Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жобалық талдаудың түрлері




Инвестициялық жобаны талдау қарастырылатын жобаның артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты бағалауға негізделеді. Сондықтан да, инвестициялық жобаны жасау және жүзеге асыру үшін әлемдік және отандық тәжірибеде инвестицияық жобаларды талдауды бірнеше түрге бөлуге болады.Жобалық талдаудың түрлері:Техникалық талдау;Коммерциялық талдау;Институционалдық талдау;Әлеуметтік талдау;Қоршаған ортаны қорғау немесе экологиялық талдау;Қардылық талдау;Экономикалық талдау.

Техникалық талдау – бұл инвестициялық жобаға қолданылатын ең тиімді техника мен технологияларды анықтау және обьектінің орнын таңдай мәелелері шеңберіндежүргізіледі.Техникалық талдаудың негізгі мақсаты осы инвестициялық жобаға ең тиімді техника және технология нұсқаларын қарастыру және анықтау болып табылады.Техникалық талдауда инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық нұсқалары зерттеледі, жобаның дұрыс таңдалғаны дәлелденеді, оның жүзеге асырылуының оңтайлы мерзімдері, шикізаттық және басқа да қажетті ресурстардың болуы, жобалық зерттеу жұмыстарында және басқа да шығындарды есептейді.Коммерциялық талдау немесе маркетингтік талдау өнімді өткізумен байланысты. Бұл талдаудың мақсаты жоба бойынша өнімдер мен қызметтерді тұтынушыжағынан бақылау болып табылады.Коммерциялық талдау жүргізу үдерісінде осы инвестициялық обьектіні аяқтап, іске қосқаннан кейін өнімді өткізу немесе қызмет көрсету нарығы зерттеледі. Коммерциялық талдауды маркетингтік зерттеулер жұмысымен байланыстыруға болады. Коммерциялық талдауды жүргізетін үш міндеті бар:

1. маркетингтік қызметке байланысты;

2. ресурстарды алу көздері мен шартарына байланысты;

3. өндіріс пен өткізу жағдайына байланысты.

Институционалдық талдаудың мақсаты– бұдл жобаны жүзеге асыру және іске қосу барысындағы ұйымдастырушылық, құқықтық, саяси және әкімшілік жағдайға баға беру болып табылады. Сондықтан институционалды талдау арқылы басқару, ұйымдастырушылық құрылым, жоспарлау кадрларды оқыту, қаржылық қызмет бойынша қажетті ұсыныстар жасалады.Әлеуметтік талдау – жобаның қосымша жұмыс орындарын құруға, жұмыскерлердің тұрғын үй, мәдени тұрмыстық, еңбек ету, демалыс жағдайларында кездесетін мәселелерді шешуге көмектеседі.Әлеуметтік талдаудың мақсаты – бұл жоба жоспарының нұсқауларын, оны пайдаланушылар үшін жарамдылығын анықтау болып табылады. Әлеуметтік талдаудың шешетін мәселелері:

· жобаға қатысты елдің халықаралық, әлеуметтік, мәдени және деморграфиялық сипаты;

· жобаны жасауда сол елдің әдет-ғұрпының және дәстүрінің ескерілуі;

· іске асыру барысында жергілікті халықтың мүдделерінің ескерілуі.

· жақсаруы.

Экологиялық талдауда – экологияға залал тигізу туралы сараптамаға баға беріледі. Залал орын алған жағдайда оны жеңілдеті немесе болдырмау шаралары анықталады.Экологиялық талдаудың мақсаты – инвестициялық жобаның өмірлік кезеңдерінде жобаның қоршаған ортаға тигізетін әсерін жан-жақты зерттеу. Оның жағымсыз болған жағдайында залал масштабы және оның алдын алу шаралары қарастырылады.

Экономикалық талдау кезінде тек қана пайда мен шығындар қарастырылып қоаймай, әрбір қатысушы мен қоғам тұрғысынан жобаны ұйымдастырудағы ғаламдық проблемалар зерттеледі. Бұл талдау түрі қаржылық, техникалық, коммерциялық, әлеуметтік, және басқа да түрлерімен байланысты, яғни кеңірек болып келеді.

Экономикалық талдаудың мақсаты – нарықтық мәмілелерде көрініс

табатын экономикалық айналымдарды және ақшалай емес құндылықтарды, сонымен қатар, жобаның артықшылықты көрсеткіштеріне баға бере отырып, инвестициялық жобаның нәтижесінде жалпы қоғамға әкелетін тиімділікті анықтау болып табылады.

Қаржылық талдау – экономикалық талдаудың жалғасы ретінде қаржылық ақпараттарды жинау, трансформациялау және пайдалану тәсілдерінің жиынтығын білдіреді.

Қаржылық талдауың міндеттері:

· кәсіпорындардың ағымдағы және болашатағы қаржылық жағдайларына баға беру;

· қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда кәсіпорындардың мүлкін болатын даму қарқынын талдау;

· қол жеткізуге болатын қаражат көздерін анықтау отырып, оларды жұмылдыру мүмкіндігіне баға беру;

· капитал нарығындағы кәсіпорынның жалпы жағдайына болжау жасау.

Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты – инвестициялық жобаны іске асыру шығындары мен нәтижелерін зерттеу ең бірінші кезекте әрбір қатысушының максималды пайда алуының тиістілігі ескеріледі.

Қаржылық және экономикалық талдау – инвестиция тиімділігінің көрсеткіштерінтұтас экономика үшін жобаның табыстылыған баға беріледі.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 209; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты