Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Маркетинг. 1. Маркетинг объектілері:




1. Маркетинг объектілері:

А) тауар

Б) басқару

В) идеялар

Г) сән

Д) өндіріс

2. Маркетингтің негізгі түсініктеріне төмендегілердің ішінде қайсысы жатпайды:

А) сұрау

Б) тауар

В) мәміле

Г) нарық

Д) іскерлік

3. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Маркетингтің негізгі түсініктері – бұл:

А) қажеттілік

Б) мұқтадждық

В) тауар

Г) нарық

Д) қызмет

4. Қажеттлік пен мұқтаждықты айырбас арқылы қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің

түрі не деп аталады:

а) маркетинг;

б) менеджмент;

в) аудит;

г) мәдениет;

д) ақпарат

5. Маркетингті басқару концепцияларына төмендегілердің ішінде қайсысы жатпайды:

А) өндірісті жетілдіру

Б) тауарды жетілдіру

В) әлеуметтік-этикалық маркетинг

Г) коммерциялық күштерді интенсификациялау

Д) рационалды сұранысты анықтау

6. Әлеуметтік-этикалық маркетинг келесі жағдайларда қолданылады:

А) экологиялық және әлеуметтік этикалық мәселелер туындағанда

Б) тауар тапшылығында

В) монополия мен тауар тапшылығында

Г) сұраныс ұсыныстан жоғары болғанда

Д) тұтынушылар сапалы тауарларға мұқтаж болғанда

7. Бақылау-бұл:

А) қызмет көрсету

Б) фармацевтикалық деонтология

В) медициналық деонтология

Г) ұйымдағы қарым-қатынастар

Д) ұйымның алдына қойған мақсаттарына жетуін қамтамасыз ететін процесс

8. Ұйымның алдына қойған мақсаттарына жетуін қамтамасыз ететін процесс қалай аталады:

А) диагностика

Б) доспарлау

В) бақылау

Г) миссия

Д) есеп

9. Тауарлардың өзіндік құны жоғары және сұраныс ұсыныстан артық болғанда маркетингті басқарудың қай тұжырымдамасы қолданылады:

А) маркетинг

Б) өткізу немесе сату

В) тауарды жетілдіру

Г) өндірісті жетілдіру

Д) өндірісті жетілдіру маркетинг

10. Маркетингтің негізгі ережелеріне төмендегілердің ішінде қайсысы жатпайды:

А) тауарды өндірушіден тұтынушыға жеткізу

Б) көп көлемде өнім өткізу

В) өндіріс пен өткізуді жоспарлау

Г) тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру

Д) кәсіпорынды басқару

11. Маркетингтік тұжырымдамасының негізгі мәні:

А) бәсекелестермен салыстырғанда тұтынушы мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін

неғұрлым жақсырақ қанағаттандыру

Б) өндірілген тауарлардың жарнамасы бойынша жоспарды орындау

В) тауарды жетілдіру және оның сапасын арттыру

Г) өнім өндірудің жоғары тиімділігіне жету, бағаларды төмендету

Д) өндіру және қаражат жағдайын ескере отырып пайда табу

12. Бәсекелестермен салыстырғанда тұтынушы мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін

неғұрлым жақсырақ қанағаттандыру қай тұжырымдаманың мәні:

А) тауарды жетілдіру

Б) маркетинг

В) өндірісті жетілдіру

Г) әлеуметтік этикалық маркетинг

Д) коммерциялық күштерді интенсификациялау

13. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Маркетинг – бұл:

А) нарықты зерттейтін ғылым саласы

Б) тауарды нарыққа жылжыту тәжірибелік іс-әрекеті

В) бизнес философиясы

Г) басқару жүйесі

Д) бәсекелестік қабілеттіктің төмендеуі

14. Бартерлік келісім дегеніміз не:

А) тауарды тауарға айырбастау

Б) тауарды ақшаға айырбастау

В) тауарды сату

Г) тауарларды сатып алу

Д) ақшаға тауар беру

15. Жеке адамдардың мәдениеттік деңгейіне сәйкес арнайы форма қабылдаған мұқтаджық қалай аталады:

А) қажеттілік

Б) жетіспеушілік

В) артықшылық

Г) благосостояние

Д) тапшылық

16. Өндірісті жетілдіру тұжырымдамасының мақсаты:

А) өндіріс тиімділігін жоғарылату

Б) бағаны жоғарылату

В) тауарды сату

Г) тауарды жетілдіру

Д) қоғам мүддесін ескеру

17. Өндіріс тиімділігін жоғарылату қай тұжырымдаманың мақсаты:

А) тауарды жетілдіру

Б) коммерциялық күштерді интенсификациялау

В) маркетинг

Г) өндірісті жетілдіру

Д) әлеуметтік этикалық маркетинг

18. Ағылшын сөзінен аударғанда «маркетинг» ұғымы нені білдіреді:

А) нарық

Б) қажеттілік

В) сұраныс

Г) ұсыныс

Д) тауар

19. Маркетинг тұжырымдамасын бейнелейтін ұрандарға төмендегілердің ішінде қайсысы жатпайды:

А) «тұтынушы – король»

Б) «клиенттің айтқан сөзі әрқашанда дұрыс»

В) «любите клиента, а не товар»

Г) «қажеттілікті іздеп тауып, оны қанағаттандырыңдар»

Д) «сатушының айтқаны әрқашанда дұрыс»

20. «Қажеттілікті іздеп тауып, оны қанағаттандырыңдар» - бұл қай тұжырымдаманың мәні:

А) тауарды жетілдіру

Б) коммерциялық күштерді интенсификациялау

В) маркетинг

Г) өндірісті жетілдіру

Д) әлеуметтік этикалық маркетинг

21. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Маркетингтің негізгі мақсаты - бұл:

А) өндірушіден тұтынушыға тауарды жеткізу

Б) сұранысты қалыптастыру және дамыту

В) өндіріс пен өткізуді жоспарлау

Г) тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы пайда табу

Д) фирманың ішкі басқару жүйесін нығайту

22. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Маркетинг жүйесіндегі нарық дегеніміз - бұл:

А) тауарлар және қызметтер сұранысы мен ұсынысының қатынасын анықтауға

мүмкіндік беретін механизм

Б) тауарлар мен қызметтердің айырбасы

В) жоспарлауды ұйымдастырудың қоғамдық әдісі

Г) потенциалды және нақты тұтынушылар жиынтығы

Д) сату орны

23. Екі немесе одан да көп жақтардың арасында жүргізілетін құндылығы жағынан тең тауарларды айырбастауға бағытталған іс-әрекет қалай аталады:

А) беру актісі

Б) қабылдау актісі

В) жапай сату

Г) реализация

Д) айырбас

24. Ұйымның сыртқы ортасының негізгі қасиеттеріне төмендегілердің ішінде қайсысы жатпайды:

А) күрделілігі

Б) қозғалғыштығы

В) анықтылығы

Г) анықсыздығы

Д) факторлардың өзара байланыстылығы

25. Ұйымның сыртқы ортасының қозғалғыштығы - бұл:

А) ұйымға маңызды түрде әсер ететін факторлардың саны және олардың әртүрлілігі

Б) ұйым ортасында жүретін өзгерістердің жылдамдығы

В) орта туралы ақпараттың дәлдігі

Г) орта факторларының маңыздылығы

Д) орта туралы ақпаратқа сенімділік

26. Ұйымның сыртқы ортасындағы өзгерістердің салыстырмалы жылдамдығы қалай аталады:

А) қозғалғыштығы

Б) анықтылығы

В) күрделілігі

Г) өзара байланыстылығы

Д) динамикалығы

27. Сыртқы орта факторлары қандай топтарға бөлінеді:

А) тікелей және жанама әсер ету ортасы

Б) ішкі және сыртқы әсер ету ортасы

В) негізгі және қосымша әсер ету ортасы

Г) толық және жартылай әсер ету ортасы

Д) көмекші әсер ету ортасы

28. Тікелей әсер ету ортасының факторларына төмендегілердің ішінде қайсысы жатпайды:

А) жабдықтаушылар

Б) экономикалық жағдай

В) кәсіподақтар

Г) тұтынушылар

Д) қоғамдық ұйымдар

29. Тікелей әсер ету ортасының факторы:

А) ғылыми-техникалық прогресс

Б) заңдар және мемлекеттік органдар

В) мәдени факторлар

Г) халықаралық және саяси факторлар

Д) ұйым жетекшілері

30. Жанама әсер ету ортасының факторлары:

А) жабдықтаушылар

Б) бәсекелестер

В) мәдени факторлар

Г) кәсіподақтар

Д) мемлекеттік органдар

31. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Сұраныстың түрлері:

А) теріс

Б) жасырын

В) толық бағалы

Г) тұрақты емес

Д) тұрақты

32. Толық бағалы сұраныс қандай жағдайда болады:

А) сауда көлемі маусымдық, күнделікті ауытқығанда

Б) сұраныс деңгейі өздері қанағаттандыратын деңгейге қарағанда жоғары болғанда

В) ұйым өзінің сауда айналымына қанағаттанған кезде

Г) тұтынушылар нарықтағы бар тауарлар және қызмет түрлерімен қанағаттандыра

алмайтын күшті ықыласты сезінеді

Д) тұтынушылардың тауарға қызықпауы және бей-жай қарағанда

33. Ұйым өзінің сауда айналымына қанағаттанған кезде қандай сұраныс байқалады:

А) жасырын

Б) теріс

В) шектен тыс

Г) жоғары

Д) толықбағалы

34. Жаңа нарықта позицияны жаулап алу үшін төмендетілген баға – бұл:

А) топ жарушының бағасы

Б) психологиялық баға

В) саналы баға

Г) местная цена

Д) ену бағасы

35 Маркетингті басқару процесінің этаптарына төмендегілердің ішінде қайсыс жатпайды:

А) нарық мүмкіндіктерін талдау

Б) мақсатты нарықты таңдау

В) маркетинг комплексін жетілдіру

Г) маркетингтік іс-шараларды жүзеге асыру

Д) жарамдылық мерізімін өткен тауарларды шығынға шығару

36. Тауарды және нарықты жетілдіру торымен жұмысқа төмендегілердің ішінде қайсысы жатпайды:

А) тауарларды қабылдау

Б) нарыққа тереңінен ену

В) нарық шекарасын кеңіту

Г) тауарларды жетілдіру

Д) диверсификации

37. Бұрыннан бар тауарлар үшін «тауарды және нарықты жетілдіру» торы нені қарастырады:

А) тауарлардың сақталуын ұйымдастыруды

Б) тауарларды босатуды

В) тауарларды қабылдауды

Г) нарыққа тереңінен енуді

Д) нарық шекарасын қысқартуды

38. Нарыққа тереңінен ену – бұл:

А) бұрыннан бар нарықта бұрыннан бар тауарлармен жұмыс

Б) жауа тауарлармен жұмыс

В) импорттық тауарлармен жұмыс

Г) бәскекелестер тауарымен жұмыс

Д) жаңа нарықта бұрыннан бар тауарлармен жұмыс

39. Нарық шекарасын кеңейту - бұл:

А) бұрыннан бар тауарлармен, бұрынғы нарықта жұмыс жасау

Б) бұрыннан бар тауарларды жаңа нарыққа шығару

В) жаңа тауарларды бұрынға нарыққа ұсыну

Г) диверсификация

Д) бірегей тауарларды ескі нарыққа шығару

40. Диверсификация - бұл:

А) жаңа нарықта жаңа тауарлар түрлерін ұсыну

Б) жаңа нарықта ескі тауарларды ұсыну

В) жаңа нарықта жарамдылық мерізімі өткен тауарларды ұсыну

Г) бұрыннан бар тауарларды жаңа нарыққа ұсыну

Д) жаңа нарықта бәсекелестер тауарын ұсыну

41. Диверсификацияны жүзеге асыру ыңғайлары (амалдары) - бұл:

А) тауарларды сақтауды ұйымдастыру

Б) жаңадан шығып жатқан өндіріс салаларын табу

В) жаңа қызмет өрісіне ену

Г) тауарларды тасымалдау

Д) тауарларды тұтынушыға босату

42. Нарық мүмкіндіктерін талдау этаптарына төмендегілердің ішінде қайсысы жатпайды:

А) шығындарды талдау

Б) сұранысты болжау

В) нарықты сегменке бөлу

Г) нарықтың мақсатты сегментін таңдау

Д) нарықта тауарға жайлы жағдай жасау

43. Нарықта тауарға жайлы жағдай жасау – бұл:

А) тауарды нарықта және мақсатты тұтынушылар арасында қажетті орнымен

қамтамасыз ету

Б) тауарларды қоймаға қабылдау

В) тауарды қоймада орынмен қамтамасыз ету

Г) тауарларды емдеу мекемелеріне босату

Д) тауарларды сараптау

44. Тауарды нарықта және мақсатты тұтынушылар арасында қажетті орнымен

қамтамасыз ету қалай аталады:

А) нарықта тауарға жайлы жағдай жасау

Б) тауарды қоймаға қабылдау

В) тауарды қоймада орынмен қамтамасыз ету

Г) тауарларды емдеу мекемелеріне босату

Д) тауарларды сараптау

45. Маркетинг комплексінің негізгі топтарына төмендегілердің ішінде қайсысы жатпайды:

А) тауар

Б) баға

В) тарату әдістері

Г) дем беру, қолдау әдістері

Д) шығын әдістері

46. Қажеттілік пен мұқтаждықты айырбас арқылы қанағаттандыруға бағытталған адам қызметін атаңыз:

а) басқару

б) мерчандайзинг

в) маркетинг

г) бақылау

д) менеджмент

47. Төмендегілердің ішінде қайсысы маркетинг өрісінің негізгі түұсініктеріне жатпайды:

а) мұқтаждық

б) айырбас

в) баға

г) қажеттілік

д) сұрау

48. Маркетингтің негізгі түсніктеріне жатпайды:

а) мәміле

б) айырбас

в) нарық

г) қажеттілік

д) реализация

49. Адамның тамақтың, үй-жайдың, қауіпсіздіктің, дәрі-дәрмектің жетіспеушілігін сезінуі қалай аталады:

а) мұқтаждық

б) қажеттілік

в) сұрау

г) сұраныс

д) мәміле

50. Адамның бір нәрсенің жетіспеуін сезінуі - бұл:

а) сұрау

б) мұқтаждық

в) қажеттілік

г) тауар

д) айырбас

51. Адам қажеттілігі мен мұқтаждығын қанағаттандыра алатын тауарлардың барлығы тауар ..... деп аталады:

а) қоры

б) номенклатурасы

в) ассортименті

г) ұсынысы

д) арсеналы

52. Жеке тұлғаның мәдени деңгейіне сәйкес арнайы форма қабылдаған мұқтаждық түрі қалай аталады:

а) сұрау

б) мұқтаждық

в) қажеттілік

г) тауар

д) сұраныс

53. Сатып алушылық қабілетімен бекітілген қажеттілік қалай аталады:

а) сұрау

б) мұқтаждық

в) сұраныс

г) тауар

д) сұраныс

54. Орнына басқа нәрсені ұсыну арқылы тілек етілген объектіні алу актісі қалай аталады:

а) мәміле

б) сату

в) сауда

г) беру

д) айырбас

55. Ұйымның белгілі бір міндеттеріне қол жеткізу үшін мақсатты сатып алушылармен тиімді айырбасты орнату, нығайту және қолдауға бағытталған іс-шараларды өткізуді талдау, жоспарлау, жүзеге асыру және бақылау – бұл:

а) тауарды басқару

б) персоналдарды басқару

в) материалды ресурстарды басқару

г) маркетингті басқару

д) өндірісті басқару

56. Екі жақ арасындағы құнды заттарды коммерциялық айырбастау қалай аталады:

а) мәміле

б) сату

в) сауда

г) беру

д) акт

57. Тауарды ақшаға алу процесі қалай аталады:

а) классикалық мәміле

б) бартерлік мәміле

в) тең бағала мәміле

г) екі жақты мәміле

д) беру актісі

58. Бір тауарды құны жағынан тең екінші тауарға айырбастау арқылы алу қалай аталады:

а) классикалық мәміле

б) бартерлік мәміле

в) тең бағала мәміле

г) екі жақты мәміле

д) беру актісі

59. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз: Сұраныс түрлеріне жатады:

а) теріс

б) толық бағалы

в) шектен тысй

г) тұрақты

д) сұраныстың болмауы

60. Сұраныстың қандай түрі болмайды:

а) жасырын

б) төмендейтін

в) тұрақты емес

г) толық бағалы

д) дәстүрлі

61. Сұраныстың қандай түрі жоқ:

а) жасырын

б) толықбағалы

в) тұрақты

г) шектен тыс

д) рационалды емес

62. Сұраныс түрін анықтаңдар: Тауарға жақтырмай қарайды, ұнатпайды. Маркетингтің міндеті – себебін талдай отырып, маркетинг бағдарламасы осы негативті қатынасты тауарды өңдеу, бағасын төмендету және белсенді дем беру арқылы өзгерте алады ма соны анықтау:

а) тұрақты емес сұраныс

б) жасырын сұраныс

в) негативті сұраныс

г) теріс сұраныс

д) толықбағалы сұраныс

63. Теріс сұраныс келесі жағдайда байқалады:

а) тауар жоғары сапалы болғанда

б) тапшы тауарларға

в) тауарды жақтырмағанда

г) жергілікті өндірілген тауарларға

д) тауар артық мөлшерде болғанда

64. Сұраныс түрін анықтаңдар: Мақсатты тұтынушылар тауарға қызықпауы немесе бей-жай қарауы мүмкін. Маркетингтің міндеті – тауарға тән тиімділіктерді адамның табиғи қажеттіліктері мен қызығушылықтарына байланыстыру әдістерін табу:

а) сұраныстың болмауы

б) жасырын сұраныс

в) негативті сұраныс

г) теріс сұраныс

д) толықбағалы сұраныс

65. Сұраныстың болмауы келесі жағдайларда байқалады, егер тұтынушыларды:

а) тауар сапасы қанағаттандырмаса

б) бағасы қанағаттандырмаса

в) буылып-түйілуі қанағаттандырмаса

г) сервис қанағаттандырмаса

д) тауар мүлде қызықтырмаса

66. Сұраныс түрін анықтаңдар: Тұтынушылар нарықтағы бар тауарлар және қызмет түрлерінің көмегімен қанағаттандыра алмайтын күшті ықыласты сезінеді. Маркетингтің міндеті – потенциалды нарықтың шамасын бағалау және сұранысты қанағаттандыра алатын тиімді тауарлар мен қызмет түрлерін жасау:

а) сұраныстың болмауы

б) жасырын сұраныс

в) негативті сұраныс

г) теріс сұраныс

д) толықбағалы сұраныс

67. Сұраныс түрін анықтаңдар: Көптеген ұйымдарда өтім маусымдық, күнделікті және сағат бойынша ауытқып тұрады, бұл жүкті жеткізбеу немесе артық болуы мәселелерін туындатады. Маркетингтің міндеті – икемді баға, ынталандыру шаралары және басқа да тәсілдерді қолданып сұраныстың ауытқуын болдырмау тәсілдерін табу:

а) сұраныстың болмауы

б) жасырын сұраныс

в) тұрақты емес сұраныс

г) теріс сұраныс

д) толықбағалы сұраныс

68. Қандай сұраныс кезінде ұйым өзінің саудалық айналымына қанағаттанады:

а) рационалды

б) жасырын

в) шектен тыс

г) толық

д) толықбағалы

69. Ұйым тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыра алмайтын кездегі сұраныс қалай аталады:

а) рационалды

б) жасырын

в) шектен тыс

г) толық

д) толықбағалы

70. Сұранысты тұрақты немесе уақытша төмендету тәсілдерін іздеу қалай аталады:

а) маркетинг

б) дефольт

в) демаркетинг

г) мерчандайзинг

д) инфляция

71. Адам денсаулығына зиянды заттарға болатын сұраныс қандай сұранысқа жатады:

а) сұраныстың болмауы

б) жасырын сұраныс

в) тұрақты емес сұраныс

г) теріс сұраныс

д) рационалды емес сұраныс

72. Маркетингті басқару әртүрлі ыңғайлар мен тұжырымдамалар тұрғысынан жүргізілуі мүмкін. Төмендегілердің ішінде қайсысы маркетингті басқару концепцияларына жатпайды:

а) өндірісті жетілдіру концепциясы

б) маркетинг концепциясы

в) коммерциялық күштерді интенсификациялау концепциясы

г) менеджмент концепциясы

д) тауарды жетілдіру концепциясы

73. Өндірісті жетілдіру концепциясын қандай жағдайларды қолданған ыңғайлы:

а) сұраныс жоқ болғанда

б) толықбағалы сұраныста

в) тауардың өзіндік құны өте төмен болғанда

г) тауарға деген сұраныс ұсыныстан жоғары болғанда

д) ұсыныс сұраныстан жоғары болғанда

74. Өндірісті жетілдіру концепциясын қандай жағдайларда қолдануға болады:

а) сұраныс жоқ болғанда

б) толықбағалы сұраныста

в) тауардың өзіндік құны өте жоғары болғанда

г) тауардың өзіндік құны өте төмен болғанда

д) ұсыныс сұраныстан жоғары болғанда

75. Анықтаңдар: Тұтынушылар кеңінен тараған және бағасы жағынанжетімді тауарларды алғысы келеді, сәйкесінше жетекшіліктің міндеті – өндірістің экономикалық тиімділігін жетілдіру және бағаны төмендету. Бұл қай концепцияның тұжырымдамасы:

а) коммерциялық күштерді интенсификациялау

б) өндірісті жетілдіру

в) маркетинг

г) тауарды жетілдіру

д) әлеуметтік этикалық маркетинг

76. Анықтаңдар: Тұтынушылар сапасы өте жоғары, эксплуатациялық қасиеттері мен сипаттамалары жақсы болатын тауарларды алғылары келеді, сондықтан ұйым тауарды үнемі жетілдіріп отыруы керек. Бұл маркетингті басқарудың қай тұжырымдамасы:

а) коммерциялық күштерді интенсификациялау

б) өндірісті жетілдіру

в) маркетинг

г) тауарды жетілдіру

д) әлеуметтік этикалық маркетинг

77. Анықтаңдар: Егер ұйым өтім және дем беру сферасында күш салмаса, онда тұтынушылар ұйымның тауарын жеткілікті мөлшерде сатып алмайды. Бұл маркетингті басқарудың қай тұжырымдамасы:

а) коммерциялық күштерді интенсификациялау

б) өндірісті жетілдіру

в) маркетинг

г) тауарды жетілдіру

д) әлеуметтік этикалық маркетинг

78. Анықтаңдар: Ұйымның мақсатына жетуінің кепілі дәл анықталған мақсатты нарықтың сұрауы мен мұқтаждықтарын зерттеу және оны бәсекелестерге қарағанда өнімді және тиімді әдістермен қанағаттандыру болып табылады. Бұл маркетингті басқарудың қай тұжырымдамасы:

а) коммерциялық күштерді интенсификациялау

б) өндірісті жетілдіру

в) маркетинг

г) тауарды жетілдіру

д) әлеуметтік этикалық маркетинг

79. «|Қажеттілікті тауып, оны қанағаттандырыңдар», «шығарған нәрсені сатуға тырысудың орнына, сата алатын өнімдерді шығаруға тырысыңдар» түріндегі түсініктермен маркетингті басқарудың қай тұжырымдамасы анықталады:

а) коммерциялық күштерді интенсификациялау

б) өндірісті жетілдіру

в) маркетинг

г) тауарды жетілдіру

д) әлеуметтік этикалық маркетинг

80. Анықтаңдар: Ұйымның мақсатына жетуінің кепілі тұтынушылық сұранысты және тұтынушы мен қоғамның ұзақ уақыттық жайлылығын қамтамасыз ету қабілеті болып табылады Бұл маркетингті басқарудың қай тұжырымдамасы и:

а) коммерциялық күштерді интенсификациялау

б) өндірісті жетілдіру

в) маркетинг

г) тауарды жетілдіру

д) әлеуметтік этикалық маркетинг

81. Әлеуметтік-этикалық маркетинг – бұл келесі үш фактордың тепе-теңдігі:

а) тауар сапасы, қоғам, фирма табысы

б) сатып алушылар мүддесі, қызмет сапасы, қоғам

в) фирма саясаты, сатып алушылар мүддесі, қоғам

г) фирма табысы, сатып алушылар қажеттілігі, қоғам

д) фирма мүддесі, тауар бағасы, қызмет сапасы

82. Маркетингті басқарудың қай процесі тауар және нарықтың даму торымен жұмыстан құралады:

а) мақсатты нарықты таңдау

б) нарық мүмкіндіктерін талдау

в) тереңінен ену

г) маркетинг комплексін жасау

д) маркетингтік іс-шараларды жүзеге асыру

83. Маркетингті басқару процесіне төмендегілердің ішінде қайсысы жатпайды:

а) мақсатты нарықты таңдау

б) нарық мүмкіндіктерін талдау

в) ақпаратты талдау

г) маркетинг комплексін жасау

д) маркетингтік іс-шараларды жүзеге асыру

84. Бұрыннан бар тауарларды бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан нарықта ұсыну қалай аталады:

а) нарық шекарасын кеңейту

б) тауарды жетілдіру

в) демаркетинг

г) диверсификация

д) нарыққа тереңінен ену

85. Тауардың өзіне ешкандай өзгеріс енгізбей-ак мақсатты сатып алушылар тобындағы тауардың сатылуының өсуі қалай аталады:

а) нарыққа тереңінен ену

б) диверсификация

в) демаркетинг

г) шекарасын кеңіту

д) стратегиялық ыңғай

86. Бұрыннан бар тауарларды жаңа нарқта ұсыну қалай аталады:

а) нарық шекарасын кеңейту

б) тауарды жетілдіру

в) демаркетинг

г) диверсификация

д) нарыққа тереңінен ену

87. Бұрыннан бар тауарларға жаңа нарықты табу – бұл:

а) нарықты сегменттеу

б) нарық шекарасын кеңейту

в) демаркетинг

г) диверсификация

д) нарыққа тереңінен ену

88. Жаңа нарықта жаңа тауарларды ұсыну қалай аталады:

а) нарық шекарасын кеңейту

б) тауарды жетілдіру

в) демаркетинг

г) диверсификация

д) нарыққа тереңінен ену

89. Бұрыннан бар нарықта клиенттерге жаңа тауарларды ұсыну - бұл:

а) нарық шекарасын кеңейту

б) тауарды жетілдіру

в) нарықты сегменттеу

г) диверсификация

д) нарыққа тереңінен ену

90. Бұрыннан бар нарықта жаңа тауарларды ұсыну қалай аталады х:

а) нарық шекарасын кеңейту

б) тауарды жетілдіру

в) демаркетинг

г) диверсификация

д) нарыққа тереңінен ену

91. Төменде берілгендердің ішінен қайсысы мақсатты нарықты таңдау этапына жатпайды:

а) сұранысты болжау

б) нарықты сегменттеу

в) мақсатты нарық сегментін таңдау

г) диверсификация

д) тауарға нарықта жайлы жағдай жасау

92. Мұқтаждықтарының, сипаттамаларының және мінез-құлықтарының айырмашылықтары негізінде тұтынушыларды топтарға бөлу процесі қалай аталады:

а) сұранысты болжау

б) нарықты сегменттеу

в) мақсатты нарық сегментін таңдау

г) диверсификация

д) тауарға нарықта жайлы жағдай жасау

93. Күдік тудырмайтын, басқалардан ерекшеленетін тауарға нарықта және мақсатты тұтынушылардың санасында тілек етілген орыгнды қамтамасыз ету қалай аталады:

а) сұранысты болжау

б) нарықты сегменттеу

в) мақсатты нарық сегментін таңдау

г) диверсификация

д) тауарға нарықта жайлы жағдай жасау

94. Тауардың мақсатты тұтынушыларға барынша жетімді болуы үшін жүргізілетін қызмет түрлерін қалай атайды:

а) интенсификация әдістері

б) тарату әдістері

в) идентификация әдістері

г) ақпараттау әдістері

д) дем беру әдістері

95. Өз тауарының артықшылықтары туралы мәліметті тарату және мақсатты тұтынушыларды тауарды сатып алуға сендіру бойынша фирманың қызметі қалай аталады:

а) интенсификация әдістері

б) тарату әдістері

в) идентификация әдістері

г) ақпараттау әдістері

д) дем беру әдістері

96. Маркетингтік ақпарат жүйесіне 4 жүйе кіруі мүмкін. Төмендегілердің ішінен қайсысы ол жүйеге кірмейтінін көрсетіңіз:

а) ішкі есеп беру

б) сыртқы есеп

в) сыртқы маркетингтік ақпаратты жинау

г) маркетингтік зерттеулер

д) маркетингтік ақпаратты талдау

97. Ағымдағы өтім көрсеткіштерін, материалдық қордың көлемін, дебиторлық және кредиторлық қарыз туралы мәліметтерді көрсететін маркетингтік ақпарат жүйесін көрсетіңдер:

а) ішкі есеп беру

б) сыртқы есеп беру

в) сыртқы маркетингтік ақпаратты жинау

г) маркетингтік зерттеулер

д) маркетингтік ақпаратты талдау

98. Коммерциялық ортада болып жатқан оқиғалар туралы күнделікті ақпаратты жеткізіп отыратын маркетингтік ақпарат жүйесін көрсетіңдер:

а) ішкі есеп беру

б) сыртқы есеп беру

в) сыртқы маркетингтік ақпаратты жинау

г) маркетингтік зерттеулер

д) маркетингтік ақпаратты талдау

99. Фирма алдында тұрған нақты маркетингтік мәселе тұрғысынан өзекті ақпаратты жинауды қамтамасыз ететін маркетингтік ақпарат жүйесін көрсетіңдер:

а) ішкі есеп беру

б) сыртқы есеп беру

в) сыртқы маркетингтік ақпаратты жинау

г) маркетингтік зерттеулер

д) маркетингтік ақпаратты талдау

100. Мәліметтер мен модельдерді статистикалық өңдеудің замануи әдістерін қолдана отырып ұтымды маркетингтік шешімдерді қабылдау процесін жеңілдететін маркетингтік ақпарат жүйесін көрсетіңіз:

а) ішкі есеп беру

б) сыртқы есеп беру

в) сыртқы маркетингтік ақпаратты жинау

г) маркетингтік зерттеулер

д) маркетингтік ақпаратты талдау

101. Сауда агенттеріне өздерінің күштерін нақты географиялық нарықта шоғырландыруға мүмкіндік беретін маркетинг қызметін ұйымдастыру жүйесі келесіге жатады:

а) тауарлық өндіріс бойынша ұйымдастыру

б) географиялық принцип бойынша ұйымдастыру

в) нарықтың орналасуы бойынша ұйымдастыру

г) нарықтық принцип бойынша ұйымдастыру

д) тауарлық-нарықтық принцип бойынша ұйымдастыру

102. Әртүрлі нарықта белгілі бір ассортименттегі таураларды сату төмендегі бойынша қайсы маркетинг қызметін ұйымдастыру жүйесіне жатады:

а) тауарлық өндіріс бойынша ұйымдастыру

б) географиялық принцип бойынша ұйымдастыру

в) нарықтың орналасуы бойынша ұйымдастыру

г) нарықтық принцип бойынша ұйымдастыру

д) тауарлық-нарықтық принцип бойынша ұйымдастыру

103. Ұйым операцияларына тікелей әсер ететін және ұйым операцияларының өзіне әсерін сезінетін факторлар келесі ортаға жатады:

а) тікелей әсер ету

б) негізгі әсер ету

в) сыртқы әсер ету

г) ішкі әсер ету

д) жанама әсер ету

104. Операцияларға тікелей тез арада әсер ете алмайтын, бірақ әсері байқалатын факторлар келес іортаға жатады:

а) тікелей әсер ету

б) негізгі әсер ету

в) сыртқы әсер ету

г) ішкі әсер ету

д) жанама әсер ету

105. Төмендегілердің ішінде тікелей әсер ету ортасына қайсысы жатпайды:

а) жабдықтаушылар

б) тұтынушылар

в) бәсекелестер

г) экономика жағдайы

д) маркетингтік делдалдар

106. Төменде көрсетілген факторлардың ішінен тікелей әсер ету ортасына жатпайтынын көрсетіңіз:

а) жабдықтаушылар

б) әлеуметтік-мәдени факторлар

в) тұтынушылар

г) бәсекелестер

д) маркетингтік делдалдар

107. Төменде көрсетілген факторлардың ішінен жанама әсер ету ортасына жатпайтынын көрсетіңіз:

а) жабдықтаушылар

б) әлеуметтік-мәдени факторлар

в) экономика жағдайы

г) ғылыми-техникалық прогресс

д) халықаралық оқиғалар

108. Төмендегі факторлардың ішінде қасысы жанама әсер ету ортасына жатпайды:

а) халықаралық оқиғалар

б) әлеуметтік-мәдени факторлар

в) экономика жағдайы

г) ғылыми-техникалық прогресс

д) бәсекелестер

109. Әрбір тауардың өмірлік циклы бар. Ол бірнеше этаптан тұрады, төмендегілердің ішінде қайсысы жатпайды:

а) нарыққа шығару этапы

б) өсу этапы

в) қайта өсу этапы

г) кемелдену этапы

д) құлдырау этапы

110. Анықтаңдар: Тауардың нарыққа шығуы бойынша өтімнің жайлап өсу кезеңі. Бұл тауардың өмірлік циклының қай этапы:

а) нарыққа шығару этапы

б) өсу этапы

в) қайта өсу этапы

г) кемелдену этапы

д) құлдырау этапы

111. Анықтаңдар: Тауардың нарыққа тез қабылдану және табыстың тез өсу кезеңі. Бұл тауардың өмірлік циклының қай этапы:

а) нарыққа шығару этапы

б) өсу этапы

в) қайта өсу этапы

г) кемелдену этапы

д) құлдырау этапы

112. Анықтаңдар: Тауарды көпшілік потенциалды тұтынушылардың қабылдап қоюына байланысты өтім қарқынының бәсеңдеу кезеңі. Бұл тауардың өмірлік циклының қай этапы:

а) нарыққа шығару этапы

б) роста

в) қайта өсу этапы

г) кемелдену этапы

д) құлдырау этапы

113. Анықтаңдар: Өтімнің тез төмендеуімен және табыстың азаюымен сипатталатын кезең. Бұл тауардың өмірлік циклының қай этапы:

а) нарыққа шығару этапы

б) роста

в) қайта өсу этапы

г) кемелдену этапы

д) құлдырау этапы

114. Тауарды нарыққа шығару кезеңіндегі өтімнің баяу өсуі бірнеше факторлармен түсіндіріледі. Төмендегілердің ішінде қайсысы ол факторларға жатпайды:

а) өндірісті кеңейтудегі кешігулер

б) сауда желісінің дұрыс жолға қойылмауы

в) техникалық мәселелер

г) сатып алушының психологиялық кедергісін өтуі

д) өзіндік құнының жоғары болуы

115. Тауардың өмірлік циклының тауарды нарыққа шығару кезеңінде төмендегі маркетингтік іс-әрекеттердің қайсысы қолданылмайды:

а) бағаны төмендету

б) нарықты сегменттеу

в) жарнама

г) сервисті жақсарту

д) сапаны жоғарылату

116. Тауардың өмірлік циклының өсу этапында төмендегі стратегиялық ыңғайлардың қайсысы қолданылмайды:

а) тауардың жаңа модельдерін шығару

б) нарықтың жаңа сегменттеріне ену

в) бағаны жоғарылату

г) таратудың жаңа каналдарын қолдану

д) тұтынушылардың қосымша санын тарту

117. Тауардың өмірлік циклының өсу этапында қолданылатын маркетингтік іс-әрекетті көрсетіңіз:

а) бағаны жоғарылату сервисті түрлендіре отырып жоғарылату

б) сервисті түрлендіре отырып жоғарылату

в) тауарды өндіруге кететін шығынды жоғарылату

г) тауар өндірісін төмендету

д) ұсынысты азайту

118. Тауардың өмірлік циклының құлдырау этапында тауар тұтынушылар алдындағы өзінің тартымдылығын жоғалтады және сұраныс тез төмендейді. Бұл жағдайда нарықтағы тауарға қолдау жасау үшін келесі қадам жасалады:

а) тауарды басқа елдің нарығына шығару

б) бағаны төмендету

в) тауардың өндірісін тоқтату

г) тауарды сатушыларды көбейту

д) ұсынысты төмендету

119. Маркетингтік зерттеу процедурасы ретімен келетін жеке іс-әрекеттердің комплексінен тұрады. Зерттеу концепциясын жасау этаптарына төмендегілердің ішінде қайсысы кірмейді:

а) мақсатты анықтау

б) мәселелерді қою

в) жұмыс гипотезасын құру

г) көрсеткіштер жүйесін анықтау

д) мәліметтерді өңдеу және талдау

120. Маркетингте ақпараттың негізгі екі түрін бөледі. Соларды көрсетіңіз:

а) негізгі және көмекші

б) біріншілік және екіншілік

в) стратегиялық және ағымдағы

г) жалпы және жеке

д) жалпы және арнайы

121. Маркетингтік зерттеудің мақсатына сай жиналатын ақпарат қалай аталады:

а) негізгі маркетингтік ақпарат

б) кабинеттік маркетингтік ақпарат

в) стратегиялық маркетингтік ақпарат

г) біріншілік маркетингтік ақпарат

д) арнайы маркетингтік ақпарат

122. Фирманың өзі немесе басқа ұйым бұрын жинаған және өңдеген, жүргізіліп жатқан маркетингтік зерттеудің мақсатынан ерекшеленетін ақпарат қалай аталады:

а) негізгі маркетингтік ақпарат

б) екіншілік маркетингтік ақпарат

в) стратегиялық маркетингтік ақпарат

г) далалық маркетингтік ақпарат

д) арнайы маркетингтік ақпарат

123. SWOT-талдауға төмендегілердің ішінде қайсысы кірмейді:

а) күшті жақтарын талдау

б) мүмкіндіктерін талдау

в) қауіп-қатерді талдау

г) миссияны талдау

д) әлсіз жақтарын талдау

124. Ұйым жұмыс істейтін нарықты, бәсекелестікті, экономикалық ортаны детальды зерттеу - бұл:

а) ішкі аудит

б) SWOT-талдау

в) мүмкіндіктер мен қауіп-қатерді талдау

г) сыртқы аудит

д) ағымдағы аудит

125. Компания қолданатын «құндық тізбек» құрылымының тиімділігін және сенімділігін бағалау - бұл:

а) ішкі аудит

б) SWOT- талдау

в) мүмкіндіктер мен қауіп-қатерді талдау

г) сыртқы аудит

д) ағымдағы аудит

126. Инвестор немесе кредитор фирма туралы өзінің пікірін қалыптастыруға және қаржыны беру туралы шешімді қабылдауға негіз болатын құжат қалай аталады:

а) бизнес-жоспар

б) стратегиялық жоспар

в) SWOT-жоспар

г) басты жоспар

д) жылдық жоспар

127. Әлеуметтік этикалық маркетинг келесі жағдайда қолданылады:

А) экологиялық мәселелер туындағанда

Б) тауар тапшылығы болғанда

В) тауар монополиясында

Г) сұраныс ұсыныстан жоғары болғанда

Д) тұтынушылар сапалы тауарларға мұқтаж болғанда

128. Өндірісті жетілдіру концепциясының мақсатына жатады:

А) өндіріс тиімділігін жоғарылату

Б) жоғары табысты алу

В) тауарды сату

Г) тауарды жетілдіру

Д) қоғам мүддесі

129. Өндіруші мен тұтынушы арасында байланысты альтернативті негізде жүзеге асыратын қатынас қалай аталады:

А) айырбас

Б) бартер

В) реализация

Г) сату

Д) сатып алу

130. Нарыққа тереңінен ену кезінде фирма жұмыс істейді:

А) бұрыннан бар нарықта бұрыннан бар тауарлармен

Б) жаңа тауарлармен

В) сырттан әкелінген тауарлармен

Г) өндірушілердің тауарларымен

Д) жаңа нарықтағы тауарлармен

131. Нарық шекарасын кеңейту кезінде фирма жұмыс істейді:

А) бұрыннан бар нарықта бұрыннан бар тауарлармен

Б) жаңа нарықта бұрыннан бар тауарлармен

В) жаңа нарықта жаңа тауарлармен

Г) жаңа жабдықтаушылармен

Д) жаңа өндірушілермен

132. Нарықты сегменттеу төменде көрсетілген белгілердің қайсысы бойынша жүргізілмейді:

А) географиялық

Б) демографиялық

В) социографиялық

Г) мінез-құлықтық

Д) салмақтық

133. Маркетинг комплексін жасау және жүзеге асыру кезінде қолданылатын басқарудың көмекші жүйелеріне төмендегілердің ішінде қайсысы жатпайды:

А) маркетингтік ақпарат жүйесі

Б) маркетингті жоспарлау жүйесі

В) маркетинг схемасын жасау жүйесі

Г) маркетинг қызметін ұйымдастыру жүйесі

Д) маркетингтік бақылау жүйесі

134. Мұқтаждық – бұл:

А) қанағаттандыруды талап ететін қажеттілік

Б) төлем қабілеті бар қажеттілік

В) сұранысты қанағаттандыру процесі

Г) ұсынысты көрсету формасы

Д) қанағаттанған сұраныс

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 117; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты