Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мемлекет және құқық теориясы пәні, әдістері




Билет

Мемлекет және қуқық теориясының пәні деп арнайы қогамдық өндірістік қатынастар мен тарихи дәстүрлерге байланысты қалыптасан мемлекет және құықтың негізгі категорияларының пайда болып, заңдылықпен дамып, заң ғылымының іргетасы болып танылатын білім жүйесінің жиынтығын айтамыз.

Мемлекет пен құқық теориясының әдістемесі – қоршаған ортаның шындығын зерттейтін әдістер мен жолдардың жиынтығы. Ондай әдістерді, жалпыға бірдей (әмбебап, жалпылама ғылыми, философиялық) және арнайы әдістемелерге бөліп көрсетеді. Жалпыға бірдей әдістеме барлық ғылымдардың білім саласына және оқулық пәндерге тән, себебі олардың негізінде табиғаттың, қоғамның және ойлаудың дамуындағы заңдылықтар бар. Ал жекелеген әдістемелерді, бір ғана ғылым не болмаса, ғылымдардың жиынтығы және арнайы ғылымдар қолданады.

Жалпылама ғылыми әдістемеге мынадай таным әдістемесін жатқызуға болады: идеалистік (метафизика) және материалистік (дуалистика);

Мемлекет пен құқық метафизика шеңберінде өзіндік мәні бар құбылыс ретінде қаралады, адам еркінен тәуелсіз өмір сүреді, тұрақты өзгермейтін құбылыс; олардың пайда болуы объективті танымдылықпен не адам сезімімен байланысты.

Диалектика – табиғаттың, қоғамның және ойлаудың жалпы дамуы туралы ғылым; тұрмыс пен таным туралы жалпы заңдылықтар. Осындай сөзсіз басымдылықтағы отандық ғылыми зерттеуде, мемлекеттік құқықтық құбылыс өмірді қоршаған ортада, өз дамуында динамикада басқадай қоғамдық тұрмыстық факторлармен экономикамен, саясатпен, мәдениетпен тығыз байланыста зерттеледі.

Метафизика мен динамикадан басқа, маңызды әдістеме-лердің біріне – синергетика – өзін-өзі ұйымдастыратын, күрделі әлеуметтік процестер туралы ғылым жатады.

Мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттейтін жекеле-ген ғылыми әдістерге жататыны мыналар:

• Формалды заңдылық (догматикалық) әдіс, ол құқықты зерттеу үшін пайдаланылады, жалғыз ғана өзіндік ерекшелігі бар «феномен» ретінде басқа құбы-лыстардан бөлек, жекешеленіп зерттеледі. Құқық ешнәрсемен бірдейлестірілмейді және салыс-тырылмайды (экономикамен, саясатпен, моральмен және этикамен). Мемлекеттік-құқықтық элементтер (олардың құрамы, қарым-қатынасы, негіздері) өздерінше «таза» конструкцияны жасау үшін зерттеледі.

• Терминологиялық зерттеу әдісі – мемлекеттік-құқықтық проблемалардың негізгі және шеттегі түсініктемелерімен пайдалану, мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды ғылымда бекіген түсініктер мен дефиницилерге талдау жасау арқылы зерттеу.

• Салыстырмалы-құқықтық әдіс дегеніміз – белгілі мемлекеттік-құқықтық институттарды, құқықтық құбылыстарды және процестерді басқа елдердің құқықтық жүйесімен салыстырып, олардың арасындағы

• ұқсастығы мен айырмашылығын ескере отырып, олардың көбірек тиімді жолдарын табу мақсатында пайдаланылады.

• Нақты социологиялық әдіс – мемлекет пен құқықты зерттеу кезіндегі мемлекет пен құқық туралы фактор-ларды еске алу, ол туралы қоғамдық пікірді, статистикалық мәліметті, тұрғындардың пікірін жинау және құқықтық эксперименттер жүргізу, т.б. байқау (құқық социологиясы).

• Құқықтық модельдер – таза (теориялық), заңды нормаларға қажетті идеяларды жасауға қажет (не үшін және ол қалай көрінетін болады, басқа нормалармен қандай қарым-қатынаста болады), бұл мол идеалдарын көрсету;

• Мемлекет пен құқық теориясының, тарихи-салыстырмалы әдісі дегеніміз зерттеудегі пайда болу мен даму заңдылығы, сонымен қатар, мемлекеттік және құқықтық институттарды, әр түрлі тарихи даму кезеңдерімен салыстыру.

• Логикалық әдіс – құқықты түсіндіруге логикалық жолдар мен құралдарды пайдаланады. Формалды логика заңдарына негізделген құқық – формалды белгіленген дұрыс жүйе, ол қандай құқық нормасы болмасын – біткен келісім нәтижесі.

Логикалық әдістердің түрлеріне: анализ, синтез, индукция және дедукция жатады.

Анализ – тұтастықты оның элементтеріне бөлу (мем-лекеттік аппараттың құрамын бөлу, құқық жүйесін салаларға бөлу, қарым-қатынастары мен ерекшеліктерін белгілеу, заңды құжаттарға талдау жасау (контент – анализ, яғни бөліп алып олардың негізгі элементерін зерттеу);

Синтез – алынған деректерді біріктіріп, тұтас көрініс жасау;

Индукция – жекешеден бастап жалпыға қарай зерттеу; мемлекет пен құқықтың жекелеген қасиеттері арқылы көріністі қалыптастыру. Мысалы, белгілі құқық нормаларының негізінде, заңды нормалардың құрылымын және барлық заңдардың құрылуындағы тұтастықты түсіндіруге болады. Нақтылы мемлекеттік органдардың белгілерін анықтау арқылы мемлекеттің механизмін түсінуге болады – бұл белгілі мемлекеттік функцияларды орындайтын мемлекеттік органдардың жиынтығы.

Дедукция – жалпыдан жекешеге қарай әңгімелеу (мыса-лы, нақтылы құқық саласынан оның құқықтық нормаларының ерекшелігі жөнінде).

Арнайы әдістерге әлеуметтік психологиялық, киберне-тикалық, статистикалық, т.б. жатқызуға болады. Мысалы, кибернетикалық әдіс, құқықтық информацияларды автоматты түрде тексеруге, сақтауға және құқықтық информацияны іздеуге пайдаланылады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 346; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты