Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мейдзи-син революциясы 5 страница




ХІХ ғасырдың 30-60 жылдарында Батыс державаларының Шығыс елдерінде жүргізген кең көлемдегі басқыншылық саясаты жергілікті халықтың тұрмыс жағдайының күрт нашарлауына,саяси күйреуіне әкелді.Қалыптасқан ауыр жағдай Шығыс елдерінде отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарды тудырып,тәуелсіздік жолындағы ұзақ күрес кезеңі басталды.

34. Отарлық жүйе дағдарысының бастамасын ашып көрсетіңіз

Екінші дүниежүзілік соғыс өмірдің барлық жақтарына үлкен ықпалын тигізді, сонымен қатар, ол отар және тәуелді халықтардың өздерінің тәуелсіздіктері үшін күресін ары қарай жандандырып, дамытуға мүмкіндік тудырды. Басты рөлді КСРО атқарған демократиялык күштердің фашизмді жеңуі Азия, Африка мен Латын Америкасындағы ұлт-азаттық қозғалыстарды кеңейтіп дамытуға оң ықпалын тигізді. Екінші дүниежүзілік соғыстан сон халықтардың тәуелсіздік үшін күресінде жаңа дәуір басталды. Отарлық жүйе біртіндеп құлдырай бастады.Уақыты бойьшшы бірінші болып Оңтүстік-Шығыс Азия елдері еркіндік ала бастады. Соғыс жылдарының өзінде Индонезия халқы жапондықтармен күрес жүргізді, олар елді жаулап алдып еркіндік үшін болған кез келген құлшыныстарды аяусыз басып шаншып отырды. 1945 жылдың тамызында Жапония капитулляцияланбай тұрғанда, бірақ жапондық милитаризмінің жеңіліс тапқаны анық болып тұрғанда, ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшыларының бірі Сукарно Индонезияның тәуелсіздігін жариялап Индонезия Республикасының бірінші президенті болды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттің дүниеге келуі қарулы көтеріліссіз болды. Қан-төгіссіз жеңістің болу себебі мынада: аралда қалған жапон бөліктері деморальданған болды да олар капитулляцияға қол қойған соң мүлдем ешқандай қарсылық білдіре алмады. Индонезияның бүрын болған қожайындары Голландия мен басқа батыс елдерінің қарулы күштері архипелаг аралдарында болған жоқ. Сондықтан тәуелсіздік жариялағаннан кейінгі алғашқы күндері елде тыныштық болып, үкІмет пен басқа да билік органдарын кұру жүріп жатты.Алайда, біраз аралықтан соң Ява аралына жапондықтарды қарусыздандыру түрімен ағылшын әскерлері түсті. Ағылшындар өздерімен бірге уақытша генерал-губернатор Ван Моокты алып келді, ол бүрынғы голланд отарлаушылары орнатқан тэртіптерді қайта қалпына келтіру керек болды. Ағылшын әскери бөліктері Индонезиялық патриоттармен бэлсіне қоймады. Бұл бүкіл елде наразылық пен қарсыластық танытушылыққа әкелді.1945 жылдың 10 қарашасьшда Индонезияда республиканың еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін, отаршылдыққа қарсы қарулы күрес басталды. Оньщ толық жеңісіне бірнеше жылдар қажет болды. Күрес тек аралдарда ғана емес, сонымен қатар БҰҰ-да, халықаралық конференцияларды да жүріп жатты. Тек 1954 жылдың 10 тамызында голланд-индонезиялық одақ бұзылды. 1956 жылдың мамырында президент Сукарно парламент қабылдаған оны тарату (қысқарту) жөнінде Заң қабылдады. Индонезиядан соң кезек Бирмаға келді. Мұнда Бирманы оккупациялаған жапондықтарға қарсы операция жүргізген ағылшындар ағылшын әскерлеріне көрсеткен көмектеріне қарамастан бирма патриоттарына, ұлт-азаттық қозғалыстардың дамуына кедергі жасауға тырысты. Саяси маневрлармен билікті бирма халқына өткізбеуге тырысқан ағылшын саясатына қарамастан бүкіл елде азаттық қозғалыстар өсіп жатты. Бүкіл билікті толығымен халыққа беру және Құрылтай жиналыста сайлау өткізу туралы талаптар жалпылық болды. Ақырында ұлттық күштердің қысымына түскен ағылшын үкіметі Бирмаға доминион статусын беруге мәжбүр болды. Қыркүйекте Құрылтай жиналыс Конституция қабылдады, ол жаңа республика - Бирма Одағын жариялады.1947 жылдың 15 тамызында Дели тәуелсіз Үндістанның үш түсті жалауы бой көтерді. Үнді халқы көп жылдар бойы армандаған және сол үшін аяусыз күрескен еркіндігіне қол жеткізді.Үндістанның тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болған ағылшын үкіметі оның территориясын екі мемлекетке бөлді: Үндістан мен Пәкістан. Бұл бөлініс тек үнді парламентінІң келісімінсіз жүргізілді де бұл кейінгі жылдары екі мемлекет арасындағы көп қақтығыстарға әкелді, олар кейде тіпті әскери қимылдарға да әкеліп отырды.Пәкістан жекеленген екі бөліктен тұрды-шығыс және батыс. Құрлықта олардың ара қашықтығы 1500 шақырымды құраса, суда түбектің айналасындағы жолы 5000 км-ге жуық болды. Ақырында, оның шығыс бөлігі-Бенгалия көп қақтығыстардан соң жеке мемлекет-Бангладеш болды, бұрынғы отарды бөлу тек діни сипат бойынша ғана болды, оның тарихи дамуы мен сақталып қалған салт-дәстүрлері ескерілмеді. Бұл бөлініс басталғаннан бастап-ақ діни негізде болған қиратушылықтар мен бұқаралық кісі өлтірулерге әкелді. Мыңдаған үндістер Пәкістан территориясынан, мұсылмандар Үндістаннан кетуге мәжбүр болды. Джамму мен Кашмир кнәздіктері, және де Хайдарабад пен Джунатарх үшін күрестер үнемі жүріп түрады.1950 жылдың 26 қаңтарында Құрылтай жиналысы жаңа Конституция қабылдаған соң Үндістан егемен демократиялық республика болды, сонымен бірге Британдық ұлттар Достастығының құрамында қалып отырды.1948 жылдың ақпанында ағылшын үкіметі Дейлон аралына доминион құқын беруге мәжбүр болды.1946 жылдың 4 шілдесінде Филиппин Республикасы Егемен мемлекет болды, бірақ АҚШ мұнда өз әскерін қалдырды да республикаға белгілі бір бақылау жүргізіп отырды.11 жылдан соң, 1957 жылдың тамызында Малайя тәуелсіздік алды. 1951 жылы Неапал конституциялық монархиясы бар егеменді мемлекет болды. Тәуелсіздік үшін ең ауыр әрі қиын жолды өткен Вьетнам болды. Жапонияның 1945 жылдың 2 қыркүйектегі капитулляциясы еркін әрі тәуелсіз Вьетнам Демократиялық Республиканың туған күні болды. Алайда, соғыс кезінде жапон оккупанттармен күрескен вьетнам халқына қайтадан қолына қару алуға тура келді. Францияның билеуші топтары Үндіқытайда өз иеліктерін жоғалқандарымен келіскісі келмеді. Ағылшын әскери бөліктерінің көмегіне сүйенген француздықтар 1945 жылдың 23 қыркүйегінде Сайгонға оккупациялады, Оңтүстік Вьетнам территориясын жаулай бастады, Камбоджаға басып кірді. Бір мезетте чанкайшылар Вьетнамға солтүстіктен кірді, бұны Жапон бөліктерінң капитуляциясын қабылдау кажеттілігімен түсіндірді. Вьетнам халқы өз отанын қорғауға тұрды.Қытайдың халықтық-азаттық армиясынан кейін чанкайшылар Вьетнамнан кетті де, кейінірек мүлдем Тайваньға көшті. Француздар вьетнам халқының табанды қарсылығы мен әлемнің прогрессивті қоғамдастығының оларды Вьетнамнан кетуін талап етуіне қарамастан күресті жалғастырды. Француздардың жеңілісінен және Дьен Бьен Фу тірек пунктінің құлауынан кейін 1954 жылдың мамырында қайта құрылған Франция үкіметі Вьетнамдағы "лас соғыс"деген атқа ие болған соғысты тоқтатты. 1954 жылдың 20 шілдесінде Үндіқытайда бейбітшілікке келіп, келесі күні Женевада КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, ҚХР, Франция және басқа да мүдделі елдердің шетел істері министрлерінің кеңесінде Вьетнам, Камбоджа, Лаостағы еркін сайлауларды - қарастыратын соңғы бекітуші декларацияға қол қойылды. Вьетнамда 17-параллельден оңтүстікке қарай уақытша демаркациялық сызық жүргізілді.Женевадағы қорытынды декларацияға қолды тек АҚШ ғана қойған жоқ, олар Вьетнамның еркін дамуына кедергі жасап, Францияның орнына келмекші болды.1950 жылдың наурызында АҚШ-тың ұлттық кауіпсіздік Кеңесі кейінірек президент Г.Трумэн мақұлдаған француз отар әскерлеріне экономикалық және әскери көмек туралы шешім қабылдаған болатын. Оңтүстік-Шығыс Азияда ықпалын күшейту үшін және аймақ елдерінде дербес демократиялық тәртіптің кұрылуына жол бермес үшін АҚШ 1954 жылдың қырқүйегінде Манилада Оңтүстік-Шығыс Азия келісімінің әскери Ұйымын (СЕАТО) құру туралы пактіге кол қойды. Бұл ұйымға мүше болғандар: АҚШ, Англия, Франция, Австралия, Жаңа Зеландия, Пәкістан, Тайланд пен Филиппин.АҚШ СЕАТО көмегімен және көмкеруімен белсенді істерге кірісті. Олар "күшті оңтүстік Вьетнам" құрудан бастады, ол арқылы ең алдымен ДРВға соққы беру, содан кейін өз ықпалына бүкіл Үндіқытай аймағын бағындыру көзделді. Бұл үшін 1955 жылдың қазанында Оңтүстік Вьетнам АҚШ-қа тәуелді Нго Динь Дьем президенті бар Республика болып жарияланды. АҚШ-тың 1973 жылға дейін созылған Вьетнамдағы интервенциясы басталды. Алайда, соғыста күштердің теңсіздігіне, АҚШ өзінің үлкен әскери-өнеркәсіптік потенциалына қарамастан, кішкентай 30 миллион халқы бар, жапондықтармен, француздармаен соғыстарда күйзелген Вьетнам тойтарыс беріп кана қоймай, өзінің қаһарман халқының күші мен халықаралык аренаның үнемі болып тұрған қолдауының және де КСРО мен басқа да социалистік елдердің барлык қажет көмек беруінің арқасында жеңіске жетті.Көп жылдар бойы АҚШ вьетнам халқының қарсыластығын сьшдыруға тырысты. Бүл үшін 1970 жылдың көктемінде сайгон әскерімен бірге американ әскери топтары Камбоджаға баса көктеп кірді, одан 1971 жылдың басында Лаосқа енді. Бірақ Вашингтон ойластырған жоспарларын жүзеге асыра алмады. Американ дипломатиясына соғысты тоқтату жолдарын іздестіруге жэне бейбітшілікті орнатуға тура келді. Келіссөздер қиын, әрі ұзақ болды. Тек 1973 жылдың 27 қаңтарында соғысты тоқтату туралы келісімге қол қойылды. Осылайша, 30-жылдық соғыстан кейін Вьетнам еркін әрі тәуелсіз демократиялық республика болды.Таяу және Орта Шығыс елдерінің отарлауға қарсы күресі соншалықты ұзақ болмаса да, өте маңызды, өткір болды. Сирия мен Ливан, Египет пен Ирак,Йемен мен Иордания тәуелсіздігіне қол жеткізді. Табан тірескен күрестіПалестина халқына жүргізуге тура келді. Себебі, 1947 жылы БҮ¥ Бас Ассамблеясының шешімімен Палестина мемлекеті 2 бөлікке бөлінді: арабтық-Палестина, және еврейлік Израиль. Иерусалим қаласы интернационализацияға жатты. Бірден Бас Ассамблеясының шешімінен соң Израиль басшылары Палестинаның бүкіл территориясын алып қалуға тырысып арабтарға қарсы соғыс бастады, палестиналықтарға жаулап алынған территорияның біразын қайтарып ала алды. Алайда, еркін тәуелсіз Палестина мемлекеті әлі де құрылған жоқ.

 

35. Шығыс елдерінің 1918-1945 жж. дамуының негізгі бағыттарын атаңыз

Шығыс елдері 1918 жылы яғни бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін өз тәуелсіздіутері үшін күресе бастады.Бірінші дүниежүзілік соғыстың зардабы отар халықтардың ашу –ызасын тудырып,ұлт-азаттық қозғалыс көптеген елдерді қамтығаны белгілі. Ресей империясындағы оқиғалар да қз ықпалын тигізді.1917-1923 жылдары революциялық күрес Үндістанда болды. Ол күрестің негізгі қозғаушы күші шаруалар болды.1920 — 1922 жылдары Мохандас Карамчанд Ганди Үнді ұлттық конгресіне басшылық жасап, азаматтық бағынбау науқанын басқарды. Бұл науқанның негізгі мақсаты — өзін-өзі толық басқару құқықтарын талап ету еді. 1935 жылы “Үнді актісі” бойынша үнділіктерге федералдық заң шығарушы органдарды басқару құқығы берілді, бірақ қорғаныс пен халықар. қатынастар мәселесі вице-король әкімшілігінің қарауында қалдырылды. 1940 жылы Мұсылман лигасы Үндістанды әр түрлі діндердің өкілдері көп орналасқан аумақтардың шекаралары бойынша бөлшектеуді талап етті.ХХ ғ. 18-45 ж.ж. Түркия дамуның негізгі бағыттары : саяси және әлеуметтік-экономикалық байланыстар. Түркияның Грекиямен байланысы. І Дүниежүзілік соғыстан кейін 2 ел басшылары Мұстафа Кемаль Элефтериос Венизелос бірнеше жылғы келіссөзден кейін, 1930 ж Түркия мен Грекия арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. Венизелос ресми іссапармен Стамбұл мен Анкарада болды. Грекия Түркия Республикасы құрамына кірген барлық территорияларға наразылықтарынан бас тартты. Осыдан кейін 1934жылы Балкан пактісіне қол қойылып, Греция, Түркия, Югославия, Румыния арасында одақтастық шарты жасалды. Келісім бойынша осы елдер бір-біріне көмектесіп, бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болатын болды. Екі ел бейбітшілікті қолдайтынын білідіріп, осы бағытта екі жақты кездесулер ұйымдастырылы. Ататүрк пен Венизелос бейбітшілікті сақтаудағы үлестері үшін Нобель сыйлығына ұсынылған болатын. 1941 жылы Түркия алғаш болып Грекияға гуманитарлық көмек көрсеткен. Себебі, Афинаны Ось мемлекеттері(Германия, Италия, Жапония) оккупациялаған болатын. Түркия президенті Исмет Иненю грек халқына көмектесу туралы заңға қол қойды. Сол уақытта 1941 жылы маусымда Түркия нацистік Германиямен достық келісімге қол қойды. «Қырғи-қабақ» соғысы басталғаннан кейін Грекия мен Түркия арасында жақындасу байқалып, сол уақытта Грекия, Түркия және Югославия Жаңа Балкан пактісіне қол қойып, онда Кеңес одағына қарсы бірігіп қорғану шаралары туралы қаралған.

ХХ ғ. 18-45 ж.ж.Жапония дамуның негізгі бағыттары : 1-дүниежүз. соғыс жылдарында Жапония өзінің Қиыр Шығыстағы бәсекелестерін (Германия, Ұлыбритания, Ресей) ығыстырды. 1914 — 1919 жылы өнеркәсіп өнімдері 13-тен 65 млрд. иенге өсті. Ресейдегі азамат соғысын пайдаланып, 1918 жылы 5 сәуірде Владивостокты басып алып, Қиыр Шығыс пен Сібірге баса көктеп енді. Алайда, 1922 жылы күзде жапон әскерлері кеңестік Қиыр Шығысты тастап шығуға мәжбүр болды. 1924 — 1925 жылы АҚШ және Ұлыбритания үкіметтерімен қайшылық күшейіп кетті де, Жапония КСРО-мен қарым-қатынас жасай бастады. 1929 — 1933 жылы елде экономикалық дағдарыс басталды. 3 млн-нан аса жұмыссыздар армиясы пайда болып, шаруалар да күрт кедейленіп кетті. “Жас офицерлер” ұйымдары пайда болып, үкіметтен елде әскери диктатура орнатуды талап етті. Сыртқы және ішкі саясатта әскерилердің беделі күрт өсті. 1931 жылы күзде Маньчжурияда қуыршақ үкімет (Маньчжоу — Го) құрылып, 1933 — 1936 жылы Қытайға қарсы агрессияны күшейтті. Жапония 1936 жылы қарашада Германиямен “Антикоминтерндік пактіге” қол қойды да, 1937 жылы шілдеде Қытайды толық жаулап алу үшін соғыс бастады. 1938 жылы Қытайдың неғұрлым дамыған шығыс бөлігін толық басып алып, Кеңес Одағы мен Моңғолияға шабуыл жасауға дайындалды. Бірақ 1938 жылы шілдеде Хасан көлі жағасында, 1939 жылы мамыр — тамыз айларында Халхин-Гол ауданында кеңес әскерлерінен жеңіліп қалды. Осыдан кейін жапондар “оңтүстік” бағытта, яғни еуропа мемлекеттер мен АҚШ-тың Оңтүстік-Шығыс Азиядағы отарларына шабуылды күшейтті. 1940 жылы қыркүйекте Үндіқытай түбегінің солтүстік басып алды. 1941 жылы 7 желтоқсан күні түнде жапон әскерлері ешқандай соғыс жарияламастан, америкалықтардың Гавай аралындағы негізгі соғыс базасы Перл-Харборға және Гуем, Манила, Ганконгке басып кірді. 1942 жылдың орта тұсына дейін Филиппинді, Тайландты, Үндіқытайды, Бирманы, Малайзия мен Индонезияны басып алды (қ. Екінші дүниежүзілік соғыс). 1945 жылы 6 — 9 тамыз күндері Америка әскери-әуе күштері Жапонияның 2 қаласына (Хиросима мен Нагасаки) атом бомбасын тастады. 1945 жылы 9 тамызда Кеңес әскерлері шабуылға шығып, Маньчжурияны, Солтүстік Кореяны, Оңтүстік Сахалин және Куриль аралдарын азат етті. 2 қыркүйек күні (1945) Жапония өзінің толық жеңілгендігі жөніндегі актіге қол қойды.

 

36. Соғыстан кейінгі әлемді қайта құрудың Версаль-Вашингтон жүйесін сипаттаңыз

Версаль бітімшарты. Германиямен келісімшарттың мәтіні мамыр айында дайын болды. Бұл елмен жасалған бітімшарт Версаль бітімі деп аталды. 1919 жылы 28 маусымда Версаль сарайының айналы залында шартқа қол қойылды. Ол соғыстан кейінгі дүние жүзіндегі мемлекетаралық қарым-қатынастарды реттеудегі маңызды құжат болды. Келісімшаарт талаптары бойынша Германия аумағының белгілі бөлігі көрші мемелекеттерге өтті. Герммания бұрын басып алған Эльзас пен Лотарингия ранцияға кері қайтарылды. Экономикалық жағынан аса маңызды Саар облысы Францияның қолына өтті.Бельгия Эйпен мен Мальмедии округтерін алды. Данияға Шлезвигтің солтүстік бөлігі берілді. Версаль бітімшарты бойынша Германия өз аумағының 1/8 бөлігі мен халқының 1/12 бөлігінен, отарларынан айырылды.Германияда жалпыға бірдей әскери міндеттілік жойылды. Ол жалдамалы негізде құрылатын жүз мыңдық әскер ұстауға құқылы болды. Германияға соғыс техникаларын ұстауға тыйым салынды. Соғыс жылдарында Антанта елдеріне келтірілген шығындардың орнын толтыру үшін Германия едәуір төлемақы төлеуге міндеттелді. Бірақ оның сомасы жөнінде жеңіске жеткен елдер біржақты шешімге келе алмады. Лондон конференциясы соғыс шығындарының жалпы мөлшерін 132 млрд. алтын марка деп есептеді. Германияменжасалған шарт оның бұрынғы одақтастарыы Австриямен, Болгариямен, Венгриямен, Туркиямен бітімшартқа қол қоюмен аяқталды.Вашингтон конференциясы. Вашингтон үкіметі Германия және оның одақтастарымен жасалған бітімшарттарында теңіз қару-жарақтарын шектеу, Тынық мұхиты және Қиыр Шығыс мәселелері бойынша қосымша шарттармен толықтыру қажеттігін білдірді. АҚШ үкіметі осыны іске асыру үшін Вашингтонда конференция шақырды. Конференция 1921 жылдың 11 қарашасынан 1922 жылдың 6 ақпанына дейін өтті. Оның жұмысына 9 елдің – АҚШ, Англия, Франция, Португалия, Италия, Жапония, Бельгия, Голландия және Қытайдың өкілдері қатысты. Қытайға енудің аса тиімді жолың қамтамасыз ету ұшін америка делегациясы Қытайдың егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын құрметтеуге шақырып, барлық державалар қытаймен болатын қатынастарын «Ашық есік» және «Тең мүмкіндік» негізінде іке асыруды ұсынды. 9 державаның шартына сәйкес Жапония Қытайдағы бұрыңғы артықшылықтарынан бас тартуға мәжбүр болды. Сонымен қатар АҚШ пен Англия бірінші дүниежүзілік соғы кезінде Жапония басып алған Шаньдун түбегін Қытайға қайтаруды талап етті. Олар АҚШ жобасын дайындап ұсынған «9 державаның шартына» қол қойды. Вашингтон конференциясында теңіз қару-жарақтарын қысқарту туралы «5 державаның шарты» деп аталған құжат қабылданды. Бұл халықаралық қатынастар тарихындағы қарулануды шектеудің тұңғыш келісімі еді. Париж және Вашингтон конференцияларының шешімдері соғыстан кейінгі халықаралық қарым-қатынастар үлгісінің негізін қалаған Версаль-Вашингтон жүйесін қалыптастыру. Бұл жүйенің құрылуы шиеленістерді бәсеңдетуге мүмкіндік берді, халықаралық қатынастардың жаңа қағидаларын бекітті, халықтардың өзін-өзі билеу қағидасын мойындады. Версаль-Вашингтон жүйесі халықаралық қарым-қатынастарың жаңа үлгісі болғанымен, жүйенің империалистік сипатын өзгерте алмады.Бұл әсіресе Кеңестік Ресейге жүргізілген күрестің барлық бағытынан көрінді. Капитализмге балама құрылыс ретінде пайда болған социалистік елге интервенция ұйымдастарды. Версаль-Вашингтон жүйесінің бітімшартыныі бірде-біреуіне Кеңестік Ресей өкілдерінің қолы қойылмады.

37. ХХ ғасырдың 40-60 жж. Шығыста ұлттық мемлекеттердің пайда болу үдерісіне баға беріңіз

ҚХР.XX ғасырың 40-60 жылдары, яғни екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Шығыс елдерінің картасы күрделі өзгерістер ұшырады. Ұзаққа созылған азамат соғысының нәтижесінде 1949 жылы 1қазанда Пекинде болған үлкен жиында Қытай Халық Республикасы (ҚХР) жарияланды.Чан Кайши бастаған Гоминьдан армиясының қалдықтары Тайвань аралында бекінді. Қытай коммунистік партиясының басшылығымен Қытай халқы зор жаңалықтарға жол ашты. Бұл жаңалықтар қатарында халықтық-демократиялық құрылысты нығайту, аграрлық реформаны іске асыру, индустрияландыру саясатын орнықтыру міндеттері тұрды.1954 жылы Қытай Ұлы Халық жиналысы жаңа Конституция қабылдап, біртұтас республикалық негіздегі мемлекеттік құрылысты жариялады. Саяси билік Мао Цзэдун басқарған Қытай коммунистік партияның ықпалына бағынды. Қытайдағы басқа ұсақ ұлттарға жартылай автономиялық еріктік жарияланды.

Монғолия. 1960 Конституция Монголияны социалистік мемлекет деп жариялады. 1990 жылға дейін елде өкімет басында Монғол халық революциялық партиясы болды. Осы жылы мамыр айында көп партиялықтың бастауын қалаған заң қабылданды. 80-жылдардың соңынан бастап елде демократиялық реформалар басталды. Қазір мұнда 20-дан астам саяси партиялар жұмыс істейді.1992 жылы жаңа Конституция күшіне еніп, ел Монғолия деп атала басталды.

Корея. Оңтүстік Корея буржуазиясы АҚШ-тың қолдауына сүйеніп, 1948 жылы мамыр айында ұлттық жиналысқа сайлау өткізіп, Конституция қабылданып, Корея республикасын жариялады. Ли Сын Ман президент қызметіне сайланды. Астанасы Сеул қаласы болды.Бұған жауап ретінде 1948 жылы 9 қыркүйегінде Корей Халық Демократиялық Республикасы жарияланды. Жаңа конституция қабылданып үкімет басына Ким Ир Мен сайланды. Жаңа мемлекеттің астанасы Пхеньян қаласында орналасты. КХДР үкіметінің өтінішін ескеріп, Кеңес өкіметі Солтүстік Кореядағы әскерлерін 1948 жылдың соңына дейін шығарып әкетті.

Вьетнам. Азиядағы ұлт-азаттық күрестің нәтижесінде 1945 жылдың 2 қыркүйегінде Вьетнам Демократиялық Республикасын жарияланды. Бірақ ВДР тәуелсіздігін мойындағысы келмеген француз отаршылары онымен сегіз жылға созылған соғыс (1946-1954 жж.) жүргізді. Олар елдің оңтүстігінде Вьетнам емлекетін құрып, оны АҚШ, Англия, т.б елдері қолдады.1976 жылдың 26 сәуірінде жалпы сайлау Вьетнам Демократиялық Републикасы мен Оңтүстік Вьетнам Републикасын біріктіру заңы қабылданды. 2шілде күні Вьетнам Социалистік Республикасы жарияланды. Асанасы Ханой қаласы болды.

Лаос тәуелсіздігі 1945 жылы 12 қазанда жарияланып конституциялық монархия тәртібі бекітілген ел атқару билігін Халық комитеті ұстаған. Оның құрамында ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан солшыл күштербасымды болды. Бірақ, 1946 жылы Франция оны ығыстырып, король мәртебесін көтерді.Ал шын мәнінде баяғы отаршылдық жағдайды орнатуға кіріскен еді. 1947 жылы парламент сайлауы өткен. Отан сүйгіш күштер ел тәуеліздігі үшін жан аямай күреске қатысып келді. Отаршылдар ұлт-азаттық қозғалысты әлсіретуге бірнеше шаралар қолданып, 1949 жлы Лаосты француздық Үндіқытьай одағындағы тәуелсіздік мемлекет туралы туралы шарт жасасқан.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 119; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты