Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Такырып 11. Инвестициялық жобаның микроэкономикалық фундаментальді талдауы




Дәріс жоспары:

1. Қаржылық талдаудың мәні мен мақсаттары

2. Жобаның қаржылық жүзеге асырылуының түсінігі

3. Шығынсыздық талдауы

4. Қаржылық- экономикалық талдаудың әдістері

5. Кәсіпорынның қаржылық қызмет көрсеткіштерін бағалау

1. Халықаралық тәжiрибеде кәсiпорынның даму жоспары бизнес — жоспар ретiнде көрсетiледi,ол негiзiнен кәсiпорынның даму жоспарының кұрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол инвестициялық жоба деп аталады. Кәсiпорынның кез келген жобасы инвестицияны тартуымен байланысты болады.

Жоба дегенiмiз — бұл белгiлi бiр мақсатка жетелейтiн кәсiпорынның iскерлiгiн өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

Жобаларды тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Статистикалық жобаның қатарына меншiк түрiн өзгерiсiн арендалық кәсiпорынды, акционерлiк қоғамды, жеке кәсiпорынды, бiрiккен кәсiпорындарды және т.с.с. құру немесе өндiрiс сипатының түбегейлi жаңа өнiм өндiрiсi, толық автоматтандырылған өндiрiске көшу өзгерiсiн қарастыратын жобаларды жатқызады. Ал тактикалық жобалар шығарылатын өнiм көлемiнің өзгеруiмен, өнiм сапасын жоғарлатумен және қондырғыларды жаңартуымен байланысты болады.

Бұрынғы тәжiрибеде жоба түсiнiгi жаңа түсiнік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсiпорынның дамуының негiзгi бағыттарын заң бойынша осы кәсiпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтын болып табылады. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсiпорын яғни оның иелерi және жоғары басқару құрамы өз келешектерiн барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерiн өз бетiнше шешедi.

2. Кәсiпорының нақты бiр жобаға қатысты инвестициялық iскерлiгiн жалпы реттелуi жобалық цикл түрiнде қалыптасады және ол циклдың келесi кезеңдерiне ие.

Жобаның тұжырымдалуы, бұл кезеңде кәсiпорын жетекшiлерiнiң жоғары құрамы кәсiпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсiпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесi бизнес идеясы түрiнде рәсiмделiп кәсiпорының неғұрлым маңызды мiндеттерiн шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәуiр дәлелдi аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорының одан әрi дамуы жөнiнде бiрнеше идея пайда болуы мүмкiн. Егер олардың барлығы бiрдей дәрежеде пайдалы және iске асырымды болса онда даярлаудың соңғы кезеңiнде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.

3. Жобаны дайындау, жобаның бизнес идеясы бірінші тексерімнен өткеннен кейін оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады. Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуі бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

4. Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.

5. Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады. Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуі бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді. Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау.

Негізгі ұғымдар:

Инвестициялық жоба- күрделі жұмсалымның экономикалық мақсатқа лайықтылығын, оның іске асыру көлемі мен мерзімін негіздеу, сондай- ақ инвестицияны іске қосуының тәжірибелік амалын жазу.

Операциялық қызмет- ұзақ мерзімді активтер мен қаржы инвестицияларын сатып алу және сату.

Қаржы қызметі- меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын кәсіпорын қызметі.

Тікелей әдіс- ақша қаражаттарының негізгі түрлерінің түсуі мен төленуін анықтайтын әдіс.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 139; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты