Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тақырып 8. Ипотекалық несиелеу- инвестицияны ұзақ мерзiмдi қаржыландырудың әдiсi ретiнде




Дәріс жоспары:

1. Ипотекалық несиенің көздері

2. Ипотекалық жүйенің несиелеудің субъектілері

3. Шетелдік және отандық ипотекалық несиелеу тәжірибесі

4. Ипотекалық несиенің тиімділігін анықтау

5. Ипотекалық несиелеудің классикалық үлгілері.

1. Ипотека терминi - кепiлдiк, кепiлзат немесе кепiлге салу деген мағынаны бередi. Ипотекалық несие дегенiмiз - бұл қозғалмайтын мүлiктi кепiлге ұзақ мерзiмге салып берiлетiн несие. Ипотекалық несие жеке тұлғаларды несиелеудің бiр түрi болып табылады. Ипотекалық несие экономикалық мағынасы жағынан бұл банктен немесе қаржы ұйымдастыру ссуда алу мақсатымен жылжымайтын мүлiк кепiлiнiң алуан түрлiгi болып табылады. Ипотека терминi АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция елдерiнде көп дамыған. Қазақстан Республикасының ипотекалық несие жүйесi екi деңгейлi болып табылатындықтан бірiншi деңгейiнде ипотекалық несие беретiн банктер мен банктiк емес ұйымдар түрiндегi бастапкы кредиторлар. Екiншiсi осы кредиторлар берген ипотекалық несиелер бойынша кепiлдiк құқықтарын сатып алуды жүзеге асыратын қайта қаржыландырушы ұйым. Елiмiздегi мұндай ұйым Ұлттық банк 2001 жылы ақпан айында құрған «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы АҚ».

2. Ипотекалық несиелеу жүйесi бұл тұрғын үй құрылысының дамуын қамтамасыз етедi, сонымен қатар тұрғын үйдi несиелеу процесiн ұйымдастыруды анықтайтын элементтер жиынтығын бiлдiредi.

Тұрғын үйдi несиелеу жүйесi үш басты қызмет атқарады:

1 тұрғын үй несиелерiн қаржыландыруға қажеттi құжаттармен қамтамасыз ету;

2 тұрғын үй несиелерiн беру және оларға қызмет көрсету;

3 инвесторлар несиелеу жүйесiнiң құрылымдық элементтерi:

- ипотекалық несиелеу түрлерi;

- ипотекалық несиелеу субъектiлерi;

- ипотекалық несиелеу объектiлерi;

- ипотекалық несиелеу принциптерi;

- несиелеу шарттары;

Несиенiң ұйымдастырушылық экономикалық негiзi. Ипотекалық несиелеу жүйесiне оның субъектiлерi жатады:

- қарыз алушылар;

- несие берушiлер;

- реалторлық және сақтандыру компаниялары;

- инвесторлар;

- үкiмет.

Аталған субъектiлер ипотекалық несиелеу нарығының қатысушылары болып табылады.

3. Ипотекалық несиелеуді ұйымдастыру жүйесінің тәжірибесінде әрекет етіп отырған негізгі үлгілері бар. Американдық үлгінің қағидасы бойынша әр жылда белгілі бір табысы бар адам тұрғын үйдің құнын жартылай нақты ақшамен, ал қалған бөлігін клиенттің иелігінде бар немесе сатып алғалы отырған жылжымайтын мүлікті кепілге алу. Қазақстан ипотекалық компаниясы 2001 жылы ақпанда ҚР Ұлттық банкінің ықпалымен құрылды. Оның қызметінің басты мақсаты еліміздегі ипотекалық несиелеу жүйесін дамыту және тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру тұжырымдамасын іс жүзіне асыру болып табылады.

4.Компанияның қызметі, сондай-ақ тұрғын үйді ұзақ мерзімді қаржыландырушы банктер мен банктік емес ұйымдардың активтері мен пассивтерінің құрылымы сәйкес келмеген жағдайлардан туындайтын тәуекелдердің алдын алып, өтімділігін арттыру, халықтың тұрғын үйге деген төлем қабілеттілік сұранысының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік жасауға бағытталады. ҚИК-ның ипотекалық несиелер бойынша талап ету құқықтарын серіктес банктерден сатып алу арқылы қайталама ипотека нарығын реттеу және сатып алынған талап ету құқықтарымен қамтамасыз етілген ипотекалық бағалы қағаздарды шығарудан тұрады. Сатып алған ипотекалық несиелерге әр түрлі қызмет көрсетуді серіктес банктер жүзеге асырады.

5. Ипотекалық несиелеуді ұйымдастыру жүйесінің шетел тәжірибелерінде

әрекет етіп отырған негізгі үлгілері бар. Ипотекалық несиелеудің біршама қарапайым және біршама жетілген үлгісі шартты түрде айтсақ, «қарапайым ашық үлгі». Бұл үлгінің бастапқы принциптік сипатына тоқталсақ, ипотекалық ссудаларға деген барлық клиенттердің жалпы өтініші банктің меншікті және сырттан тартылған қаражаттары: депозиттерде жатқан клиенттердің қаражаттары; банкаралық несиелер және т.с.с. есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл үлгі негізінде ипотекалық несиелеуді ұйымдастыру, әсіресе қаржы нарығы мен бағалы қағаздар нарығы толық қалыптасып болмаған көптеген елдерде іс жүзінде кеңінен таралған.

Негізгі ұғымдар:

Банктердің инвестициялық портфелі- банктің белсенді операциялар жүргізу барысында сатып алған бағалы қағаздар жиынтығы.

Басқарушы компания- бағалы қағаздар нарығында кәсіби қатысушы, инвестициялық қоржынды лицензияның негізінде басқаруға және инвестициялық қор активтерін сенімгерлікпен басқарып жүзеге асырушы.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 220; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты