Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Такырьп 10. Инвестициялық жобаны бизнес- жоспарлау




Дәріс жоспары:

1. Техника- экономикалық негіздемені құру

2. Инвестициялық жобаның бизнес- жоспары

3. Инвестициялық жобаның бизнес- жоспарын құру әдістемесі

4. Жобаны басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы

1. Инвестициялық жобаның бизнес жоспарын жазбас бұрын ең алдымен инвестиция терминiне тоқталып өтсек.

Инвестиция бұл ақшаны оның сақталуына немесе құнының артуына және табысты оң шамасын қамтамасыз етуге үмiт арта отырып, орналастыруға болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды, себебi қолма қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкiн және ол ешқандай да табыс әкелмейдi.

Қазақстандық инвестиция тәжiрибесiнде мынадай жағдай қалыптасып отыр:

бұрын қолданылған түсiнiктер мен терминдер өздерiн тасушылармен нарықтық экономика қатарына енiп, iске кедергi келтiруде. Техникалық экономикалық дәлелдеме дәстүрлі түсiнiгi де осындай жағдайда, оны көп жағдайда инвестициялық жобаға немесе бизнес жоспарға теңестiруде. Бұның неге әкелiп соғатыны шетелдiк инвесторлармен байланысқа түскен кезде белгiлi болды. Несиенi алуға кедергi келтiретiн бөгеттердiң бiрi кәсiпорындардың көп бөлiгi техникалық-экономикалық дәстүрлердi, бiрiншiден, жобалардың экономикалық тиiмдiлiгiнiң, өтімдiлiгiнің есептеулерi жоқ сызбалардың жиынтығы деп түсiнедi.

2. Жоба халықаралық нормаларға сай болуы тиiс. “Инвестициялық жоба және “бизнес жоспар” түсiнiктерi көбiнесе синонимдер ретiндс қолданылады, бiрақ олардың арасында, әсiресе, жобалық талдау тұрғысынан едәуiр айырмашылықтар бар.

Көп жағдайда барлық нәрсе бiр немесе бiрнеше адамдар ойлап табатын бизнес идеялардан басталады, дегенмен бизнес идеядан бастап жобаның жүзеге асуына және оны пайдалану кезеңдерiне дейiнгi барлық жағдайда көптеген кедергiлерден өту қажет. Ол үшiн бизнес-жоспарды колдану кажет.

Бизнес - жоспар терминi бiздiң тәжiрибемiзде тоқсаныншы жылдардың басында қолданыла бастады.

Дүниежүзiлiк тәжiрибе бойынша, инвестицияландыру процесiнде бизнес жоспар маңызды элементтiң бiрi болып табылады.

3. Бизес-жоспар бұл кәсiпкерлiк iскерлiкпен байланысты басқарушылық шешiмдердi кешенді, жүйелі түрде түсіндіретін, алдына қоятын мақсаттарды және одан шығатын міндеттерді анық көрсететін, сыртқы және ішкі жағдайларды объективті тұрғыда бағалайтын, мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстарды анықтайтын осының бәрін сандармен сипаттап берілген шешімнің бизнеске тартылған барлық қатысушыларға дәлелдей алатын құжат.

Бизнес жоспар – ойыңыздың барлық салаларын егжей-тегжейлі және оның іске асырылуын ақиқатқа айналдыратын жолдарын анықтайтын бағдарлама. Кәсіпорын жарғысынан және басқа құжаттардан айырмашылығы, бизнес-жоспар түпкілікті құжат болып табылмайды, сіз кәсіпкерлігіңізді дамытуыңызға және қоршаған жағдайдың өзгеруіне сәйкес оған табысқа бағдарлайтын өзгертулер енгізе аласыз. Ең бастысы, бизнес-жоспар кәсіпорыныңыздың өмірге бейімді және пайдалы болуын және сіз мұны істей алатын адам екеніңізді бейнелеуі тиіс.

4. Нақты фактілерге негізделген бизнес-жоспардың мақсаты-өзін-өзі алдауға жол бермеу. Жобаның тұжырымдалуы, бұл кезеңде кәсiпорын жетекшiлерiнiң жоғары құрамы кәсiпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсiпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесi бизнес идеясы түрiнде рәсiмделiп кәсiпорының неғұрлым маңызды мiндеттерiн шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәуiр дәлелдi аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорының одан әрi дамуы жөнiнде бiрнеше идея пайда болуы мүмкiн. Егер олардың барлығы бiрдей дәрежеде пайдалы және iске асырымды болса онда даярлаудың соңғы кезеңiнде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.

Жобаны дайындау, жобаның бизнес идеясы бірінші тексерімнен өткеннен кейін оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек.

Негізгі ұғымдар:

Бизнес – жоспарды құжат ретінде түсіну ондағы ақпараттың құпиялылығын білдіреді, әрине бұл туралы арнайы жазбалар болуы керек.

Бизнес жоспар – ойыңыздың барлық салаларын егжей-тегжейлі және оның іске асырылуын ақиқатқа айналдыратын жолдарын анықтайтын бағдарлама.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 229; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты