Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ық қолдану процесі сатылары




Құқық нормаларын іс жузіне асыру деп қуқық субъектілерінің құқық нормаларының талаптарымен келісіп, құқыққа сай мінез- құлықтың қалыптасуы, адамдардың өздеріне жуктелген субъективтік құқықтары мен құқықтық міндеттерін іс жүзіне асырудағы қызметтерін айтады. Теорияда құқық нормаларын іс жүзіне асырудың негізгі төрт әдісі бар: сақтау, орындау, пайдалану және колдану.

Құқық нормаларын сақтау - индивидтердің, субъектілердің мемлекет қабылдаған барлық нормативтік құқықтық актілерін, кесімдерін саналы түрде сақтауы. Адам өз тарапынан тыйым салынатын және міндеттейтін құқықтық нормаларды сақтаулары тиіс. Сондай жағдайда ғана құқық нормалары іс жүзіне асырылады, құқықбұзушылық орын алмайды.

Орындау арқылы құкык нормалары субъектінің белсендігімен іс жүзіне асырылады. Орындау арқылы жоғарғы органдардың төменгі сатыда тұрған органдарға берген нұскаулары іс жүзіне асырылады. Құкықты іс жүзіне асырудың келесі әдістердің бірі — пайдалану. Пайдалануда субъектілер заң мен құкык нормаларында бекіткен кұкыктарын іс жүзіне асыру аркылы максаттарына жетеді, бұзылған немесе кол сұғылған игіліктерін калпына келтіреді. Пайдаланудың субъектілері мемлекеттік органдар және мемлекеттік емес ұйымдар.

Кұкык нормаларын іс жүзіне асыруының төртінші әдісіне құқық нормаларын колдану жатады. Адам құкык нормаларын өзіне- өзі қолдана алмайды. Құкықты қолдану мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға берілген өкілеттік. Сондыктан құкық нормаларын қолдану оларды іс жүзіне асырудың тәсілі болып саналады. Тәжірибеде құқык колдану мынандай ерекшеліктерге ие:

1. Кұкык колдану әрқашанда арнайы өкілеттілікке ие болған мемлекеттік оргаңдардың (сот, прокуратура, полиция, әділет және т.б.) біліктілік кызметтері және функциялары арқылы іс жүзіне асырылады.

2. Құқык колдану аркылы мемлекет субъектілердін құкық нормаларын сактауға, орындауға міндеттейді, бұзылған, қол сұғылған құкыктар мен игіліктер қалпына келтіріледі,

3. Мемлекет кұкык колдану барысында тек ғана заңға бағынуы тиіс. Заң бұрмаланып колданылған кұкықтық нормалар адам құқықтарын аякка таптауға және бассыздык пен заңсыздыкқа әкеп соқтырады.

Құқык колдану кұқық нормаларын іс жүзіне асырудың ең маңызды тәсілдерінің бірі. Құқық колдану күрделі процесс ретінде бірнеше сатылардан тұрады және оларға койылатын талаптар өте зор. Кұкык колданудың бірнеше сатылардан өтуінің негізгі максаты істі, оқиғаны жан-жақты, терең мағанада ұғыну, зерттеу жэне сол аркылы қателіктер мен әділетсіздікке жол бермеу болып табылады. Қүкык колдану мынандай сатылардан тұрады.

Бірінші сатысы — каралатын істі жан-жақты зерттеу, танып білу. Бұл сатьща күқык колданатын орган болған жағдайларды дәлелдер мен айғактардыц корытындыларын зерттей келе жағдайлардын, болған окиғалардың шынайы көрінісін жасау болып табылады.

Екінші сатысы — қаралып отырған іске, оқиғаға, сол катынастарды реттейтін, қорғайтын кұкык нормасын табу және жасалған әрекеттін квалификациясын дәлме-дәл беру. Бұл саты ең күрделі және құкык колданатын лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдардан аскан жауапкершілікті және білімділікті талап ететін сәт болып табылады.

Үшінші саты - кұкық қолдану кесімін шығару. Кесім мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың мәртебелері мен құкықтык жағдайларына байланысты жарлык, өкім, шешім, бұйрық, үкім болуы мүмкін.

Құкык кодданудын төртінші сатысы — кесімдерді іс жүзіне асыру, яғни олардын нактылы мерзімде орындалуын камтамасыз ету. Егер құқық колдану кесімі іс жүзіне аспаса, орындалмаса бүкіл құқық колдану процесінін кызметі зая кетеді, тек тілек ретінде кағаз жүзінде калып кояды.

Заң әдебиетінде кұкык колдану кесімдері негізіңде екі түрге бөлінеді. Біріншісі - реттейтін және екіншісі күкык, корғайтын. Реттейтін құқық колдану кесімдері өмірдің барлык салаларын қамтиды және кен, аукымды салалар мен катынастарға әсер етеді. Атап айтканда экономика, әлеуметтік. саяси, катынастарды реттеу, дамыту сиякты мәселерге байланысты колда нылады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 130; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты