Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Резидент және резидент еместерге салынатын салықтар ерекшеліктері.




Резидент емес жеке тұлғаның мынадай табыстарына осы Кодекстiң 194-бабында көрсетiлген ставкалар бойынша төлем көзiнен жеке табыс салығы салынады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізуден түскен табыстар, сондай-ақ сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы, одан тысқары жерлердегі тауарларды өткізуден түскен табыстар;
2) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар;
3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басқарушылық, қаржылық (сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру жөніндегі қызметтерді қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, заң (соттарда, төрелік сотта немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар.

3.Салық тексерістері: түрлері, мерзімділігі. Салық түсімдерінің арқасында өмір сүретін мемлекет, бюджетке ақша қаражатының толық және дұрыс түсуін қадағалайды. Салық бақылауы мемлекеттік бақылаудың бір түрі болады. Яғни салық заңдамасының нормативтік актілерде көрсетілген бақылауды мемлекеттік уәкілетті органмен жүзеге асырылады.2011 жылғы қаңтар айында Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау мен қадағалау негізіндегі жалпы құқықты реттейтін Қазақстан Республикасының № 377-IV «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заңы қолданысқа енді. Осы Заң бақылау және қадағаулау қызметін жүзеге асыратын бірыңғай тәсілдерді белгілеуге, сонымен қатар мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын жеке және шағын тұлғалардың, мемлекеттік органдардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауға бағытталған. Салық қызметі органдарымен жүзеге асатын тексерістердің тәртіп ерекшіліктері, өткізу мерзімі, ұзарту, тоқтата тұру, белгілеу туралы актті рәсімдеу, тексерістердің нәтежелері мен аяқталғаны туралы Қазақстан Республикасының Салық кодексімен анықталады. Салық тексерістері тек қана салық қызметі органдарымен жүзеге асырылып, келесі түрлерге бөлшектенеді:құжаттық тексеріс; хронометражды зерттеп-тексеру.Өз кезегінде барлық салық тексерістері: -жоспарлы – салықтық тексерулер жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын кешенді және тақырыптық тексерулер, оны уәкілетті орган жыл сайын бекітіп отырады. Сонымен қатар, -жоспардан тыс – жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерін тікелей қатерін жою мақсатында, салық органымен нақты тексерілетін субъектіге қатысты белгілетін тексеріс. Жоспардан тыс тексерістерге:

Салық төлеушінің өзі берген өтініші бойынша; Қазақстан Республикасының Қылмыстық-іс жүргізушілік кодексімен көзделген негіздері бойынша; Салық төлеуші (салық агенті) бұрын тексерілген салық кезеңіне қосымша салық есептілігін осындай қосымша салық есептілігінде көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру мақсатында табыс еткен жағдайда;

Салық қызметі органының бұрын жіберілген сұрау салулары бойынша алдыңғы салықтық тексеру барысында келіп түспеген жауап алынған жағдайда;

Камеральды бақылау нәтежелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеуші (салық агенті) орындамаған жағдайда;

Билет


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 135; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты