Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Азақстан Республикасындағы инвестициялық климат және оның факторлары




Инвестициялық климат мемлекеттік, аймақтық, салалық инвестициялық қызмет жағдайларын анықтайтын нормативтңк-құқықтық актілер, ұйымдық, экономикалық, саяси, мәдени және т.б.бір-бірімен айланысты факторлар әсерінен қалыптасады. Яғни, инвестициялық климатты бірқатар көрсеткіштер арқылы бағалауға болады, олар:

· Экономикалық реформаның жағдайы

· Банк жүйесінің тұрақтылығы

· Саяси реформаның тұрақтылығы

· Табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету

· Инвсетициялық қызметтің құқықтық реттеу дәрежесі және нормативтік-құқықтық актілердің болуы

· Инфляция қарқыны

· Сыртқы экон байланыстар дәрижесі

· Білікті жұмыс күшінің болуы

· Мемлекеттік нарық әлуетінің сипаты

· Нарық инфроқұрылымының және валюта нарығының дамуы

Қазіргі кезде мемлекеттің табыстылығы мен бәсеке қабілттілігін айқындайтын маңызды өлшемдерінің бірі инвестициялық климат болып табылады. Мемекеттердің шетелдік инвестицияларды тарту құқығына бәсекелестік күресте климаттық жағдайлар, еңбектің мәдени дәстүрлері мен ерекшеліктері және т.с.селеусіз, кейде экономикаға байланысты емес факторлар үлкен мүмкіндікке ие болады. Сонымен бірге инвст климатты айқындайтын басты факторлардың бірі салық және кеден факторлары б.т.

ҚР-ның салыұ және кеден режимдері Қазақстанның экономикасына инвестициялау үшін неғұрылым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған, бұл ретте ҚР Үкімет Республика экономикасына шикізаттық емес секторына сыртқы да ішкі де инвсетицияларды ынталандыру үшін барлық қажетті алғышарттарды жасады. Үкіметтің фискалдық саясаты ҚР индустриалды-инновациялық дамуына 2003-2015 жылға арналған стратегиясын ойдағыдай және дәйекеті орындауға бағытталған. Қаржы министрлігі инвестициялық климатты жақсартуға барлық қажет күшін салуда, бұл елбасымыщдың алға қойған Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөніндегі мәселесін қарауға мүмкіндік береді. Инвест мемл қолдау инвест преференциялар беру болып табылады. Инвест преференция-ҚРның инвсет жобаның іске асырылуын іске асырушы заңды тұлғаларына ҚР заңдарына сай берілетін атаулы сипаттағы артықшалақытары сондай ақ инвест мелееттік қолдауды ҚР үкіметі белгелеген инвест жөніндегі уәкілетті орган инвест преференция беруге арналған келісімшарттар жасасу және олардың орындалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жүзеге асырады.

 

7.Мемлекеттің инвестициялық саясаты және оның мақсаты мен міндеттер. Инвестициялық саясат мем/ң эко/қ саясатының 1 бөлігі б.т.Сонымен қатар,мем/ң экон/на,шаруашылық субъектілерінің кәсіпкерлік қызметіне әсер етуші құрал.

Мем/ң инвестициялық саясаты-бұл инвестициялық қызметті жандандыру,эко/ы көтеру,өндірістің тиімділігін көтеру,әлеуметтік мәселелерді шешу ж/е басқа да әр түрлі жағдайларды жасау бойынша шаралар жиынтығы.

Мем/ң инвестициялық саясаты арқылы өндіріс саласын кеңейтуге,ғылыми-тех/қ прогресті жеделдетуге,қоғамдық өндіріс құрылымын өзгертуге ж/е басқа да көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге болады.Сондықтан,инв.саясат бюджет тапшылығын болдырмауға,орталықтандырылған инвестиция көздерін қысқартуға,керісінше орталықтандырылмаған көздер есебінен инвестицияларды инвестицияларды қаржыландыруға бағытталуы тиіс.Себ,еліміздің өндірістік әлеуетінің өсуі,еркін эко/қ аймақтардың дамуы,экологиялық мәселелердің шешілуі,өндірістік материалдардың ж/е рухани игі көздердің көлемінің ұлғаюы ж/е сапалы болуы ж/е сапалы болуы,сонымен қатар нарықтық инфрақұрылымының жеке дамуы осы инвестициялық саясатқа тікелей б-сты.

Инвестициялық саясаттың типтері:

1.Амортизациялық саясат-мем/т амортизациялық аударымдарды есептеу мен пайдалану тәртібін бекіте отырып,ұдайы өндіріс жылдамдығын ж/е сипатын реттеуі.

2.Ғылыми-техникалық саясат- ғылыми-техниканың дамуы ж/е олардың нәтижелерін халық шаруашылығына енгізетін шаралар жүйесін айтамыз.

3.Шетел инвестицияларын тарту б/ша саясат-қолайлы инвестициялық климат құру арқылы елімізге шетел инвестициясын тарту.

4.Салық саясаты-белгілі 1 жеңілдіктер беру арқылы инвестициялық саясатқа әсер етуін айтамыз.

Инвестициялық саясаттың негізгі мақсаты-отандық экономиканың өсуіне ж/е қоғамның өндіріс тиімділігін көтеруге бағытталған инвестициялық қызметті белсендендіру болып табылады.

Инвестициялық қызметтің міндеттері:

-шаруашылықтың жекелеген салаларының дамуына қолдау көрсету

-әскери-өнеркәсіп кешенін консервациялауға б-сты бағдарламалар жасау

-отандық өнімдердің бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету

-шағын ж/е орта бизенстің дамуын қолдау

-экспорт өндірісін дамыту

-экономиканың барлық салаларының дамуында тепе-теңдікті қамтамасыз ету

-елдегі тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру

 

8.Инвестициялық нарықтағы қаржылық институттардың орны мен рөлі.Инвсет нарық кең мағынасында ел экономикасын қажетті қаражатпен қамтамасыз етудің тетігін білдіреді. Осы мәселені шешу үшін қаржылық институттардың мәні мен орны зор. Олар қаржы нарығында инвестордың мүддесін қорғау мақсатында және ақша қаражаттарын тарту есебінен, әрі осы ақша-қаражаттарды тарту әртараптандыруды ескере отырып, инвестиция есебінен тәуекелді азайту мақсатында жұмыс істейді. Атқаратын мақсатына қарай қаржылық институттарды келесідей бөлуге болады: 1. Реттеуші қаржылық институттар – қаржылық ұйымның қаржы нарығындағы субъектілерінің қызметін реттеу, бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын қаржылық институттар. Оларға: ҚР Ұлттық Банкі, қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау комитеті, өзін-өзі реттеуші ұйымдар жатады. 2. Инвест-коммерциялық қаржылық институттар – сәйкес заңды негізгі ала отырып, белгілі мөлшерде пайда табу мақсатында инвестициялық, сақтандырушы, қаржы-несиелік, жинақтаушы қызметтерді жүзеге асыратын қаржылық институттар не институционалды инвесторлар. Оларға: ком банктер, ЖЗҚ, сақтандыру ұйымдары мен инвестициялық қорлар жатады. 3. Кепілдендіруші қаржылық институттар – субъектілердің салымдарын, төлемдерін кепілдендіруді және қайта қаржыландыруды жүзеге асыратын өаржылыө институт. Оларға: депозитті кепілдендіру, сақтандыру төлемі, кепілдендіру қоры, ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры және т.б. 4. Арнайы мамандандырылған қаржылық институттар – бұл уәкілетті органның лицензиясы негізінде қаржылы-несиелік қызметтердің жекелеген түрлерімен айналысатын қаржылық институттар. Оларға: несиелік серіктестер, микронесиелік ұйымдар, несиелік бюролар, ломбардтар, пошта-жинақ жүйелері жатады. 5. Кәсіби қаржылық институт – бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын және қызметі міндетті түрде лицензияланатын қаржылық институттар. Оларға: брокер-диллерлік компания, тіркеушілер, кастодиандар, депозитарий және т.б.жатады. 6. Даму институттары – бұл ҚР индустриалды-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру мақсатында құрылған институттар болып табылады.даму институттары мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыру және жетілдіру үшін еліміздің экономикаына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға септігін тигізу мақсатында құрылды. Оларға: «Қазақстан Даму Банкі», «Ұазақстанның инвестициялық қоры», «Ұлттық инновациялық қор», «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры», «экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясы», «инженеринг және технологиялар трансферт орталығы» және «маркетингтік – талдамалық зерттеулер орталығы»акционерлік қоғамдары сияқты қаржылық және сервистік даму институттары.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 168; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты