Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Зерттеу материалы және әдістемесі




 

Біздің дипломдық жұмыстың негізін ҚР Ауыл шаруашылық министрлігіне қарасты «Қазақ тұлпары» ЖШС мемлекеттік жылқы зауытының мәліметтері құрайды. Мәліметтер өндірістік практика кезінде алынды (IX – X. 2014 ).

Зерттеу жұмысының материалы болып негізінен «Қазақ тұлпары» жылқы зауытының қостанай жылқы тұқымы саналады, атап айқанда осы жылқы тұқымының айғырлары мен биелері және әр түрлі жастағы жас малдар есепке алынды. Сонымен қатар аталған жылқы зауытында тазақанды міністі және араб жылқылары өсіру қолға алғандығынан және оларды қостанай жылқысымен шағылыстыру нәтижесінде алынған будандар бар болғандықтан зерттеу жұмысының кейбір кезеңдерінде (айғыр ұрығын криоконсервациялау, т.б.) жылқылырдың бұл топтары да зерттеу материалы ретінде алынды.

 

 

1-сурет.Қостанай жылқы зауыты

 

 

а

 

 

ә

2-сурет. Жылқыларды левадада (а) және атқорада ұстау (ә)

 

 

3-сурет. Жылқы қоралары

 

4-сурет. Генетикалық зерттеу лабораториясы

 

 

Қолдан ұрықтандыру және айғар ұрығын криоконсервациялау зерттеу жұмыстары биелерді шағылыстыру және қолдан ұрықтандыру бойынша нұсқауларына (ВНИИК, 1963), биелерді қолдан ұрықтандыру бойынша нұсқауларына (ВНИИК, 1969), сүйық азотта айғыр ұрығын мұздату және ұзық мерзімге сақтау ұсыныстырына (ВНИИК, 1978) және «Малды көбейтуді ұйымдастыру, қолдан ұрықтандырудың тиімділігін арттыру және төл туылғаннан кейінгі ауруларды электростимуляциялау» әдістемелік нұсқауларға (Астана, 2005) сәйкес жүргізілді.

Жылқылардың селекциялық сипаттамасын алу қостанай жылқысының бағалау жұмасының (бонитировка) нәтижелерінен алынды.

«Қазақ тұлпары» жылқы зауытында қолдан ұрықтандыру жұмысы барысында алдымен андрологиялық диспансеризацияға мән беріледі. андрологиялық диспансеризация – айғырларды белгілі жоспарға сәйкес зерттеу. Мұндай жұмыстың нәтижесінде айғырдың тұқымсыздығын анықтап, оларға емдеу жұмысы жүргізіледі. Көбейту өндірісіне жарамсыз айғырларды алдын-ала табу үлкен практикалық маңызы бар, сонымен қатар биелердің де тұқымсыздығын анықтауға мүмкіндік береді.

Осы мақсатпен айғырларды жалпы және рефлекстік зерттеуден өткізеді және жыныс мүшелері мен ұрық талданады. Осы әдістердің жиыны айғырлардың апробациясы деп аталады.

Жоғарыдағы аталған зерттелермен қатар айғырларды азықтандыру, күтім мен пайдаланылу жағдайлары және ұрығының сапасы ескеріледі.

Айғырларды жалпы зерттеуде олардың жасы, тұқымы, семіздігі, дене бітімі, мінезі жәнеағзаның жеке жүйелерінің жағдайы есепке алынады. Қажет жағдайда кан, несеп және қиы қосымша зерттеуге алынады. Айғырларды сұрыптауда оларды туберкулезге, кампилобактериозге, трихомонозға және тағы басқа аймақта таралуы мүмкін ауруларға зерттейді. Экстерьерлік ақаулары бар айғырлар табиғи және қолдан ұрықтандыру жұмысына жіберілейді.

Айғырларды рефлекстік зерттеуде олардың жыныстық рефлексі анықталады. Бұл үшін клиникалық сау және жыныстық циклі қалыпты биелер қолданылады. Мұнда айғырдың жыныстық рефлексінің байқалу реті есепке алынады: биеге жақындауы немесе жыныстық ынтасы, эрекциясы, биеге секіру жағдайлары және эякуляциясы (5-сурет).

Қалыпты айғырларда жыныстық қатынас кезінде барлық жыныстық рефлекстері айқын, рет-ретімен және дұрыс байқалады. Ол биені көргеннен тезірек қозып, секіру рефлексі жеңіл байқалады және жыныстық қосылуды қалыпты өткізеді.

Айғырдың шамадан жыныстық ынтасы (гиперсексуализм) зиянды болып саналады, әйткені ол онанизмге әкеледі, нәтижесінде жыныстық қатынас балмастан бұрын ретсіз эякуляция өтеді. Шаршаған айғырлардың эрекциясы мен эякуляциясы жиі кешеуілдейді немесе тіпті байқалиайды, олардың

 

5-сурет.Айғырды рефлекстік зерттеу

 

жыныстық катынасы аяғына дейін жүрмейді. Нәтижесінде көптеген биелер тұқымсыз болып қалады.

Айғырдың жыныс мүшелерін зерттеу ұманы, аталақ безді, еннің қосалқысын, ұрық шылбырын, қасаны (пенис) және жыныс бездерінің қосымшасын қарау және саусақпен ұстап уқалау арқылы жүргізеді.

Ұма қалыпты жағдайда жеңіл ығысады және қатпарларға жиналады, аталық бездер жоғары және жақтарына еркін ығысуы керек, ұрық шылбыры қолмен ұстап байқауға болады.

Жыныс бездерінің қосымшасын (қуықша, көпіршік, қуық асты бездер) реактальды зерттейді. Айғырдың жыныс мүшесін жыныстық қатынас кезінде қарайды.

Қасаның шырышты қабығында сызат, жара, көпіршік бөртпе, кішігірім қанталаған орындар және т.б. белгілер болуы мүмкін. Жыныстық қатынас алдында несеп-жыныс түтікшелерінін шырышты қабығы жыртылған жағдайларда қанталаған орындарды байқауға болады. Қан жыныстық қатынас аяқталғаннан кейін біраз уақыт аралығында ағуы мүмкін.

Айғыр үшін жасанды қынап мынадай жолмен дайындалады: жақсы жуылып, кептірілген резіңке камераны жасанды қынаптың алюминді сыртына тегіс бетін ішіне қаратып ал бұдыр жағын сүйенішке кигізеді, камераның ұштарын қайырып, сақиналы резіңкелермен бекітеді. Жиналып, 96˚ спирт тампонымен дезинфекцияланған жасанды қынапқа 1,5-2,5 л ыстық су құяды (айғырдың жеке ерекшеліктеріне байланысты), нәтижесінде сперманы алу кезінде қыныптағы температура 40-42˚С болуы керек.

 

 


6-сурет.Жиналғанжасанды қынап

 

Келесі кезеңде қынапты тығыздап жауып, оған тығынды бұрайды. Камера ішінен тазартылған әрі стерильді вазелинмен мұқият майланады да, қынапқа стерильді резіңкелі сперма жинағышты кигізеді. Айғырды жыныстық қатынасқа жіберер алдында жасанды қынаптың температурасын залалсыздырылған термометр арқылы тексеріледі.

Сперманы алу үшін айғырды күйті келген биеге жібереді. Қауіпсіздік шарасын жүргізу үшін биенің артқы аяқтарын ұрықтау шілиясын кигізеді. Биенің құйрығын таза бинтпен орайды. Биенің сыртқы жыныс мүшелерін және бұтарасын, анусты және сауырын жылы су сабынмен жуады.

Жасанды қынапты биенің сауырында сперма жинағышты 30-35˚ қиғаштықпен айғырдың қасасына қарай бағытта мықтылып ұстайды. Айғырдың жасанды қынапқа эякуляции аяқталғаннан кейін жасанды қынапты сперма жинағышты төмен қаратып түсіреді, бұл сперманың қыныптын ағып кетуін болдырмайды.

Сперманы спермажинағышқа алғаннан кейін қынаптын ажыратып, оны стерильді салфеткамен жауып лабораторияға жіберіледі. Сперманы тезірек стерильді дәкелі салфеткадан (1-2 қабат) сүзгіден өткізеді де Петри шынысымен жабады. Дәкеде қалған қою қосымша жыныс бездерінің бөлінділерін қалдыққа тастайды.

Жасанды қынаптың қабырға арасындағы суды ағызып тастайды, қынаптың резіңкелі түтікшесін 2 - 3%-дық жылы сода ертіндісімен мұхият жуады, онан соң жылы сумен шайып, кептіреді. Спермажинағышты да мұхият жуып, стерилдейді.

Алынған сперманы спермажинағыштан құрғақ стерильді ыдысқа (пробиркаға, колбаға) ауыстырып, спиртовка жалынында резинкалы тығынмен жабады, пергамент қағазбен орайды.

Талдау үшін сперма үлгісін оларды спермажинағыштан мұхият араластырып тікелей алады.

Эякулятты ала салысымен оның көлемін, түсін, иісін, және консистенциясын анықтайды. Түсін, иісін, консистенциясын және іріңнің, қанның және несептің болу болмауын спермажинағыштың өзінде эукулят бойынша тікелей анықтайды.

Органолептикалық зерттеу жұмысын эякулят ала салысымен жүргіздік. Мұнда ұрық көлемін, түсін, иісін, консистенциясын және бөтен қоспалардың бар болуын жалпы қабылданған әдістемеге сәйкес өткіздік.

Айғыр ұрығы көлемін анықтау үшін алынған сперманы төрт есе оралған дәке салфеткасы өткізіп, стерильді жылы мензуркаға (t 30˚С) түсіріп, шыны қақпақпен жаптық.

Спермалар жарқын жарықта нашар көрінеді, сондықтан біз микроскоптың көруалаңын біршама көлеңкеледік. Сперманы микроскоптан талдауды температурасы 18-25˚С тең бөлмеде өткіздік. Қажет темпреатураны сақтау үшін арнайы жылытатын үстелді пайдаландық. Микроскопты дайындап және термостатта қажет температураны қойған соң сперма препаратын тамшыны басып дайындадық. Бұл үшін таза құрғақ жазық шыныға пипетка (алдын ала құрғақ жалынды стерильденген) көмегімен зерттелетін сперманың тамшысын түсіріп, үстін жабын шынымен жабады.

Жаңадан алынған, араспаған таза сперма тамшысы жабын шыны астындағы барлық кеңестікті оның шет жағына шығып кетпей толтыруы керек; мұнда сперма қалыңдығы барлық жағдайда біркелкі болуы керек, бұл оның қоюлығын дұрыс бағалау үшін қажет болады.

Сперма тамшысы орналасқан жазық шыныны микроскоп тақташасына қояды, микроскоп окулярын түсіріп және жарықты реттей отырып, сперманың қоюлығын және белсенділігін препаратты жүргізе отырып, микроскоп объективінің бірнеше көру алаңдарында анықтайды.

Қою сперма (қысқаша Қ әрпімен белгіледік) деп барлық көру алаңы спермамен толық толтырылған жағдайды санадық; олардың арасында аралықтар байқалмайды. 1 мл қою спермада 1 млрд. астам спермиялар болады.

Қоюлығы орташа сперма (О) болып спермиялар арасында аралықтар байқалғандар саналады, аралықтартың мөлшері спермия ұзындығынан кемболуы тиіс. 1 мл осындай спермада 0,2-1 млрд спермиялар болады.

Сұйық сперма (С) болып спермалар арасындағы арылықтар спермияның ұзындығынан артық болғанда саналады (1 мл спермада спермиялар саны 0,2 млрд. аз). Қалыпты жағдайда айғырлардан сұйық және қоюлығы орташа спермалар алынады.

 

7-сурет.Сперма сапасын микроскопиялық бағалау

 

 

Сперма белсенділігін көзбен қарап бағаладық, сперманың қанша үлесінде қалыпты түзу сызықты-аудармалы қозғалыс байқалынуына байланысты қажет деген балл қойылды. Айналмалы және тербелісті қозғалыстағы және қозғалмайтын спермалар шартты түрде өлі деп саналады. Егер барлық спермиялар (100 %) түзусызықты-аудармалы қозғалыста болса, онда ең жоғары 10 балл қойылды, 90% қозғалыста болса – 9 балл, 20% – 2 балл және т. б. Егер түзусызықты қозғалыстағы спермалардың үлесі 10 %-дан төмен болса, Ж (жалғыз) әрпімен, спермалардың ешқандай қозғалысы байқалмаса Н (некроспермия) әрпімен белгіленеді.

Тірі спермалардың үлесін анықтауда таза, майдан тазартылған жазық шыныға сұйық бөлінді қабатын орналастырады. Оларды алдын-ала жуады, қолданыста болғандарын сода ертіндісінде қайнатады. Таза салфеткамен сүртіп, жазық шыныны 96%-дық спирт пен эфир қосындысы (1:1) бар банкаға салады; банканы үйкеліс тығынмен жабады. Жұмыс басталар алдында жазық шыныны пинцет көмегімен алып, таза дәке салфеткасымен тазартады.

Зерттеу жұмысында жиналған алғашқы ғылыми мәліметтер Б. К. Бегімқұл [62] бойынша бионформатикалық өңдеу жұмыстарынан өткізілді.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 199; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты