Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сабақ-математиканы оқытудың ұйымдастырудың негізгі түрі




1. Сабақта әдістемелік мақсат қою.

2. Математика сабағына қойылатын талаптар жүйесі.

3. Мұғалімнің сабаққа дайындық жүйесі.

Сабақ оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі екені педагогикадан мәлім. Негізінен сабақта білім беру, дамыту, тәрбиелеу және практикалық мақсаттар жүзеге асырылады.

Сондықтан сабақ қалай жақсы дайындалу және жүргізу, жүргізген сабақты қалай дұрыс бағалау? сұрақтары туындайды.

Ғылым мен өндірістің дамуына математиканың қажеттігіне байланысты мектептің алдына білім берудің және тәрбиелеудің сапасын көтеру, математиканы жоғары ғылыми дәрежеде оқыту талаптары қойылып отырғанда, математика сабағын рационалды құру көкейкесті болып отыр.

Математиканы оқыту практикасында оқу жұмысын ұйымдастырудың тәжірибесі жинақталған. Сабақты жүргізудің тиімді жолдары туралы әртүрлі әдістемелік оқу құралдары, статьялар, математика сабағына арналған дидактикалық материялдар, құрал-жабдықтар және т.б. бар.

Сабақты жақсы дайындықпен жүргізу үшін және дұрыс бағалау үшін оған қандай негізгі талаптар қою керектігін білу керек. И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин еңбектерінде «Сабақ оқу тәрбие үрдісінің белгілі бір шектелген уақытта тәрбие үрдісінің негізгі элементтері: мақсаттар, мазмұны, құралдар, әдістер, ұйымдастыру бір-бірімен күрделі қарым-қатынаста болады.

Сабақтың сапасы осы компоненттердің әрқайсының дұрыс анықталуына және олардың өзара тиімді сәйкестенуіне байланысты. Сабақ жүргізуге қолданылатын кезкелген жеке әдістемелік тәсіл, оқу тәрбие үрдісінің обьективті заңдылықтарынан туындайтын педагогика ғылымының ұсынған талаптарына сай болу керек. Сабақтың негізгі белгілері:

-әрбір сабақта білім беру және тәрбиелеу мақсаттары қойылады;

-бұл мақсаттар нақты оқу материалы арқылы жүзеге асады;

-мақсаттарға жету үшін сабақ қолайлы оқыту әдісімен жүргізіледі;

-сынып оқушылары тегіс жұмысқа жұмылдырылады.

Математика сабағына қойылатын талаптар жүйесі.

Әрбір сабаққа негізгі дидактикалық мақсаттар қойылуы керек. Математика сабағында бірнеше оқу мақсаттары қойылады:

-оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру;

-жаңа ұғым қалыптастыру, жаңа сабақ түсіндіру;

-жаңа сабақты бекіту.

Қойылатын мақсаттардың ішінде негізгісін анықтай білу керек.

Сабақтың негізгі мақсаты сабақтың тақырыбын көрсетеді және сабақта не істеу керектігіне жауап береді.

Мәселен, «Герон формуласы» тақырыбына ҮІІІ сыныпта 2 сағат беріледі.

Сабақтың негізгі мақсаты: Герон формуласын дәлелдеу және оны қолданып есеп шығару.

Бұл мақсатты жүзеге асыру барысында мынандай міндеттер қойылады:

-Пифагор теоремасын қолдана білу;

-үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800 тең екенін білу;

-квадрат теңдеуді шеше білу;

-Герон формуласын проблемалық жолмен дәлелдеп, оны есеп шығарғанда қолдана білуге жаттықтыру.

Мұғалім қолайлы мезетте оқушыларға сабақ не біліп, нені дәлелдеп үйреніп шығу керек, ол не үшін керек екенін хабарлайды.

Осылайша оқушыларға алдына проблема қойылады.

І. Үй тапсырмасын тексеріледі. (Л.С.Атанасян, В.Ф.Бутузов 8 кл. Геометрия оқулығы бойынша).

№490 (б) есебі тақтадағы дайын сурет бойынша тексеріледі.

1) АВС-тең бүйірлі болғандықтан ВД-биіктік, биссектриса-әрі медиана. Олай болса 1 2 600, АД ДС 9 см.

2) АДB-тік бұрышты,

ВД-300бұрышқа қарсы жатқан катет гипотенузаның жартысына тең, яғни АВ см болса АВ см. Пифагор теоремасы бойынша

АВ

АВ см

5) см2

ІІ. Жаңа материалды оқып-үйрену.

Оқушылардың алдына проблема есеп түрінде қойылады:

«Кезкелген үшбұрыштың үш қабырғасы бойынша ауданын табыңдар».

Кезкелген үшбұрыштардың кем дегенде екі бұрышы сүйір болады. АВС үшбұрышының А және В бұрыштары сүйір болсын. Онда СД биіктігі АВ қабырғасында жатады.

АД деп алсақ, ВД с-х

және -ға Пифагор теоремасын қолдансақ,

Осы формуланы оқушылар өздігімен дәлелдеп шығады.

ІІІ. Жаңа материалды бекіту.

№499 (а) есебін шығарады.

ІҮ. Сабақты қорытындысы.

, мұндағы

Үйге тапсырма №499(б), №491(б), №492, №495(б).

Өз бетімен жұмысқа дайындалу;

1.3.Мұғалімнің сабаққа дайындалуына жалпы сипаттама.

Барлық оқу-тәрбие мақсаттары бір сабақта жүзеге аспағанымен, әрбір сабақ математика курсының бір бөлігі болғандықтан, оның атқаратын міндеті, мақсаттарынан адамды оқыту, дамыту және жан-жақты тәрбиелеу біртұтас жұмысы құрылады.

Оқушыны білімді, білікті тәрбиелі азамат етіп қалыптастыру біртіндеп, сабақ сайын, күнде-күн жүзеге асып отыратыны сөзсіз.

Сабақ-бір тұтас тиянақталған оқу пәнінің бір буыны.

Мұғалімнің сабаққа дайындығы үш деңгейден тұрады.

Мұғалімнің жаңа оқу жылына дайындығы.

Мұғалімнің тақырыптық дайындығы.

Мұғалімнің күнделікті сабаққа дайындығы.

Қазіргі кезде оқулықтардан басқа мұғалімдерге көптеген арнайы әдістемелік құралдар, дидактикалық материялдар, есептер жинақтары бар. Мұғалімдерге арналған сабақ жүргізуге нақты нұсқаулар, сабақты жоспарлау, бақылау жұмыстары және өз бетімен жұмыстар, қиын есептердің шешулері келтірілген оқу құралдары баспадан шығып тұрады.

Мұғалім тек өз жұмыс жүйесінде дидактикалық принциптегі оқу үрдісінің заңдылықтарын және жоғарыда қарастырған математика сабағына қойылатын негізгі талаптарды жүзеге асырып отыруы керек.

Мғалімнің жаңа оқу жылына дайындығына тоқталайық.

Алдымен мұалім математика оқу бағдарламасымен, мектеп оқулығындағы оқу материалымен танысып, оқушыларды неге оқытатынын анықтайды.

Мұғалім, оқушылар бұрынғы оқу жылдары не оқып білуге тиісті екеніне байланысты өткен материалдың негізгі тақырыптарын қайталауды жоспарлайды. Оқу материалының мазмұнының жобасы бойынша бір жылдық курсқа қажет математикалық оқу және әдістемелік әдебиет тізімін жасайды.

Оқу жылының басынан бастап жаңа сынып оқушыларының сабаққа деген ынтасын қандай екенін анықтап, оқушыларға жалпы мінездеме жасау керек.

Білім, қабілеті төмен оқушылардың бұрыннан білмеген, түсінбеген тақырыптарын анықтап, олармен қосымша жекелеген жұмыс жүргізу жоспарланады.

Мұғалім жарты жылға күнтізбелік жоспар құрады, математика кабинетін жабдықтайды, дидактикалық материалдар, таблицалар, плакаттар, геометриялық моделдер, құралдар, техникалық құрал-жабдықтар дайындайды. Календарлық жоспар оқу жылының басыннан дайындалады.

Мұғалімнің тақырыптық дайындығы.

Оқулықтағы оқу материалы тақырыптарға, параграфтарға және пунктерге бөлінген. Әрбір тақырып логикалық және танымдық жағынан толық аяқталған бір-бірімен байланысқа сұрақтардан тұрады; әрбір пунктта бір-екі сабақтың оқу материалдары бар.

Мұғалім алдына, өтілетін тақырыптағы сабақтар жүйесін қалай құру керек?-деген сұрақ тұрады.

Бұл этаптағы мұғалімнің тақырыптық дайындағы мынадай болады.:

оқулықтағы оқу материалының мазмұнымен танысу және қажетті оқу материалдарын және есептерді анықтап алады.

Оқу материалдарын және есептерді анықтап алады.

өтілген сабақты бекітуге және қайталауға уақытын бөледі;

өзіндік жұмыс пен бақылау жұмысының уақытын белгілейді. Өзіндік және бақылау жұмыстарының үлгісі «Дидактикалық материалдарда», «Математика және физика» журналында басылады. Тематикалық жоспар құрылады.

Мұғалімнің және оқушылардың сабаққа дайындығы.

Құрылған тематикалық жоспар бойынша әрбір сабақ дайындық жұмысы басталады. Мұғалім сабақтың мазмұнын анықтап, оны жүргізу әдісін тандап алады.

Оқушылар тақырыпқа ену үшін, мұғалім олардың алдына проблема қоюды не есеп беруді ойластырады.

Сабақ соңында үй тапсырмаларын береді. Үй тапсырмаларына қысқаша мағлумат береді.Мұғалімнің сабаққа дайындығы осылай шектелмейді.

Жұмыс барысында туындайтын басқа көптеген сұрақтарды мұғалім өз тәжірибесіне байланысты шешіп отырады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

Математика сабағына әдістемелік мақсат қалай қойылады?

Математика сабағына қойылатын талаптар жүйесін атаңдар.

Мұғалімнің сабаққа дайындық жүйесі қандай?

Осы тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру жолдарын анықтаңдар.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 553; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты