Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Фольклор поэтикасының бүгінгі поэзиядағы қолданылуы




Фольклорлық композиция. Эпос пен ертегінің композициясындағы прологта қарттардың перзентсіздік зары, олардың әулие-әнбиелерді аралап, бала тілеуі, ол баланың ғажайып туу сарыны бойынша дүниеге келуі, оның ғажап ержетуі, алыс жолға шығарда ат таңдауы, алғашқы ерліктің некелік сынақпен байланысты көрінуі тұрақтанған. Негізгі бөлімде елдің жауын жеңудегі ерлігі, ал, қорытынды бөлімде кейіпкердің Отанына жеңіспен оралып, мақсат-мұратына жетуі баяндалады. Қазіргі қазақ қаламгерлерінің туындыларында фольклорлық тұрақтылықты дәл бұлайша қолдану байқалмайды. Бірақ авторлық шығармаға арқау болатын тақырыпты көркемдік тұрғыда шешу үшін эпос пен ертегідегі композициялық құрылымның бөлшекті түрде пайдаға асатыны бар. Авторлық шығармаларда қарттардың перзентсіздік зарын тартып, ғажайып туу сарынының қолданысында айырып айтар жағдай бар. Соңғы он бес жыл ішінде жазылған шығармаларда бұл сарын қолданылмаған сыңайлы. Бірақ әділдік үшін айту керек, бұл сарын М.Шахановтың кеңестік дәуірде жазған “Ел тілегінің күші” атты шығармасында жүзеге асырылған. Фольклорлық шығармалардың композициясын тұтас күйде қарастыру мақсатында кеңестік дәуірдегі осы шығарманы да қажетінше пайдалануға тура келді.

Бұл поэма өз өлкесіндегі ең бай адам болғанымен, перзентсіздіктен зарланған қарт құзар таудың басына шығып, Жаратқаннан бала тілеумен ашылған. Мұндағы көңіл аударарлық нәрсе – фольклорда кейіпкерлердің ел кезіп, алысқа кетуі, бірнеше әулиенің басына түнеуі қарттардың дегеніне жету үшін біраз қиын жолға төзімі көрсетілсе, М.Шаханов кейіпкері бұлайша жол азабын шекпейді, құзар тауға шығып, көктегі Жаратқанның өзіне тілек айтады. Сырт қарағанда, бұл фольклормен оппозиция сияқты көрінгенімен, мұндай тәсіл де халықтық сенімнен туған. Ендеше халықтық сенім болғандықтан фольклормен үндестік бар. Құдайлардың мекені көк аспан болғанда, шыңға шығу оған жақыннан келуді, тілегін жеткізудің амалын білдіреді. Фольклорлық шығармалардағы сияқты бұл авторлық шығармада да перзентсіз қарттың тілегі оңайлықпен орындала қоймайды. Поэма кейіпкері Тәңірдің өзіне жалқы тағдыр бергенін, ол шешімнің өзгермейтіні туралы айтқан сөзін естуі, фольклорда кездеспейтін сарын, бұл осындай жауап естіген қартқа ел тілегінің күштілігін көрсету үшін мақсатты түрде ақын тарапынан қосылған жаңа сарын. Халық түсінігінде Тәңірдің дегені қарсылық болуы мүмкін емес, сонда да қарт:

Онда маған мұңға төзер сана бер,

Және үш күндік ғұмыры бар бала бер,

Нәрестемнің иісін жұту мен үшін

Басты арманым еді, қарттық жеңісім[243], –

Деп, Құдайға тілегін жеткізе білген, ақыры, Тәңір оның тілегін береді. Алпамыстың әкесі – Байбөрі, Қобыландының әкесі Тоқтарбай балаға зар болғанда, әуелі өз ықтиярымен елдегі жарлы-жақыбайға арнап үлкен шығын шығарып, сый жасауы алыс сапарға жүрер алдында өткізілсе, мұның мәнісі көптің тілегіне ие болу қажеттігі жатыр. Бұл авторлық туындыда нәрестелі болған кезде – той өткізу үстінде жігіттерге ат мінгізіп, балалы үйге сауын сиыр таратып, жетім-жесірге тоғыз қойдан сый беріп, кеңпейілділік танытылады. Көпшілік те қарттың зарығып көрген баласының ғұмырлы болуына тілек білдіреді. Мұны Құдай да қолдайды.

Демелсе, егер тілек көптің қолымен,

Ескерусіз қалдыра алман оны мен, –

 

деп түсіндірген Құдайдың қарттың сәбиіне ұзақ ғұмыр беріп, қуантуының сыры сөз магиясымен астасқанын көрсетеді. Фольклорлық тұтастану құбылысын бастан өткізген шығармалардың бірінші бөлімі ақын тарапынан осылайша шешім жасаумен, яғни көптің тілегі қабыл болып, баланың ғұмыры үш күнімен шектелмейтінін айту арқылы туындыға мән берілген.

Бір қарағанда, авторлық шығарма фольклорлық санаға оппозиция болып көрінгенімен, осылайша “көп тілегі – көл” дегендей сөз магиясы арқылы үндестік байланыс орнатқан.

Ал, соңғы жылдары жазылған “Көк түріктер сарынында” ақындық Мен арқылы Темірхан Медетбек өзін эпикалық бейнеге айналдырып, Бостандық елін іздеп шығар алдында фольклорлық шығармадағы батырлардай өзіне лайықты ат таңдайды. Оны:


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 136; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.017 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты