Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ГЛОСАРИЙ




 

 

1) қайталанбайтын кездейсоқ таңдау – бұл бас жиынтықтың элементі іріктемеге бір рет қана түсетін таңдау;

2) іріктемелік үлестіру – бұл белгілі бір іріктеме жоспары шеңберінде бағалауға қабылдай алатын барлық мүмкін мәндердің ықтималдылық үлестірілуі;

3) өлшеу – салмақты анықтау үдерісі. Іріктеменің элементтерін өлшеу –оларға анықталған салмақтарын беруді білдіреді ;

4) бас жиынтық – сипаттамасы бағалауға жататын талдаудың барлық бірліктерінің толық тобы;

5) талдау бірлігі - ол тікелей зерттеуге ұшыраған қалыптастырылған іріктемелік жиынтықтың элементтері;

6) аралық бағалау – бұл іріктемелі байқаудағы интервалды анықтайтын екі санды қалай есептеу керектігін көрсететін анықталған ықтималдықпен бағаланған параметрді көрсететін формула;

7) Математикалық күту – бұл барлық әрбiр нәтижедегi пайда болуы мүмкiн барлық iрiктеулердің жеке сипаттамалық орташа мәндерi, сонымен бірге ықтималдықтардың салмағы бар орташа өлшемдi мәні;

8) бағалау – бұл сандық мәні бар және сипаттаманың іріктемелі байқауларынан есептелген және бас жиынтықтың белгiсiз мәндерi бойынша ақпарат алу үшін пайдаланылатын шама;

9) кәсіпорын – тауарлар мен қызметтер өндіруші ретінде шығатын және бір немесе бірнеше мекемеден тұратын институционалдық бірлік;

10) қайталанатын кездейсок таңдау – ол бас жиынтықтың бір элементі іріктемге бір реттен көп түсе алатын таңдау әдісі;

11) іріктеме жоспары – бұл бас жиынтықты және іріктеме бірлігін және де ықтималды іріктеменің мүмкін дәрежесін анықтайтын ерекшеліктер жиынтығы;

12) параметр – бұл бас жиынтықтың жиынындағы барлық мәндерден есептелген шама. Яғни параметр дегеніміз бұл бас жиынтықтың сипаттамалық өлшемі;

13) стандартты ауытқу – бұл бас жиынтықтың өзгермелілігі көрсеткіштері; оның шаршылық мәні бас жиынтықтың дисперсиясы деп аталады;

14) респондент – статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық байқау объектісі бойынша деректерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға және оның құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері;

15) көрнекілік — іріктеме сипаттамасының тарату немесе бас жиынтықтың сипаттамасына жалпы сәйкес келуі. Көрнекілік анықталған іріктемені пайдалана отырып зерттеу нәтижелерін ол жиналып алынған бүкіл бас жиынтыққа қаншалықты жалпылауға болатынын анықтайды;

16) статистикалық байқау – статистикалық байқау объектісі бойынша алғашқы статистикалық деректерді ғылыми-ұйымдастырып жинау;

17) статистикалық тіркелім – статистикалық байқау объектісі бірліктерінің сандық және (немесе) сапалық сипаттамаларымен қоса жүйеге түсірілген тізбесі;

18) іріктеме стратегиясы – бұл бағалау қызметі мен іріктеме жоспарының байланысы;

19) статистикалық бағалау – бұл іріктемелік бақылау нәтижелерін барлық бас жиынтыққа бағалау жасау үшін қолданылатын математикалық формула немесе ереже;

20) ығысу - математикалық күту мен алынған жиынтық параметрлерінің арасындағы айырмашылық. Егер ығысу нөлге тең болса онда бағалау функциясы жылжымаған болады;

21) Сипаттама – бұл іріктеменің және талдаудың әр түрлі элементтері үшін әр түрлі ықтимал мәндерге ие кез келген айнымалы непесе сапалы ерекшелік үшін жалпы термин. Іріктемелік зерттеуде іріктеме элементтері үшін бір немесе бірнеше сипаттаманы өлшейміз немесе бақылаймыз. Мінездеме ол бас жиынтықтың элементтерімен байланысты кіріс, жұмыспен қамтылу және т.б. кез келген айнымалы болуы мүмкін; сан ол сомасы, орташа мәні, медианасы немесе басқа шама болуы мүмкін. Сонымен қоса бас жиынтық үшін бағалағымыз келетін мәндер пайыздық қатынасы, стандатртты ауытқуы немесе кез келген басқа шама болуы мүмкін.

 

22)Статистикалық жиынтық – эксперимент нәтижелері болатын оқиғалардың жүйесі, қандай-да бір статистикалық заңдылықтар бойынша өзгеретін зерттелінген шаманың көрсеткіштерінің реті
23.Варианта ( ) – статистикалық жиынтық топтың көрсеткіші, жеке зерттеудің нәтижесі.
Статистикалық жиынтықтың көлемі (N) - статистикалық жиынтық топтағы варианталардың, жеке зерттеу көрсеткіштерінің жалпы саны.
24.Жиілік ( ) - әр вариантаның статистикалық жиынтық топта кездесу саны, барлық жиіліктердің жиынтығы зерттеу тобының көлеміне тең.
25.Негізгі жиынтық – статистикалық жиынтық негізінде эксперимент кезінде қасиеттері анықталатын, шексіз мүмкін болатын өлшеулер жиынтығы немесе адамдар тобы.
26.Жалпылау – статистикалық жиынтық топтан эксперимент көмегімен алынған ғылыми қорытындылардың негізгі жиынтық топқа қолданылуы.
27.Реттеу – статистикалық топ варианталарын талдау жеңіл болуы үшін көрсеткіштерінің өсу не азаю реті бойынша белгілі бір кезекпен орналастыру.
28.Топтау – варианталарды көрсеткіштерінің белгілі бір шектері бойынша интервалдарға біріктіру.
29.Мәліметтерді кестеге салу - әр вариантаның статистикалық топтағы кездесу жиілігін көрсетіп, кесте құру, қажет болғанда топтағы пайыз көлемін де анықтауға болады.
30.Орташа арифметикалық шама – статистикалық жиынтықтың орташа мәні, көрсеткіші болып табылады.
31.Медиана – статистикалық топтың варианталарының реттік қатарындағы ортаңғы шама, оның оң және сол жағында азаюы мен көбейуі бойынша варианталар көрсеткіштері ретпен орналасады.

Мода – статистикалық топта ең жиі кездесетін варианта көрсеткіші.
32.Корреляция – бір статистикалық топтың екі варианта көрсеткіштері арасындағы байланыс, статистикалық топты құрайтын екі фактор әсерлері арасындағы байланыс.
ДӘРІС КЕШЕНІ

№1-Тақырып: Психология ғылымындағы «өлшем» ұғымы. Психологиялық өлшемнің қажеттілігі.

Дәріс мақсаты: Зерттеу жүргізушілер арасында жаңа зерттеу тәсілдері мен техникаларын үйрету.

Сұрақтар:

1.Сандық ұсыныстар.

2.«Шкала» ұғымы. Әдіснамалық нұсқау.

3.Құрылымдық және логикалық сызба: Эмпирикалық өлшем.

 

Психологияның философиядан бөлек ғылым саласы ретінде қалыптасу үшін экспериментті қолдану маңызды рөл атқарды. Эксперименталды психологияның қалыптасуына негізінен әсер текен көзқарастар: қайта өрлеу дәуірінен бастап, әр түрлі ғылым салаларында эксперименталды ойлар қалыптаса бастады. Эксперименталды психологияның дамуына шарттарды байланыстыру қажет болды:

1. Ғылыми ойлаудың дамуы. Яғни, жаңа мәселелерді тудыратын ғылыми ізденістердің қалыптасуы;

2. Зерттеу жүргізушілер арасында жаңа зерттеу тәсілдері мен техникалары енуі керек (психофизика, психофизиология);

3. Арнайы ғылымдық білімдердің және арнайы дайындығы бар адамдардың сол ғылым саласына келуі керек.

Көрсеткіш, шама, деңгей түсінігі. Психологиялық құбылыстарды сандық өлшеу.
Көрсеткіштер мен шамалар – эксперимепнтте зерттелетін психологиялық құбылыстар. Оларға есепті шығаруға кеткен уақытты, жіберілген қателіктер санын, мазасыздық деңгейін, интеллект коэффициентін, агрессивті реакциялардың күшін, социометриялық статус көрсеткіштерін және басқа да эксперименттік айнымалыларды жатқызуға болады.
Көрсеткіш және шама түсініктері синоним ретінде қолданылады. Олар сандық өлшеу мүмкін болатын жағдайларды көрсетеді: мысалы, интеллектінің жоғары деңгейі, мазасызданудың төмен көрсеткіштері және т.б.
Математикалық өңдеу – психологиялық экспериментте зерттелінушілердің алған көрсеткіштерін статситикалық тәсілмен талдау. Жеке зерттелінушілердің эксперимент бойынша нәтижелері «бақылаулар», «бақыланған мәндер», «варианталар», «көрсеткіштер», «шамалар» деп аталады.
Көрсеткіштердің мәні арнайы өлшеу шкалаларының көмегімен анықталады.
Психологиялық зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу барысында қолданылатын негізгі түсініктердің сипатын берейік.
Мәліметтер және оның түрлері. Статистикадағы мәліметтер – талдауға жататын негізгі элементтер. Мәліметтер ретінде қандай-да бір популяция мүшелеріне тән қасиеттер немесе сандық қорытындылар болуы мүмкін, яғни өңдеу мақсатында категорияларға бөлініп, классификацияланатын кез-келген информация алынады.
Мәліметтердің үш түрі бар: сандық мәліметтер, сапалық мәліметтер және реттік мәліметтер.
Сандық мәліметтер нақты өлшеу барысында алынған сандық шамалар, уақыт, жас мөлшері және т.б. Бұл мәліметерді шкала бойына тең интервалдармен орналастыруға болады.
Сапалық мәліметтер қандай-да бір популяция немесе таңдау тобы элементтері қасиетінің сипаты. Оларды өлшеу мүмкін емес, олардың бір ғана сандық бағалануы болуы мүмкін, ол – сол қасиеттердің кездесу жиілігі.
Реттік мәліметер – элементтердің өсу реті бойынша орналасқандағы сәйкес оны. Мысалы, 2-ші, 3-ші, 4-ші, ... 56-шы.
Айнымалылар және оларды өлшеу. Айнымалылыр ретінде өзгеру процесінде әр түрлі сандық мәндерді қабылдайтын шаманы айтамыз. Кез-келген өлшенетін психологиялық құбылыс айнымалы бола алады.
Эксперименттік психологияның қалыптасуына әсер еткен көзқарастар.

Қайта өрлеу дәуірінен бастап эксперименттік ойлар қалыптаса бастады.

Ағылшын ғалымы Ф. Бэкон – эмпиризмнің алғашқы өкілдерінің бірі. Ол ғылымның эффективті зерттеу әдісін қалыптастыруға басты назар аударып, эмпиризмнің алғашқы жаршысы болды.

Геометрия мен жаңа механикаға бағытталған психологиялық теорияның сызбасын француз математигі, философы және жаратылыстану ғылымдарының зерттеушісі Рене Декарт (1596 - 1650) ұсынды.

Джон Локк(1632 - 1704) ассоционист, ағылшын философы. Ол Декарттың рационалисттік көзқарастарына қарсы шықты. Дж. Локк психологияның дамуына принциптер енгізді.

Гартли Д.(1705 - 1757) ағылшын ойшылы. Ол ассоциацияны психикалық өмірдің негізгі принциптері деді. Д. Гартли Локтың ассоциациялар идеясын дамытты, бірақ ол материалистік бағытты ұстанды.

Гоббстыңайтуынша, инерция заңы бойынша түйсіктерден елестер туындайды, ал олардың бірігуі ойлауды қалыптастырады.

Джон Миль (1773 - 1838). Ол Гартли теориясын одан ары дамытты. Ол психикадағы элементтер бір-бірімен ойлау арқылы қосылады.

Ламетри(1709 - 1751) француз дәрігері. Ол Гартлимен сәйкес келетін көзқараста болды. Оның айтуынша, жан денеден бөлек емес, ал адам машина емес деп түсіндіргісі келді. Осы жерде ол Гартлимен келіспеді.

Фехнердің 1850ж. «Элементы психофизики» деп аталатын еңбегі эксперименттік психологиядағы бірінші жазылған кітап. Ол түйсіктердің ажырату табалдырықтарын және осы табалдырықтардың логарифмикалық заңға байланысты екендігін көрсеткен. Гельмгольц (физиолог, әрі хируруг) «Физиологиялық оптика» еңбегінде физиологиядан психологияға тікелей қадам жаан. Ол көбіне эмоцияларды, сезімдерді қарастырады, және оларды зерттеу үшін өлшеу әдісін еңгізді. Сондай-ақ ол нерв импульстерінің жылдамдылығын өлшейтін прибор жасаған.

Герниккеңістікті қабылдауды, температураны сезінуді зерттеген.

Функционалды психологияның ең көрнекті өкілі Брэнтаноболды. Ол адамның белсенділігі идеясын ұсынып, оны элементтерге бөлшектеуге болмайтынын көрсетті. Ол бойынша әр белсенділік психикалық процесс мақсатқа байланысты қалыптасады. Брэнтано бойынша психология ғылымының пәні – акті ретінде көрініс беретін психикалық феномендер. Вюрцбург мектебінің негізін салушы – О. Кюльпе.Ол мектепте негізінен ойлау мәселесі зерттелінді. Негізгі зерттеу әдісі – интроспекция. Бұл мектеп – ойлау мәселелерін эксперименттік түрде шешуге тырысты. Кюльпенің пікірі бойынша, ойлау елестердің ағымы емес.

 

  • Өзіндік бақылауға арналған тапсырмалар:
    Ғылыми зерттеудің методологиялық негізі?
    Психологиялық зерттеу нәтижелерінің сенімділігін қалай қамтамасыз етуге болады?
    Зерттеу әдістерінің қандай шектеулері бар?

 



Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 183; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты