Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тақырып Картографиялаудың биоэкологиялық аспектері




Мақсаты: студенттерді картографиялаудың биоэкологиялық аспектерімен таныстыру.

Жоспар:

5.1 Жалпы сұрақтар

5. 2 Биоэкологиялық картографиялау

5. 3 Биоиндикациялық картографиялау

5. 4 Медициналық-географиялық картографиялау

5. 1 Студент бұл тақырыпты оқу барысында биотаның табиғи (нақтылықты немесе қайта құрылағн) аспектте тіршілік ету және оның сыртқы жағдайларында немесе антропогендік ықпалдар және адамның өзінің әсерінен болған зардаптар мазмұны аспектінде картографиялануы мүмкін екенін білуі керек. Биотаның негізгі, жетекші құрауышы рөлін өсімдік жамылғысы атқарады, сондықтан экологиялық картографиялау кезінде әдетте оған ең алдымен көңіл бөлінеді.

Оны картографиялау амалы әртүрлі болуы мүмкін: мыфсалы антропогендік әсерге душар болған өсімдік жамылғысының жай-күйі мақсаты ретінде немесе құралы ретінде болуы мүмкін. Бірінші жағдайда (өзіндік биоэкологиялық картографиялау) ең алдымен доминанттық және субдоминанттық түрлерге, жалпы топтастыруға, сирек кездесетін түрлерге көңіл бөлінеді, олар және тіршілік ету жағдайлары қорғаудың тақырыбы немесе мәні болып саналады. Екінші жағдайда (биоиндикациялық картографиялау) олардың ассоцияциялардағы рөліне қарамай индикациялық мәні бар түрлер зерттеледі. Екі жағдайда да ақпараттар көзі болып биотаны қашықтықтық, картографиялық немесе далалық зерттеулер саналады. Биоэкологиялық проблеманың құрамдас бөлігі болып биотаның адамға деген әсерін (неігізінен теріс әсерін) зерттеу саналады, ол медициналы-географиялық картографиялауға кіреді.

 

5. 2Студент биоэкологиялық картографиялаудың теориясы мен әдістемесі негіздерін дайындаған В. Б. Сочава (1979) және оның ғылыми мектебі екенін білуі керек. Бұл ғылыми бағытта картография өсімдік қауымдастықтарын сапалық жағынан бағалау негізінде жүргізіледі, олар абсолютті түпкілікті, практикалық жағынан түпкілікті, шартты түпкілікті, ұзақты-туынды және қысқа мерзімді-туынды болып айырылады.

Ормандардың түпкілікті типтері олардың түрлер құрамына қарай айырады. Бұл ақпараттың көздері – ұсақ масшабты каптрографиялау кезінде негізгі учаскелерде далалық зерттеулер мен бірге жүргізілген қашықтықтан зондылау материалдары, ал ірі масштабты зерттеулерде маршрутты бақылаулар.

Осындай әдісте топырақтың деградациялану дәрежелерін картографиялау жүргізіледі, деградациялану түрлері (физикалық, химиялық, биологиялық) олардың дәрежесіне қарай баллдармен бағаланады. Бейнелеудің негізгі әдісі – сапалық ая.

Өсіп-өну жағдайлары көптеген көрсеткіштерге қарай бағаланады, мысалы жылу және ылғалмен, қоректік элементтермен қамтамасыз етілуі және т.с.с. Көрсеткіштерді интеграциялаудың ең көп тараған амалы – баллдарды қосу (суммирование), бірақ ең дұрысы биоэкологиялық параметрлерді интеграциялау. Оның мәні жекеленген карталардағы (популяциялар тығыздығы, өсімдіктер мен топырақ жамылғысының бұзылуы, эрозиялынуы және б.) және жалпы ландшафтты каталардағы дербес көрсеткіштер арасындағы корреляциялық байланыстарды анықтау.

Жануарлардың жай-күйін және олардың мекендеу жағдайларын картографиялау аз тараған, үйткені олардың санын және популяция тығыздығын анықтау өте ауыр жұмыстармен шектелген.

Биоэкологиялық картографиялау, сонымен бірге жалпы биоэкологиялық зерттеулер, биотаны зерттеу мен қорғауға бағытталған және географиялық ғылым рамкасынан тыс қаралады. Осыған орай соңғының потенциалы шамалы пайдалынады.

5. 3Биоиндикациялық картографиялау атмосфера мен гидросфераның жай-күйі мониторингінің ең кең тараған әдісі ретінде әдебиеттермен жақсы қамтамасыз етелген. Кенттелген (урбанизация) аумақтардың ең негізгі индикаторы – тұрғындардың денсаулығы, ең алдымен балалардың. Ауылды және ландшафттары шамалы өзгерген жерлерде газғатөзімділік дәрежесі белгілі бір шектегі өсімдіктер зерттеледі, ал суқоймаларында – ең төзімділелері, тұрақтылары немесе ластануға сезімтал организмдер.

Биоиндикациялық картографиялаудың негізгі элементтері: аумақтық бірліктерді сұрыптау немесе таңдау, биоиндикаторларды таңдау, биоиндикаторлардың жай-күйін бақылау және өңдеу және бақылаудың нәтижелерін картографиялық түрде беру.

Аумақтық бірліктерді сұрыптау немесе таңдау зеттеулерінде пайдалынатын индикаторлар сипатымен анықталады және оған жалпы қойылатын талап – шекаралардың тосқауылдық рөліне байланысты олардың оңашаланған объективтілігі. Антропогендік әсерлер шамасын қайта бөлуде жетекші фактор – жер бедері.

Биота, өзіндік даму қасиеті бар болғандықтан аумақтық торкөзінде өзінің торын қалыптастырады және оларды сукцессияның әртүрлі сатысындағы өсімдік ассоциациялары құрайды.

Картографиялық мақсатта картографиялық емес бағытта (медициналық статистика, лесотаксация материалдары және б.) зерттелетін объектілердің индикациялық материалдары қолданғанда аумақтық бірліктерді таңдау амалсыздан сәйкесті ведомстоволық статистика ұйымдарымен (әкімшілік аудандары, емхана аумақтары, орман шаруашылығы, орман кварталдары) анықталады. .

Биоиндикаторларды таңдау дәрігерлі-статистикалық есептің жай-күйімен анықталады. Жалпы организмдердің ластануға деген кез келеген реакциясын биоиндикациялық деуге болады.

Нақтылы биоиндикаторларды сұрыптау проблемасы ғылыми әдебиетте кең жарияланған.

Биоиндикаторлардың жай-күйін бақылау – медициналық және биологиялық зерттеулердің бір түрі, оны медициналық және орманшаруашылығы тәжірибесінде жүргізіледі.

Бақылау нәтижелерін өңдеу және картографиялық түрде беру – бұл мазмұнына қарай көрсеткіштерді интеграциялау болып саналады және ареалдарды (әртүрлі суреттер сызықтары, штрихтеу, дақ) графикті түрде көрсету амалдары шекараның кеңістіктегі дәрежесін көрсетуге мүмкіншілік жасайды.

Аумақтың бірліктерде шоғырланған әртүрлі түрлер деңгейіндегі биоиндикациялық реакциялардың санды және сапалық сипаттамалары картограммалар және картодиаграммалар арқылы бейнеленеді.

Қауымдастықтар деңгейіндегі биоиндикациялық реакциялар флористикалық және фаунистикалық әртүрлілік көрсеткіштері арқылы көрсетіледі. Сонымен бірге жүйеленген топтар түрлерінің шартты қарапайым көрсеткіштерімен қатар бағалау көрсеткіштерінің туындылары пайдалынады, мысалы, лихеноиндикация мәліметтері бойынша атмосфераның тазалық индексі (ИЧА).

 

5. 4 Дәрігерлі-географиялық картографиялау орта факторларының адам денсаулығына оң (позитивті) және теріс әсерлерін бейнелеуге бағытталған. Орта факторларын және олардың әсер ету нәтижелерін көрсетуіне қарай карталарды дәрігерлі-географиялық жіктеудің әртүрлі топтарына жатқызуға болады: дәрігерлі-географиялық карталар және оған мазмұны жағынан жақын аурулардың табиғи және әлеуметтік алғышарттарын бейнелейтін қоршаған ортаны бағалау карталары және аурулардың нақтылы таралуын сипаттайтын нозогеографиялық карталар. Дәрігерлі-географиялық карталардың зерттеу заттары ( ауру факторлары ішінде): географиялық алғышарттар, олардың себептері әлеуметтік, тарихи және физикалы-географиялық, сонымен қатар аурулар көздері.

Ортаның абиотикалық факторларын дәрігерлі-географиялық картографиялау метеорологиялық мәліңметтер негізінде жүргізіледі. Карталарды құру кезінде климаттық параметрлер (жылдық, маусымдық, айлық жәее басқада температуралар, жайын-шашын қосындысы, жел жылдамдығы және т..б.) және адам экологиясы жағынан қажетті басқа да сипаттамалар (микроэлементтермен қамтамасыз етілуі, геодинамикалық процесстердің қайталануы және т.с.с.) пайдалынады.

Сонымен бірге көптеген, көбінесе изосызықты, жекеленген параметрлердің аналитикалық карталары құрылады, ал синтетикалық карталарда климат және жалпы ландшафттың қолайлылығы сапалық (сандық) аялар арқылы жиынтықталған сапалық бағалармен көрсетіледі.

Ортаның биотикалық факторларын дәрігерлі-географиялық картографиялау медициналық статистика мәліметтері арқылы жүргізіледі және көбінесе ұсақ масштабты каталарда. Сонымен бірге нозоареалдар кейде аурулар зақымдану дәрежесіне қарай түрлерге бөліп көрсетеді. Бейнелеу әдістері: ареалдар, сапалы ая, кейде белгілер (значки).

Ірі және орташа масштабты карталар аса көп таралмаған, үйткені нақтылы мәліметтердің толықтылығы үлкен мөлшерде болуы керек. Жалпы ірі масштабты карталар арнаулы далалық зерттеулер негізінде құрылады.

Орташа масштабты карталарды құрастыру кезінде далалық жұмыстардың рөлі төмендейді де картографиялық, әдебиеттік және дәрігерлі-статистикалық ақпараттар көздерінің материалдарын пайдалану артады.

Ірі және орташа масштабты картографиялау кезінде пайдалынатын негізгі әдістер мыналар: сапалық ая (аумақтық бірліктегі зиянды организмдердің қаныққандық-насыщенность сипаттамасы), белгілер (елді мекендердегі аурулардың сипаттамасы), картограммалар (административтік аудандар бойынша аурулар сипаттамасы), картодиаграммалар (аурулар құрылымы және динамикасы).

Нозогеографиялық картографиялау - бұл аурулар және олардың топтарының нақтылы таралуы медициналық статистика мәліметтері негізінде жүргізіледі. Бастапқы мәліметтер - емдеу-профилактикалық мекемелердің № 1фор­ма бойынша есептері, жекеленген тұрғындар мен № 1,2, 3, 6, 039У, 071/У формадағы сырқат топтарына қызмет ету есептері-қосымша беттер, сонымен қатар емхана қызмет ету аумағы, әкімшілік аудандары, қалалар және т.с.с. мәліметтері.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 146; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты