Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ықты түсіндіру ұғымы мен қажеттілігі




Құқық нормаларын түсіндіру – бұл мемлекеттің, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жекелеген азаматтардың құқық нормаларының мазмұнын түсін-діруге, оларда көрініс тапқан билік басында тұрған əлеуметтік күштердің еркін ашуға бағытталған қызметі. Түсіндіру процесін-де нормативтік ереженің мəні, оның негізгі мақсаты мен əлеумет-тік бағыттылығы, түсіндіріліп отырған актінің мүмкін салдары, оның құқықтық реттеу жүйесіндегі орны жəне т.б. анықталады. Я

Түсіндірудің мақсаты – заңшығарушының не айтқысы келгенін емес, оның қалыптастырған ережесінің мəнін анықтау. Түсіндіру қолданыстағы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізбейді жəне енгізе алмайды да, ол заңдағы ережелерді түсіндіруге жəне нақтылауға бағытталған. Түсіндіру екі жақтан құралады:

- норманың мəні мен оны түсіндіруді түсіну (өзі үшін);

- норманың мазмұнын түсіндіру (өзгелер үшін).

2. Түсіндіру тəсілдері – бұл құқықтық нормалардың мазмұнын анықтауға бағытталған тəсілдер мен бағыттардың жиынтығы. Түсіндіру тəсілдерінің мынадай түрлері бар:

1) грамматикалық – тіл құралдарының, грамматика ерже-лерінің, орфографияның жəне т.б. көмегімен түсіндіру;

2) логикалық – логика заңдарының жəне ережелерінің көме-гімен түсіндіру;

3) жүйелік – заң нормасының басқа нормалармен жүйелік байланысын, нақты жүріс-тұрыстың құқық жүйесіндегі орны мен рөлін талдау арқылы түсіндіру;

4) тарихи-саяси – құқықтық норманы қабылдаудың нақты-тарихи жəне саяси жағдайларының көмегімен түсіндіру;

5) телеологиялық (мақсатты) – нормативтік актіні қабылдау мақсаттарын анықтаудың көмегімен талқылау;

6) арнайы-заңды – заңнамада қолданылатын заң терминдерінің мазмұнын ашу арқылы түсіндіру.

3. Субъектілер бойынша түсіндіру түрлері. Субъектілеріне байланысты түсіндірудің мынадай түрлері болады:

- ресми; мұндай түсіндіруді өкілетті субъектілер ғана береді, олар арнайы актіде көрініс табады жəне заңды салдарды туын-датады;

- бейресми; мұндай түсіндірудің заңды міндетті мəні болмайды жəне биліктік күші жоқ.

Ресми түсіндіру нормативтік (тұлғалар мен жағдайлардың кең шеңберіне таралады) жəне казуалды (тек нақты бір жағдай үшін міндетті болып табылады) болып екіге бөлінеді. Нормативтік түсіндіру, өз кезегінде, аутентикалық (нормативтік актіні қабыл-даған органмен беріледі) жəне легалды (өкілетті субъектілер береді) болып екіге бөлінеді.

4. Көлемі бойынша түсіндіру түрлері. Түсіндірудің нəтиже-лері заң нормаларының шын мəніндегі мазмұны мен мəтінінің арақатынасына қарай əр түрлі болуы мүмкін. Осындай арақаты-настықтың негізінде түсіндірудің үш түрін бөліп қарастырады (көлемі бойынша түсіндіру):

1) дəлме-дəл түсіндіру – құқық нормасының шын мəніндегі мағынасы мен оның мəтіндік көрінісі сəйкес келген жағдайда мүмкін;

2) шектелген түсіндіру – құқық нормасының шын мəніндегі ма-ғынасы оның мəтіндік көрінісінен тар болған жағдайда қолда-нылады;

3) кеңейтілген түсіндіру – құқық нормасының шын мəніндегі мағынасы оның мəтіндік көрінісінен кең болған жағдайда қол-данылады.

5. Құқықты түсіндіру актілері. Құқықты түсіндіру актісі – бұл заң нормаларының мағынасын түсіндіруге бағытталған құқықтық акт.

Құқықты түсіндіру актілерінің ерекшеліктері:

- заң нормаларының мағынасын түсіндіруге бағытталған;

- нормативтік емес, нақтылаушы ережелерден құралған;

- дербес сипатқа ие емес жəне өзі түсінідіріп отырған норма-лармен бірге əрекет етеді;

- құқықтың қайнар көзі болып табылмайды.

Құқықты түсіндіру актілерінің төмендегідей түрлері болады:

1) ресми түсіндірудің түрлеріне қарай олар нормативтік (аутен-тикалық жəне легалды) жəне казуалды түсіндіру актілері болып бөлінеді;

2) түсіндіруді жүзеге асырып отырған органдарға қарай – мем-лекеттік билік органдарының, басқару органдарының, сот, проку-ратура органдарының түсіндіру актілері;

3) құқықтық реттеу пəніне қарай – қылмыстық, азаматтық, əкімшілік жəне т.б. құқықты түсіндіру актілері;

4) сипатына қарай – материалдық жəне іс жүргізушілік түсін-діру актілері;

5) нысанына қарай – жарлықтар, қаулылар, бұйрықтар, нұсқау-лар жəне т.б.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 231; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты