Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Медициналық интроскопия.




248 Интроскопия дегеніміз

1 адам ағзасының ішкі, көзге көрінбейтін мүшелерін зерттеу әдістері

2 жүректегі электрлік сигналдарды тіркеу әдісі

3 заттың аққыштығы мен деформациялануын зерттейтін әдіс

4 бұлшық еттің биопотенциалдарын тіркеу әдісі

5 магнит өрісінде қозғалыстағы зарядтардың ауытқуы арқылы қанның жылдамдығын анықтау әдісі

 

249 Адам ағзасының ішкі, көзге көрінбейтін мүшелерін зерттеу әдістері

1 индуктотермия

2 электроэнцефалография

3 электрокардиография

4 интроскопия

5 гальванизация

 

250 Интроскопия әдісіне жатады

1 электрокардиография, қанның қысымын анықтау әдісі, электромиография

2 дыбыс, түрлі диапозондағы электромагниттік сәулелер, тұрақты, айнымалы электромагниттік өріс, элементар бөлшектер ағыны арқылы бұзбай зерттеу әдістері

3 электрокардиография, электроэнцефалография, электромиография және элементар бөлшектер ағыны арқылы бұзбай зерттеу әдісі

4 электроэнцефалография, қанның қысымын анықтау әдісі, электромиография

5 электрокардиография, қанның қысымын анықтау әдісі, реография және түрлі диапозондағы электромагниттік сәулелер арқылы зерттеу әдісі

 

251 Интроскопияның кескінді әдісі

1 ұлпаның толық кедергісінің өзгерісін тіркеуге негізделген әдіс

2 обьектінің томографиялық кескінін алу

3 жоғары жиілікті токқа кедергісін өлшеу арқылы ми тамырларының тонусын зерттеу әдісі

4 объектінің көлеңкелі кескінін (суретін) алу

5 қанағысының жылдамдығын анықтау әдісі

 

252 Интроскопияның томографиялық әдісі дегеніміз

1 ұлпа импедансының өзгерісін тіркеуге негізделген әдіс

2 обьектінің қабатты кескінін алу

3 қаннның тұтқырлығын зерттеу әдісі

4 объектінің көлеңкелі кескінін алу

5 қанағысының жылдамдығын анықтау әдісі

 

253 Эхозондтау дегеніміз

1 объектінің ішкі құрылымын және ондағы жүріп жатқан үрдістерді дыбыстық (ультрадыбыстық) толқындардың көмегімен бұзбай зерттеу әдісі

2 обьектінің томографиялық кескінін алу

3 жоғары жиілікті токқа кедергісін өлшеу арқылы ми тамырларының тонусын зерттеу әдісі

4 объектінің көлеңкелі кескінін алу

5 қанағысының жылдамдығын анықтау әдісі

 

254 Томография дегеніміз

1 объектінің ішкі құрылымын дыбыстық толқындардың көмегімен зерттеу әдістері

2 әртүрлі қиылысатын бағыттарда объектінің ішкі құрылымын бұзбай, қабатты зерттеу әдісі

3 қаннның тұтқырлығын зерттеу әдісі

4 объектінің көлеңкелі кескінін алу

5 қанағысының жылдамдығын анықтау әдісі

 

255 Интроскопияның кескінді әдісінің көмегімен болады

1 қанағысының жылдамдығын өлшеуге

2 зерттелетін объектінің белгілі бір тереңдігінде жатқан қабатының көп ракурсты кескінін алуға

3 бір ракурспен объектіні сәулелендіріп, оның көлеңкелі кескінін алуға

4 қиылысатын бағыттарда қиманың көп ракурсты суретінің кескінін алуға

5 қаннның тұтқырлығын зерттеуге

 

256 Интроскопияның кескінді әдісі кезінде

1 қайта құрудың томографиялық алгоритмдері қолданылады

2 алынған суреттермен математикалық түрлендірулер жүргізіледі

3 кескінді алу үшін ешқандай математикалық түрлендірулер жүргізілмейді

4 объектінің белгілі бір тереңдігінде жатқан қабатының көп ракурсты кескіні алынады

5 Доплер эффектісі қолданылады

 

257 Рентгенді томография әдісінде қабатты суреттердің алынуы негізделген

1 Доплер эффектісіне

2 қанағысының жылдамдығын өлшеуге

3 көзден шыққан екінші реттік сәулеленуді тіркеуге

4 элементар бөлшектерді қолдануға

5 зерттеуді құрайтын үш құраушының екеуінің орын ауыстыруына

 

258 Эхозондтау әдісінің томографиядан басты айырмашылығы

1 сәулелер жүктемесі жоғары

2 аймақтар емес, шекаралар қарастырылады

3 зондталатын сыртқы сәулелену тіркеледі

4 мембраналар зерттеледі

5 объектінің ішкі құрылымы зерттеледі

 

259 Интроскопияның эмиссиялы әдістерін қолданғанда

1 пассивті (сәулелендірмейтін) объектіден өткен біраз әлсіреген сыртқы сәулелену тіркеледі

2 кеңістікте үлестірілген сәуле көзі бар белсенді (сәулелендіретін) объектіден шығатын сәулелену тіркеледі

3 сыртқы сәулеленумен қозған көздерден шыққан екінші ретті сәулелену тіркеледі

4 пассивті заттардың ішкі құрылымынан шағылған сәулелену тіркеледі

5 қанағысының жылдамдығы өлшенеді

 

260 Интроскопияның құрамды трансмиссиялы- эмиссиялы әдістерін қолдану кезінде

1 пассивті (сәулелендірмейтін) объектіден өткен біраз әлсіреген сәулелену тіркеледі

2 белсенді (сәулелендіретін) объектіден шығатын сәулелену тіркеледі

3 заттың көлемі бойымен үлестірілген, сыртқы сәулеленумен қозған көздерден шыққан екінші ретті сәулелену тіркеледі

4 пассивті заттардың ішкі құрылымынан шағылған сәулелену тіркеледі

5 қанағысының жылдамдығы өлшенеді

 

261 Эхозондтауды қолдану кезінде

1 пассивті объектіден өткен біраз әлсіреген сыртқы сәулелену тіркеледі

2 белсенді (сәулелендіретін) объектіден шығатын сәулелену тіркеледі

3 сыртқы сәулеленумен қозған көздерден шыққан екінші ретті сәулелену тіркеледі

4 пассивті объектінің ішкі құрылымдарынан шағылған зондталатын сыртқы сәулелену тіркеледі

5 қанағысының жылдамдығы өлшенеді

 

262 Томографиялық зерттеулердің медицинада қолданылатын әдісі

1 медициналық визуализация және медициналық диагностика

2 өнеркәсіптік томография

3 техникалық томография

4 дефектоскопия

5 макрообъектілер томографиясы

 

263 Дыбыс толқындарын қолданатын томографияның аты

1 ультрадыбыстық және сейсмикалық томография

2 рентгендік

3 магнитті - резонансты

4 протонды

5 рентгендік сурет

 

264 Электромагниттік сәулеленуді қолданатын томография

1 ультрадыбыстық және сейсмикалық

2 рентгенді

3 магниттік - резонансты

4 протонды

5 рентгенді сурет

 

265 Электромагниттік өрісті қолданатын томография

1 ультрадыбыстық және сейсмикалық

2 рентгенді

3 магниттік - резонансты

4 протонды

5 рентгенді сурет

 

266 Элементар бөлшектерді қолдану томографиясына жатады

1 ультрадыбыстық және сейсмикалық томография

2 рентгенді томография

3 магниттік- резонансты томография

4 протонды томография

5 оптикалық (лазерлі) томография

 

 

267 Екі өлшемді томографияның принципі

1 бір жазықтықтан көп ракурс- бір өлшемді кескіндер жиынтығы және математикалық өңдеу

2 көптеген параллель жазықтықтағы көп ракурс- бір өлшемді кескіндер жиынтығы және математикалық өңдеу- 2D-томограмманың жиынтығы

3 көптеген қиылысатын жазықтықтағы көп ракурс- бір өлшемді кескіндер жиынтығы және математикалық өңдеу

4 бір ракурс-бір кескін

5 үш құраушының екеуінің орын ауыстыруы

 

268 Үшөлшемді қабатты томографияның принципі

1 бір жазықтықтан ракурстың көп болуы- бірөлшемді кескіндер жиынтығы және математикалық өңдеу

2 көптеген параллель жазықтықтарда ракурстардың көп болуы- бірөлшемді кескіндер жиынтығы және математикалық өңдеу- 2 D томограммалар жиыны

3 көптеген қиылысатын жазықтықтарда ракурстардың көп болуы - бірөлшемді кескіндер жиынтығы және математикалық өңдеу

4 бір ракурс - бір сурет (кескін)

5 үш құраушының екеуінің орын ауыстыруы

 

269 Үшөлшемді еркін томографияның принципі

1 бір жазықтықтан ракурстың көп болуы- бірөлшемді кескіндер жиынтығы және математикалық өңдеу

2 көптеген параллель жазықтықтарда ракурстардың көп болуы - бірөлшемді кескіндер жиынтығы және математикалық өңдеу - 2 D томограммалар жиыны

3 көптеген қиылысатын жазықтықтарда ракурстардың көп болуы - бірөлшемді кескіндер жиынтығы және математикалық өңдеу

4 бір ракурс - бір сурет (кескін)

5 үш құраушының екеуінің орын ауыстыруы

 

270 Ультрадыбыстық зерттеулерде де қандайда бір қиманың кескіні алынатынына қарамастан, оны алу әдісі томографиялық емес, себебі

1 пассивті объектіден өткен әлсіреген сыртқы сәулелену тіркеледі

2 қайсыбір кеңістікте үлестірілген объектіден шығатын сәулелену тіркеледі

3 сыртқы сәулемен қозған көздерден шығатын екінші ретті сәулелену тіркеледі

4 үш құраушының екеуінің орын ауыстыруы

5 қиылысатын жазықтықтарда көп ракурсты кескін болмайды және кері томографиялық мәселенің шешуі болмайды

 

271 Компьютерлі томограф дегеніміз

1 рентгенді қондырғы мен компьютердің жиынтығы

2 бас миының биопотенциалын тіркейтін аппарат

3 жүрек биопотенциалын тіркейтін аппарат

4 күшті магнит өрісін қолданатын аппарат

5 ультрадыбыстық зерттеуді жүргізуге мүмкіндік беретін аппаратты

 

272 Компьютерлік томография дегеніміз

1 объектінің ішкі құрылымын дыбыстық толқындардың көмегімен зерттеу әдісі

2 операциялық араласуды қажет етпейтін диагностиканың қауіпсіз тәсілі

3 қаннның тұтқырлығын зерттеу әдісі

4 объектінің көлеңкелі кескінін алу

5 қанағысының жылдамдығын анықтау әдісі

 

273 Компьютерлік томография қолданылады

1 ағза ұлпаларына электр тогымен емдік әсер етуі үшін

2 дәрілік заттарды енгізу үшін

3 сүйектің зақымдануы мен жарақатын диагностикалау үшін

4 дәрілік препараттың құрылымын өзгерту үшін

5 фармакологиялық эффектіні арттыру үшін

 

274 Компьютерлік томографияда түсті заттарды қолдану мүмкіндік береді

1 дәрілік заттарды енгізуге

2 дәрілік препараттың құрылымын өзгертуге

3 фармакологиялық эффектіні арттыруға

4 бүйректің, ішектің, қантамырларының сапалы кескінін алуға

5 ауырсызданбауды жүргізу

 

275 Кәдімгі рентгенге қарағанда компьютерлік томографияның ерекшелігі

1 тек сүйектер көрінеді

2 жұмсақ ұлпалар жақсы көрінеді

3 тек қана тыныс алу құрылымдары көрінеді

4 тек мүшелер көрінеді

5 объектінің кескіні көлеңкелі

 

276 Ми мен бас сүйегінің компьютерлік томографиясы мүмкіндік береді

1 инсульт бөліктерін, ісікті, гематомаларды, қантамырларының патологиясын көруге

2 мойынның лимфа түйіндерінің ісіктерін анықтап, үлкею себебін зерттеуге

3 флюорографиямен анықталған өкпедегі өзгерістерді айқындауға

4 операция алдында іш жарақатының қосымша анықталған патологиясын дәл диагностикалауға

5 диск жарығын (грыжасын), жұлын каналының тарылуын анықтауға

 

277 Мойынның компьютерлік томографиясы мүмкіндік береді

1 инсульт аумағын, қан тамырларының патологиясын анықтауға

2 мойынның лимфа түйіндерінің үлкею себептерін, ісіктерін анықтауға

3 рентгенография кезінде анықталған өкпедегі өзгерісті айқындауға

4 іш жарақатының қосымша анықталған патологиясын дәл диагностикалауға

5 диск жарығын (грыжасын), жұлын каналының тарылуын анықтауға

 

278 Кеуденің компьютерлік томографиясы мүмкіндік береді

1 инсульт бөліктерін, гематомаларды бақылауға

2 мойынның лимфа түйіндерінің үлкею себебін зерттеуге

3 рентгенография мен флюорография кезінде анықталған өкпедегі күдікті өзгерістерді айқындауға

4 іш жарақатының қосымша анықталған патологиясын дәл диагностикалауға

5 диск жарығын (грыжасын), жұлын каналының тарылуын анықтауға

 

279 Құрсақ қуысы мен жанбастың компьютерлік томографиясы мүмкіндік береді

1 инсульт бөліктерін, гематомаларды, қантамырларының патологиясын көруге

2 мойынның лимфа түйіндерінің үлкею себебін зерттеуге

3 рентгенография кезінде анықталған өкпедегі өзгерістерді анықтауға

4 операция алдында іш жарақатының қосымша анықталған патологиясын дәл диагностикалауға

5 диск жарығын (грыжасын), жұлын каналының тарылуын анықтауға

 

280 Омыртқаның компьютерлік томографиясы арқылы

1 инсульт бөліктерін, гематомаларды, қантамырларының патологиясын көруге болады

2 мойынның лимфа түйіндерінің үлкею себебін зерттеуге болады

3 флюорография кезінде айқындалған өкпедегі өзгерістерді анықтауға болады

4 іш жарақатының қосымша анықталған патологиясын анықтауға болады

5 диск жарығын (грыжасын), жұлын каналының тарылуын анықтауға болады

 

281 Маммограф қолданылады

1 сүт безінің ішкі құрылымын зерттеуде

2 адамның ішкі мүшелерін зерттеуде

3 мойынның лимфа түйіндерінің үлкею себебін зерттеуде

4 флюорография кезінде анықталған өкпедегі өзгерістерді анықтауда

5 іш жарақатының анықталған патологиясын дәл диагностикалауда

 

282 Есептеуіш томография дегеніміз

1 объектінің ішкі құрылымын дыбыстық толқындардың көмегімен бұзбай зерттеу әдістері

2 объектінің көп рет жарқырауы салдарынан оның ішкі құрылымын бұзбай зерттеу әдісі

3 жоғары жиілікті токқа кедергісін өлшеу арқылы ми тамырларының тонусын зерттеу әдісі

4 объектінің көлеңкелі кескінін алу әдісі

5 кескіндеу мәліметтері бойынша объектінің ішкі құрылымын қалыпқа келтірудің математикалық әдістері мен алгоритмдерін құрастырумен шұғылданатын математиканың бөлімі

 

283 Ядролық магнитті резонанс (ЯМР) әдісі негізделген

1 адам ұлпасының кесік үлгісін алып, фотопленкада тіркеуге

2 сыртқы магнит өрісінің магнит моменттері бар ядролармен өзара әсерлесуіне

3 көзден шыққан екінші реттік сәулеленуді тіркеуге

4 элементар бөлшектерді қолдануға

5 зерттеудің үш құраушысының екеуінің орын ауыстыруына

 

284 Жілік майын тексерудің ең тиімді әдісі

1 рентген суреті

2 магниттік- резонансты томография

3 компьютерлі томография

4 электроэнцефалография

5 реоэнцофалогафия

285 Магниттік– резонансты томографияның мынадай пациенттерге қарсы көрсетілімі бар

1 сіңірі үзілген

2 бөгде металл қосындылары бар және клаустрофобиямен ауыратын

3 омыртқааралық дискінің жарығы бар

4 бас миының бұрынғы жарақаты бар

5 жұлын мен бас миының ісігіне күдікті

 

286 Ультрадыбыстық зерттеудің артықшылығы

1 пациентке зиянсыз әсері

2 ағзаға зиянды әсер етеді

3 сәулелік жүктемесі жоғары

4 диагностиканың ақпаратсыз тәсілі

5 объектінің көлеңкелі кескінін береді

 

287 Мынадай ауруларда ультрадыбыстық зерттеуді қолдануға мүмкін емес не қолданылуы шектелген

1 қуырсақ қуысы мүшелерінің ауруында

2 несеп жолының жүйесі ауруларында

3 қалқанша без ауруларында

4 сілекей және сүт бездерінің ауруларында

5 сүйек жүйелері ауруларында

 

288 Мынадай ауруларда ультрадыбыстық зерттеуді қолдануға мүмкін емес не қолданылуы шектелген

1 қуырсақ қуысы мүшелерінің ауруында

2 несеп жолының жүйесі ауруларында

3 қалқанша без ауруларында

4 сілекей және сүт бездерінің ауруларында

5 өкпе ауруларында

 

289 Мынадай ауруларда ультрадыбыстық зерттеуді қолдануға мүмкін емес не қолданылуы шектелген

1 қуырсақ қуысы мүшелерінің ауруында

2 несеп жолының жүйесі ауруларында

3 қалқанша без ауруларында

4 сілекей және сүт бездерінің ауруларында

5 ішек- қарын жолдары ауруларында

 

290 Мынадай ауруларда ультрадыбыстық зерттеуді қолдануға мүмкін емес не қолданылуы шектелген

1 қуырсақ қуысы мүшелерінің ауруында

2 несеп жолының жүйесі ауруларында

3 қалқанша без ауруларында

4 сілекей және сүт бездерінің ауруларында

5 бас миы ауруларында

 

291 Акустикалық тығыздығы әртүрлі болатын екі ортаның шекарасында ультрадыбыстық толқындар

1 бір бөлігі шағылып, екінші бөлігі сынады

2 толық шағылады

3 толық сынады

4 затпен толық жұтылады

5 зат арқылы өзгеріссіз өтеді

 

292 Қозғалыстағы объектіден шағылған ультрадыбыстық сигналдың жиілігінің өзгеруіне негізделген құбылыс аталады

1 фотоэффект

2 Комптон- эффект

3 Тиндаль құбылысы

4 Доплер эффект

5 реверберация

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 223; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты