Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЕМТИХАН БИЛЕТІ. 1. Ресей еліндегі Дін туралы Заңның ерекшелігі




 

1. Ресей еліндегі Дін туралы Заңның ерекшелігі

Егер 1997 жылға дейін Ресейдің діндер саласындағы заңнамасы жалпы діни жаңаруды қолдаса, енді жаңа заңда діндерді «дәстүрлі» және «дәстүрлі емес» деп жіктеп, бірқатар діни ағымдарға заңдастыруға тосқауыл қоюға негіздер жасалынды. Осылай мемлекеттік діни саясат саласында жаңа стандарт өмірге келді. Заңда христиандық, Ислам, буддизм, иудаизм Ресей халықтарының бөлінбес тарихи мұрасы ретінде құрметтелінеді деп мойындайды. Бірте-бірте мұны барлық ТМД елдері қабылдады.

Соңғы халық санағы бойынша, елдегі мұсылмандар Ресей халқының 10 пайызын құрап отыр. Ал, заңды және заңсыз мигранттар мен еңбек мигранттарын қосып есептегенде бұл көрсеткіш 14 пайызға жетіп қалады екен.

 

2. Қазақстандағы төзімділік ұғымы

Діндер аралық қатынастар саласындағы біздің еліміздегі салиқалы мемлекеттік саясаттың негізі – ол, бірінші - ырықтандырылған, (либералдық), заңнамалар, екінші - барлық діни нанымдарға төзімділікпен қарау, өзара төзімділік, және үшінші - діни пікірлердің, діни көзқарастың алуандығы (плюрализм) болып отыр.
Міне, осы үш шарттар, тұтастай алғанда, Қазақстандағы дінге сенушілердің құқығын, дін ұстану бостандығы принципін, рухани бірлікті нығайтуды іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.
Қазақстанда ар-ождан бостандығы саласындағы осындай мемлекеттік саясаттың негізгі үш принциптерін атап айтуға болады, олар: бейтараптық принципі, өзара төзімділік (толеранттылық) принципі және тепе-теңдік (паритеттік) принципі.
Бізде діни бірлестіктердің ішкі діни істеріне араласпау, қандай да бір болмасын діни ұстанымдарды бір-бірімен сәйкестендірмеу, тең мүмкіндік мәселелерін қамтитын мемлекеттің дүниетанымында бейтараптылық (нейтралитеттік) принципіне басты орын беріледі.
Өзара төзімділік, шыдамдылық, принципі дегеніміз басқалардың діни сеніміне қаншалықты төзімділікпен қарау ғана емес, сонымен бірге соншалықты деңгейде құрметпен де қарау, бөтен діндідерді шеттетпеу дегенді білдіреді.
Бұл принцип беріден алғанда, адамдардың және дінге сенушілер мен атеистердің бір-біріне деген қарым-қатынастарына, ал, әріден алсақ, біртұтас мемлекеттік тәртіп шеңберіндегі барлық діндер мен әртүрлі зайырлы ұйымдардың бейбіт қатар өмір сүруіне де қатысты.
Тепе-теңдік принципі, Дін туралы Заңда, егер басқа діндердің де құқығы бірдей болатын болса, мемлекеттің қандай да бір болмасын діни бірлестікке бөле-жара ықылас білдіре алмайтындығы атап көрсетілген. Елімізде барлық діни бірлестіктер заң алдында бірдей.

 

3. Діни ұйым атауына анықтама

Діни үйымдар. Діни үйымдар - діни ғүрыптардың орталықта-ры, белгілі бір дінді үстаушылардың бірлестігі.

Діни үйымдардың көлемі әр түрлі болып келеді: діни кішкентай секта, қауымнан діннің миллиондаған бір діни үйымдарына дейін құры-лады. Діни қауымдар діни және дінсіз іс-әрекеттер жасайды. Дінсіз іс-әрекеттерге әр түрлі үйымдық, басқарушылық (діни кеңес, тексеру ко-миссиясы, білім беру бөлімдері, жоғары оқу орындары, баспаханалық үйымдар). Дінсіз іс-әрекеттер діни қауымдардың басын құрастырады. Діни қауымдық үйымдардың үш түрі бар: 1) шіркеу - діни үйымның аты, дін адамдарының кэсіби қызметі, орталыктандырылған дербес ин­ститут. Шіркеу деп гибадат ету үшін, яғни храмды атайды; 2) секталар үйымы - ірі діни үйымдардан бөлініп шыққан оппозиция ретіндегі ба-ғыт. Секталық қозғалыс қогамның белгілі бір таптары мен топтарының элеуметтік қарсылыгы іспетті; 3) деноминациялық (лат.-атын өзгерту) -секталық үйым мен шіркеу арасындағы қауымдық үжым. Ол үжымның барлық мүшелері Құдайдың тандап алған адамдары және олар барлығы жүмаққа баратындыгы. Олардың айырмашылыгы азаматтық қоғамның оміріне белсенді қатысуы, бизнеспен айналысуы және олар шіркеудің қауымдық деңгейге өсуіне тырысуы. Діни үйымдардың негізгі атқара-і ын функциясы екеу үйымдастырушылық (қай жерден шіркеу ашу, шір-кеу басына кімді жіберу т. б.), екіншіден, діни үгіт-насихаттық, модерни-заторлық рөлдері. Себебі, діни көзқарасты өзгертіп отыру, қогамға бейімдеп отыру керек, ол болса, үлкен жүмыс

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 99; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты