Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ




Қостанай облысы, «Қазақ тұлпары» жылқы зауытында табиғатты қорғау табиғат қөздерін қалпына келтіруге, қоршаған ортаны ластанудан қорғауға бағытталған мемлекеттік тұрғыдан жоспарланған жүйеге сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Үкіметі соңғы кезеңде табиғатты қорғау заңнамасын, жануарлар әлемін қорғау ережелерін күшейту, сонымен қатар орман өсіруді ынталандыру және орман зиянкестерімен күрес мәселесін шешу мақсатында заң жобаларын жасап, Парламенттің қарауына жіберді.

Минералдық тыңайтқыштар арнайы бөлінген орындарда полиэтилен қапшықтарында және жәшіктерде сақталады. Сүрлем жер асты траншеяларда сақталады, олардың үсті топырақпен көмкеріледі немесе полиэилен жабындысымен жабылады.

Жылқы шаруашылығын ауыл шаруашылығымен теңдес мемлекеттік қолдаудың заңнамалық негізі жасалды. 2011 жылдан бастап жылқы шаруашылығы субъектілері үшін жеңілдетілген салық салу, сонымен қатар жылқы өсіретін шаруашылықтар сатып алатын комбинацияланған жем және жылқы өсіру материалдарының құнын субсидиялау енгізілуде.

Табиғат қорларының табиғат пайдаланушыларға ұзақ мерзімге бекітілуі бойынша жұмыстар жалғасын тапты. Осы тұрғыдағы жұмыстар «Қазақ тұлпары» жылқы зауытында да атқарылуда. Мұндағы аталған бағыттағы жұмыстар мынадай принциптерге сүйенген:

– әркім табиғатты қорғау, яғни экология мәселелерін әр уақытта естен шығармауға тиіс;

– бүгінгі күннің де, келер ұрпақтың да алдында тұрған бұл мәселелер «қоршаған орта адамзат үшін зиянды бағытқа өзгермеуі тиіс» деген қағидаға негізделуі қажет;

– экология мәселелері – бұл адам баласының іс қимылдары мен қоршаған ортаның дұрыс жағдайын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін істердің жүйесі шаруашылық басшыларынан бастап әрбір мүшесінің назарында болуы тиіс.

«Қазақ тұлпары» жылқы зауытында мұндай жүйелі жұмыстар әр деңгейде жүргізіледі: халықаралық, мемлекеттік, салалық, өндірістік, қоғамдық және жеке мамандықтар, шаруашылықтар мен адамдар деңгейлерінде.

Қазіргі күнге дейін біздің елімізде көптеген заңдар мен қаулылар жұмыс істеген. 1962 жылы «Табиғатты қорғау жөнінде», 1968 жылы «Основы земельного законодательство СССР и союзных республик» атты заңдар қабылданған. Қазіргі күні «Экология мәселелері», «Жер туралы» заңдар бар. Осы бар заңдар арқылы-ақ мемлекеттік деңгейде табиғатты қорғау мәселелері дұрыс қолға алынуда.

Табиғатты қорғау мәселесінің шаруашылықтағы біздің жұмысқа қатыстысы ең алдымен жерді қорғау. Жылқы өсірген жерде жайылымды дұрыс пайдаланбаса жылқы тұяғымен жерді тоздырып, шаңын шығарып, құнарлы қабатын азайтады. Жылқы тұяғы арқылы жерде өсетін көпшілік шөптесін өсімдіктердің тамыры қиылып, ұрық шашуға да жетпей құрып, келер жылдары ол жерге сол өсімдіктер өспей қалатын болады. Ал өсімдік азайса топырақтың құнарлы қабаты екінші рет тозып, ұшып азаяды.

Жерді қорғау үшін шаруашылықта топырақты құнарландырудың технологиялық картасы бар. Жайылымдардағы шөптесін өсімдіктерге малдан шыққан қи, көң сияқты қалдықтар егінге, жайылымға пайдаланылады.

Механизмдер мен техникадан шыққан қалдық майлар бір жерге ғана төгіліп залалсыздандырылады. Малшаруашылығында пайдаланылатын әр түрлі улы заттар (гексахлоран, креолин т. б) уақтылы қадағаланып табиғатқа, малға, адамға бүгін де, болашақта да зиян жасамайтындай ұқыпты пайдаланылады.

«Қазақ тұлпары» асыл тұқымды шаруашылығындағы су және су көздері өте қатаң қадағаланып отырады. Қыстақтардағы құдық жиі-жиі тазаланып, су қоймалары дезинфекцияланып, астаулар тазартылып отырады.

«Қазақ тұлпары» жылқы зауытында табиғи су көздері – тау суы, бұлақ, өзен, көл әрқашанда табиғаттың берген қымбат сыйлығы ретінде бағаланып, құрметтеледі және соған орай оны қорғау шаралары жүргізіледі.

Қоралардан шыққан әртүрлі қалдықтар (қи, т.б.) алдымен бір жерге жиналып, содан соң ғана пайдаланылады, яғни ауаны, айналаны ластаудан қорғау шаралары жүргізіледі.

Шаруашылық территориясында өсетін өсімдіктер, аң-құс, жәндіктер түрі неғұрлым көп болса, соғұрлым экология мәселері дұрыс бағытта шешілуде деп танылады.

Әртүрлі аң-құс атушылар, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне зиян тигізушілермен күрес қатаң жүргізіледі. Ол үшін шаруашылықта арнайы эколог маман ұстаған дұрыс деп ойлаймыз.

Табиғатты қорғау жөнінде ұсыныстар:

- шаруашылық өз тарапынан экологияға зиян ғана келтірмей қоймай, қайта пайда келтіру жұмыстарын жүргізуі тиіс;

- ағаш отырғызу жұмыстарын көбейту керек;

- табиғатты қорғау экология мәселелерін дұрыс, жиі, әртүрлі деңгейде насихаттау жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырылуы тиіс;

- шаруашылық табиғатын тамашалап, аялап оның маңызын жастарға үнемі түсіндіріп отыру қажет;

- шаруашылық үшін кем дегенде бір эколог маман ұстау қажет.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 140; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты