Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мейдзи-син революциясы 7 страница




46 «Фатх» пен «Хамас» арасындағы қарама-қайшылықты атап беріңіз

Солтүстік Африка мен Таяу Шығыста исламдық ояну қозғалыстары басталғаннан бірнеше ай өткен соң, азап шеккен Палестина халқы да осы оянудың жемісінің пайдасын көрді. Төрт жыл бойы қарама-қайшылықтардан кейін "Фатх" пен "Хамас" қозғалыстарының жетекшілері өткен аптада Каирда "Ұлттық татуласу келісіміне" қол қойды. Бұл келісімге Палестина автономиялық құрылымының басшысы Махмуд Аббас пен "Хамас" қозғалысының саяси кеңсесінің басшысы Халед Машаль қол қойды. Осы екі қозғалыстың басшылары "Ұлттық бірлік үкіметін" құруға келіскендерін мәлімдеді. Сонымен қатар "Хамас" пен "Фатх" алдағы бір жыл ішінде жалпыхалықтық сайлау өткізуге келісті. Бұл келісім, биыл қыркүйекте БҰҰ-да тәуелсіз Палестина үкіметінің құрылғаны туралы мәселе қозғалғалы отырған жағдайда жасалды. Қазірдің өзінде әлем мемлекеттерінің көбі Құдыс астаналығымен тәуелсіз Палестина үкіметінің құрылуына қолдау білдіріп отыр. Сионистік тәртіптің Франция секілді кейбір Еуропалық серіктестері тіпті осы тақырып бойынша кеңестер жүргізіп жатқанын жариялады. Осылайша тәуелсіз Палестина үкіметі құрылмай тұрып, "Фатх" пен "Хамас"-тың татуласуы Палестинаның азап шеккен мұсылман халқын қуантқан жаңалық болды. Дегенмен бұл жаңалық сионистік тәртіптің басшылығы мен оның негізгі демеушісі АҚШ-қа алаңдаушылық тудырған тосын хабар болды. Сионистік тәртіп премьер-министрі Беньямин Нетаньягу "Хамас" пен "Фатх"-тың келісімі жарияланған соң, сионистердің екі Еуропалық демеушісін бұл келісімге қарсылық білдіруге ынталандыру үшін Лондон мен Парижге аттанды. Сионистік тәртіп сыртқы істер министрінің орынбасары Дани Аялон палестиналық топтардың татуласуына аймақтағы халықтық қозғалыстар әсер етті деп санайды. Осы тәртіптің сыртқы істер министрі Авигдор Либерманның орынбасары австриялық "Ди прессе" газетіне берген сұхбатында "Хамас" пен "Фатх" топтарының татуласуынан таң қалғанын айтты. Ол палестиналық топтардың бірігуіне алаңдаушылық білдіріп: "Палестиналықтардың 2006 жылғы сайлауында "Хамастың" жеңіске жетуі біз үшін күлкілі болады",-деді. Ол сондай-ақ аймақтағы соңғы өзгерістерге меңзеп: "Олар араб елдеріндегі көтерілістердің жемістерін терді",-деді.

"Хамас" пен "Фатх"-тың ұлттық татуласуынан алаңдап, ашуланған тек сионистер ғана емес. Америка үкіметінің қайраткерлері де сионистік тәртіп секілді бұл келісімге байланысты алаңдаушылық білдіріп, Палестина автономиясына қаржылай көмектерді тоқтатамыз деп ескертті. "Фатх" пен "Хамас" қозғалыстары арасындағы ұлттық татуласу келісімі дүниежүзінің саяси және ақпараттық орталарында кең шағылыс тапты. БАҚ-тар бұл келісімнің төрт жыл бойы қарама-қайшылықтардан кейін жасалуының және Мысыр мен Арабстанның арағйындығымен жасалған бірнеше келісімнің жеміссіз болуының себептерін талқылауға кірісті. БАҚ-тар көңіл аударған ең маңызды мәселе, бұл келісім Таяу Шығыс халықтарының Батысқа бағынышты диктаторлық биліктерге қарсы көтерілістерінен соның ішінде Хұсни Мүбәрак билігінің құлауынан әсерленіп жасалған. Өйткені Мысырдағы Хұсни Мүбәрак үкіметі татуласу келіссөздерінде шешуші рөл атқаратын. Мүбәрак аймақта Американың саясатын орындаушы еді және сионистік тәртіппен татуласуы келіссөздерінде араб үкіметтерінің өкілі қызметін атқаратын. АҚШ үкіметі Мүбәрак тәртібіне Газа секторындағы "Хамас" қозғалысын оқшауландыруды тапсырды. 2009 жылы желтоқсан айында сионистік тәртіп Газа секторына ауыр шабуылдар жасаған кезде Мүбәрак осы аймақтағы қаналған халыққа көмектер жеткізу үшін Рафах өткелін ашқызбады. Мысырдың тақтан тайдырылған диктаторының мұндай саясаты үшін өз халқы оған жиіркенішпен қарайтын болды. Осы күнге дейін палестиналықтардың қарама-қайшылығынан және араб биліктерінің ынтымақтастығынан сионистік тәртіп пен АҚШ ең көп пайда көрді. Араздық орнату - Америка мен сионистік тәртіптің соңғы онжылдықтардағы күрделі саясаты болып келеді. Енді міне арабтың бағынышты биліктері құлап немесе құлау қарсаңында тұрған шақта Палестинадағы және жалпы алғанда Таяу Шығыстағы АҚШ пен сионистік тәртіптің саясаттары да құлдырай бастады.

"Фатх" пен "Хамас" қозғалыстарының татуласу келісімі аса қолайлы кезде жасалды. Мысырдағы өзгерістерге назар аудара отырып, бұл келісім болжауға келетіндей болды. Мысырда Мүбәрак билігіне қарсылықтар отыз жыл бойы басып-жаншылған соң ақырында оның құлауына ұласқандай, Палестинада да "Хамас" басқыншыларға қарсы табандылық көрсетуді таңдағандықтан осы ұлттық татуласу келісімін жасауда күрделі рөл атқарды. Сионистік тәртіп "Хамас"-қа үнемі шабуылдар жасаса, бұл тәртіптің батыстағы және аймақтағы одақтастары мен оларға бағынышты палестиналық ағымдар әрдайым қысым көрсетіп келді. Бұл сөзімізге соңғы төрт жылдағы Газа секторының қоршауда болуы және сионистік тәртіптің 22 күндік соғысы дәлел болып табылады. Сондықтан Мысыр халқы Мүбәрак тәртібін жеңіп, палестиналық бағынышты ағымдардың осы демеушісін құлатқан соң, Палестинада "Хамас"-тың жағдайы күшейді. "Фатх" пен "Хамас" арасындағы Каирда жасалған келісім, көптеген жылдар бойы палестиналық бағынышты ағымдар мен сионистік тәртіптің талаптарына қарсы тұрғандықтан қарсыласу қозғалысының үлкен жеңісі болып есептеледі. Палестина автономиясының басшыларына сионистік тәртіптің үнемі заңбұзушылықтары, мен АҚШ үкіметінің алдамшы саясаттары, татуласу үрдісінің жалғаса беруі сионистік тәртіпке қалашық салуға мұрсат болғанын көрсетті. "Фатх" қозғалысына "Хамас"-пен ұлттық татуласу келісімін жасау осы саяси тығырықтан шығу мұрсаты болды. "Фатх" қозғалысы енді айрылатын нәрсесі қалмаған соң, сионистік тәртіп пен АҚШ басшыларының ашуын біле тұра келісімге қол қойды. Таяу Шығыстағы саяси тепе-теңдіктің өзгеруімен Америка үкіметі сионистік тәртіп өзегімен аймақтық геосаясатын құру мүмкіндігінен айрылды. Бұдан былай АҚШ Палестина халқының заңды талаптарына мән бермей отыра алмайды. Сондықтан ерте ме, кеш пе тәуелсіз Палестина үкіметін ресми мойындауына тура келеді. Келесі жағынан "Хамас"-қа "Фатх" қозғалысымен татуласу келісімін жасау, палестиналықтардың қарама-қайшылығын тоқтатып, осы екі қозғалыстың бірлесіп сионистік тәртіпке қарсы тұруына және бірлесіп Палестина үкіметін құру үшін қолайлы жағдай орнатты.

Палестина халқының қиыншылықтарға толы тарихында жаңа кезең басталды. Жалған Израиль тәртібі өз ғұмырында осындай әлсіз жағдайға тап болмаған еді. Батысқа бағынышты диктаторлық биліктер құлады немесе құлауға жақын. Сионистік тәртіптің АҚШ пен Батыс елдері секілді қамқоршылары бұл тәртіптің басқыншылық саясаттарына бұдан әрі қолдау көрсете алмайды. Таяу Шығыс халықтары оянып, бөтендерге бағынышты биліктер заманы аяқталды. Дүниежүзінің қоғамдық пікірі сионистік тәртіптің ұлтшылдық болмысын түсінді. Өздерінің басқыншылық саясаттарын ақтаудағы сионистердің АҚШ пен Еуропа алдында өзін бейшара етіп көрсетуі және палестиналық қарсыласу топтарын "лаңкестік" деп атауы енді жүрмейді. Палестинадағы, аймақтағы және әлемдегі жағдай палестиналықтардың өз талаптарына жетуіне қолайлы. Таяу Шығыс халықтарының әрекеті және "Хамас" пен "Фатх"-тың татуласу келісімі палестиналықтар мен Ислам әлемін қиын, бірақ болашағы жарқын жолға қойды. Әрине палестиналықтардың өз жерін азат етуіне кедергі жасау үшін сионистер мен олардың батыстағы серіктестері кез-келген әрекет жасайтыны шүбәсіз. Сондықтан сионистердің мұндай саясатына қарсы тұрудың жалғыз жолы – палестиналық топтар арасындағы бірлік және Аллаға тағалаға тәуекел ету болып табылады.

47. Таяу Шығыс мәселесін реттеудегі бейбіт үдерісті (1992-2007) сипаттаңыз

Халықаралық қауымдастықтың күшін біріктіре отырып, жанжалды әділеттілік пен халықаралық құқық негізінде бейбіт саяси жолмен шешу процесінде БҰҰ-ның ролі өте зор. Тек 1947-1982 ж.ж аралығында БҰҰ Бас Ассамблеясы палестина проблемасын қарай отырып, 30 дан астам резолюция қабылдады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тек 1967-1980 ж.ж. аралығында осы мәселеге қатысты 15 резолюция қабылдады. БҰҰ –ның резолюциялары Таяу Шығыста түбегейлі, әділетті бейбітшілік орнатуға бағытталған. Алайда Халықаралық сионизм мен АҚШ-тың қуатты қолдауына арқа сүйеген Израиль БҰҰ-ның және басқа да Халықаралық ұйымдардың қарарлары мен шешімдерінің көпшілігін орындамауда.

14- қараша 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 58 сессиясында Адам құ- қығын сақтаудың орындалуын қадағалайтын арнайы комитеттің «Израильдің Палестина халқына және басқа оккупацияланған территориялардағы арабтарға қатысты іс-әрекеттері» жұмысы қаралды.[1] 2004 жылы Бас Ассамблеяның ар- найы саяси мәселелер және деколонизация мәселелері жөніндегі комитеті «Оккупацияланған Палестина территориясындағы, оның ішінде Шығыс Иеру- салим және оккупацияланған Сириялық Голан жерлерінде Израиль қоныстарын салу туралы» № А/С 4/58 – қаулысын қабылдады. Онда Израильдың араб жер- інде еврей қоныстарын заңсыз салғаны айыпталды.

Оған 149 ел, оның ішінде Еуроодаққа мүше мемлекеттер, Ресей, Қазақст- ан және ТМД елдері дауыс берді, қарсы 7 ел, (Израиль, АҚШ және Маршал, Микронезия сияқты кішігірім аралдар); Екеуі қалыс қалды. Жалпы осы екі қуыршақ мемлекеттер ғана БҰҰ-ның шешімдеріне АҚШ пен Израильмен бір- лесіп қарсы шығады.

Норвегия дипломатиясының делдалдық қызметінің арқасында 90-жылдардың

басында құпия түрде Осло қаласында палестиналықтар мен израильдіктер арасында тікелей келіссөздер басталды. Халықаралық қолдаумен 1991 жылы Испанияның астанасы Мадридте бейбіт процестің негізгі демеушілері АҚШ пен Ресей бірлесіп, Таяу Шығыс жөніндегі конференция ұйымдастырды. Бұл қадамдар жалғасын тауып, 1993 жылы 13 қыркүйекте Вашингтонда Палестина мен Израиль арасында Принциптер декларациясына қол қойылды.[50] 1994- жылы 1- шілдеде Палестинаның басшысы Ясир Арафат Газа қаласына қайтып оралып, арабтардың өзін-өзі басқару органдарына басшылық ете бастады.

1973- жылғы соғыстан кейін бірінші рет 1994 жылы 3- қарашада Вашингтон қаласында жасырын түрде АҚШ мемлекеттік хатшысы Уоррен Кристофердің делдалдық қатысуымен Сирия мен Израиль арасында келіссөздер өтті.Еврей делегациясы Сирияның Голан биіктіктерінің жартысын қайтаруға, ал жартысында Израильдың қарулы күштерін қалдырып, шекараның екі жағындағы 12-15 шаршы жерде демилитаризация зонасын құруға ұсыныс жасады. Сонымен қатар Израильдіктер Сирия территориясында алдын-ала дабыл қағу электронды станциясын орналастыру және екі ел бір-біріне толық сенімге жеткенге дейін халықаралық әскер орналастыру және оны АҚШ офицерлері басқарсын деген ұсынысын айтты. Сирия өкілі генерал Шехаби өз тарапынан екі ел бейбіт өмір сүру үшін Голлан биіктіктерінтолық қайтаруды талап етті.[2] Сөйтіп келіссөз нәтижесіз аяқталды.

 

 

48. Шығыс елдеріндегі жаһандық мәселелерді атаңыз

Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40 — 50-жылдары АҚШ-тың зерттеу орталықтары: Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесте (ХҚК), “Рэнд” корпорациясында, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында (СХЗО), Психологиялық стратегиялар басқармасында (ПСБ) тұжырымдалды. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті. Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықар. ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр. Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:

1) “менталдық” немесе мәдени Жаһандану — дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық, ислам, иудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді. Адамзаттық мәдени құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі “менталдық” Жаһанданудың бір көрінісі болып табылады. Соның ішінде америкалық мәдени дәстүр “планетарлық” деп аталынып жүр. Мәдени жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпыадамзаттық мәдениеттің нышандары — жаңа нысандармен (желілік мәдениет, кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (классикалық, еуропалық, америкалық, шығыстық, мұсылмандық және үнділік) синтезі көріне бастады. Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді;

 

2) экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — рыноктардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар:

а) үлкен компаниялардың жетекші рөлі;

 

ә) жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі;

 

б) жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі;

 

в) жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі;

 

г) барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы;

 

ғ) бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы;

 

3) аумақтық Жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар Жаһанданудың барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді. Бұл ретте Жаһандану нәтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылады. Бірақ ол ұлттар мен халықтар арасындағы этникалық және мәдени айырмашылықтар барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Кейбір мамандар дәстүрлі мемлекеттерді аймақтық қауымдастықтардың ығыстыру үрдісі дами түседі деп есептейді. Ал енді бір зерттеушілер аймақтық қоғамдасу үрдісін бүкіләлемдік Жаһанданудың зиянды әсерінен қорғанудың бірден бір жолы деп қарайды;

 

4) ақпараттық-коммуникациялық Жаһандану — қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі жатады. Сонымен қатар, келешекте екі бағыттағығарыштық жүйелерді басымдылықпен дамыту; байланыстырудың жеке жүйесі мен жаhандық позицияланудың дамуы; ақпараттық коммуникациялық кешендердің негізінде бизнесті, өндірістік үрдістер мен үй шаруаларын басқарудың жаhандық жүйесін құру; өмір сүру үрдістерінің мейлінше үлкен бөлігін компьютрлендіру мен роботтау жүреді;

 

5) этникалық Жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады — планета халқының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы. Жаһанданудың жағымды нәтижелеріне мыналар жатады: неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму, өмір деңгейінің жоғарылауы, техникалық жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату, жеке тұлғалар үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу. Жаһандану тұңғыш рет біртұтас ақпараттық кеңістік арқылы әлемдік экономиканың барлық құрамдас бөліктерін — өндірісті, ғылымды, қаржыларды, тұтынуды біріктіруде. Олардың қазіргі өзара тәуелділігі соншалықты, ұлттық және аймақтық нарықтардың әлемдік нарықтан кез келген оқшаулануы ол ұлтты немесе аймақты құлдырауға ұшыратады. Жаһандану кері айналмас сипатқа ие болып, экономикалық дамудың шартына айналуда. Рыноктар арасындағы кең ауқымды қаржылық ағындарға байланысты қазіргі күнде триллион доллармен өлшенетін, тауардың өзіндік құнын 10—12%-ке түсіретін және сонымен бүкіл циклдық дамуды өзгертетін электрондық сауданың елеулі өсуі байқалады. Дегенмен де, Жаһанданудың қазіргі үрдісі бірқатар кері зардаптар әкеледі. 1990 жылы адам басына есептегенде орташа кіріс аса дамыған 17 елде басқалармен салыстырғанда 4,5 есе жоғары болған. 1999 жылы жердің аса бай тұрғындарының 20%-і әлемдік ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнімнің) 86%-не, ал аса кедейлері 1%-ке ие болды. Планета халқының 30%-і күніне бір доллардан кем қамтамасыз етілген. Постиндустриалдық, индустриалдық және дамушы елдердің арасындағы алшақтық кему орнына, керісінше, өсе түскендігі байқалып отыр. Ашық нарықтық принциптерге шартты түрде сүйенетін, ал шын мәнінде дамыған елдердің бәсекелестік артықшылығын пайдаланатын “Вашингтондық консенсус” адамзаттың аз бөлігі үшін ғана қызмет етеді.

49.ҒТР-ның Шығыстағы салдарларын сипаттаңыз
Адамзат қоғамынын ұзақ даму тарихында шаруашылықтың ұдайы алға басып, жетілдірілуіне ғылым мен техниканың өркендеуі себепші болып келеді. XX ғасырдың екінші жартысында ғылыми-техникалық үрдіс аса жедел қарқынмен дамып, дүниежүзінің көптеген елдері мен шаруашылық салаларын қамтыды. Ғалымдар ғылыми тeхникалық революция (FTP) деп атаған бұл құбылыс қысқа уақыт аралығында қоғамның өндіргіш күштерін сапалық жағынан түбегешті өзгерткен "секіріс" ретінде бағаланды. Ол адамзат тарихында ғылым мен техника пайда болғаннан бері өндіргіш күштерді ұдайы жетілдіруге себепші болған ғылыми-техникалық прогрестен айырмашылық жасайды. Сонымен ғылыми-техникалық революция дегеніміз — белгілі бір уақыт аралығында дамудың жаңа сатысына көтерілуге себепші болған сапалық өзгерістердің жедел қарқынмен жүруі. Дүниежүзі аймақтары мен елдерінде FTP дамуы түрліше деңгейде өтуде. Жоғары дамыған елдерде XX ғасырдың 80—90-жылдарынан бастап, ҒТР-дың дәстүрлі үлгісінен басқа қазіргі заманғы тармағы дүниеге келді. Дәстүрлі FTP өндіріс пен адамзаттың жаңа тауарларға, технологиялар мен қызмет түрлеріне деген сұранысын қамтамасыз етеді. Жаңа үлгінің басты мақсаты — дәстүрлі FTP-дың адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына тигізетін кері әсерінің орнын толтыру немесе жою болып табылады. Адам өмірін қорғауға бағытталған бұл шаралар өте мол қаржыны қажет ететіндіктен, таралу ауқымы бірнеше елдің аумағынан аспай отыр. Дүниежүзіндегі көптеген елдерде ҒТР дәстүрлі сипат алған. Мешеу елдер экономикасына қатысты бұл ұғым мүлде қолданылмайды да. Қазіргі кезде ҒТР-дың құрылымдық бөліктері анықталып, негізгі белгілері талданған.
Ғылым мен білім адамзат өркениеті тарихында қоғамның алға басуы үшін қызмет етумен келеді. Қазіргі заманғы ғылым өндіріс пен қызмет көрсету салаларына күрделі техника мен технологияларды енгізу арқылы оларда ғылымды көп қажет ететін мүлде жаңа салалардың дамуына негіз болуда. ҒТР-дың әмбебаптығы мен ауқымдылығы дүниежүзінің барлық елдері мен географиялық қабықтың кез келген бөлігін қамтуымен және адамзаттың ғарыш кеңістігін игеруімен түсіндіріледі. FTP шаруашылықтың барлық салалары мен оның құрылымдарына, еңбек сипатына, адамдардың мәдениеті мен мінез-құлығына үлкен өзгерістер әкеледі.
FTP жағдайында мамандардың біліктілік деңгейіне жоғары талаптар қойылады. Сондықтан алдыңғы қатарлы елдерде ғылымды дамытып, оның жетістіктерін өндіріске енгізу қазіргі заманғы білім беру жүйесін дамытумен қатар жүргізілуде. Мысалы, дүниежүзін таңғалдырған "жапон кереметіне" белгілі дәрежеде білім беру мен ғылым салаларына үкімет тарапынан айрықша қамқорлық көрсетілуі де себепші болған. 1983 жылдан бастап мұнда ғылыми-өндірістік бірлестіктердің аумақтық жүйесі қалыптаса бастады, қазір олардың саны шамамен 26-ға жетті. Жапонияда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен айналысатын университеттер саны 400-ден асады. Соның нәтижесінде бұл елде "білім беру — ғылым — өндіріс" жүйесі жоғары дәрежеде қалыптасқан.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 92; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты