Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЕМТИХАН БИЛЕТІ. 1. Дәстүрлі және әлемдік діндер съезінің мәлімдемелерінен алынар құқықтық




1. Дәстүрлі және әлемдік діндер съезінің мәлімдемелерінен алынар құқықтық қағидалар

I Съездің мақсаттарының бірі – кездесулер өткізу және байламды шешім қабылдауға арналған тұрақты қызмет ететін дінаралық институт құру.

Съез жұмысы барысында діни-саяси экстремизм мен лаңкестік, діни негіздегі шиеленістер мен кемсітушілік, заңсыздық пен зорлық мәселелері қозғалды.

Форум қорытындылары бойынша діни лидерлер дінаралық келісушілік, өзара түсіністікті жетілдіру, өшпенділік, қастық, есептеспеушілік пен ксенофобияны болдырмау, діндер мен мәдениеттерге жағымды көзқарастарды таратуға арналған білім алу бағдарламалары мен әлеуметтік қатынасу құралдарын құру қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді. Әлемнің сақталуын, келешекте адамзатқа тұрақтылық пен прогрессті қамтамасыз ету бойынша бірлескен әрекет ету туралы Декларацияның қабылдануы Съез қорытындысы болды.

 

I Съез дүниежүзі адамдары бейбіт және лайықты өмір сүру үшін түрлі дін өкілдерінің ынтымақтастығы мен бірігу идеяларын жүзеге асыру уақтылығы мен қажеттілігін әлемге паш еткен бірегей әрі есте қаларлық оқиға болды. Съез идеясы К. Аннан, Дж. Буш, М. Тэтчер, Цзянь Цземинь, Н: Манделла, Ж.д'Эстен және т.б. сияқты көрнекті қайраткерлер мен саясаткерлердің қолдауын тапты.

 

I Съез діндер арасындағы келісімді нығайту және конструктивтік диалог орнату жолындағы трамплин болып табылғандығы сөзсіз. Ойдағыдай өткізілген іс-шара нәтижелері дінаралық форумды жүйелі түрде – кемінде 3 жылда 1 рет өткізу туралы I Съездің Шешімінде бекітілді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II Съезі осы форумды өткізуге арнайы салынған жаңа «Бейбітшілік пен келісім сарайы» ғимаратында 2006 жылдың 12-13 қыркүйегінде өтті.

 

Бас қосу «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» жалпы тақырыбы бойынша өтті. Съезде қатысушылар ұстанатын «Дінаралық диалог қағидалары» қабылданды.

Съезде айтылған бастамалардың бірі ретінде Елбасының діни лидерлерді Бейбітшілік пен келісім сарайында дәріс беруге шақыруы болды. Шақыру өз қолдауын тапты – Қазақстан атақты ғылыми қайраткерлер, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, студенттер қатысқан дәрістермен қатар діни бірлестіктердің өкілдерін қабылдады.

Екінші Съездің қорытынды құжатында «қарсы тұру идеологиясын» «әлем мәдениетіне» ауыстырудың жаһандық қажеттілігі ауқымды түрде көрініс тапты.

Қазақстан Республикасының Басшысы Н.Ә. Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II Съезінде айтылған бастамаларды іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарына сәйкес төмендегідей міндеттерді жүзеге асыратын Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы құрылды:

– мәдениет пен дін саласындағы қоғамдық қатынастарды үндестірудің халықаралық тәжірибесін зерттеп білу және қолдану;

– азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік органдардың этника аралық және конфессия аралық қатынастар саласында тиімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;

– этника аралық және конфессия аралық қатынастар призмасы арқылы қазақстандық отаншылдықты нығайту;

 

– халықты рухани ағарту және конфессия аралық келісімді нығайтуды көздейтін іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

 

Орталықтың басты міндеттерінің бірі Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съездерін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізу болып табылады.

Сонымен қатар Орталық зайырлы және діни БАҚ, әйелдер мен жастар бірлестіктерінің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерін Съез қызметіне тарту арқылы түрлі мәдениет пен дін өкілдерінің диалогын кеңейтуге ат салысады.

 

III Съез 2009 жылдың 1-2 шілдесінде БҰҰ жүйесі тарапының қатысуымен және техникалық көмегімен өтті, оның жұмысына әлемнің 35 елінен 77 делегация қатысты.

 

Форум аяқталысымен III Съез қатысушылары Үндеу ұсынды, онда дінаралық келісім мен ынтымақтастық мәдениетін қолдағаны және таратқаны үшін Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың атына және Қазақстан Республикасының барша халқына алғыс білдірілді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съездерінің өткізілуі конфессия аралық ынтымақтастықтың теңдесі жоқ қазақстандық үлгінің тиімділігінің куәсі атанды.

2. Өркениетаралық диалогтағы ислам мен христиандықтың орны мен ролі

Ислам және христиан діндері арасындағы диалог астарында кейде 14 ғасыр ширегіндегі екі діннің арасында болған барлық қатынастар кешенін түсінеді. Екі дін бір-біріне қандай жаугершілікте болғанына қарамастан, екеулерінің арасында үнемі қарым-қатынастар, құндылықтар алмасу болып отырған. Бір діни мәдениет екіншісінен өзіне жетіспейтін элементін алған. Бүгінгі таңда діндер диалогы деп кенет мәдени ақпарат алмасуды емес, саналы түрде өзара әрекеттесу бағыттарын санайды. Дінтануда мұсылмандар мен христиандардың бір-бірлеріне деген көзқарастарына үлкен назар бөлінеді.

Көптеген ғасырлар бойы мұсылмандар мен христиандар арақатынастарында негативті мотивтер басым болды. Жалпы дәстүрлі христиандық полемика барынша келесі догматтарды жария етуге ұмтылды: 1) мұсылмандар дінінің христиандармен салыстырғандағы әлсіздігі; 2) Мұхаммедтің пайғамбарлық миссияға деген талаптарының негізсіздігі; 3) Құран Құдай сөзі дегенге мұсылмандар талаптарының жетіспеушілігі; 4) мұсылмандар өмір сүру салтының аморальділігі.

Ал мұсылмандар өз кезегінде христиандардың Құдайдың ұлы бар деген қағиданы, Құдайдан өзге әулиелерді, иконаларды құрмет тұтуын қатты сынға алып, олар политеизмге түсіп кеткен деп кінәлады. Дәстүрлі ислами полемика келесі қағидаларға кеп тірелді: 1) христиандар тарапынан Құдай сөзінің бұрмалануы; 2) христиандық нанымның адасқандығы – Исаның Құдай ұлы екендігіне және оның құдайлық табиғатына сену, Құдайдың жалғыз деген догматын бұзатын Үштік туралы ілім, алғашқы күнә және Исаның құрбан болуы туралы ілімдер; 3) Құдайға құлшылық қылу кезіндегі христиандардың адасуы – Исаны және оның анасы Мариямды, әулиелерді құрмет тұту пұтқа табунышылық деп сынға алынды; құпиялылықтар, сондай-ақ әр қилы мейрамдар жол берілмейтін жаңалықтар деп саналды. Құранда христиандарға қатысты кінә тағулар көп болғанымен, Иса мен оның анасы Мариямға деген ешқандай кекетушілік жоқ. Керісінше, оларға арналған әрбір құрани аят мадақтауды көрсетеді. Онымен қоса Құран Исаны тек пайғамбар және елші болған деп түйіндейді [1].

Ислам туралы католиктік көзқарастардағы радикалды төңкеріс және көпғасырлық стереотиптердің жойылуына француз шығыстанушысы Луи Массиньонның (1883-1962) ғылыми еңбектері мен қоғамдық қайраткерлігі бастау болды. Осы өзгерістерден кейін бүкіл Католиктік шіркеу деңгейінде ІІ Ватикан соборының құжаттары бекітілді. Шіркеудің христиан емес діндерге қатынасы туралы Декларациясы былай дейді: «Шіркеу тірі, мәңгі, мейірімді және құдіретті Бір Құдайға, Аспан мен Жердің жаратушысына табынатын мұсылмандарға да құрметпен қарайды». Шіркеу туралы догматтық конституцияда христиан еместердің де құтқарылуы мүмкін деген параграф болды. Ол параграфта мұсылмандар туралы былай айтылған: «Жаратушыны мойындайтындар да құтқарылуға лайықты, ең алдымен Ибраһимнің сенімін берік ұстанып келетін, Ақырғы заманда адамдарға сот жүргізетін, мейірімді жалғыз бір Құдайға табынатын мұсылмандар». Сөйтіп, собор исламды библиялық емес монотеистік дін деп мойындады

 

3. Қазақстандағы ислам және жастар

Жастар - біздің жарқын болашағымыз. Оларға жіті көңіл бөлу, тәрбиелеу - дін жетекшілері мен елбасшылары алдындағы негізгі мәселелердің бірі. Олардың болашағы осыған байланысты. Сондықтан бұл саладан қаражат аяп қалуға болмайды. Жастарымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін ұдайы жадында сақтап, оны құрмет тұтып қадірлеуі, өз тума-туыстары мен отандастарына ілтипат көрсетуі үшін кезкелген қоғамда нағыз шынайы құндылықтар бірінші орында тұруға тиіс.

Қазақстанда халықаралық, дінаралық келісім, өзара татулық пен сыйластық ежелден қалыптасқан үрдіс. Аллаға сансыз шүкір, бұл Құдай Тағаланың Қазақстан халқына нәсіп еткен ұлы сыйы, нығметі, әрі біздің ата-бабамыздан қалған құнды мұра. Осындай үлкен қазынаның қадіріне жетіп, оны сақтап, молайту - перзенттік борышымыз.

Соңғы жылдары отандастарымыздың, әсіресе, жастардың рухани дамуына кері әсері бар әртүрлі жағдайларды байқаймыз. Мәселен, бұл ретте жарнама мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы адамгершілік құндылықтың, ар мен ұяттың аяққа тапталуын айтуға болады. Сонымен қатар жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне теріс әсерін тигізіп жатқан кейбір теледидар хабарларының қатерге айналғанын баршамыз біліп отырмыз. Зиянды ойындардың, адамның есін шығарар есірткі мен ішкіліктің теледидар арқылы көп насихатталуы жастардың өз Отаны мен отбасына, дініне, салт-дәстүріне деген көзқарастарын өзгертіп жатқанын жасыра алмаймыз.

Бүгінгі жастар бұрынғылармен салыстырғанда өзгешелеу. Олардың ой-өрісі, талпынысы, сауық-сайран құруы, былай айтқанда, адами құндылықтары бөлектеу. Бірақ жастарымыз жалпыадамзаттық мәңгілік рухани-адамгершілік құндылықтардың да бар екенін естен шығармаулары қажет. Онсыз тұлға толыққанды қалыптаса алмайды. Жеке адамның, оның санасы мен тұлғасының қалыптасуына әсер ететін жағдаяттар мол. Ай­талық, оның ата-анасы, өмір сүріп отырған ортасы... Адам ба­ласы күн сайын бір нәрсеге көңіл бө­ліп, ой түйеді, өмір бойы оқиды. Алайда адам баласының тұлғалық сипаты жас кезінен бастап қалыптасады. Жас сәби табиғатынан таза, пәк. Бұл - адамның өмірден әлі ештеңе көрмеген, көңілге түймеген шағы. Әлемді енді-енді тани бастайды. Міне, дәл осы кезеңде ата-ананың, содан кейін білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің балабақшадан бастап, олар­дың бойына бірте-бірте рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіріп, жақсылық пен жамандықтың аражігін ажыратуға үйрету - маңызды іс. Осы орайда Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың: «Ата-ана баласы үшін жауапты» деген даналық сөзін еске түсіре кеткен орынды болар. Егер ата-ана өз міндеттерін орындамаса, онда бала көше тәрбиесімен кетеді. Ондағы (көшедегі) тәрбие, өмірге деген құштарлық, мақсат-мүдделердің басқа екенін баршамыз жақсы білеміз. Мұндай жағдайда теледидар, ғаламтор, компьютерлік ойындар баланың бас тәрбиешісіне айналады. Осыдан кейін жас баланың бойында кез келген нәрсені жасауға болады деген мінез қалыптасады.

Әрине, жас ұрпақты мұндай қатерден құтқарып қалу - толықтай мүмкін де емес. Десе де, қатерлі жағдайдан шығудың бірден-бір жолы - оларға алдағы өмірінде кездесуі мүмкін кесапаттар мен қауіп-қатерлерді және неден сақтанып жүру қажеттігін түсіндіру. Олар мұның сана мен саулыққа кері әсер ететінін саналы түрде ұғынулары тиіс. Болашақта біреу темекі ұсынса, әлде ит те ішпейтін ішкілікті ішуге итермелесе, міне, сонда олар не істеу қажеттігін таразылай алады. Жамандық атау­лыдан саналы түрде бас тартқан бала оларға: «Жоқ» деп жауап бере алады, сондай-ақ жамандықтан жиренетін болады. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен». Бұл - ата бабаларымыздың өскелең ұрпаққа қалдырған өсиеті.

Жастар бойындағы жаман қылықтарға қарсы күресетін иммунинет - ол діни, рухани-адамгершілік және моральдық ұғымдар. Осындай құндылықтар ғана әлемді жамандық атаулыдан құтқарады. Сонымен қатар жастардың көкейіне Заң арқылы үрей салу, қоғамдық пікірден аяқ тартқызу - жас ұрпақты қандай да бір қылмыс жасаудан тоқтатуы мүмкін. Дегенмен ол, толық тосқауыл бола алмайды. Адам жазықты бола тұрып, жазаланбай қалса, онда ол заң талаптарын тағы да белден басуы ғажап емес. Ал ешкім мені көрмеді, бұл әрекетімді байқамады деген түсінік оны тағы да қылмыс жасау­ға жетелеуі мүмкін. Ал діни, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбие көрген адам қай жерде жүрсе де, қандай жағдайға тап болса да, өзін Жаратушы Ие кө­ріп тұрғанын біледі. Сондай-ақ ол бұл дүниенің сотынан оңай құтылғанымен, арғы өмірдің тезінен қашып кету мүмкін еместігін жақсы сезінеді. Діни тәрбие адам бойында ар-намыс, Отанға деген сүйіспеншілік, т.б. сезімдерін оятады. Дін адамды төзімділікке, алып-қашпа, бөтен ойларға кеңдікпен қарауға үйретеді. Бұл, әсіресе, көп дінді, бірнеше ұлтты елде өте маңызды. Осындай тәрбие болмаған жағдайда қылмыс, экстремизм, төзімсіздік, дін­ара­лық, ұлтаралық алауыздық пен теке тірес секілді құбылыстар көрініс табуы ықтимал. Осындай құбылыстардың болуын қалайтын, елдегі ахуалдың тұрақсыздануы үшін қолынан келгенін аямайтын күштердің де бар екені жасырын емес.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 99; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты