Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мектеп математика курсының мазмұны, қағидалары және әдістемелік аспектілері




Мектеп математика курсының мазмұны мен құрылымы осы курстың мақсатына сәйкес болуы керектігі айдан анық.Біз оқу пәні ретіндегі математиканың мақсаттары туралы мұқият талдадық,оның басты мақсаты-оқушыларды дамыту мен тәрбиелеуге бағытталған. Сондықтан мектеп математика курсының мазмұны мен құрылымы бар мүмкіндігінше оқушы тұлғасын тәрбиелеу мен дамытуға, оларда адами сана мен мінез-құлық, шығармашылық белсенділік, әлеуметтік кәмелеттік сияқты іргелі қасиеттердің қалыптасуына ықпал жасауы тиіс.

Жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқытудың мақсаттарына, оқушы тұлғасын тәрбиелеу мен дамытуға қол жеткізу неге тәуелді болады?

Біздің ойымызша ол келесі факторларға байланысты:

оқыту мазмұнына, оқыту процесінде оқушылардың қандай білім, білік және дағдылар игеруіне, осы білім, білік және дағды оқушыларға қандай үйлесімділікпен берілуіне, сол білімдердің кеңдігі мен тереңдігіне, білік пен дағдының қаншалықты берік болатындығына.

оқыту математиканың қоршаған ортамен қаншалықты байланысты болатындығына, абстрактілі математикалық ұғымдардың күнделікті өмірде қандай түсініктер, құбылыстар мен деректер негізінде қлыптастырылатындығына, оқыту процесінде алынған білім мен білік қандай практикалық қосымшалар келетіндігіне, осы білімдер қандай пәлсафалық, әдіснамалық тұрғыдан қалай негізделуіне, оқыту мазмұны тарихи көзқарас тұрғысынан қалай баяндалатындығына.

математиканы оқыту қандай жүйеде, басқа пәндермен қандай байланыста болатындығына, математиканы оқыту басқа пәндерді оқып-білу үшін қажетті баға құрай ма, басқа пәндерді оқып-үйренуге қажетті білім және білікпен толық қаруландыра ма, басқа жағынан алғанда басқа пәндерді оқытқанда математикалық білім мен білік жеткілікті қосымша болуды иелене ме және олардың мазмұны қандай?

математиканы оқытудың ұйымдастырылуына, оқыту процесінде қандай әдістермен тәсілдер қолдануға, білімді оқушы мұғалім басшылығымен өз бетінше, белсенді түрде жұмыс істей отырып игере ме, білім мен білік қаншалықты саналы және берік, әлде тек жаттығу арқылы ғана қалыптастырыла ма?

ең ақырында, оқушының өзі қалай оқиды, оқуға деген ынта-ықыласы қандай, пәнге қызығушылығы қаншалықты, барлық тапсырмаларды өз бетімен орындай ма немесе басқалар көмекке келе ме, оқулықпен және басқа да қосымша материалдармен жұмыс істейді математикадан алынған білім мен білікті өзінің іс-тәжірибесінде пайдалана ма, егер пайдаланса ол қандай деңгейде.

Соңғы фактор өзекті болып табылады, алдыңғылардың орындалуы осыған көп байланысты.

Ол мақаланың бір ойына қарсы пікір айтқымыз келеді.Тұлға интелектісінің сипатының деңгейі қабылданған ақпарат және осы ақпаратты қойылған мақсатқа қолдану қабілетіне байланысты деген түйін түйеді. Бұл сипаттамадағы «ақпарат» термині біздің ойымызша өте тар, ол терминнің орнында күнделікті бойға сіңген «білім» тіркесі болуы керек.

Қоғам дамудың қазіргі кезеңіндегі мектептегі білім беруді қайта құрудың негізгі міндеттерін Г.В.Дорофеев былай тұжырымдайды: «...оқытудың әдістемелік жүйесін оның білімдік, ақпараттық міндетіне қатысты алғанда, оқытудың дамушылық міндетіне басымдылық беруге бағдарлау керек, оқушылар меңгеруге арналған ақпарат көлемін арттырудан гөрі, сол ақпаратты қолдану біліктілігін қалыптастыруға көшуге акцент жасалу керек, яғни жалпы терминмен айтқанда мектептегі білім берудің экстенсивтілігінен интенсивтілікке көшу керек».


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 220; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты