Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЕМТИХАН БИЛЕТІ. ТМД елдеріндегі Дін туралы Заңдар




 

  1. ТМД елдеріндегі Дін туралы Заңдар

Бұрынғы Кеңестік, казіргі жаңа тәуелсіз мемлекеттердің діни бостандық туралы заңдарында дәстүрлі діндерді қорғауға бет ала бастады. Арменияда Армян Апостолдық Қасиетті Шіркеуі ұлттық шіркеу деп танылды. 2007 жылдың көкек айында Армения Республикасы мен Армян шіркеуі қарым-қатынасы жөнінде заң қабылдады. Оған сәйкес Армян шіркеуінің ауруханалар, балалар үйлері, интернаттар, әскери бөлімшелері мен абақтыларда өз өкілін тағайындауға құқы бар. Басқа діни топтар ондай мүмкіншілікке тек мемлекеттің рұқсатымен ғана ие болды.

Әзірбайжан заңына байланысты шетелдіктер мен азаматтығы жоқтар діни насихатпен айналыса алмайды.

Түрікменстан заңының 20-бабына байланысты шетелден ағылып келіп жатқан діни әдебиетті тек ғылыми сараптамадан өткеннен кейін ғана елге таратуға рұқсат беріледі. Ал заңның 8-бабына сәйкес діни ұйымның жетекшісі болып жоғары діни білімі бар Түрікменстан азаматы бола алады.

Беларусь Республикасының заңының 22-бабына сәйкес әдебиет және басқа да материалды тек дінтану сараптамасынан кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Діни ұйымының жетекшісі болып тек Беларусь Республикасы азаматы бола алады. 2003 жылы «Беларусь Республикасы мен Беларусь Православие Шіркеуі келісімі туралы» заң қабылданды. Заң белорус халқының рухани, мәдени және мемлекеттік дәстүрінің тарихи қалыптасуы мен дамуы барысындағы Беларусь Православие Шіркеуінің маңызын ескере отырып қабылдағанына назар аударады. Сондай-ақ мемлекет Беларусь Православие Шіркеуінің тарихи тәжірибесі, рухани әлеуеті мен көпғасырлық мәдени мұрасының бұрын да, бүгін де белорус халқының рухани, мәдени, ұлттық дәстүрлеріне ықпал ететіндігін мойындады. Ал Беларусь Православие Шіркеуі Беларусь мемлекетін рухани және мәдени дәстүрлердің сақталуының кепілі ретінде танып, қоғамдық тәртіп, ұлттық құндылықтар мен адамгершілік қағидаларды қамтамасыз етуде мемлекетпен келісімге мүдделі екенін мойындады.

 

  1. Қазақстандағы этностардың бірге өмір сүру мәдениетін қалыптастыру үрдісі

 

Сонымен қатар, Республикада ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, тұрақтылықты сақтауға ықпал ету мақсатында 1995 жылғы 1 наурызда ҚР Президенті жанындағы консультативтік-кеңес органы ретінде Қазақстан Республикасының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Ассамблеясы құрылды.
Қазіргі таңда өзге ұлт өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының маңайына топтасып, өзінің салт-дәстүрі мен мәдениетін дамытуда. Тәуелсіздікпен бірге есейіп келе жатқан Ассамблеяның қызметі еліміз үшін үлкен мән-мағынаға ие. Бүгінде қоғамдық институтқа республика бойынша 820 мәдени орталық мүше.
Ассамблеяның негізгі функциялары мен өкiлеттiктерi:
1) этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттiк ұлттық саясатты әзiрлеуге және iске асыруға жәрдемдесу;
2) этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келiсiм, мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту саласында шаралар әзiрлеу мен iске асыруға қатысу;
3) этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келiсiмдi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен және азаматтық қоғам институттарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау;
4) этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келiсiм үлгiсiн елде және шет елдерде насихаттау.
Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайды сараптаған адам қазақ жерінде қандайда бір ұлтқа қатысты ксенефобиялық көзқарастың жоқ екенін бірден байқайды.
Алдағы уақытта төзімділік біздің халқымыздың күнделікті өмірінің дағдысына, дәстүріне айналуы керек. Сондай-ақ, біздер төзімділікы қоғам арқылы ұлттық болмысымызды жойып алмауға баса мән берген жөн. Қайта керісінше төзімділік қоғамды пайдаланып тілдік, ұлттық басымдылыққа жетудің жолдарын қарастырғанымыз абзал

  1. Діни сенім бостандығы ұғымының шеңбері

Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттердін азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жеке өзі, сондай-ақ басқалармен бірге кез келген дінді еркін ұстануға немесе ешқайсысын ұстанбауға хұқылы, дінге деген, құдайға құлшылық жасауға, діни жоралар мен рәсімдерге, дінді оқып-үйренуге қатысуға немесе қатыспауға көзқарасты айқындау кезінде қандай да бір күштеп мәжбүр етуге жол берілмейді. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ешкімнің де өз діни сенімдерін себеп етіп азаматтық міндеттерін атқарудан бас тартуға қақысы жоқ Діни сенім бостандығы – бұл демократияшыл қоғамның іс-әрекет етуінің қажетті өмірлік шарты, адамның құқықтары мен бостандықтары жүйесінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Діни сенім бостандығы мәселесі көпконфессиялық мемлекет саналатын Қазақстан үшін әрдайым маңызды болып қала бермек.

Міне, соңғы 20 жылдың ішінде Қазақстан дін саласында демократиялық негіздерді бекіту жолындағы өзінің жеткен жетістіктерімен мақтанады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабында «Әркiмнiң ар-ождан бостандығына құқығы бар» деп анық көрсетілген. Ар-ождан бостандығы – бұл жеке адамның ажырамас абсолюттік құқығы болып табылады және ешбір жағдайларда шектеулерге жатпайды.

Діни сенім бостандығы феноменінің маңыздылығы халықаралық тәжірибеде де танылған. 1948 жылы БҰҰ қабылдаған Жалпыға бірдей адам құқығы жөніндегі декларацияның 18-бабында «Әркімнің ойлау, ар-ождан және дін бостандығына құқығы бар» деп көрсетілген.

Жалпыға бірдей адам құқығы жөніндегі декларацияның 29-бабында заңда тек қана басқалардың құқықтары мен бостандықтарын тиісінше тануды және құрметтеуді қамтамасыз ету және демократияшыл қоғамдағы адамгершілік, қоғамдық тәртіп пен жалпы әл-ауқат талаптарын қанағаттандыру мақсатында белгіленген адам құқықтары мен бостандықтарын шектеулерге ғана жол беріледі.

Қазіргі кезде Қазақстанда дін саласындағы сараланған мемлекеттік саясат және діни конфессиялардың бір-бірімен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы жүргізілуде. Қазақстан Республикасы – зайырлы, демократиялық мемлекет және мұнда әрбір адамға ар-ождан бостандығына кепілдік беріледі, сондай-ақ барлық конфессиялардың ұстанушылары заң алдында тең.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 91; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты