анатомиясы. Остеоартроздың микробейнесі оның даму кезеңіне сәйкес келеді. Алғашқы (І) кезеңде буын шеміршегінің жиегі б±дырмақталып, ткані түтеленеді. Кейін (II кезенде) шеміршектің әр жері ойылады (узура) немесе оны сүйек жайлайды, остеофиттер қалыптасып, томпаяды. Ауру меңдеген кезде (ІІІ) шеміршектер жойылып, сүйектердің түйісетін жерлері ойылып, буын сиықсызданады. Буындаѓы жалғамдар қалыңдап, ж±мсарады, қапшығының қатпарлары да қалыңдап, бүрлері ұзарады. Буын сүйықтығы күрт азаяды.

Остеоартроздың даму кезеңдерінің микробейнесі жан-жақты зерттелген [Копьева Т.Н., 1988]. І кезеңде буындаѓы шеміршектердің жалпы қ±рылысы б±зылмайды, үсті мен аралық аймақтарында гликозамингликандар азаяды. II кезеңде шеміршектердің әр жері ойылыңқырап, жиегіне хондроциттер шоғырланып, гликозамингликандар барлық жерінде азаяды. Егер шеміршектің үсті ойылмаса, үстіңгі жєне аралық аймақтарында "бос ойыстар", ядросы бүріскен хондроциттер көбейеді. Процесс сүйектегі шеміршектің астына қарай өрістейді. Остеоартроздың ІІІ кезеңінде шеміршектердің үсті түгел, ал аралық аймақтарының шамалы бөлігі ғана жойылып, терең ойыстар пайда болады, олардаң түбі аралық аймаққа жетеді. Терең ойысты аймақта гликозамингликандар тым азайып, ядросы бүріскен хондроциттер көбейеді. Шеміршектің астындаѓы сүйек одан ары зақымдала түседі. Остеоартроздың барлық кезеңінде буынның синовийлыќ қабыќшасы ќабынып, лимфоциттер, макрофагтар шоѓырланады, фиброциттер де көбейеді. Синовиттің ақырында қабықшаның стромасы мен тамырлары шорланады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 75; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты