Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Р-ның Президенті жанындағы шетел инвесторлары Кеңесінің өкілеттігі




ҚР Президенті жанындағы шетел инвесторлары кеңесі Қазақстанда өз қызметтерін жүзеге асыратын шетел инвесторларымен тікелей сұхбат алаңын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ инвестициялық әрекеттерге байланысты туындаған мәселелерді шұғыл шешу жолдарын қарастыру мақсатында Елбасы бастамасымен 1998 жылы құрылған болатын.

Президент басқаратын аталмыш Кеңес консультативтік-кеңестік орган болып табылады.

Қазақстан тарапынан Кеңесте ҚР Премьер-Министрі, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер, Индустрия және жаңа технологиялар, Экономикалық даму және сауда, Қаржы министрлері, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция бойынша комитетінің төрағасы мүше болуда. Шетел тарапынан Кеңестің құрамы халықаралық қаржы ұйымдары мен шетел компанияларының жетекші басшыларынан құрылады.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция бойынша комитеті Кеңес қызметінің жұмыс органы мен негізгі үйлестірушісі, ал шет елдер тарапынан «Шетел инвесторларының қазақстандық кеңесі» қауымдастығы үйлестіруші болып табылады.

Шетелдік инвесторлар кеңесі құрылғаннан бергі 14 жылда еліміз аз жетістіктерге қол жеткізбепті. Солардың қатарында - ел экономикасының 2,5 еседен астам өсіп, 186 миллиард долларға жеткендігі. Бұған қоса 2011 жылы ЖІӨ 7,5 пайызды құрады. Осы жылдарда Орталық Азиядан Қазақстанға жалпы көлемі 70% тікелей инвестиция тартылды. Екінші сөзбен айтқанда, бұл - 150 миллиард доллар деген сөз. Тек өткен жылы ғана инвестиция 18 млрд. доллар болды. Индустризация бағдарламасы да жемісті жүргізілуде. Екі жылда төрт жүзге тарта жаңа өндіріс іске қосылып, одан 3 млрд-тан астам өнім өндірілді. Тағы да екі жүз жиырма жобаны жүзеге асыру жалғастырылуда. Олардың 30-ы ірі индустриалды нысандар. Инвестицияның жалпы көлемі өңдеуші кәсіпорындарда кейінгі үш жылда 8,5 млрд. долларға жетті. Мойындау керек, бұл жетістіктер көп жағдайда біздің шетелдік серіктестердің белсенділігіне байланысты болып отыр

Кеңесте елде инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында Қазақстандағы қолдау бағдарламасын талқыланады, сондай-ақ, шетелдік инвесторлардың қазақстандық мазмұнды дамытудағы, жаңа технологияны енгізу, жоғары қосымша құнымен өнім өндіруді меңгерудің мәселелері талқыланып, оң шешімін табуытиіс.

 

 

Бағалы қағаздар нарығындағы Қазақстанның зейнетақы қорының инвестициялық қызметі: мәселелері және даму болашағы

Зейнетақы Қоры- зейнетақы төлеуге арналған мақсатты қор. Зейнетақы қаражаты салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің , жеке еңбек қызметімен айналысушы азаматтардың міндетті сақтандыру жарналары есебінен құралады. Зейнетақы жүйесі кез келген елдің басты әрі өзекті әлеуметтік экономикалық мәселесі болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өтудің басты ерекшелігі – инвестициялық қызметтің орын алуы. Зейнетақы қорының іс әрекетін инвестициялық үрдіс ретінде екі кезеңді бөліп көрсетуге болады: БІРІНШІ кезеңге мерзімдік жарналар есебінен қор құрылады және құралдардың жиналуы жылдам жүреді. ЕКІНШІ кезеңге (инвестициядан қайтым)- құралдарды зейнетақы төлеу үшін шығындайды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде ЖЗҚ-лардың табыс көзі капитал нарығындағы инвестициялау болғандықтан, инвестициялық саясатты оңтайлы, әрі нәтижелә қалыптастыру ЖЗҚ-ның басым бағыты болу қажет. Зейнетақы нарығы субъектілеріне шектеулер қою көптеген көрсеткіштер мен заңнама арқылы реттеледі. Институционалды инвесторлар өздерінің жеке мүдделеріне байланысты инвестициялық портфелді таңдайды. Бұндай мүдделерге салықтық дәреже, өтімділік талартары, ивестициялық портфель табыстылығының ағымы, жиынтығы ЖЗҚ-ға нақты бір инвестициялық саясатты жасауды мәжбүрлейді.Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесініндегі негізгі мәселелерінің бірі- зейнетақы жарналардың қорлануы мен инвестициялық табысты алуы есебінен түрақты болашақты қамтамассыз ету. Бұл көрсеткіш зейнеткерлермен қатар, ЖЗҚ өздері үшін де маңызды, себебі олардың табысы инвестициялық портфельдің табысымен байланысты.

Қазақстанның зейнетақы қорының инвестициялық қызметінің даму болашағы Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жетістікті дамуының маңызды шарттарының бірі болып еңбекке жарамдылардың қамтылуының және тұрғындардың ресми табыстарының көбеюі табылады. Бүл үшін жұмыс берушілер мен зейнетақы жарналарының толық және уақытылы аударылуына бақылауды күшейту қажет. Ұсынылған шаралар ЖЗҚ-ларының дамуының барлық мәселелерін шеше алмағанымен, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуына өз септігін тигізеді. 2015 жылдан бастап портфельдің үшінші түрі- агрессивті портфельді енгізу жоспарланып отыр, ал салымшыларға инвестийиялық портфельді өздігімен тандау құқығы беріледі, аталған портфельдерде жас бойынша шектеулер бар.Жинақтаушы зейнетақы қорының тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі зейнетақы активтеріне ықпал етуды бағалау методикасының, қаржылық активтердің сыртқы және ішкі нарығының теріс динамикасы жағдайындағы кірістілігімен өтімділігімен пайдаланады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 90; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты