Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ОРЫТЫНДЫ. 1. Айғырлардың көбею қызметін жақсарту үшін оларды дұрыс әрі құнды азықтандыруға




 

1. Айғырлардың көбею қызметін жақсарту үшін оларды дұрыс әрі құнды азықтандыруға, күтіміне және қолданылуына үлкен мән берілуі керек.

2. Ұрықтану маусымы басталғанға дейін андрологиялық диспансеризацияны өткізу айғырлардың импотенциясын алдын алу бойынша қажет шараларды дер кезінде жүргізуге мүмкіндік береді.

3. Отандық технология бойынша мұздатылған спермалар белсенділігі белсенділігі жағынан ерітілгеннен кейін рейсей технологиясы нәтижелерімен бірдей болды, ал неміс технологиясынан 5,7 %-ға асып түсті. Ұрықты криоконсервациялау өнімдерін өткізу тиімді болып саналады. Бұдан бөлек, қолданыстан шыққан айғырлардан жылқы төлін алу – жылқы тұқымын жетідлдірудің тиімді жолдарының бірі болып саналады.

4. «Қазақ тұлпары» жылқы зауытында өсірілетін қостанай айғырлары осы әлемге белгілі жылқы тұқымдарымен (тазақанды міністі және араб) салыстырғанда ұрық сапасы бойынша бірдей көрсеткіштермен сипатталады.

5. Айғырлардың серуен түрлері бойынша сенімді айырмашылықтар байқалынбады.Ұрық концентрациясы (млн./мл.) бойынша орта шамалар арасындағы көзге түсерлік айырымның өзі (d = 37,73 млн./мл.) кездейсоқ болып шықты (р > 0,05).

6. Сақа жылқылар ұрығының көлемі бойынша жас айғырлардан 2,4 %-ға асып түсетінін, ал ұрық концентрациясы және оның белсенділігі бойынша жас айғарлар сақа жылқылардан басым келетінін байқауға болады, дегенмен орта шамалар арысындағы барлық айырымдар статистикалық тұрғыдан сенімсіз болып саналады (Р < 0,95).

7. Жыл маусымының айғырлардың ұрық көлеміне (нәтижелі белгі) әсер ету үлесі 30 %-ға тең болып шықты, олардың жаз және қыс айларындағы табиғи тұрғыдан әр түрлі қоректендірілуі олардың ұрық көлеміне әсер ету үрдісі орын алады деп тұжырымдауға болады.

8. Ұрық концентрациясының мөлшері барлық жыл маусымы және орта жағдайлары әр түрлі қыс және жаз айларында бірқалыптылықмен сипатталады, жыл маусымы бойынша байқалынылатын айырымдар Фишер критерийі бойынша да Стьюдент критерийі бойынша да сенімді емес (Р < 0,95).

9. Жыл маусымы дисперсиялық фактор ретінде айғыр үрығының белсенділігіне едәуір әсер ететіні анықталды (Р > 0,95, Фишер критерийі бойынша). Қыс айында айғыр ұрығының жоғары деңгейдегі белсенділігі байқалады, осы айдағы ұрықтың орташа белсенділігі мен басқа айлардағы отраша көрсеткіштермен салыстырғанда айырымдар ықтималдылықтың әр түрлі деңгейде мәнді болып шықты (Стьюдент критерийі бойынша): Р < 0,95 (көктем), Р > 0,99 (жаз) және Р > 0,95 (күз).

10. Айғыр ұрығы көлемі мен оның концентрациясы арасында жоғары және ұрық көлемі мен оның белсенділігі арасында орташа деңгейдегі теріс корреляция байқалды: r = – 0,79 және r = – 0,57. Айғыр ұрығының концентрациясы (млн/мл) мен оның белсенділігі (балл) арасындағы оң байланыс – 0,47-ге тең.

11. Регрессия көрсеткіштері арасындағы жоғары абсолюттік терім корреляциялық тәуелділік айғыр ұрығы көлемі мен оның концентрациясы арасында байқалды, мысалы айғыр ұрығы көлемінің бір бірлікке артуы оның концентрациясының 4,59 млн-ға (Ryx) кемуіне әкеледі. Немесе, керісінше, айғыр ұрығы концентрациясының бір бірлікке артуы айғыр ұрығы көлемінің 0,14 мл-ге (R) кемиді деп бағдарлауға болады.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 57; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты