Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Инвестициялық жобалау кезеңінде ақша ағынын модельдеудің мәні




Жобалық талдаудың ақша ағынын модельдеу, жобаны оның өмірлік циклі бойынша қарастыру, уақыт факторын ескеру, инфляцияның әсерін есепке алу, тәуекелдің әсерін ескеру, кәспорындардың қаржылық жағдайын «жобамен» және «жобасыз» шарттарымен салыстыру деп аталатын қағидалары бар.

Ақша ағынын модельдеу дегеніміз – жоба бойынша әр түрлі уақыттағы табыс пен шығынды өзара салыстыру. Сонымен қатар, инвестициялық жобаны жүзге асыру мерзімінде кәсіпорынынң өндірістік, инвестициялық, қаржылық қызметтері бойынша ақшаның түсуі мен кетуін сипаттайды. Сондай-ақ, инвестициялық жобаны іске асыру ақша ағынын қарастырумен байланысты.

Ақша ағынын модельдеу есеп беру кезеңіндегі ақша ағынынның барлық түсімдері мен шығындарын есепке ала отырып, модельді құрастыру негізінде жүзеге асырылады.

Ақша ағындарының көрсеткіштері бойынша инвестициялар тиімділігін бағалау әдістері жобаның бүкіл өмірлік циклін ечепке алады. Инвестициялық жобаның ақша ағыны – бұл барлық есеп айырысу кезеңі үшін анықталатын жобаны жүзеге асырудағы түсімдер мен төлемдердің уақытына тәуелділік болып табылады. Ақша ағындарының мәні әр қадамда келесідей сипатталады:

  • осы қадамда ақша түсімдерінің бірдей өлшемде ағылып келуі (немесе баға көрінісіндегі нәтижелер);
  • осы қадамда бірдей төлемдердің қайтуы;
  • қаржының ағып келуі мен қайтуы арасындағы бірдей айырманың сальдосы (белсенді баланс, әсер). Инвестициялық базада қаржының ағылып келуі мен қайтуы И, ал пайдалануы – Д деп белгіленеді.

Уақыт факторын ескеру жобаның парметрлер қозғалысын және оның экономикалық ортасын көрсетеді. Сондай-ақ, өндіріс өндіруі және ресурстардың келуі олардың төлем арасындағы мерзім айырмашылығын ескереді. Қорытындысында, олардың уақытысының әр түрлі және бірдей еместігі ескеріледі.

Жобаны талдаудың екі қағидасын біріктіріп қарастырайық. Инфляцияның және тәуекелдің әсерін есепке алу, сондай-ақ жобаны сатуда бірнеше валютаны қолдану инфляцияны болжауда ескеріледі:

  • ішкі нарықтағы теңгенің жалпы индексі;
  • теңгенің валюталық курсын болжау;
  • сыртқы инфляцияны болжау;
  • ресурсқа және өнімге (энергия ресурстары, сатериалдар, құрал-жабдықтар, транспорттық тасымалдар, құрылысмонтаж жұмыстары және т.б.);
  • салық мөлшерлемесін, кедендік баж жиынын, орталық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін болжау.

«Жобамен» және «жобасыз» салыстыру. Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы «жобаға дейінгі» және «жобадан кейінгі» «жобамен» және «жобасыз» эағдайларда салыстыру жолымен жүзеге асырылуы керек. Бұл кәсіпорын қызметіндегі маңызды микроэкономикалық көрсеткіштерге жобаның қалай әсер еткеніне талдау жасауды көрсетеді (сату көлемі, табысы, актив және меншікті капиталдың рентабельділігі және т.б.).

Инновациялық жобалардың тиімділігін салыстыру

 

Қызмет түрі Ақша түсімі Ақша қаражаттарының түсімі
  • Өндірістік
  • Тауарды сатудан түскен табыс
  • Ғимараттардың амортизациясы
  • Құрал-жабдықтардың амортизация
  • Шикізат материалдарын сатып алу шығындары
  • Еңбекақы
  • Салық
  • Инвестициялық
  • Кәсіпорындардың акцияларын сатудан түскен табыс
  • Несиелік орларды сатып алу шығындары
  • Айналым қорларымен байланысты шығындар
  • Қаржылық
  • Несиені алу
  • Акцияларды сатудан түскен табыс
  • Облигацияларды сатудан түскен табыс
  • Облигация немесе несие бойынша пайыздарды төлеу
  • Облигация немесе несие бойынша пайыздарды өтеу
  • Акция бойынша дивиденд төлеу

 

 


 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 105; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты