Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ДЕБИЕТТКЕ ШОЛУ




 

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында 1,5 млн астам жылқы бар. Республикада жылқыны пайдалану негізгі төрт бағытта өрбуде ­­­­– шарушылық жұмыстары, өнімділік (ет-сүтті), тұқым асылдандыру және спорттық. Бұл бағыттардың барлығында асыл тұқымды жылқы шаруашылығы бірдей мән атқаратынын В. В. Калашников және А. А. Сатыбалдин атап көрсетті және де ол олардың даму деңгейін анықтайды [2, 3].

Н. А. Кикебаев және С. С. Рахманов жылқы шаруашылығының барлық бағыттары қажет деген жылқы тұқымымен қамтамасыз етілген жағдайда ғана тиімді болып саналады, осыған орай қажет қасиеттері айқын байқалатын жаңа жылқы тұқымын қалыптастыру және де өсіріліп жатқан жылқыларды жетілдіру әр кезде өзекті және қазігі кезде ерекше бір мәнділікке ие болатынын жазды [4, 5].

Жылқы шаруашылығы басқа мал өсіру бағытары арасында ерекше орын алады. Адам өз әрекетінде жаңа білім және тәжірибелер алу барысында өз қажеттіліктеріне сәйкес жылқы тұқымдарын өзгертуді тез меңгерді.

Әрбір жылқы тұқымын шығарылуы және пайда болуы қоғамның оған деген сұранысымен анықталады. Осының мысалына қостанай жылқы тұқымының шығарылуын жатқызуға болады.

1951 ж. Қостанай және Майкөл жылқы зауыттарында, Қостанай обылысының шаруашылықтарында және Челябі обылысының Троийск зауытында Бүкіл одақтық жылқы ғылыми-зерттеу институтуы мен ауыл шаруашылық мамандарының бірлескен жемісті еңбегі нәтижесінде мініс-жігісті жылқының жаңа тұқымы шығарылды. КСРО Министрлер Кеңесінің шешімі (№ 904 бұйрық, 1951 ж.) негізінде жылқының жаңа тұқымына «қостанай» аты берілді.

Қостанай обылысында ХІХ ғ. Соңында 188 мыңдай қазақы жылқы болатын. Қазақы жылқылар алғашқы кезде жақсартылған міністі (қалмақ, стрелецк, орлов-растопчин, ағылшын-араб) кейін, алынған будандар дон айғырларымен шағыластырылды. 1920 жылдары тазақанды міністі жылқы тұқымының айғырлары сіңіре будандастыруда жүйелі түрде қолданылды. Осы жұмыстар нәтижесінде Кеңестік Қазақстанда алғаш рет жылқы тұқымы (қостанай) шығарылды.

Қостанай жылқы тұқымында өзінің кішігірім тарихына қарамастан өзіндік ерешеліктерімен сипатталады: бірнеше тұқымішілік типтері, зауыттық аталық іздері және аналық ұяларын ажыратады [6, 7]. Мұндай жетістіктердің себептерінің бірі болып қостанай жылқы тұқымын жетілдірідегі биотехнологиялық әдістердің қолданылуы саналады.

Қазақстан Республикасында жылқы санын көбейту мәселесі тиімді бағыт болып саналады, оның санының жыл сайын қарқынды артуы олардың көбейту технологиясының жаңа жолға салынуына байланысты.

Ауыл шаруашылық ғылымдарының дамуының ерекше бағытында биотехнологиялық жаңа зерттеулердің үлесін көбейту болып саналады. Жаңа биотехнологиялық әдістерді зерттеу және оларды өндіріске енгізу арқылы Қазақстанның жылқы тұқымдары гендік қорын (генофонд) сақтау жылқы шаруашылығын ары қарай дамуындағы негізгі мақсаттарының бірі болып саналады. Қоғамда жүйрік міністі жылқыларға сұраныстың артуы және бұл сұранысты жылқыны асылдандару және оны жаңа биотехнологиялық әдістерді қолданумен үйлестіру негізінде қамтамасыз ету қажеттілігі алға қойылуда.

Жылқы шаруашылығында қолдан ұрықтандырудың негізін проф. И. И. Иванов салды. Ол өзінің тәжірибелерін Дубровский жылқы зауытынның жылқыларында жүргізді. Қолдан ұрықтандыру техникасын енгізумен қатар ол бұл әдістің тиімділігін анықтады: ұрықтану үлесі, ұрпақтың сапасы, оның сақталуы, өміршенділігі, жұмыс өнімділігі және төлдегіштігі. Ол резіңкелі катетер мен корнцангты құрастырып, құралдарды залалсыздандыру әдісін ұсынды. И. И. Иванов қарапайым сұйылтқыштарды пайдаланды, айғырларды азықтандарудың оның ұрығының сапасын зерттеді, айғыр эякулятының көлемін анықтады; ал 1907 жылы айғар ұрығын алғаш рет төмен температурада (-15º С және 100º С) сақтауға талпынды. 1923 жылы 24 пунктте жақсатқыш айғырлардың спермаларымен 763 бие ұрықтандырылса, 1932 жылы 154 000 бие ұрақтандырылды. Жылқы шаруашылығында қолдан ұрықтандыру зоотехнияда негізгі шаралардың біріне айналды [1].

Қолдан ұрықтандыру техникасын жетілдіруде кеңес одағы ғалымдары Е. К. Милованов, Х. К. Животков, Г. В. Паршутин және П. Н. Скаткиндер көп еңбек сіңірді. Бұл әдістің табиғи ұрықтандырудан бірқатар артықшылықтары бар: бір айғырдың сұйытылған ұрығымен 15-20 биені ұрықтандыруға болады, ал ұрықтандыру маусымында 300-500 және одан көп биені ұрықтандыру мүмкін болады; ұрықтандыру маусымы өткеннен кейін алынған сперманы мұздатып сақтауға болады және таза спермаларды пайдаланып, үйірді инфекциялық аурулардан сақтау мүмкін болады.

ВИЖ ғалымдары О. Ф. Нейман және Ф. Ф. Зальцман биелердің овуляциясы күйледің 3-6 күндері жиі байқалатынын көрсетті, ал сперматазоидтар жыныс жолдарында жеткілікті деңгейде белсенді болып, 20 сағат аралығында аналық жұмыртқа клетканы ұрықтандыра алатынын анықтады. 1938 жылы Г. В. Паршутин жылқы шаруашылығы БҒЗИ (ВНИИ коневодства) айғыр ұрығын алудың жаңа әдісін ұсынды: жаңа құрылымдағы жасанды вагина құрастырылды, нәтижесінде атқорада төмен температура жағдайында айғырлардан тіршілігік қабілеттілігі жеткілікті ұрық алу мүмкін болды [8]. А. Н. Буйко және П. Н. Скаткин глюкозалық сұйылтқышты құрғақ қанттың изотониялық ертіндісімен алмастуға болатынын дәлелдеді. Сұйылтқышқа тауық жұмыртқасының сарысын (100 мл сұйылтқышқа 0,8 мл) қосу ұсынылды. Жаңа сұйылқыштар сперманың организм сыртындағы өміршеңдігін 3-4 есеге арттырды [9]. Сонымен қатар П. Н. Скаткин сперманы 8-10-есе сұйылту сперматазоидтарға зиянды болып, құлынның шығуын 43 %-ға төмедетінін дәлелдеді [10]. Н. Рязанцева тәжірибелерінде глюкозалық сұйылқышты төрт есе қосылған спермалар (8-12 сағ. аралығында +7+10º температурада сақталған) қолданылғанда биелердің құлындауы жоғары болатынын (83,3 %) дәлелдеді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жақсартушы айғырлардың ұрығымен 500 мыңдай бие ұрықтандырылды. Құнды айғарлардан ұрықтандыру маусымында 100 және одан көп құлын алуға мүмкіндік беретін биелерді қолдан ұрықтандыру әдісін жетілдірген еңбектері үшін Г. В. Паршутин мен П. Н. Скаткинге Мемлекеттік сыйлық лауреатының құрметті атағы берілді.

Айғыр ұрығын сұйылтуды жетілдірі мақсатында С. М. Ромбе лактоза-жұмыртқа сарысы ортасы зерттеліп, глициринді этиленгликолмен алмастырудың тиімділігі дәлелдеді [11]. Сперманы тиімді пайлану мақсатымен 1973 жылы С. Г. Лебедев биелердің фолликулаларының жетілуін жеделдету үшін хориондық гонадотропин (ХГ) гормондық препаратын қолдану тәжірибелерін жүргізді. ХГ енгізілгеннен 24-48 сағаттан кейін биелерде овуляция басталды. Тәжірибеге алынған бині ұрықтандыру үшін екі есе аз ұрық қолдану мүмкін болды.

Айғыр спермасын криоконсервациялау­ ­­­­– жылқының генетикалық көзін сақтаудың ең тиімді әдісі, ол құды айғырлардың криоконсервациялық спермалар қорын сақтауға және ұрықты ұзық қашықтыққа тасымалдауға мүмкіндік береді. Л. М. Жмуркин (1965) айғар ұрығын шағын көлемде (6 мл) 0º С температурада сақтау және тасымалдау әдісін ұсынды. Мұндай ұрықтың көлемін қолданар алдында 20 мл дейін ұлғайту тиімділігі дәлелденді. 1954 жылы П. Н. Скаткин тәжірибелерінде 50 тәулік аралығында сақталып мұздатылған сперманы қолдану арқылы әлемде алғаш рет буаз бие алынды [12].

Мал ұрыған криоконсервациялау әдісін қазіргі кезде біздің елімізде және шет елде кеңінен қолданылуда. Біздің елімізде бұл әдіс қой шаруашылығында жақсы дамыған. Бұл жұмыстар КР ҰҒА Ф. М. Мұхаметғалиев атындағы эксперименттік биология институтында академик М. М. Тойшыбековтың жетекшілігімен нәтижелі жүргізілуде.

В. В. Калашников және М. М. Готлиб тұқымдыққа қалдырылған айғырлардың жаңадан алынған және сұйық азoтта ұзақ уақыт мұздатылып сақталған спермалармен биелерді кеңінен қолдан ұрықтандырудың селекциялық және экономикалық артықшылықтары бар екенін көрсетеді [1]. Т. А. Мингазов биотехологияның барлық әдістері және тәсілдері құнды құлынның шығуын көбейту басты мақсатына бағытталғанын жазды [13].

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бас кезеңінен бастап қолдан ұрықтандыру әдісі жылқы шаруашылығы практикасына кеңінен ендіріле бастады. Бұл әдісті пайдалу арқылы бағалы жылқылардың өсірілу аймағы және қолданылу мүмкіндіктері кеңейді. Н. Н. Михайлов сұйық азотта мұздатылған спермалардың ұрықтандыру қабілеттілігінің ұзақ сақталу максимал мерзімі әлі толық зерттелмегенін атады [14].

Бірқатар авторлар жылқыны көбейтуді тиімді ұйымдастыру жылқы тұқымын жетілдіруге, асылдандыру мақсатына қажет мал санын көбейтуге, спорттық бағытқа және экспортқа шығаруға мүмкіндік беретінін атап көрсетті [15, 16, 17]. Қолдан ұрықтандырудың, атағы шыққан айғырлардың ұрығын криоконсервациялаудың және жылқы эмбриондарын трансплантациясын іске асырудың осы заманғы әдістерін меңгерген шетелдік жылқы шаруашылығының белгілі жетістіктері біздің республикамызда жылқы тұқымын көбейтуге бірден-бір негіз бола алады. Осы әдістердің барлық жақтарын кеңірек қолдану мәселесі жылқы мамандарының күн тәртібінде тұр [18, 19, 20, 21, 22, 23].

Алайда аталған жаңа әдістердің жылқы шаруашылығының практикасына енгізілуі осы күнге дейін жетімсіз деңгейде қалып отыр. Олардың кеңінен таралуына әдістердің қолданылуының техникалық қиындықтары мен алынған нәтижелердің тұрықсыздығы кедергі болуда.

Жүргізілген көптеген зерттеулерге қарамастан әлі күнге дейін тірі клеткаладың төмен температурада сақтау кезінде және келесі кезеңдерде и еріту стадияларында өлімге душар болу себептері белгіз күйде қалып отыр. В. А. Науменков, М. В. Адамковская және О. Л.Филимонова пікірлері бойынша қолданылып жатқан және жаңа технологиялық тәсілдер сперматозоидарды бұзылуы мен жойылуынан сақтауға арналған [24].

Романькова Н. К. және Науменков А. И. [25] диализді қолданғанда сперманы қойылту негізінде ұрықты мұздату үшін оның дозалық көлемін азайту әдісін ұсынды. Бұл әдіс сперма көлемін ұлғайтпай, оны криоқорқау қосылыстармен байытуға және артық тұздар мен улы гидроперекистерді жоюға мүмкіндік береді. В. А. Науменкова, О. В. Васильева [26] тәжірибелерінде сперманы қойылтуда 9 %-дық оттегімен әсер еткенде (гипооттегілік) спермалардың тіршілік белсенділігі 39,1 %-ға артатыны айқын болды.

Спермалардың ультрақұрылымдық сипаттамаларын анықтау үшін Е. Е. Брагина [27], 2000; R. Mashiach et al., 1992 [28] электрон-микроскопиялық зерттеулерді жүргізіп, оның маңызы елеулі екенін көрсетті. Айғыр эякулятында аномалиялық сперматозоидтардың көбеюі олардың көбею қызметін әр түрлі дәрежеде төмендейтіні T. Angelopoulos et al., 1998; [29] J. P. Hurtgen, L. A. Johnson, 1982 [30] тәжірибелерінде мәлім болды. Cперма ядросында ДНҚ мен сперматозидтарға ғана тән ерекше нәруыз – протаминнен құралатын тығыз оралған хроматин орналасады [31]. Cперманың акросомаларында лизосомалық ферменттер аналық клетка енуді қамтамасыз етеді [32]. W. Bielanski et al., 1979 [33]; D. W. Fawcett, 1975 [34] бойынша акросоманың патологиясының бірі болып құрық бөлігінің ауытқуы жатады . Осы мәліметтерге орай айғыр ұрығын криоконсервациялаудың сперматозоидтардың құрылымың тұтастығына әсерін М. М. Атрощенко мен Е. Е. Брагина [35] зерттеп, төмен температураның (-198ºС) сперманың құрылымының өзеруіне әкелетінін анықтады. Олар спермаларды криконсервациялау кезінде басы интактілі сперматозоидтардың 68,8 %-дан 47,3 %-ға, яғни 21,1 %-ға төмендеуін байқады. Бұзылған акросомалардың саны 7,3 %-ға көбейді (табиғи спермада 7,1 %, мұздатылғандарда ­­­­­– 14,4 %). Аталған ауытқулардың қосынды саны табиғи спермадағы 18,5 ­ ­­­­%-дан криоконсервацияланғандарда 46,7 %-ға дейін көтерілді. Тәжірибелер криоконсервацияда сперманың осал тұсы болып акросома екенін дәлелдеді [36].

Заманауи жылқы шаруашылығының көкейкесті проблемасының бірі болып құнды деп саналатын айғырларды кеңінен пайдалану арқылы көбейту үрдісін интенсификациялау болып саналады. Осы заманғы биотехнологиялық ғылым қолдан ұрықтандыру әдісінің негізгі теориялық қағидаларын, сонымен қатар арнайы техникаларды және ұйымдастыру жүйелерін қалыптастырды және мал шаруашылығы практикасында қолдануды жолға қойды [14, 18].

Ғалымдар жылқыны қанының антигендері, нәруыздары мен ферменттерінің генетикалық полиморфизмін жеткілікті деңгейде зерттеп ғана қоймай оларды жылқы шаруашылығы практикасында қолдануды ұсынды. Әсіресе туылған ұрпақтың тегін анықтау әр кезде күрделі мәселе болатын, осындай жағдайды генетикалық антигендері пайдалану оны белгілі бір деңгейде шеше алды [37]. Жылқының нәруыздары мен ферменттерінің генетикалық полиморфизмі жақсы зерттелген, қан тобының 9 локусында 40 астам аллельдерді ажыратады. Жылқының нәруыздары мен ферменттерінің 15 полиморфты локусында 60 аллельдің бар екені дәлелденді [38, 39].

Әдетте жалғыз локус жалғыз ғана антигеннің синтезделуін бақылайды. Кейбір қан жүйесінің локусындағы бірнеше антигендер белгілі үйлесімде толық тіркесіп тұқым қуалайды. Мұндай антигендер фенотоп деп аталады. Мысалы, В локусы жүйесінің фенотобында 12 антиген бар: BGKO2Y1A¢B¢E¢3G¢K¢O¢Y¢. Фенотоп супергеннің құрамына енеді деп жорамалдануда.Суперген (немесе суперлокус) дегеніміз әр түрлі антигеннің түзілуін бақылайтын, өте жақын орналасқан бір локустың бірнеше аллельдері. Мысалы, В-қан жүйесі жалғыз локус деп қаралады, бірақ оны бір-бірімен жақын тіркескен бірнеше локустан құралған генетикалық жүйе деп санау керек [40, 41].

Полимеразалық тізбектік реакция (ПТР) әдісінің лабораториялық практикаға енуі биологиялық ғылым үшін үлкен жетістік болып саналады. Л. Р. Шостакович-Корецкая, Л. В. Лопухов, М. В. Эйдельштейн ПТР әдісінің диагностиканы түпкілікті жаңа деңгейге көтеретінін көрсетті. ДНҚ немесе РНҚ деңгейін анықтау инфекциялық агентті немесе гендік мутацияны тікелей анықтауға мүмкіндік береді [42, 43]. Дамыған елдерде ПТР әдісі медицина мен ауыл шаруашылығында қолданылады [44]. Біздің елімізде бұл әдістің қолданылуын ғалымдар енді жолға қоюды бастады, дегенмен профессор С. С. Рахмановтың басшылығымен жылқы генотипін анықтау және олардың ауруларының диагностикасын жүргізу әдістері біршама зерттелді [45, 46, 47, 48, 49, 50].

Жылқы төлін көбейту жұмыстарын ұйымдастыру. Жылқыларды қорада және қора-жайылым жағдайларында өсіруде табиғи және қолдан ұрықтандыру әдістері қатар қолданылады. Бұл екі әдіс жылқы зауыттары мен фермаларында жиі қолданылады. Жылқыны тебінді әдіспен өсіруде табиғи ұрықтану негізгі әдіс болып саналады. Ұрықтандыру түрін (табиғи және қолдан ұрықтандыру) жоспарлауда шаруашылықта дайын мамандардың бар болуы, оның материальдық-техникалық жағдайы, бие саны және де олардың өсіру әдістері ескеріледі.

Жылқы төлін көбейту жұмысының тиімділігі көптеген жағдайларда айғырды сұрыптауға байланысты[51]. Жылқы зауыттарында сұрыптау талаптары асылдандыру деңгейіне байланысты өзгереді. Жылқы зауытында табиғи ұрықтандыру не қолдан ұрықтандыру болсын айғырларды сұрыптау ұзақ мерзімді селекциялық бағдарламаларға сәйкес жүргізіледі. Мал көбейтуге сұрыпталмаған ересек және екі жастан асқан барлық айғырлар піштірілуі не жеке ұсталуы тиіс.

Қолданылатын айғыр саны аз шаруашылықтарда айғырды төрт жылдан кейін жоспарлы түрде басқа айғырға алмастыру керек, бұл инбридингтің зиянды әсерін (инбредтік депрессия) алдын алу үшін қажет. Айғырларды жоспарлы алмастыру арнайы селекционер генетик мамандардың бақылауында болуы керек.

Айғырларды азықтандыру және күтімі аса маңызды болып саналады, мысалы. ұрықтандыру жұмысы үшін міністі жылқы айғырларын 25 жасқа дейін пайдалануға болады. Күтімі қанағаттанарлықсыз жағдайдайдағы айғырлар 12-15 жастан кейін ұрықсыз болып қалады. Ал, тұқымды жақсартушы болып саналатын және көбею қабілеттілігін жоғалтпаған аса құнды айғырлар өмірінің аяғына дейін қолданылады [52].

Айғырдың қартаюыны байланысты тұқымсыздық­­­­­ – жыныс мүшелеріндегі және барлық ағзалардағы өзгеріс нәтижесі: аталық бездің ирек түтікшелерінде дистрофиялық өзгеріс басталады, сперматогендік эпителийлер бұзылып, лейдинг клеткаларының секрециясы төмендейді, кейбір ирек түтікшелердің бөліктерінің бос болуы аталық бездің атрофиясына әкеледі. Айғырлардың қартаюыны байланысты тұқымсыздық­­­­­ 18-21 жастан басталады. Ол жыныс рефлексінің біртіндеп төмендеуі және сперма сапасының нашарлауы арқылы көрінеді. Кейбір айғырлардың жасы ұлғайғанымен олардың жыныс мүшелерінің өзгерісі клиникалық талдауда ешқандай байқалмайды. Мұндай жағдайда сперма сапасын зерттеу шешуші рөл атқарады [53].

Ауыл шаруашылық малдарының тұқымсыздығы жөнінде А. П. Студенцов [54] ұсынған жүйе еркек тұқымдық малдың көбею қызметінің төмендеуін және тұқымсыздықтың клиникалық байқалу формаларын сипаттайды. Еркек малдың жыныстық қызметінің бұзылуы импотенция түрінде байқалуы мүмкін, бұл жыныстық рефлекстің әлсіреуін және тежелуін білдіреді. Г. В. Зверева, В. Н. Олескина, С. П. Хомина және т. б. [55]еркек малдың туа біткен тұқымсыздығы жыныстық мүшенің эмбриондық даму кезеңіндегі аномалия нәтижесі болып саналады. Еркек малдың туа біткен тұқымсыздығы инфантализм, крипторхизм және гермафродитизм түрінде байқалады.

М. Н. Джуланов [56]мәліметтері бойынша айғырлардың жағдайы оларды рационға сәйкес сандық және сапалық жағынан жан-жақты құндалығы зерттелген дұрыс азықтандыруға байланысты. Нәруызбен бай азықтандыруды А витаминінің жетімсіздігі ұрық аталық бездің ирек түтікшелері эпителийінің қорғаныш қасиетін төмендетеді, бұл өз кезегінде айғыр ұрығының сапасын төмендетеді. Нәрузға бай азықты айғырларға артық беру ағзаның қышқыл-сілтілік теңгерімі мен зат алмасудың бұзылуына және сперманың ұрықтандыру қабілетінің төмендеуіне әкеледі. Сапасыз, көгерген және сірке мен май қышқылы көп азық айғыр ұрығының сапасын әрдайым төмендеуін қамтамасыз етеді [57].

Климаттық тұқымсыздық айғырды басқа орынға ауыстырғанда байқалады. Географиялық ендік, теңіз деңгеінен биіктік. Температура, ылғалдылық, атмосфералық ауытқу, иондалған радиация, ауа мен судың ластануы және өсімдік сапасының нашарлауы сияқты факторлар ағзаның зат алмасуын бұзып, айғырдың көбею қызметіне әсер етеді [53].

П. А. Волоскова [58] мәліметінше айғырды эксплуатациялық тұқымсыздығы оны жұмысқа көп жегу, жаттығуын шамадан тыс жүргізужәне жыныстық артық пайдалану нәтижесінде туындайды.

Бүкілресейлік жылқы шаруашылығы институты ғалымдарының бақылауы бойынша жылқылардың жұмысқа артық жегіліп, олардың демалуы (моцион) болмаған жағдайда жыныстық өнімге әсер етіп, ұрықтың сандық және сапалық төмендеуіне әкеледі [59]. Моционды жүргізгенде, оның ұзақтығы мен қарқынын жылқының дене бітімінің ерекшелігін, мінезін, жасын және сол кезеңдегі азықтандырылуы мен күтімі ескерілуі қажет.

Айғырларды жалпы зерттеуде олардың жасын, тұқымын, семізділігін, мінезін, т. б. ескереді. Қажет жағдайда қанын, несебін, қиын қосымша зерттеуге жібереді. Айғырларды сұрыптау барысында оларды туберкулезге, кампилобактериозге, трихомонозға және осы ауданда байқалатын басқа ауруларға зерттейді.

М. Н. Джуланов [56] еркек малдың жыныс мүшелерін зерттеу ұманы, аталық бездерді, аталық бездің қосалқысын, ұрық түтікшелерін, еркек жыныс мүшесін және қосымша жыныс бездерін қарау және қолмен ұстап қарау арқылы жүргізетінін атап көрсетеді. Қалыпты жағдайда аталық без ұманың жоғары және бүйірлер бөлктеріне еркін жылжиды. Еркек жыныс мүшесін жыныстық қатынас кезінде қарайды.

Айғыр ұрығын жасанды вагинаға алады, онда оның көлемін, консистенциясын және т. б. көрсіткештерді анықтауға болады. Жасанды вагинаның мөлшері: ұзындығы ­­­­­– 54 см, диаметрі ­­­­­– 13 см. Айғыр ұрығының түсі ­­­­­– сұрғылт-ақ. Қалыпты сперманың исі болмайды. Жағымсыз иістің болуы жыныс мүшелерінде ісіп қызару процесі өтіп жатқанын білдіреді. Патологиялық қосындалары бар және іріңді исі байқалатын сперма қолдануға жарамсыз болып саналады [53].

Сперманың консистенциясы оның спермалармен қанықтылығына байланысты болады. Айғыр спермасында қуық бездерінің шырышты секреттерінің қосындылары жиі кездеседі [60].

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 91; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты