Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мемлекеттің құрылым нысаны түсінігі мен түрлері




Мемлекеттік құрылыстың нысаны (формасы) дегеніміз – бұл ұлттық және әкімшілік-аумақтық мемлекеттің құрылысы оның құрылым бөліктерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының арасындағы қарым-қатынастарды сипаттайды.

Унитарлық мемлекет – бұл біртұтас мемлекеттік құрылым, әкімшілік-аумақтық бөліктерден тұрады, орталық билік органдарына бағынады және мемлекеттік тәуелсіздіктің белгілері жоқ (Франция, Түркия, Жапония, Финляндия, т.б.).

У нитарлық мемлекет әр түрлі жағдайларына байланысты бөлінеді:

• Қарапайым (тек әкімшілік-аумақтық бөліктерден тұрады, көбінесе өздерінің басқару аппараты болмайды, сондықтан тікелей билік органдарына бағынады – Чехия, Польша, Эстония, Марокко, Непал). Күрделі (сложный) – (өздерінің құрамында ұлттық не әкімшілік автономиялардың болуы – Испания, Италия, Дания, Украина, Франция, Финляндия);

• Орталықтандырылған (шеткі регионалды) органдар орталықтан тағайындалған лауазымды адамдармен басқарылады (Нидерланды), не болмаса, сайланған жергілікті биліктің өкілдері мемлекеттік шенеу-ніктермен бекітіледі (Индонезиядағы қалалық старосталар сияқты) және орталықтандырылмаған (Шеткі органдар орталықтан тәуелсіз қалыптас-тырылады (Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Жапония, Испания, Италия, т.б.).

Федерация – бір одақтық мемлекетке бұрынғы тәуелсіз мемлекеттердің бірігуі (Ресей, АҚШ, Канада, Мексика, Австралия, Бразилия, Үндістан, Пакистан, Аргентина, Австрия, Белгия, Швейцария, Малайзия, ФРГ, Нигерия, Эпиопия, Танзания, т.б.).

Федеративтік мемлекеттерге тән ерекшеліктерге жататындар: федерацияның аумағы, олардың субъектілерінің жерлерінен құралады (штаттардың, эмираттардың, провинция-лардың, кантондардың, жерлердің, республикалардың, облыстардың, т.б.); Федеративтік мемлекетте екі мемлекеттік аппарат жүйесі болады (атқарушы, заң шығарушы, және сот билігі федералдық мемлекеттік органдардың қолында), екі заң шығару жүйесі және екі азаматтық (федерациялық және оның субъектілерінің); бір ақшалық жүйе белгіленеді; федерация субъектілерінің маңыздырақ тәуелсіздігі бар: федералды мемлекеттік құрылымда, парламентте федерация мүшелерінің мүддесін қорғайтын палата бар; федерация субъектілерінің егемендігі федерация субъектілері үшін тежелген.

Федерациялар былай бөлінеді: келісімділік (бірнеше мемлекеттер бір-бірімен федерация құруға келісіп, бір мезгілде егемендігінің көп бөлігін құрылатын федерацияның қарауына береді) және конституциялық (унитарлық, жартылай федеративтік ауысуы, соған сай қабылданатын конституцияда көрсетілуі (бекітілуі);

Симметриялық (федерация субъектілерінің құқықтық жағдайлары бірдей – АҚШ) және ассиметриялық (субъектілер өздерінің құқықтық статусы бойынша бөлектеу екені көрініп тұр, мысалы, олардың кейбіреулерінің мемлекеттік білім статусы бар, ал басқалары аумақтық субъектілерге жатады – РФ, Үндістан), аумақтық (Австралия, Мексика) және ұлттық, сонымен қатар аралас – ұлттық-аумақтық, мысалы, Ресей Федерациясы сияқты.

Конфедерация жалпылама мүдделерді қамтамасыз ету мақсатында құрылған егеменді мемлекеттердің уақытша заңды одағы.

Федеративтік құрылымнан конфедерация өзгешелігі мынадай жағдайлармен сипатталады: әдеттегідей егеменді мемлекеттердің арасындағы келісімдер арқылы пайда болады және олардың одақтан шығу бостандығы алдын-ала белгіленеді, федерациядан айырмашылығы сонда, олардың заң шығару, атқару және сот органдары, біртұтас (армиясы) әскері, біртұтас салықтық жүйесі, мемлекеттік қаржысы жоқ, уақытшы одаққа кірген мемлекеттердің тұрғындарының азаматтықтары сақталады.

Әдеттегідей конфедеративтік мемлекеттер көп жасамайды олар бөлініп кетеді не федерацияға айналады.

Достық (содружество) – ұлттық, саяси, экономикалық және басқадай мүдделердің қарым-қатынасына негізделген тәуелсіз мемлекеттердің бірігуі.

Мемлекеттік құрылым нысаны– бұл мемлекеттің аумақтық құрылымы, оның құрамдас бөліктерінің және осы бөліктердің әрбірінің мемлекетпен қарым-қатынасының сипаты. Барлық мемлекеттер өздерінің мемлекеттік құрылымы бойынша жай және күрделі болып екіге бөлінеді.

Жай немесе біртұтас мемлекет –бұл өз ішінде бөлінбейтін тұтас мемлекет, оның өз ішінде дербес мемлекеттік құрылымдар болмайды, бұл мемлекетте жоғары органдардың біртұтас жүйесі, заңнаманың ортақ жүйесі, ортақ сот жүйесі, ортақ азаматтығы мен салықтардың бір каналды жүйесі болады.

Күрделі мемлекет – бұл белгілі бір дәрежедегі дербестікке ие жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империялар, федерациялар, конфедерациялар, достастықтар мен одақтастықтар жатады.

Империялар күштеу арқылы құрылатын күрделі мемлекеттер, бұларда құрамдас бөліктердің жоғары билікке бағыныстылық деңгейі әртұрлі болған. Империялардың басты ерекшелігі–олардың құрамдас бөліктерінің ешқашан ортақ мемлекеттік-құқықтық мәртебесі болмаған.

Конфедерация империяға қарағанда ерікті негізде құрылады. Бұл нақты бір тарихи кезең шегінде белгілі бір мақсаттарға жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құраған егеменді мемлекеттер халықаралық-құқықтық қатынастар субъектісі болып қала береді, оларда өз азаматтығы, билік, басқару және сот әділдігі органдарының жүйесі болады.

Федерация –бұл күрделі, одақтас мемлекет, оның бөліктері мемлекеттік құрылымдар болып табылады және және белгілі бір дәрежеде мемлекеттік егемендікке ие болады; федерацияда жоғарғы федералдық органдар мен федералдық заңнамамен қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамасы да болады; федерауияда салықтың екіканалды жүйесі пайдаланылады, оның белгілерінің бірі болып қосазаматтық табылады. Федерациялар аумақтық немесе ұлттық-мемлекеттік қағида бойынша құрылуы мүмкін.

Достастық–бұл ортақ белгілермен, біртектіліктің белгілі бір деңгейімен сипатталатын мемлекеттердің ұйымдастырушылық бірлестігі. Оларды біріктіретін белгілер экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге қатысты болуы мүмкін. Достастықтың мүшелері–бұл толығымен тәуелсіз, егеменді мемлекеттер, халықаралық қатынастардың субъектілері.

Одақтастық– бұл қоғамды мемлекеттік ұйымдастырудағы ауыспалы нысан. Одақтастықтың негізінде көп жағдайда мемлекетаралық шарт болады. Ол одақтастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық байланыстарын күшейте түседі және оларды конфедеративтік бірлестікке қарай итермелейді


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 614; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты