Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тақырып Экологиялы-картографиялық ақпарат дерекнамасы




Мақсаты:экологиялық картографиялаудың ақпараттық дерекнамасымен таныстыру.

Жоспар:

2. 1 Ақпараттық көздерді ведомстволық жағынан жіктеу

2. 2 Ақпараттық көздерді қолданылатын ғылыми тәсіолер мен техникалық амалдар жағынан жіктеу

 

2. 1Бұл тақырыпты оқып білу барысында студент экологиялық жағдай туралы ақпарат көзі ретінде бұрынғы құрылған тематикалық карталар көбінесе тұрақты уақыттағы сипаттамаларда ақталатыны білуі тиіс. Барлық қалған жағдайларда тікелей картографиялық көздерге қарау дұрыс болады. Кез келген картографиялық дерекнамасы ана немесе басқа тәсілмен зерттеудің нәтижелеріне қатысты алғашқы немесе екінші болып саналады.

Сондықтан картографиялық ақпарат көздерін экологиялық жағдайды зерттеу тәсілдеріне қарай К. А. Салищев (1982) бойынша астрономиялы-геодезиялық, суретке түсіру-картографиялық және тематикалық (графикалық, текстік және санды) немесе С. Е. Сальников және б. (1990) бойынша суретке түсіру-картографиялық, документальдық және анықтамалы-әдебиеттік деп жіктелуі мүмкін болады.

Студент ақпаратық көздерді ведомстволық жағынан жіктегенде сәйкесті ұйымдар қызметінің ерекшелігіне және олардың алатын мәліметтерге әсер ету жағдайына көңіл бөлінетінін ескеру керек. Экологиялық ақпараттар көздерін – ұйымдарды былай айырады: мемлекеттік ұйымдар (оның ішінде ведомстволар және ғылыми мекемелер), өндірістік (коммерциялық) ұйымдар, қоғамдық (коммерциялық емес) ұйымдар.

Мемлекеттік ұйымдар ақпараттарды негізінен басқару және бақылау функцияларын орындау үшін жинайды. Сондықтан әр ұйым өзінің белгілі бір өкілеттіктері мен міндеттеріне сәйкесті ақпараттарды жинайды, сонымен қатар өздеріне ыңғайлы жағдайда жүйелейді. Сонымен мемлекеттік жүйелердегі экологиялық ақпарат олардың ішкі қажеттілігі мен талаптарына сай жиналған, талданған және рәсімделген, сондықтан басқа мақсаттарда пайдалануы (мысалы картографиялық) қажетті мәліметтердің болуына ғана емес, олардың ұсыну түріне де қарай шектелген.

Қоршаған ортаның жағдайын басқару қызметін ҚР үкіметі өзінің орталық атқару органдары арқылы атқарады. Қазіргі кезде экологиялық ақпараттардың көздері болатын мемлекеттік органдар құрамына мыналар кіреді: Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі және оның геология мен кендерді қорғау комитеті, Ауыл шаруашылық министрлігі және оның су ресурстары, орман және аңшылық шаруашылығы, балық шаруашылығы комитеттері, Жер ресурстарын басқару агенттілігі, Денсаулық министрлігі және оның мемлекеттік санитарлы-эпидемиалық қадағалау комитеті.

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің басқаруында, сонымен қатар, келесі ұйымдар бар: «Қазгидромет», «Қазавиамет», «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-аналитикалық орталығы», «Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты».

Қоршаған ортаны қорғау саласында белгілі бір өкілеттік қызметті атқару шамасы бар орталық ведомстволар қатарына Атом энергетикасы бойынша комитеті, Төтенше жағдайлар агенттілігі, Статистика бойынша агенттілігі және басқалар кіреді.

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен олардың бөлімшелері аумақтардың экологиялық жағдайлары туралы жалпы құжат «Қоршаған ортаның жағдайы туралы мемлекеттік баяндаманы» жылда басып шығарады.

Қоршаған ортаның сапасы жайында көптеген ақпараттарды ҚР ҒА мен жоғарғы оқу орындарына және жоғарыда аталған ведомстволарға қарасты ғылыми мекемелер иеленген. Бұл мекемелер қоршаған ортаның сапасы жайындағы проблемалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді және оларда нақтылы аумақтардағы экологиялық жағдайлар жайында құнды мәліметтер болады. Бірақ ғылыми мекемелерден мәліметтерді жию қиынға түседі, себебі ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері әртүрлі мекемелердің билігінде болады. Сонымен қатар қазіргі кезде ғылыми-зерттеу жұмыстары әртүрлі қаржы көздері арқылы орындалады да олардың нәтижелеріне жол ашық емес. Дегенмен ғылыми ұйымдардың жұмыстары жайында кейбір ақпараттар арнаулы баяндамаларда жарияланады, сонымен қатар ғылыми мекемелер жорналдар мен ғылыми еңбектердің жинақтарын шығарады.

Әртүрлі ұйымдардың зерттеу нәтижелері ғылыми конференциялардың материалдарында жарияланады және реферативтік жорналдарда жинақталады.

Бұл ұйымдарға нарықтық негізде су, ауа немесе топырақтың сапасын анықтаумен айналысатындар жатады. Олардың ішіндегі кейбір фирмалар мемлекеттік ұйымдарда ұйымдастырылған, басқалары ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істейді немесе институттар өздері белгілі бір өлшемдерді төлемақыға орындайды. Коммерциялық ұйымдардың ақпараттарын пайдалану мүмкіншіліктері зертханаларға байланысты, мысалы, олар өкілетті құжаттары барма немесе сол сияқты зертханалармен бірге құзмет істейме, өлшемдер нәтижелерін рәсімдей алама және оған лицензиялары барма. Ең жақын жылдары экологиялық аудиттың нормативтік базаларын қалыптастыру жолында коммерциялық ұйымдардың рөлі арта бастайды және бірте-бірте оларға кәсіпорындардың шығарындылар, төгінділер және улы қалдықтар көлемі жайындағы есептерін бақылау функциясы беріледі.

Коммерциялық емес (қоғамдық) ұйымдар ауа, су және топырақ сынамаларын алуға мүмкіншіліктері бар және өкілетті құжаттары бар зерханаларға жіберулеріне болады, ал қызмет ету масштабтары үлкен және қаржылық мүмкіншіліктері болғанда тіпті ғылыми-зерттеу жұмыстарының тапсырушылары бола алады да олардың нәтижелерін иеленеді.

Мемлекеттік ұйымдарда жүйеленген материалдар жиынтығы сирек кездеседі, оларда көбінесе мемлекеттік ұйымдар жинайтын аздаған салыстырмалы материалдар болады. Олардың тек кейбіреулеріне масштабты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу күштері бар, мысалы экологиялық жағдайлардың дамуын жобалау мақсатында.

Мемлекеттік ұйымдардың көптеген материалдарын кәсіпқойлар «ғылыми емес», ғылыми-жалпыға түсінікті деп қарайды. Дегенмен, бұл кемшілік емес, мұндай материалдар белгілі бір тыңдаушыларға арналған. Мемлекеттік ұйымдардың ақпараты жергілікті жердегі (локалдық) жағдайға қарасты болады, мысалы – көлдің немесе орманның жай-күйі, шағын ауданның экологиялық жағдайы. Олардың жұмысы экологиялық жағдай жайында әртүрлі көздерден ақпараттарды жинау және оны талдау болып саналады. Мемлекеттік ұйымдар үлкен масштабтағы проблемалармен айналысуына да болады, бірақ жергілікті деңгейде бұр қуыс іс жүзінде бос. Сонымен мемлекеттік ұйымдардың материалдарын картографиялық мақсаттарда үлкен масштабты жұмыстарда, ал табиғатты жергілікті жерде пайдалануда оқу және ағарту мақсаттарында пайдалануға болады.

 

2. 2 Студент экологиялық картографиялаудың ақпараттық көздерін ғылыми әдістер мен техникалық амалдар тұрғыдан жіктеу мәселесін оқу барысында экологиялы-картографиялық зерттеулердің кешенділігін қамтамасыз етудің жалпы сұрақтарын білуі керек. Үйткені қоршаған ортаның әр құрауышы сәйкесті ғылымның (метеорология, гидрология, топырақтану және т.с.с.) зерттеу заты болып саналады. Сонымен қатар оларды зерттеу әдістері немесе тәсілдері (физикалық, химиялық, экономикалы-статистикалық және б.) көп жағдайда білімнің басқа бір облысынан алып пайдалынады.

Сонымен бірге экологиялық карталарда бейнеленетін экологиялық жағдай жинақталған ұғым, синтетикалық болып саналады, олай болса тікелеу өлшенуі мүмкін емес. Сондықтан экологиялық карталарды құру тәсілдерін қарастырудан бұрын бастапқы ақпараттардың көздерін талдау керек. Оларға кіретіндер:

- көрсеткіштер мен сипаттамалардың жаратылысты-ғылыми және әлеуметті-гуманитарлы мағынасын айқындау;

- бұл көрсеткіштер мен сипаттамаларды антропогенді-анықтаушы факторларын қарастыру, оның ішінде табиғи, антропогенді-өзгерген;

- геожүйелердің антропогенді түрлену шамасын бейнелейтін көрсеткіштер мен сипаттамаларды бөлетін мүмкіншіліктерді іздеу;

- көрсеткіштердің дұрыстығын, объективтілігін және кеңістік пен уақыт деңгейінде өзгеруін бағалау.

Сонымен қатар дистанциялық немесе қашықтықтан жүргізу (физикалық, оның ішінде оптика, географиялық және биологиялық), зерттеуде математикалы-статистикалық (қоршаған ортаны ластау көздерінің сипаттамалары), физико-химиялық (табиғи объектілерден сынама алу), медициналы-биологиялық (биоиндикаторлар жай-күйін бақылау) тәсілдері пайдалынады.

Жалпы экологиялық жағдайларды сипаттайтын ақпарат көздерін төртке бөледі:

- қашықтықтан зондылау;

- техногендік ауыртпалықтар көздерін және көлемін сипаттау;

- табиғи ортаның жай-күйін экспедициялық және стационарлық зерттеу;

- биоиндикаторлар жай-күйі.

Табиғи объектілерді қашықтықтан зондылау зерттеу объектісінен шығатын электромагниттік сәулелерді пайдалануғе негізделген. Қашықтықтан зондылау арқылы зерттеу тәсілдері пассивті, немесе сәулелерді табиғи көздерден ұстап алуға (Күн, ай, жұлдыздар, жер беті және зерттеу объектілерінің өзінен) және активті немесе жасанды сәулелерді пайдалануға негізделген (лазерлер, газды разрядты лампылар, қыздыру лампалары) болып бөлінеді.

Пассивті қашықтан зондылау тәсілі ең көп тараған, оның ішінде электромагнитті спектрдің оптикалық облысында немесе фотографиялау, оның іщінде әртүрді ауқымда. Сонымен қатар ғарыштық және аэрофототүсіру де кең таралған (ормандар, жайылымдар, су және өсімдік ресурстарын қорғау салаларында).

Антропогендік ауыртпалықтар көздерін және көлемін сипаттау жөнінде мыналар қаралады:

- технологиялық процесс;

- шығарынды нүктесі – құбыр, вентиляциялық шам;

- өңірлік бірлік - өндіріс аймағы, қала, өңір.

Шығарындылар мен төгінділердің көлемі салалық нормативтер негізінде есептеу жолмені, ол үшін құралдардың жұмыс істеу ұзақтығы және олардың өзіндік шығарындысы және әр нүктеден газ және сұйықтың үлгісін алып зертханалық-инструменталды жолмен талдау негізінде. Әрі қарай статистикалық форомаларда кәсіпорындарға жинақталады.

Жер үстіндегі суларды ластау көздері мен көлемін атмосфералық шығарындыларды бақылау сияқты: кәсіпорындар сәйкесті төлемдерді анықтау үшін су тұтыну және су тарту жайында мәліметтер береді; табиғатты қорғау ұйымдары олардың дұрыстығын тексеріп отырады; ақаба сулардағы ластаушы заттар мөлшері аналитикалық немесе есептеу жолдарымен анықталады.

Қатты қалдықтардың көлемі мен құрамын олардың пайда болу орындарында жүргізеді, сондықтан экологиялы-картографиялық мақсаттарда пайдалану мүмкін емес.

Табиғи орта құраыштарының ластануын экспедициялық және стационарлық зерттеулер мыналардан тұрады:

- сынамаларды немесе үлгілерді алу;

- сандық химиялық талдау әдісі арқылы сынамаларды талдау;

- нәтижелерін камералдық өңдеу. Ал сынамаларды алу, талдау және нәтижелерін өңдеу әдістері ГОСТ-та регламенттеледі.

Биоиндикаторларды пайдалану бионидикаторлардың жай-күйін зерттеуге бағытталған, былайша айтқанда сыртқы ортаның өзгеруіне организмдердің сезімталдылығы және бұл экологиялық жағдайдың өзінше нәтижелі көрсеткіші. Былайша айтқанда биоиндикация болып организмнің ортаның жай-күйіне реакциясы саналады.

Студент биоиндикация тірі материяны ұйымдастырудың әртүрлі деңгейінде байқалуы мүмкін екенін білуі керек, олар:

- биохимиялық және физиологиялық реакциялар арқылы;

- анатомиялық, морфологиялық және қимылдар ауытқулары арқылы;

- флористикалық және фаунистикалық өзгерулер арқылы;

- биогеоценотикалық өзгерулер арқылы.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 136; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты