Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі




1. Дискрециондық фискалдық саясаттауарлар мен қызметтерді сатып алу, мемлекеттік трансферттер және салықтар арқылы жүргізіледі. Олардын мөлшерінің өзгеруі жиынтық шығындардың өзгеруіне алып келеді. Дискрециондық фискалдық саясаттың кұралдары ол мемлекеттік шығындар жәнс салықтар. Бұл саясаттың мақсаты өндірісті ұлғайту, жұмыссыздықты қыскарту, инфляцияны төмендету, экономиканы тұрақтандыру. Дискрециондық емес саясат ол пассивтік саясат, мұнда мемлекеттік шығындар мен салықтардын дәрежесіндегі өзгерістер автоматты түрде ендіріледі (автоматты тұрақтандырғыштар).

2. Қосылған құн салығы[1] – жанама салық түрі, қосылған құнның мемлекеттік бюджетке аударылатын бөлігі, бюджеттің маңызды көздерінің бірі. Кәсіпорын, бір жағынан, сатылған өнімдерден қосымша құн салығын алушы болса, екінші жағынан, жабдықтаушылардан өндіріс құралдарын сатып алушы ретінде Қосылған құн салығын төлеуші болып табылады. Қосылған құн салығын төлеушілер салық кодексінде белгіленеді. Мемлекеттік бюджетке төленетін Қосылған құн салығының көлемі өндірушінің сатқан тауары үшін есептелген салық пен жабдықтаушыларға шикізат, материалдар, отын мен энергия, т.б. өнімдер үшін төленген Қосылған құн салығының айырмасы негізінде есептеледі, яғни салық төлеушілер Қосылған құн салығын тауарларды өндіруге (жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге) жұмсалған материалдық шығынды шегере отырып есептейді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиіс Қосылған құн салығының сомасы, салық кодексіне сәйкес, салық салынатын айналым бойынша есептелген Қосылған құн салығының сомасы мен шегерімге жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады. Соңғы кездеріҚазақстанның экономикалық даму үдерісін қамтамасыз ету мақсатында Қосылған құн салығының мөлшерін азайту шаралары іске асырылуда. 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушілер Қосылған құн салығын 15% мөлшерінде төлейтін болды.Төлеушілер: 1) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрған мынадай тұлғалар: дара кәсіпкерлер; мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, резидент – заңды тұлғалар; қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушылар; 2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады. 2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою осы Кодекстің 568, 569-баптарына сәйкес жүргізіледі.229-бап. Салық салу объектілері:1) салық салынатын айналым;2) салық салынатын импорт қосылған құн салығы салынатын объектілер болып табылады.

Рның азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар, ҚРның азаматтығына қабылдау туралы өтініш немесе ҚРның азаматтығын қабылдамай, ҚРда тұрақты тұруға рұқсат ету туралы өтініш берген мынадай жеке тұлғаларрезиденттердеп аталады: -мемлекеттік билік органдары шет елге іссапарға жібергендер,оның ішінде дипломатиялық, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың қызыметкерлері, сондай ақ аталған жеке тұлғалардың отбасы мүшелерір; -оқу немесе практикадан өту мақсатымен ҚРның шегінен тыс жерлерде жүрген студенттер; -сабақ беру, кеңестер беру немесе ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру мақсатымен ҚРның шегінен тыс жерлерде жүрген оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер сабақ берудің, аталған жұмыстарды орындаудың бүкіл кезеңінде ҚРда тұрған уақытына және осы бапта көзделген басқа да өлшемдерге қарамастан резидент жеке тұлғалар деп танылады; -ҚРның заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және өздерінің тиімді басқару орны ҚРда орналасқан өзге де заңды тұлғалар.1.Жеке тұлға ҚРның азаматы болса немесе оның ҚРда тұруға рұқсаты болса;2.Жеке тұлғаның отбасы және жақын туыстары ҚРда тұрса;3.кез келген уақытта жеке тұлғаның тұруы және оның отбасы мүшелерінің тұруы үшін оған немесе оның отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығындағы немесе өзге де негіздерде тиесілі жылжымайтын мүлкі ҚРда бар болса. Осы ережелерге сәйкес резидент болып табылмайтын жеке және заңды тұлғаларрезидент еместердеп танылады.

Резидент емес жеке тұлғаның мынадай табыстарына осы Кодекстiң 194-бабында көрсетiлген ставкалар бойынша төлем көзiнен жеке табыс салығы салынады: 1) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізуден түскен табыстар, сондай-ақ сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы, одан тысқары жерлердегі тауарларды өткізуден түскен табыстар;2) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар;3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басқарушылық, қаржылық (сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру жөніндегі қызметтерді қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, заң (соттарда, төрелік сотта немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар. Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеуді салық агенті салық шегерімдерін жүзеге асырмастан, осы Кодекстің 155-бабы 3-тармағының ережелерін ескере отырып, шетелдік персоналдың осы тармаққа сәйкес айқындалған табыстарының сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану арқылы жүргізеді. Шетелдік валютамен табысты төлеу кезінде төлем көзінен салық салынатын табыс мөлшері табыс төлеу күнгі валюталар айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі. Бюджетке резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан жеке табыс салығын аударуды салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша осы тармаққа сәйкес салық ұстауға жататын айдан кейінгі айдың 25-іне дейін жүргізеді. Салық агенті осы Кодекстің 161-бабында белгіленген мерзімде төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығының сомасын аударуға міндетті. Салық агенті резидент емес жеке тұлғаға табыс төлеуді жүзеге асыру нысаны мен орнына қарамастан, төлем көзінен жеке табыс салығын ұстайды. Қызметі осы Кодекстің 191-бабы 7-тармағының ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмайтын резидент еместің шетелдік персоналды ұсынуы кезінде мұндай персоналдың Қазақстан Республикасындағы қызметінен алынған табысына төлем көзінен жеке табыс салығы салынады. Бұл ретте резидент емес жеке тұлғалардың табыстары, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы қызметіне байланысты мұндай персонал алатын өзге материалдық пайда жеке табыс салығын салу объектісі болып табылады. Шетелдік персонал табысынан төлем көзінен жеке табыс салығын ұстауды салық агенті резидент емес заңды тұлғаға шетелдік персоналды ұсыну жөніндегі қызметтер үшін табыс төленген кезде жүргізеді. Жеке табыс салығын төлеуді резидент емес жеке тұлға салық кезеңінде жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей дербес жүргізеді. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекске сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығы салынбайтын табыстарды Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын резидент емес жеке тұлға салық төлеушінің болатын (тұрғылықты) жеріндегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

 

Билет


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 161; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты