Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт. 1-сұрақ, 1.Қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға Кодекстiң 208-бабына сәйкес белгiленген




1-сұрақ, 1.Қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға Кодекстiң 208-бабына сәйкес белгiленген талаптарға сәйкес мынадай тұлғалар жатады: 1) жеке кәсiпкерлер; 2) заңды тұлғалар;
3) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместер.
Қосылған құн салығын төлеушiнiң өтiнiшi бойынша Кодекстiң 208-бабының 6 және 7-тармақтарына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушiлер болып танылған оның құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға жатады.

2.Қосылған құн салығы бойынша есепке қою осы Ереженiң 1-тармағында көрсетiлген тұлғаның салық төлеушiлердi мемлекеттiк тiркеу рәсiмiнен өткеннен кейiн (немесе бiр уақытта) жүзеге асырылады және салық төлеушiлердi тiркеу есебi нысанының бiрi болып табылады. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою салық төлеушілер туралы тіркеу деректемелеріне енгiзу жолымен жүзеге асырылады. Салық төлеушілер туралы тіркеу деректемелерінің мәлiметтерiнен қосылған құн салығын төлеушiлер туралы дерекқор қалыптасады.

Қосылған құн салығы бойынша есепке қою кезiнде салық төлеушiнiң тiркелу орны бойынша салық органы (бұдан әрi - салық органы) мыналардың негiзiнде қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктi (бұдан әрi - Куәлiк) салық төлеушiге бередi:
1) белгiленген нысан бойынша салық органына берiлген қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiш (бұдан әрi - Есепке қою туралы өтiнiш);
2) қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органының шешiмi (бұдан әрi - Есепке қою туралы шешiм).

2-сұрақ. Қосылған құн салығы[1] – жанама салық түрі, қосылған құнның мемлекеттік бюджетке аударылатын бөлігі, бюджеттің маңызды көздерінің бірі. Кәсіпорын, бір жағынан, сатылған өнімдерден қосымша құн салығын алушы болса, екінші жағынан, жабдықтаушылардан өндіріс құралдарын сатып алушы ретінде Қосылған құн салығын төлеуші болып табылады. Қосылған құн салығын төлеушілер салық кодексінде белгіленеді. Мемлекеттік бюджетке төленетін Қосылған құн салығының көлемі өндірушінің сатқан тауары үшін есептелген салық пен жабдықтаушыларға шикізат, материалдар, отын мен энергия, т.б. өнімдер үшін төленген Қосылған құн салығының айырмасы негізінде есептеледі, яғни салық төлеушілер Қосылған құн салығын тауарларды өндіруге (жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге) жұмсалған материалдық шығынды шегере отырып есептейді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиіс Қосылған құн салығының сомасы, салық кодексіне сәйкес, салық салынатын айналым бойынша есептелген Қосылған құн салығының сомасы мен шегерімге жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады. Соңғы кездеріҚазақстанның экономикалық даму үдерісін қамтамасыз ету мақсатында Қосылған құн салығының мөлшерін азайту шаралары іске асырылуда. 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушілер Қосылған құн салығын 15% мөлшерінде төлейтін болды.Төлеушілер Мыналар:

1) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрған мынадай тұлғалар:

-дара кәсіпкерлер;

-мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, резидент – заңды тұлғалар;

-қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;

-сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушылар;

2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады.

229-бап. Салық салу объектілеріМыналар:

1) салық салынатын айналым;

2) салық салынатын импорт қосылған құн салығы салынатын объектілер болып табылады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 129; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты