Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тақырып 14. Қаржылық инвестициялар, инвестицияның сапасы мен тиімділігін бағалау




Дәріс жоспары:

1. Бағалы қағаздардың инвестициялық сапасы

2. Вексельдермен операциялардың табыстылығы

3. Қысқа мерзімді инвестициялық құралдарды сату мен сатып алу

1. Инвестициялық жобаны қаржылық талдау қаржылық пайда, не зиян әкелетiн жобаны қабылдау не қабылдамау жөнiнде шешiм қабылдау үшiн қажеттi мәлiметтер алуға арналған.

Инвестициялардың тиiмдiлiгiн анықтау жөнiндегi мәселе iс жүзiне келгенде әрбiр компания мен әрбiр инвесторлардың алдында тұрған үлкен мәселе. Капитал салу немесе өз кәсiпорынына басқа капитал енгiзу жөнiнде шешiм қабылдамас бұрын, инвестицияны жоспарлау және талдау әдiсiн бiлу шарт. Бiздiң кәсiпкерлерiмiздiң бұрын-соңды нарықтық экономикада өмiр сүрмегендiгi, ендi ғана қадам басып жатқандығы баршамызға мәлiм. Соған орай олар бұл әдiстеменi бiлмейдi. Нарықтық қатынастары дамыған елдерде инвестицияларды жоспарлау мен талдау саласында жеткiлiктi мөлшерде тәжiрибе жинақтағандығын ескерсек, бiз осы тәжiрибенi пайдалана бiлуiмiз қажет.

2. Барлық дамыған елдер үшiн қабылданып, бүгiнгi таңда, қолданылып отырған инвестициялық жобалардың тиiмдiлiгiн бағалау белгiлерi мен жоспарлау әдiстерi, әр түрлi елдердiң инвесторлары мен кәсiпкерлерiнiң ортақ түсiнiсу әдiсiне, тiлiне айналған. Бұларға дүниежүзiлiк банк, Европалық банк секiлдi iрi халықаралық ұйымдардың, инвестициялық жобалардың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемелерiн жатқызуа болады. Олардың барлығы да ақша ағымын талдау әдiсiне негiзделген, инвестициялық жобаларды қаржылық талдау принциптерiне сүйенедi. Ағылшын тiлiндегi Кэш-Флоу деген түсiнiк барлық дамыған елдердiң экономистерiнiң лексиконына енiп, әрi маркетинг көбiрек пайдаланылады. Бүгiнгi таңда Кэш-Флоу талдауын өз инвестициялық қызметiнде қолданбайтын ұйым жоқтың қасы. Бұл ақша ағымын талдау инвестицияларды талдаудың классикалық әдiстерiне негiз болып және инвестициялық жобалардың тиiмдiлiгiн бағалау мен жоспарлаудың танымал әдістемелерiнде, қолданылатындығына байланысты болып отыр.

3. Кэш-Флоу ақша ағымы деген мағынаны бередi.

Іс жүзiнде қаржыльқ жоспарды құраушы және инвестициялық жобаны жоспарлауға, талдау мен бақылауға мүмкіндік беретін үш негізгі құжат бар:

- бухгалтерлік баланс;

- қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;

- ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың екі негізгі жолы бар:

- қымбаттырақ және көбірек сату;

- арзандырақ өндіру және көбірек сату.

Инвестиция — Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуi кезiнде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесiнiң шеңберiнде жалпы капиталдық салынымдар деген түсiнiк қолданылатын, осы түсiнiк бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргiзiп отырған кәсiпорындарының кеңеюi мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына өндiрiстiк капиталдық салымдар, тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылыска өндiрiстiк емес капиталдық салынымдар жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсiндiрiлетiн. Инвестициялар акша құралдары, мақсатты банкiлiк салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар.

Негізгі ұғымдар:

Материалдық заттық инвестиция - ол салынуға тиiстi өндiрістiк және өндiрiстiк емес объектiлер жабдықтар. Машиналар және сонымен қатар ол ауыстыруға немесе техникалық парктерді кеңейтуге, материалдық заттарды басқа инвестициялық тауарларды арттыруға бағытталған.

Инвестицияның ақшалай нысаны болса, ол - ақшалай капиталдың материалдық - заттық инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады.

Өiм инвестициясы деп- негiзгi капиталдың негiзгi қор артуын қолдауға бағытталады. Жалпы инвестиция бiрiктiрушi екеуiнен қосылады. Оның iшiнде бiреуi - амортизация.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 181; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты