Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Глоссарий. Инвестиция — пайда алу мақсатымен қайсыбір кәсіпорынға, іске, шаруашылықтың түрлі салаларына ұзақ




Инвестиция — пайда алу мақсатымен қайсыбір кәсіпорынға, іске, шаруашылықтың түрлі салаларына ұзақ мерзімге капитал жұмсау. күрделі қаржының алуан түрлері. Инвестиция мемлекеттік және жеке, туражәне портфельдік, негізгі материал мен тауар- материалдық қорға, үйлер мен ғимараттарға, машиналар мен жабдықтарға. тұрғын үй құрылысы қызметтеріне жұмсалатын балып бөлінеді.Инвестор —инвестицияны жүзеге асыратын жеке кәсіпкер, ұйым немесе мемлекет. Өз ақша каражатын табыс әкелетін іс-шараларға немесе активтерді сатып алуға жұмсайтын салым иесі. Инвесторлар институционалдық және жеке болып бөлінеді.Реалды инвестиция - өндiрiстi кенейту, дамыту үшiн қаржыны кәсәпорының негiзгi және айнымалы капиталына салу.Қоржындық инвестиция — қаржыны басқа кәсiпорының бағалы қағаздарына салуИнвестицияның жеке жоспары — өнеркәсіпке жеке қаржы салуды ынталандырудың үкімет қолдаған жүйесі. Бұл кезде әр салық төлеуші жыл сайын акцияларға белгілі бір ақша сомасын салып отыру мүмкіндігіне ие болады.Қаржы лизингі — бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.Маркетинг жоспарын талдау — белгілі бір мерзім аралығындағы жоспарланған немесе күтілген көрсеткіштерді нақты жағдайдың дамуымен салыстыруды қамтитын талдау.Шетелдік инвестициялар — елден тыс жердегі осы ел азаматтары немесе үкімет алатын активтер.Инвестициялық компания - өзінің бағалы қағаздарын (міндеттемелерін) шығару жолымен жеке инвесторлардың ақшасын шоғырландырып, оларды өз еліндегі сияқты шет елдердегі әртүрлі эмитенттердің акциялары мен облигацияларына айналдыратын несие-қаржы институттарының бір түрі.Жабық типтегі инвестициялық компания — өзінің құрылуы кезінде шығаратын акция саны қатаң белгіленген компания.Ашық типтегі инвестициялық компания — акцияларды ұдайы шығарып және оларды ашық нарықта белсенді түрде сататын компания.Инвестициялық кеңес беруші — лицензияланған (рұқсат берілген) заңды (немесе жеке) тұлға. Ол бағалы қағаздарды шығару және оларды айналымға түсіру жөнінде кеңес беру қызметін жүзеге асырады.Банктердің инвестициялық портфелі — банктің белсенді операциялар жүргізуі барысында сатып алған бағалы қағаздар жиынтығы.Инвестициялық қор — компанияның басқа компаниялардың бағалы қағаздарына жұмсайтын капиталы. Басқарушы компания — бағалы қағаздар нарығында кәсіби қатысушы, инвестициялық қоржынды лицензияның негізінде басқаруға және инвестициялық қор активтерін сенімгерлікпен басқарып жүзеге асырушы.Инвестициялық декларация — сақтандыру жағдайында және қор активтерін әртараптандыру. Инвестициялық қор активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің шектеу мен мақсатын, стратегиясын, жағдайын және инвестициялық объектілер тізбесін анықтайтын құжат.Инвестициялық кіріс (табыс) — оларды инвестициялау нәтижесінде алынған ақша түріндегі инвестициялық қор активтерінің өсімі.

Аванс — болашақ төлем есебін алдын-ала берілетін ақша не зат немесе борыш.Акциздер — акцизделетін тауарларға және қызметтің акцизделетін түрлеріне салынатын, олардың бағасына қосылатын және сатып алушы төлейтін жанама салықтардың түрі.Акционер —акция ұстаушы, басқалармен бірге акционерлік кәсіпорынның ортақ иесі болған адам.Акционерлік қоғам — акционерлік қоғам құрушылар нарыққа акциялар мен облигацияларды шығару және орналастыру арқылы біріктірілген жеке капиталдар жиынтығы. Акция — иесінің акционерлік қоғам капиталына белгілі бір мөлшерде үлес қосқандығын куәландыратын бағалы қағаз.Ақша — сатып алу-сатуда құн өлшемі болып табылатын және тауарларды айырбастау кезінде жалпыға ортақ балама рөлін атқаратын металл немесе қағаз белгілер, ерекше тауар.Ақша айналымы –ақша аудару тәртібімен және нақты ақшаның көмегімен жасалатын ақша төлемдерінің жиынтығы. Андеррайтер — кепілгер, кепілге алушы. Жаңадан шығарылған бағалы қағаздарды сатып алып, кейін инвесторларға қайтадан сату арқылы олардың белгілі бір санын орналастыруды міндетіне алушы адам.Аннуитет — зейнетке шыққан соң реттелген уақыт аралығы арқылы клиентке белгілі ақшасомасын әкелетін инвестиция. Зейнетақы аннуитеті келісімшартына отырған адам, оны жасасқан күннен бастап екі жылға дейін бұзуға құқы жоқ.Бағалы қағаздар — иеленушілеріне мүліктік құқық және белгілі бір ақшалай сома алуға құқық беретін ақша немесе тауар құжаттары; мүліктік құқықты куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілердің жиынтығы. Бағалы қағаздарға акциялар, облигіациялар және бағалы қағаздардың заңнамалық актілерімен айқыңдалған өзге де түрлері жатады.Бағалы қағаздар рыногы — бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын рынок. Бағалы қағаздар рыногы (банктер, арнаулы кредит институттары мен қор биржалары) арқылы кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің және жеке адамдардың қорланған ақшасы шоғырландырылып, капиталдардың өндірістік және өндірістік емес жұмсалымына салынады.Бағалы кағаздар рыногының кәсіби қатысушылары — өз қызметін акциоиерлік қоғамның ұйымдық-құқықттық нысанында жүзеге асыратын және бағалы кағаздар рыногында лицензиясы бар заңи тұлғалар.Банкроттық — қаржылық күйреу, жұтау, жоспардың күйреуі.Бизнес — қызметтің пайда келтіретін кез келген түрі.Бизнесмен — пайда немесе басқадай табыс беретін экономикалық қызметтің кез келген түрімен айналысатын коммерсант, кәсіпкер.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 201; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты