Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Математикалық оқытудағы индукция мен дедукция




Индукция мен дедукция негізгі ой-тұжырымдардың біріне жатады. Индуктивтік ой-тұжырымы ежелгі грек философы Сократтың (б.э.д. 469-399 ж.ж) еңбектерінде алғаш рет келтірілген.

Индукцш - (латын: іпсіисгіо-жетелеу) екі немес< бірнеше дербес пікірлерден жаңа ортақ пікірге көшетін ой-тұжырымы.

Белгілі бір құбылысты не объектілер жиынтығыи зерттеу мақсатымен жеке-жеке құбылыстардың (объектілердің] қасиеттерін зерттеу арқылы, қарастырылып отырғаң құбылыстың (объектінің) ортақ жалпы қасиетін анықтау жолын индукция деп түсінеміз.

Оқыту үрдісінде дербес ой қорытындыларынан ортақ ой қорытындысына көшу жолын индукция депатаймыз.

Дедуктивтік әдіс деп неғұрлым жалпы талдаудан жекеге, жалпы қағидадан дербес қорытындыға көшу тэсілін түсінеді. Математикалық дәлелдеулерде негізінен дедуктивтік әдіс жиі қолданылады. Ал дедуктивтік дэлелдеулер дедуктивтік силлогизмдер тізбегінен құрылады.

Дедуктштік эдіс бір ортақ талдаудан жэне бір дербес гшідаудан жаңа дербес талдауға келу ой тұжырымы. Сонымен дедуктивтік эдіс жаңа сөйлемді дэлелдеуді көздейді

5 - м ы сал.

1) Ортақ пікір: « Барлық аттас дұрыс көпбұрыштар ұқсас»

Дербес пікір: «Берілген дұрыс көпбұрыштар аттас»

Жаңа пікір: «Берілген дұрыс көпбұрыштар ұқсас»

Әдетте қорытынды жасау үшін, эрбір пікірде ортақ гсрмин болуы қажет.

Бірінші мысалда ортақ термин " ЕКОБ", ал екіншісінде - "дұрыс көпбұрыштар" деген сөз тіркестері.

Дедуктивті ой қорытудың дұрыстығы берілген иікірлердің дұрыстығына байланысты. Егер екі пікір де дұрыс болса, онда қорыту ережесі дұрыс қолданылған жэне қорытындының дұрыстығы даусыз.

Дедуктивтік ой қорытудың, мынадай түрлері бар:

Жалпы ортақ талдаудан (ой-тұжырымынан) жаңа жеке пікірге (ой-тұжырымына) келу ой қорытындылары.

6 - м ы с а л:

Ортақ талдау: «ЕКОБ (а,в) =1 болса, а мен в өзара жай сандар»

Дербес талдау: «ЕКОБ (5,19) =1»

Жаңа дербес пікір: «5 пен 19 - өзара жай сандар»

2.Жалпы талдаудан жалпы қорытындыға келу ой қорытындысы.

- м ы с а л:

Барлық жұп сандар 2-ге бөлінеді;

Барлық тақ сандар 2-ге бөлінбейді;

Бір де бір жұп сан тақ сан бола алмайды.

3, Жеке қағидадан дербес қағидаға апаратын ой қорытындылары.

 

№10– Тақырып: Математиканы оқыту психологиялық –педагогикалық негіздері.

Жоспары

Математиканы оқытудың психологиялық негіздері.

Математиканы оқытудың педагогикалық негіздері.

Жаңашыл педагогтардың технологиялық оқыту жүйелерінің әдістемелік ерекшеліктері.

Математика пәніне оқытудың танымдық қызығушылығын қалыптастыру.

 

Педагогикадағы дидактикалық принциптер:

1.Оқыту процесінің мақсаттылық принципі;

2.Оқытудың ғылымилық принципі;

3.Түсініктілік принципі;

4.Жүйелілік принципі;

5.Саналық және белсенділік принципі;

6.Көрнекілік принципі;

7.Педагогикалық процестің бағыттылық принципі;

Осылардың ішіндегі көрнекілік принципі туралы: көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский т.б. Осы принцип негізінде алғаш оқытудың әдістемесін жазды. К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік- балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді.

Оқыту процесінде сөзбен іс, теория мен практика озара байланыста болады.Әртүрлі көрнекілік қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Мысалы, жоғары сыныптарда сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге әсер етеді. Сонымен, көрнекілік принципінің оқыту материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орны ерекше.

Көрнекілік түрлері: Табиғи көрнекілікке коллекциядағы кептірілген өсімдіктер, хайуандар мен құстардың тұлыбы, минералдар және т.б. жатады. Заттармен бейнелеу көрнекілігі: муляж, геометриялық фигура, макет, портреттер, архитектура, кескіндеме және мүсін үлгілері, жер бетінің бедеріт.б. Симболикалық көрнекілікке : қатарлар, карто- граммалар, схемалар, диаграммалар, кестелер жатады. Мысалы кестенің бірнеше түрлері бар. Олар: хронологиялық, синхрондық, тақырыптық, графикалық кестелер.

Экранды-динамикалық көрнекілік шындық дүниені бейнелейді. Олар: диапозитивтер, диафильмдер, эпипроекциялар, оқу киносы, оқу теледидары. Дыбысты техникалық көрнекілікке аудио дискілер, радиоқабылдағыштар жатады. Көрнекі құралдар оқу материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді есте жақсы сақтау және жеңіл түсіну үшін қолданады.[5].

 

Енді математиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері жайлы айтар болсақ:

Ғылыми принципі;

Математиканы оқытудағы көрнекілік принципі;

Математиканы оқытудағы саналық және белсенділік принципі;

Математиканы оқытудағы жүйелік және реттілік принципі;

Математиканы оқытудағы түсініктілік принципі.

Осы принциптердің ішіндегі математиканы оқытудағы көрнекілік принципі, ол оқушылардың оқу материалын қабылдау, талдау және жалпылау үрдісінің мәнінен туындайды. Оқу барысында әр түрлі кезеңдерінде көрнекілік түрліше функциялар орындайды. Математиканы оқыту практикасы бұл принципті жүзеге асыруға бағытталған арнайы құрал жабдықтар жасауды қажет етеді (геометриялық фигуралардың моделдері, кестелер, оқу диафильмдері, кинофильмдер, теледидар, микрокалькуляторлар және т.б.).

Ескертетін бір нәрсе, көрнекілікті қалай болса солай қолдана бермей, тек қажеттілігіне, тиімділігіне қарай пайдалана білудің маңызы зор. Мысалы, стереометрияның алғашқы сабақтарында фигуралардың әртүрлі моделін көрсету оқушылар үшін пайдалы болады деп, кейінірек олардың кеңістік қиялын дамытуға кері әсер етуі мүмкін, яғни стереометрияны үйретуде нақты көрнекілік біртіндеп «абстрактылық көрнекілікке (жазық сызбаларды қарастыру) орын беруі тиіс» [1].

Оқытудың техникалық құралдарының ең маңызды дидактикалық ерекшелігі оның ақпаратпен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілгендігінде. Бұл өз кезегінде оқу үрдісінде уақытты тиімді пайдалануға, оқыту сапасын арттыруға септігін тигізеді. Дегенмен, сабақта оқушылардың ақпаратты қабылдау мүмкіндігінен ақпарат көлемін асырмау қажет. Оқытудың техникалық құралдары арқылы оқытатын құбылыстар мен үрдістерге тереңірек бойлай аламыз. Компьютерлік технология мен оқытудың техникалық құралдары көмегімен оқушыларға мектеп жағдайында көрсетілуі қиын немесе мүмкін емес құблыстарды көрсете аламыз. Оқытудың техникалық құралдары көмегімен, оның ішінде экрандық- дыбыстық құралдар көмегімен оқу материалын ғылымы ақпараттық тұрғыдан бере аламыз. Сонымен компьютер мен оқытудың техникалық құралдары төмендегі мәселелерді қамтиды:

Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпаратты бере отырып, оқу сапасын арттырады;

Оқытудың көркемділігін арттырады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді;

Оқушылардың тиімділігін жоғарлатады және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;

Оқушылардың ғылыми дүниетанымын көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қалыптастырады;

Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасвайды;

Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.

Оқыту құралдарын белгілеріне қарай мынадай түрлерге жіктейміз:

Ондағы қолданылатын материалдарға байланысты(сөздік және бейнелік);

Қабылдау түрлеріне орай (көру, есту, көру- есту);

Материалды беру тәсіліне қарай (техникалық аппарат көмегімен немесе техника көмегінсіз, дайын кестелер, диакадр, кинотаспа);

Онымен жұмыс істеуді ұйымдастыру формасына қарай (демонстрациялық құрал негізінде фронтальді және үлестірмелі бейнелік материал негізінде жеке қолдануға арналған).

Оқытудың техникалық құралдарының ішінде қабылдауға арналғандары жиі қолданылады. Олар:

Оқытудың экрандық құралдары;

Оқытудың экрандық- дыбыстық құралдары.

Ал, компьютерлік техника (ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдары) оқытудың басқа құралдарына қарағанда өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары бар, қолдану мүмкіндігі де кеңірек.

Экрандық оқу құралдарына диапозитив, транспаранттар, диафильмдер, эпиобъектілер, сондай- ақ үнсіз көрсетілетін киноүзінділер мен кинофильмдер жатады.

Оқу диопозитивтері- оқу және тәрбие мақсатында қолдануға арналған бейнелер топтамасы. Оларды фотографиялық тәсілмен түссіз материалға (шыны немесе таспаға) түсіреді. Сөйтіп, диапроектор көмегімен бейнені жазықтыққа (экранға) түсіріп көрсетеді.

Транспаранттар- полиграфиялық және фотографиялықжолмен түсірілген түссіз таспадағы бейнелер. Транспоранттар графопроектор көмегімен демонстрациялап көрсетеді.

Эпиобъекті-экранға жарық көмегімен проекцияланатын жазық объектілердегі бейнелер (сызбалар, суреттер, фотографиялар, мәтіндер және т.б).

Оқу диафильмдері- оқу ақпаратын алдын- ала тізбектей көрсету үшін кадр түрінде ені 35 мм түссіз таспаға фотографиялық жолмен әзірленген бейнелер топтамасы.

Оқытудың дыбыстық құралдары. Әртүрлі радиоқабылдағыштар мен дыбыстық жазбалар (магниттік жазбалар, грампластиналар). Оқытудың экрандық- дыбыстық құралдары оқу кинооқулықтар, оқу теледидар хабарлары, бейне жазбалар, дыбыстық диафильмдерін біріктіреді. Кинооқулық- бұл кинотаспадағы дыбыстық түрде берілетін жылжымалы объектілердің позитивтік фотографиялық бейнесі. Оқу кинооқулық қорына кинофильмдер, киноүзінділер жатады. Бейне жазбалар- бұл арнайы магниттік таспа бейнемагнитафон мен теледидар камерасы көмегімен жазылған бейне және дыбыс. Теледидар экранда бейнелеу үшін қолданылады [4].

Енді, математика сабағында компьютер мен оқыту құралдарын кешендік пайдалану әдістемесіне тоқталайық. Оқыту құралдарының кешені деп оқу бағдарламасының қандай да бір тақырыбын оқуға арналған қажетті және жеткілікті құралдар жинағын түсінеміз. Кешендік оқыту құралдарын арнайы бір құрылыммен, яғни оқу үрдісінде қажетіне қарай, дидактикалық мүмкіндігіне орай, оларды бір- бірімен сабақтастыра отырып, өзара байланысты біртіндеп тізбектей қолдану өте қажет. Оқыту құралдарын қолдану үшін оларды таңдаған кезде ең алдыменескеретін жәйт олардың дидактикалық мүмкіндігі, сабақ тапсырмалары мен нақты шарттарын ескеру керек. Әрбір кешендік оқыту құралшдарын пайдаланар уақытта бірін-бірі толықтырып отыруы тиіс.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 274; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты