Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Инвестициялардың сыныпталуы




Іс-жүзінде инвестицияларды мынадай түрлері белгілі:Мемлекеттік инвестициялар, мемлекеттік бюджет есебінен жəне басқа да мемлекеттік қаржы көздерінен экономикалық жəне əлеуметтік дамуға бағытталған инвестициялар;

Жеке инвестициялар, корпоративтік кəсіпорындар мен ұйымдардың меншікті жəне тартылған қаражаттары, сондай-ақ азаматтардың жинақтары есебінен жүзеге асатын инвестициялар;

Шет елдік инвестициялар, пайда табу мақсатында кəсіпкерлік жəне басқа да қызмет түрлерінің объектілеріне салынған шет елдік инвесторлардың мемлекеттің, банктердің компаниялардың, кəсіпкерлердің) барлық мүліктік жəне интелектуалдық құндылықтары

Өндірістік инвестициялар, жұмыс жасап отырған кəсіпорындарды кеңейтуге, қайта құруға жəне техникалық жағынан қайта қаруландыруға, жаңа құрлысқа капитал жұсмаумен байланысты инвестицялар.

Интелектуалдық инвестициялар, интелектуалдық жəне рухани өнімдердіжасауға жұмсалатын инвестициялар.

Бақыланатын инвестициялар, басқа компаниялардың дауыс беруге құқығы бар акцияларының елу пайыздан астамын иеленуді қамтамасыз ететін тікелей инвестициялар.

Бақыланбайтын инвестициялар, басқа компаниялардың дауыс беруге құқығы бар акцияларының елу пайыздан төмен бөлігін иеленуді қамтамасыз ететін тікелей инвестициялар
үлестік – жай және артықшылықты акциялар ;борышқорлық –облигациялар, қазыналы вексель, депозиттік сертификаттар.


1.Жұмсау мерзімі бойынша:қысқа мерзімді –бір жылға дейін иемдену мерзімі (бұл еркін ақшалай қаражатты уақытша орналастыру мақсатында оңай өткізілетін бағалы қағаздардағы компанияның инвестициясы);ұзақ мерзімді –бір жылдан көп иемдену мерзімі;мерзімсіз инвестициялар.Ұзақ мерзімді және мерзімсіз инвестициялар- бұл қосымша пайда алу мақсатында немесе құнды қағаздары сатып алынатын компанияға ықпал етуге ие болу мақсатында немесе бұл салада өз операцияларын жүргізетін ұйыммен салыстырғанда қаражаттың мұндай жұмсамалы әлдеқайда пайдалы болғандықтан қаражатты орналастыру.
2. Тағайындалуы бойынша:қаржылық-құнды қағаздарға жұмсау;нақты (мүліктік жұмсау)- субьектінің негізгі капиталына жұмсау және материалдық-өндірістік қордың өсуіне жұмсау.3. Шығу тегі бойынша- бірінші, екінші.4. Болу формасы бойынша- құжаттық, құжатсыз.5. Ұлттық тегі бойынша- отандық, шетелдік.6. Қолдану түрі бойынша-инвестициялық (капиталдық), инвестициялық емес.7. Иемдену қатары бойынша- жеке, жалпы.8. Шығарылым формасы бойынша- эмиссиондық, эмиссиондық емес.9. Меншік формасы бойынша- мемлекеттік, корпоративтік.10. Айналыс сипаты бойынша- нарықтық, нарықтық емес.11. Тәуекелдік деңгейі бойынша- аз тәуекелдікпен, мүмкін үлкен тәуекелдікпен..12. Қолма-қол табыс бойынша- табыстық, табыссыз.13. Қаражатты жұмсау формасы бойынша:борыштық – құнды қағаздардағы немесе міндеттердегі инвестиция;иелі үлестік (владельческие долевые)- нарықты субьектінің капиталындағы үлестер немесе уақытша шектеулермен байланысы жоқ (еншілес және тәуелді компаниялардағы инвестиция) мүліктегі үлес;жеке жобалар (кенішті игеру).14. Экономикалық мәні (құқық түрі) бойынша- мүліктік, міндеттік.Бұған қоса, инвестиция мыналарға бөлінеді: тікелей- басқа субьектілердің жарғылық капиталындағы инвестициялар;портфельдік- субьект иелігіндегі құнды қағаздар жиынтығы;венчурлік (тәуекелшіл)- жаңадан пайда болған субьектілердегі (мұнай және газ компаниялары, ғылыми-техникалық жобалар) тәуекелді және тез өтелімді инвестициялық салым ақшалар.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 163; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты