Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Есептер




1. Кәсіпорын 90 күннен кейін вексель бойынша 1000000 тг алу керек. Кәсіпорын бұл вексельді банкке сатты. Банк осы вексельді жай жылдық есептеу қойылымы 20% (бір жыл 360 күнге тең) бойынша есепке алды. Дисконтты анықтаңыздар.

2. Жылдық қойылымы 42%-бен несие берген кезде қарыздың 2,5% мөлшерінде комиссиялық төлем ұстап қалды. Жай нақты пайыздар бастапқы қарыздық сомаға есептеледі және де бір жыл 366 күнге тең. Несие қанша уақытқа берілді, егер қарыз берушінің жай жылдық пайыздық қойылым түріндегі пайдасы 64% құраса?

3. Жай жылдық 38% қойылыммен 80 күнге қарыз берілген кезде комиссиялық төлемдер ұсталып қалды. Жай нақты пайыздар бастапқы қарыздық сомаға есептеледі және де бір жыл 365 күнге тең. Қарыздын қандай мөлшерін комиссиялық төлемдер құрайды, егер банктің жай жылдық пайыздық қойылым түріндегі пайдасы 40% құраса?

4. Банк бір кәсіпкерге 80 күнге 30 мың тг көлемінде иесие берді, содан алынған ақшаны екінші кәсіпкерге 60 күнге несиеге берді, екінші көсіикерден алынған ақшаны үшінші кәсіпкерге 160 күнге несие ретінде берді. Барлық несиелер жай жылдық 30% қойылыммен берілді және де қарапайым пайыздар бойынша есептелді. Үшінші кәсіпкер банкке қандай ақша сомасын қайтару керек? Осы қаржылық операциядан банктің жай жылдық пайыздық қойылым түріндегі пайдасы қанша болатынын анықтаңыздар.

5. Банк өзінің төрт А, В, С және D клиенттеріне келесі түрде несиелер берді: А клиентіне - жай жылдық 38% қойылыммен 45 күнге; А клиенттен алынған барлық ақшаны В клиентіне - жай жылдық 33% қойылыммен 120 күнге; В клиенттен алынған барлық ақшаны С клиентіне - жай жылдық 32% қойылыммен 100 күнге, С клиенттен алынған барлық ақшаны D клиентіне жай жылдық 30% қойылыммен 40 күнге берді. Мерзімнің аяғында D клиенті банкке 37632 тг көлемінде ақша сомасын қайтарды. А клиенті қандай ақша сомасын алды, егер барлық жағдайларда жай қарапайым пайыздар есептелсе?

6. Вексель ұстаушы 50 мың тг ақша сомасы 45 күннен кейін төленетін кейбір банкке вексельді есепке алу туралы ұсыныс жасады. Бір банк осы вексельді жылдық есепке алу қойылымы 30%-ға тең қойылыммен есепке алады. Ал екінші банк оны жылдық жай пайыздық қойылым 30%-ға тең қойылыммен есепке алады. Қай банктің шарттары вексель ұстаушыға тиімді болады?

7. Төлеу мерзімі жарты жылдан кейін болатын 12%-ға тең қойылымды вексельге 4,5 мың теңге төленді. Вексельдің номиналды мөлшерін анықтаңыздар.

8. Кәсіпкер жарты жылға 50 мың тг көлемінде несие алғысы келеді. Банк оған жылдық есепке алу қойылымы 24%-ға тең қойылыммен есептелетін қарызды беруге келісті. Кәсіпкер банкке қандай сома қарыз болады?

9. Ақша сомасын 1,5 есе өсу үшін қанша уақытқа жылдық пайыздық қойылымы 34%-ға тең депозитке салу керек? Жауабы қалай өзгереді, егер өсіру жылдық есепке алу қойылымы 34%-ға тең қойылыммен іске асатын болса?

10. 45 күннен кейін төленетін депозиттік сертификаттың дисконттық түрі жай есепке алу қойылымы 32%-бен, бір жылда 360 күн деп есептеліп сатылады. Банктің тартылған ақша сомасын жылда 365 күн деп есептейтін жай жылдық пайыздық қойылымның мәнін анықтаңыздар.

11. Банк 180 күннен кейін төленетін вексельді жылдық есепке алу қойылымы 34%-ға тең қойылыммен есепке алады, уақыт базасы 360 күн. Осы қаржылық операциядан банктің жай жылдық пайыздық қойылым түріндегі пайдасы қанша болатынын анықтаңыздар, егер уақыт базасы 365 күн деп алсақ.

12. Қолда бар ақша сомасын 1,8 есе осіру үшін қанша уақытқа депозитке салу керек, егер жай жылдық қойылым 30%-бен есептелсе?

13. Жылдық қойылымы 40%-бен несие берген кезде қарыздың 2% мөлшерінде комиссиялық төлем ұсталып қалды. Жай нақты пайыздар Бастапқы қарыз сомасына есептеледі және де бір жыл 366 күнге тең. Несие қанша уақытқа берілді, егер қарыз берушінің жай жылдық пайыздық қойылым түріндегі пайдасы 100% құраса?

14. Құрылыс фирмасы 450 мың тг тұратын пәтерлерді сатады, 25% күрделі жылдық пайыз қойылымы бойынша несиеге береді. Және осы фирма пәтер құрылысының қаржы құралдарын шоғырландыратын банк ұйымдастырды және бұл банк оған орналастырған ақшалары арқылы жылына 25% күрделі пайыз қойылымын төлейді. N – деген кісі осы банкке пәтерді иеленіп алғанға дейін 3 жыл бұрын белгілі бір ақша сомасын салып және пәтерді иеленіп алғаннан кейін 2 жылдан соң тағы 70 мың тг, ал 3 жылдан соң 120 мың теңгені салып, өз қарызын түгелімен жапты. N — деген кісінің пәтерді иеленіп алғанға дейін және пәтерді иеленіп алғаннан кейін салған ақша сомасын анықтаңыздар.

15. Вексель өтеу мерзіміне дейін 21 ай бұрын есепке алынған және вексельдің иесі вексельде жазылған сомасының 0,8 алды. Осы вексель қандай күрделі жылдық есептік қойылыммен есепке алынған?

16. Қарыздық міндеттеме өтелу мерзіміне дейін 4 жыл бұрын есепке алынған және оның иесі 5 мың тг алды. Қарыз міндеттемесіндегі жазылған соманы анықтаңыз, егер есепке алыну күрделі есептік қойылыммен жүзеге асып және дисконттау былайша жүргізілсе: а) жарты жыл сайын жылына 40% есептік қойылыммен; б) ай сайын жылына 30% есептік қойылыммен.

17. 5 жылдан кейін 80 мың тг алу үшін банкінің депозитіне қандай соманы салу керек, егер пайыздар үзіліссіз 22% қойылыммен қосылып отырса?

18. Банк тоқсан сайын жылына 32% күрделі пайыздар қойылымымен қосылатын қарызды 9 жылға береді. Банк 9 жылдан кейін осындай табысты алу үшін қандай үзіліссіз қойылым орнату керек? Алынған нөтиже өзгере ме, егер қарыз мерзімі 3 жыл болса?

19. Банктен 24% күрделі жылдық пайыздар схемасы бойынша бес жылға 600 мың теңге сомасы қарызға алынды. Әр жылдың аяғында тен сомалармен қайтарылуы керек. Жылдық төлемнің колемін аныктау және қарызды өтеу жоспарын құру талап етіледі.

20. Сіз жабылмаған қалдыққа төленетін 30% күрделі пайыздар схемасы бойынша жеті жылға 36 мың теңге қарыз алдыңыз. Әр жылдың аягында тең сомалармен қайтарылуы керек. Бірінші екі жылда несиенің қандай негізгі сомасының бөлігі төленетіндігін анықтаңыздар.

21. Несие беруші жабылмаған қалдыққа төленетін 25% күрделі жылдық пайыздар схемасы бойынша 120 мың теңге қарыз берді. Қаржылық келісім бойынша борышкер әр айдың аяғында қарызды тең сомалармен 20 мың теңге көлемінде төлейді. Қарызды төлеу жоспарын кұрыңыз.

22. Шаруа иесі дүкеннен несиеге 300 мың теңгеге трактор алды. Келісім-шарт бойынша қарызды әр айдың аяғында тең сомалармен кайтару керек, сондай-ақ жабылмаған қалдыққа төленетін күрделі пайыздар эр айда 24% номиналды жылдық пайыз койылымы бойынша есептелінеді. Қандай бағамен банк келісім-шартты сатып алуы мүмкін, егер ол жинақталған ақшаны әр айда күрделі пайыздармен 36% номиналды жылдық пайыз койылымы бойынша есептесе?

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 101; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты