Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Алыпты таралу үшін орташа мен медиана




Дәлме-дәл келеді немесе бір-бірінен өзгеше болады

Бір-бірімен дәлме-дәл келеді

Бір-бірінен шамалы ғана өзгеше боладыБір-біріне дәлме-дәл келмейдіБір-бірінен едәуір дәрежеде өзгеше болады

№3-Тақырып: Атаулы немесе номинальды шкала:эквиваленттілік–эквиваленттілік емес

Дәріс мақсаты: Статистикалық болжамды тексерудің жалпы принциптерді талдау

Сұрақтар:

1.Атаулы немесе номинальды шкала:эквиваленттілік–эквиваленттілік емес

2.Американдық психолог-психофизик С. Стивенс (1946).

3.Қатынас шкаласы, интервалдыреттік және номиналды шкалалар.

 

Өлшеу әдістері дегеніміз - нақты бір өлшеуіш міндет үшін таңдалған өлшеу қағидалары мен құралдарын пайдалану іс-әрекеттерінің жиынтығы. Өлшеу әдісі түсінігіне өлшеу қағидаларын теориялық негіздеумен қатар, өлшеу құралдарын қолдану іс-әрекеттерін әзірлеу де кіреді.

Өлшеу әдістері классификациясының ішінен өлшеу қағидалары мен құралдарын пайдалану іс-әрекеттерінің жиынтығы бойынша классификация кеңінен қолданылады. Бұл классификация бойынша тікелей бағалау әдісі және салыстыру әдісі ажыратылады (22-сурет)

· Тікелей багалау әдісі арқылы өлшеген кезде шаманың ізделетін мәні сәйкес бірліктерде градуирленген өлшем құралының есептеуіш құрылғысы бойынша анықтайды. Мысалы, циферблатты таразыда өлшеу, бұйым мөлшерін микрометр көмегімен анықтау немесе қысымды серіппелі манометрмен өлшеу.

· Шамамен салыстыру әдісі - өлшенетін шаманы өлшемнің жаңғыртатын шамасымен (мысалы, рычагтық таразыда массаны салыстыру) салыстыратын әдіс. Салыстыру әдістерінің ерекше белгісі өлшемнің өлшеу процедурасына тікелей қатысуында. Ал тікелей бағалау әдісінде өлшем өлшеу процесіне қатыспайды, оның мөлшері градуирлеу кезінде өлшем құралына алдын ала өлшеуіш құрылғысына беріліп қояды. Салыстыру әдісі кезінде салыстыру құрылғысы міндетті болуы қажет.

Өлшеммен салыстыру әдісінің бірнеше түрі бар:

· Нөлдік әдіс

· Дифференциалды әдіс

· Алмастыру әдісі

· Сәйкес келу әдісі

· Нөлдік эдіс - салыстыратын құрылғыға өлшенетін шаманың нәтижелі әсер етуі эффектісі мен шаманың қарама-қарсы әсері нөлге келтірілетін өлшеммен салыстыру әдісі.

Мысал. Иықтары тең таразыда массаны өлшеу, мұнда таразыға тх массаның әсері токір массасымен толық теңестіріледі (23, а-сурет).

· Дифференциалды әдіс кезінде толық теңестіру жасалмайды, ал өлшенетін шама мен өлшемнің жаңғыртатын шамасының арасындағы айырма аспап шкаласы бойынша есептеледі. Дифференциалды әдіс дене температурасы мен қаттылығы сияқты шамаларды өлшеуде пайдаланылмайды.

Мысал. Иықтары тең таразыда массаны өлшеу, мұнда таразыға тх массаның әсері токір массасымен біршама ғана теңестіріледі, ал массалардың айырмасы масса бірліктерінде градуирленген таразы шкаласы бойынша есептеледі (23, б-сурет). Бұл жағдайда өлшенетін шаманың мәні, mx = m0 + Δm, мұнда Δm - таразы көрсеткіші.

23-сурет. Салыстыру әдістері

· Алмастыру әдісі — өлшенетін шаманы өлшемнің жаңғыртатын белгілі шамасымен алмастыру арқылы өлшеммен салыстыру әдісі. Мысалы; бұйымның мөлшерін рычагты микрометрмен өлшеу немесе электрлік шамаларды айнымалы ток көпірлері көмегімен өлшеу.

Мысал. Серіппелі таразыда өлшеу. Өлшеу екі іс-өрекетпен жасалады. Алдымен таразыға өлшенетін массаны салады және таразы көрсеткішінің жағдайын белгілейді. Сонан соң тх массасы то кір массасымен алмастырылады. Мұнда таразының көрсеткіші алғашқы жағдайдағы орынға келуі керек. Сонымен қатар mx = m0 (23, в-сурет).

· Сәйкес келу әдісінде өлшенетін шама мен өлшеммен жаңғыртылатын шама арасындағы айырма шкала белгілерінің немесе периодты белгілердің сәйкес келуін пайдалану арқылы өлшейді.

Мысал. Стробоскоп көмегімен валдың айналым санын өлшеу – вал периодты түрде жарық көзімен жарықтандырылады, ал жарық көзінің жиілігі валда жасалған ен баңылаушыға қозғалмайтындай болып көрінетіндей етіп орнатылады. Шкалалардың негізгі және нониусты белгілерінің сәйкес келуін пайдаланатын сәйкес келу әдісі сызықты мөлшерлерді өлшеу үшін қолданылатын штапгенприборларда жүзеге асырылады.[1]

Теория, шынайылықтың бөлігі туралы білімдердің ішкі қайшы емес жүйесі болып табылады. Теорияның элементтері бір-біріне тәуелді. Оның мазмұны көптеген пікірлермен түсініктерден белгілі бір ереже бойынша шығарылады. Эмпирикалық емес білімнің көптеген формалары бар: заңдар, жіктеме және типология, модельдер, сызбалар, болжамдар т.б. Теория ғылыми білімнің жоғарғы формасы болып табылады. Кез-келген теория келесі негізгі компоненттерден тұрады: 1) бастапқы эмпирикалық негіз (фактілер, эмпирикалық заңдылықтар); 2) базис- теорияның идеалданған объектісін суреттейтін, көптеген алғашқы шартты жорамаладардың жиыны,; 3) теория логикасы- теория шеңберінде көрсетілетін логикалық қорытындының көптеген ережесі; 4) негізгі теоретикалық білімді құрайтын теориядағы көптеген бекітулердің болуы;

Теорияның эмпирикалық негізі эксперимент және бақылау мәліметтерін интерпретациялау негізінде алынады. Құрылу тәсілі бойынша аксиоматикалық және гипотетико-дедуктивті теорияларды бөліп көрсетеді. Біріншісі аксиома, қажетті және жеткілікті, теория шеңберінде дәлелденбейтін жүеде құрылады; екіншісі- эмпирикалық, индуктивті негізге ие болжамдар негізінде құрылады. Теорияларды: математикалық аппаратураның көмегінсіз құрылған, сапалы, формалданған және формальды деп бөлуге болады. Сапалы теорияға психологияда А.Маслоудың мотивация туралы концепциясын, Л.Фистенгердің когнитивті диссонанс теориясын, Дж.Гибсонның қабылдаудың экологиялық концепциясын жатқызуға болады. Формалданған теориялар құрылымнда математикалық аппарат қолданылады,-бұл Д.Хоманстың когнитивті баланс теориясы, Жан Пиаженің интеллект теориясы, К.Левиннің мотивация теориясы, Дж.Келлидің тұлғалық конструкторлар теориясын жатқызуға болады. Формальды теория мысалы, Д.Раштың стохастикалық тест теориясын жатқызуға болады.

Теорияның құндылығы, шынайылықтың қандай құбылысын болжай алады және ол қаншалықты дәл болатыны.

Ғылыми проблема.Проблеманы қою- кез-келген зерттеудің бастамасы. Ең аңқау сұрақ, «балалар»сұрағы(«Неге аспан көк? немесе «Кім күшті: кит пе? Немесе піл ме?») проблеманың прототипі болып табылады. проблемалар дүниенің өзгеруімен және адамдардың рухани белсенділігінен туындайды. Тұрмыстық проблемадан ерекшелігі ғылымипроблема белгілі бір ғылым саласының терминінде қалыптасады. Проблеманы қою гипотезаны қалыптастыруға алып келеді. Проблема туындаудың келесі этаптарын көрсетуге болады:

- шынайылық туралы ғылыми білімнің жетіспеуін көрсету;

- проблеманы қарапайым тіл деңгейінде суреттеу;

- проблеманы ғылыми пән терминінде қалыптастыру;

Проблема- бұл зерттеуші табиғатқа сұрақ қойып, оған өзі жауап беретін риторикалық сұрақ. Проблемалар шынайы проблемалар және «псевдопроблемалар » деп бөлінеді. Бұдан басқа шешімі табылмайтын проблемалар класын бөліп көрсетуге болады.

Гипотеза-бұл теориядан шығатын, расталмаған немесе жоққа шағырылмаған ғылыми болжамдар. Ғылым методологиясында теоретикалық және гипотеза және эмпирикалық болжам ретіндегі гипотеза деп бөліп көрсетуге болады. Біріншісі теория құрылымына негізгі бөлігі ретінде кіреді. Теоретикалық гипотезалар теориядағы ішкі қарама-қайшылықтарды шеттету немесе теориядағы келіспеушіліктерді ығыстыру үшін шығарылады және теоретикалық білімді жетілдірудің инструменті болып табылады.

=Белгілерді іріктеп тарату үшін қосалқы статистикалық есептеулер әдісін қай кезде қолдануға болады?

егер де белгілердің іріктеп таралуы қалыпты болса бұл қажет болған жағдайда белгілердің таралуы бірдей болған кезде барлық жағдайда егер де белгілердің іріктеп таралуы қалыптыдан өзгеше болса


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 111; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты