Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ық пен моральдың арақатынасы




Қоғамдық – саяси және заң баспасөздерінің беттерінде қазіргі күні ең өзекті және ауқымды мәселелердің бірі ретінде қоғамдық және жеке өмірдегі мораль мен құқықтың бірлігі, айырмашылықтары тақырыптары танылады. Және бұл кездей емес: құқық және мораль - мінезі нақты-тарихи жағдайлармен және қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымымен анықталатын әркезде біртұтас әрекет ететін адами мәдениеттің басты элементтері болып табылады.

Мораль – адамдардың әрекеттерінде және қозғалыстарында айқындалатын, жеке сенімдерінен, әдеттерінен, тәрбиелерінен, қоғамның, нақты кластардың немесе әлеуметтік топтардың әсерінен көрініс табатын, олардың арасындағы бір-біріне деген, қоғамға деген, мемлекеттің нақты әлеуметтік топтарына деген қатынастарды реттейтін нақты тарихи айқындалған көзқарастардың, нормалардың, бағалаулардың, сенімдердің жүйесі.

Құқық – әрекеттер мен қозғалыстардың жауапкершілігі мен еркінің өлшемі болып табылатын, қоғамдағы әртүрлі топтардың жалпы бірыңғай еркін білдіретін жалпы міндетті мемлекеттік қағидалар мен мақсаттардың бірлігі.

Сонымен, құқық – саяси-заңды құбылыс қана емес, сонымен қатар әлеуметтік-ізгілік құбылыс болып табылады. Азаматтық қоғамның құқықтық өмірі адамгершілік, ақиқат, ұят пен ар-ождан, жақсылық, адамгершілік қасиеттір, еркіндік пен жауапкершілікті мораль категорияларынсыз дами алмайды.

Құқық пен моральдың қатынастары – көріністердің әр түрлілігімен: біріншіден, бірлілігі мен тұтастығы; екіншіден, айырмашылық; үшіншіден, тұтастай әрекеттерімен мінезделетін үрдіс.

Құқық пен мораль нормаларының бірлілігі мен тұтастығы мыналармен сипатталады:

-Қоғамдық сананың және қоғамдық қатынастардың нысаны ретінде мораль мен құқық өз араларында өзара ұқсастықтарға ие, өйткені екеуі де ортақ әлеуметтік функцияларды атқарады:

-қоғамдағы адамдар арасындағы әрекеттерді реттеудің қажетті құралы болып табылады, нормативтік мінез танытады, және азаматтар ереже бойынша, ерікті және есті түрде осы нормалар мен принциптерді орындайды;

-ізгілік жіне құқық оларға ортақ жалпы адами құндылықтар негізінде дамиды.

Бұған қарамастан, құқық нормалары, ерекшелік ретінде, жазбаша түрде болады, яғни мемлекетпен ресми бекітіледі, ал мораль нормалары көбінесе қоғам санасында өмір сүреді.

Бұл нормалар жалпылық мінез танытады, қоғамның барлық мүшелерін қамтиды. Бұдан басқа, моральдық және құқықтық талаптар бағалау-басымдық мінездеріменен біріктірілген.

Мораль мен құқықтың ұқсастықтары:

1) Қоғамдық сананың формасы;

2) жалпы адамдық құндылықтар фундаментінде мораль мен құқықтың ортақ даму;

3) моральдық және құқықтық қатынастар аясының ұқсастығы;

4) мораль және құқықтық қатынастар талаптарының мақсаттары, тапсырмаларының біртұтастығы;

5) қоғамда адами тәртіпті реттеу функциясы – басты

6) қоғамдағы адамдар тәртіптерін реттейтін нормалардың біртұтастығы;

7) мораль және құқық нормалары мен қағидаларын орындаудың міндеттілігі.

Мораль мен құқықтың айырмашылықтары:

1) мораль нормалары жазбаша емес түрде болады, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерде рәсімделеді, ал құқық формальды анықталған және ресми құжаттарда бекітіледі;

2) Мораль нормалары халықтармен бекітіліп отырды, ал құқық нормалары мемлекетпен бекітіледі.

3) Мораль қоғамдық көзқарастарды қамтамасыз ету тетігі, ал құқық мемлекеттің биліктік санкциясын қамтамасыз ету тетігі;

4) Мораль ерікті таңдаудың кең ауқымдылығын қамтиды, ал құқық та нормативтік құжаттармен ерікті таңдау қатаң шектелген.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 203; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты