Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Айғырларының ұрығын ұзақ уақытқа сақтау технологиялары




Айғыр ұрығын ұзақ сақтаудың мәнінің маңыздылығын бағалау күн сайын артуда. Бұл әдісті пайдалагу нәтижжесінде жылқы тұқымының рекордистері, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары және жоғары класқа жататын асыл тұқымды аналықтар алынды.

«Қазақ тұлпары» жылқы зауытында 2004 жылдан бастап қолдан ұрықтандыру және селекциялық құнды айғырлардың ұрығын криоконсервациялау лабораториясының қызметі іске қосылды. «Айғыр ұрығын криоконсервациялау» лабораториясы шетелдік қондырғылармен жабдықталған және лабораторияда жаңа биотехнологиялық әдістерді енгізу бойынша жоспарлы және алға қойылған мақсаттарға сәйкес ғылыми жұмыстар атқарылуда.

Зерттеудің бастапқы кезеңінде ұрпақ алу үрдісі және оны селекциялық бағалау жүргізілді. Ұрықтың сапасын толығырақ бағалау үшін қандай-да бір жалғыз көрсеткіштерді емес, оны жан-жақты кешенді түрде зерттеу жұмыстары қажет. Осыған орай лабораторияда ұрықты криоконсервациялаудың жаңа биотехнологиялық әдістері зерттелді.

Лабораторияда айғыр ұрығын сақтаудың шетелдік (неміс және ресей) және отандық технологиялары салыстырмалы тұрғыдан зерттелуде. Ресейлік және батыстық технологиялардың көптеген жақтары бірі-бірімен ұқсас болғанымен олардың өзара ерекшеліктері мен айырмашылықтары да бар. Негізгі айырмашылық аналықтарды ұрықтандырудағы сперманың дозасының көлеміне байланысты болады.

Батыста айғыр ұрығын үлкен және шағын көлемді мұздатудың бірнеше технологиялары қалыптасқан. Жоғары бағалы айғырлардың ұрығын үнемді, әрі тиімді қолдану әдісін жетілдіру үшін ұрықты 0,5 мл көлемде паетте (түтікшелерде) сақтау бойынша тәжірибелер жүргізілді (ресей және неміс технологиялары).

Әдістерді жетілдіру жолдарын іздеу барысында айғыр ұрығын криоконсервациялаудың бірнеше технологиялары зерттелді. «Қазақ тұлпары» жылқы зауытында айғыр ұрығын криоконсервациялаудың үш технологиясы сыналды:

1. Айғыр ұрығын мұздатудың неміс технологиясы (Lоomis et al., 1983).

2. Айғыр ұрығын үлкен көлемде мұздатудың ресей технологиясы (Романькова Н. К., 1972) [67].

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі «Қазақ тұлпары» ЖШС жылқы зауыты мен Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (Аузбаев С. А.) бірлескен жұмысы нәтижесінде қалыптасқан мұздату әдісі [68].

 

3-кестеде аталған әдістердің айғыр ұрығын мұздату технологияларының сипаттамалары берілген.

«Қазақ тұлпары» жылқы зауыты «Айғыр ұрығын криоконсервациялау» лабораториясында айғырлардың ұрығын жасанды қынапқа алу жұмысы әр түрлі жылқы тұқымдарында жүргізілді: тазақанды мініс тұқымы, араб тұқымы және қостанай тұқымы [69]. Айғырлардан алынған әрбір ұрық эякуляты лабораторияда «Minitub» (Германия) фирмасының заманауи қондырғысында сапалық тексерістен өткізілді.

 

Кесте 3 – Эмбриондарды қондырудың тиімділігі

 

  Мұздату технологиясы  
неміс ресей отандық
Жаңадан алынған сперма Жаңадан алынған сперма Жаңадан алынған сперма
Центрифугадан өткізер алдында орта қосу (1 : 1) Жүргізілмейді Жүргізілмейді
Центрифугадан өткізу (5 мин. 1500 айналым Жүргізілмейді Центрифугадан өткізу (3 мин. 2000 айналым
Ұрықтық плазманы ажырату (90 %) Ажыратпайды Ұрықтық плазманы ажырату (70 %)
Ортамен араластыру (1 : 3) Ортамен араластыру (1 : 3) Ортамен араластыру (1 : 3)
Түтікшелерге салу (0,5 мл) Тубтарға салу (15-20 мл) Түтікшелерге салу (0,5 мл)
Эквилибрация (2 сағат) Эквилибрация (2 сағат) Эквилибрация (2 сағат)
Мұздату (сұйық азот) Мұздату (сұйық азот) Мұздату (сұйық азот)

 

Ұрық сапасын анықтаудың бірінші кезеңінде оның түсі мен иісі бойынша МЕМСТ-ға (23681-79 «Жаңа алынған қоспасы жоқ айғыр ұрығы») сәйкес жүргізіледі.

Айғыр ұрығының сапасын бағалау бойынша жүргізілген лабораториялық зерттеу нәтижелері алынған мәліметтердің МЕМСТ-ға сай келетінін және алдағы жұмыстарды жүргізу үшін қолдануға болатын мүмкін болатынын дәлелдеді.

Отандық технология бойынша мұздатылған спермалар белсенділігі белсенділігі жағынан ерітілгеннен кейін рейсей технологиясы нәтижелерімен бірдей болды, ал неміс технологиясынан 5,7 %-ға асып түсті. Әрине бұл көңіл аударарлық ғылыми нәтиже болып саналады.

Жиналған ғылыми мәліметтерді талдау нәтижесінде айғыр ұрығын мұздатудың отандық технологиясы қалыптастырылды.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 123; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты