Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Садағымды алдым




Найзамды ұштадым.

Жолға шығарда

Қотыр тай ұстадым, –

 

деп білдіреді. Ол таңдаған ат фольклордағы аттардай ерекше: қол тигенде – құнан, жүген салғанда – дөнен, ер салғанда бесті болып шығады. Алпамыстың Байшұбары, Ер Төстіктің Шалқұйрығы, т.б. аттар сияқты ол “екі аяқтыда есті болды”. Ақын – кейіпкер алыс сапарға шығарда қолына темір таяқ алып, темір етік киеді. Бұл – жолдың ауыр болатынынан хабар беретін фольклорлық сарын. Ақын Бостандық елін іздеу ұзақ та қиын болатынын сезеді. Сондықтан осындай дайындық жасайды. Архаикалық эпостың негізгі бөлімінде кейіпкерлердің жалмауыз, т.б. құбыжықтарды жеңуі керек болса, ақын-кейіпкер де жалмауызға кездеседі. Бұл орайда фольклордың бірінші бөлімімен де, негізгі бөлімімен де композициялық генетикалық байланыс танылады.

Тек фольклорлық шығармалардан айырмашылығы – кейіпкердің жалмауызды қалай жеңгені баяндалмайды, бірақ оның сапарының оңай болмағаны айтылады. Ол ақын-кейіпкердің от дариясын кешуі арқылы, мақсатына жету жолында шыңдардың үстімен бұлт боп көшуі арқылы, арсы-гүрсі шулаған теңізден өтуі керек болғаны арқылы танылады. Осы жолдың қиындығын:

 

Қанымды төктім,

Қабырғамды сөктім[244], –

 

деп жеткізгені эпикалық кейіпкерге тән әрекетті танытқаны. Сондықтан бұл фольклордан алыс кетпегендік, үндестік байланыстың қолданылғанын көрсетеді. Және фольклорлық шығармаға тән оқиғаны кеңінен баяндаудың орнына мейлінше қысқа, бірақ оның есесіне эпикалық пафоспен жеткізуді мақсат еткен. Өйткені, бүгінгі заманның ақыны ақындық менді танытқанында батырлық жырлардағы эпикалық мен сарыны басшылыққа алынған. Жырларда кейіпкердің іс-әрекеті үшінші жақтан баяндалса, ақын бірінші жақтан батыр-кейіпкер өзі болып шаққан.

Фольклорлық шығармада:

 

Темір таяқ тебен инедей,

Темір етік теңгедей болып,

Мойны ырғайдай,

Биті торғайдай болады[245], –

деп, кейіпкердің қиын жолдан өткенін білдіреді.

Ақын да:

Темір етігім

Теңгедей болды.

Темір таяғым

Тебендей болды, –

 

дейді. Ақырында, “Мен оған зорға жеттім”, – деп[246], азабы көп алыс сапарға шыққандағы мақсаты – Бостандық еліне жеткенін білдіреді. Яғни эпос пен ертегі кейіпкерлерінің жауын жеңіп, еліне аман-сау оралып, мақсат-мұратына жетуін баяндайтын қорытынды ақын өлеңінде де қамтылған. Осылайша Темірхан Медетбектің «Бостандыққа жол» атты өлеңін жазуда эпос пен ертегі композициясын басшылыққа алуда фольклормен генетикалық және үндестік байланыстарды қатар қолданғаны белгілі болады.

Оның “Біліп келемін” атты өлеңі де фольклорлық композицияның құрылымын тұтас алмай, бөлшекті түрде пайдаланғанын көрсетеді. Бұл өлеңде де фольклорлық шығармалардың прологына тән перзентсіздік зары, т.б. жоқ. Жыр мен ертегілердегі оқиғаның бастауын білдіретін кейіпкердің алыс жолға шығуы енгізілген. Ал, сюжеттегі оқиғаның негізгі бөлімге көшкенін баяндайтын кейіпкердің қиналған кезде жебеуші, әулие, пірлерден көмек сұрап, содан соң қуаты артып, жойқын соғыс жасап, дұшпанын жеңуі бұл өлеңде де қамтылған. Фольклор кейіпкері сияқты ақын- кейіпкер өзінің ұзақ жолға шыққанын, ол жолдың оңай болмағанын “арып-ашыдым, жадап-жүдедім” деу арқылы білдіреді. Дегенмен бұл авторлық шығармада өзгешеліктер бар. «Алпамыс батыр» жырында:

 

Түркістанда Қожахмет,

Самарқанда палуан Ахмет,

Бабай Түкті Шашты Әзиз,

Қолыңа ал балаңды[247], –

 

деп, ислам дінінің ықпалымен әулиелердің есімі аталса, ақын-кейіпкердің жебеушісі бөлек. Ол:

 

Алдымнан

Ата-бабаларым сияқты

Алып бәйтеректер шықты.

Иір-иір бұтақтарын созды.

Арқасына мінгізді

Алысты көрсетті

Жақынды білгізді

Тағы да жолға шықтым[248], – дейді.

Кейіпкердің дегеніне жете алмай, “құм қауып құлағанда, құм шашып жылаған” кезінде аспаннан келген бұлттар оның намысын оятып, тағы күреске шығуына жағдай жасайды. Сөйтіп, бұл өлеңнен байқалатындай ақын-кейіпкердің жебеушісі – Табиғат болып шығады. Көркемдік сапасы классикалық деңгейге жеткен қазақ фольклорында табиғатпен байланыста көрінетін мифтік кейіпкер бейнесі сақталмаған, бірақ башқұрт фольклорында тау, тас, сумен сөйлесетін Орал батыр бар. Дегенмен қазақ ақынының авторлық туынды жасауда башқұрт фольклорымен байланыс жасады деп айту қиын. Бұл табиғат аясынан шыққан халықтың сенімін өзек етумен сабақтас болған. Табиғатпен бірлікті білдіретін айға, күнге табынған таңбалар «Қорқыт Ата» кітабында бар.

Бұл авторлық шығарманың тағы бір өзгешелігі – қорытынды бөлімінде, яғни ақын-кейіпкердің сапары әлі аяқталмағанын білдіруге байланысты тәмамдалуы[249]. Ал, фольклорлық шығармаларда алыс сапарға шыққан кейіпкердің діттеген мақсатына жетіп, еліне оралып, бақытты ғұмыр кешуін айту міндетті.

Т.Медетбектің «Бүгінгі ертегі» атты өлеңінің сюжеті әдебиеттегі сюррелизм әдісімен жазылған, бірақ композициялық тұрғыдан фольклормен оппозициялық байланыс түрі қолданылған. Өлеңді үш бөлікке бөліп қарастыруға болады. Кіріспе бөлімде кейіпкердің жабығып тұрған кезінде аспаннан түскен бұлт көкке алып ұшады. Негізгі бөлімде кейіпкер ертегі елінде жүргендей адам қиялы жетпес істерді жасайды. Яғни қара жартастай қара бұлттарға соғылады. Ол соғылғанда аспан күркіреп, сатырлайды. Осындай аласапыран тұрған кезде кейіпкер елінің тағдырын ойлап, найзағайлардың бір бұтағын сындырып алып, бұлттарды сауырынан сабалап, ақыры, бұлттарды жан-жаққа таратып, жерге түседі. Қорытынды бөлімінде кейіпкердің жерге түсіп, жер бетіндегі тірлік баяғыдай болғандықтан, оның қайтадан қамығып, жабығулы күйге түскенін айтумен шектеледі[250]. Бұл шығарманың композициялық тұрғыдан фольклормен оппозициялық байланыс негізде туғанын көрсетеді, оны кейіпкердің түс көруі сарынынан байқауға болады. Тазшаның түсі сол өзі көргендей болып шығуы – фатализмнің салдары. Алпамыстың келе жатқанын Тайшық ханның түс арқылы білуі халық батырының жаудың жүрегіне, санасына жойқын күш көрсету ретінде әсер ететін мақсатында қолданылған. Ал, авторлық шығармада түс көру сарынының қолданысы фольклорлық сарыннан бөлек реальды жағдаймен байланыстырылып мақсатты түрде жасалған.

Ертегілік композицияның қолданысы да назар аудартады. Басқа халықтардың ертегілері сияқты қазақ ертегілерінде де көп болмағанымен, кеңейтілген бастама болады. Ол, әдетте, «ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде» деген күйде түрлендіріп беріледі. Академиялық «Қазақ ертегілерінің» үш томдық жинағына енген ертегілердегі мұндай кеңейтілген бастаманың алты түрін мысал үшін ұсынып, оның қызметі ертегіде баяндалатын оқиғаның болғанын, кейіпкерлердің мекен-жайын, не тірлікпен айналысатынын, яғни шындық өмірде болған жағдай сияқты баяндауды тыңдауға ұйыту[251] екенін С.А.Қасқабасов анықтаған. Темірхан Медетбектің «Баласын құтқарған әйел туралы» деген өлеңнің кіріспесін:

 

Ерте, ерте, ертеде

Қойының үстіне

Бозторғай жұмыртқалап,

Итінің басына

Іркіт төгілген

Байтақ өлкеме –

Соңынан

Қып-қызыл өрт еткен,

Демімен

Дүниені дертті еткен,

Жауыздар тап берді, –

 

деп беруінде болған оқиғаны тарихи жағдаймен байланыстырып, шындық ретінде баяндайды. Сондықтан автор бұл шығармасын аңыз деп көрсеткен, алайда, ертегілік сарын араластырылған. Қазақ фольклорында «Жалмауызды алдаған қыздар» атты ертегі бар. Оның сюжеті бойынша бір байдың үш қызы болғаны, тамақты көп жейді деген сылтаумен бай оларды тоғайға апарып тастағаны, кешке үйлеріне келгенде оның тек орнын көргені, сол арада айна, тарақ, ине тауып алғаны баяндалады. Олар бір жолым үйге келгенінде ол жалмауыз кемпірге тап болады. Жалмауыздан құтылу үшін қыздар тарақты лақтырғанда ол тоғайға, ине тастағанда ол биік тауға, айна тастағанда ол үлкен көлге айналып, ақыры, құтылады[252].

Екі шығармада – бірі фольклорлық, бірі авторлық болса да, жаудан құтылудың жолы бірдей болып шыққан. Баласын алып қашқан әйел жаудың жолын бөгеу үшін тарақ лақтырады, ол орманға айналады, айна лақтырады, ол өзенге айналады, қанжар лақтырады, ол тауға айналады. Автордың енгізген айырмашылығы – ине орнына қанжар аталған, бұл өлеңнің жаумен күрес мәселесіне арналуымен байланысты енгізілген. Қорытынды бөлімде ертегі бақытты аяқталу сарынымен тәмамдалады.

Авторлық шығармада бұл сюжет тақырыптық тұрғыдан қазақ тарихына орайластырылып, жаудан аман қалған оң шешім шығару арқылы композициялық құрылымда да фольклормен үндестік байланыс таңдап алынған. Ақыры:

 

Бір тайпа елден

Бір әйел мен

Бір ғана бала қалды.

Авторлық шығарманың бұл бөлімі де фольклордағы жағымды кейіпкер – ел қорғаны батырдың сапары осылайша бақытты аяқталған, яғни:

 

Сол баладан

Бір дүйім ел өсті,

Ол біздер едік, –

 

делінген. Бұл ру – тайпа шежірелеріндегі бір баланың дүйім ел болып өсуін баяндайтын мифтік сарынды қолданумен орайлас. Бір кезде Европаны дүр сілкінткен ғұндардың тарихынан сыр шерткен «Көк бөрі», «Ергенекөн» жырларына арқау болған белгілі сарын. Мәселен, «Көк бөрі» жырында Атилла қайтыс болған соң ел қайғы үстінде жүрген кезін пайдаланып, жау келіп, елді қырып кетеді. Тоғыз жасар жалғыз ер бала қалған екен, оны жау көріп қойып, қол-аяғын шауып, ен далаға тастап кетеді. Ақыры, ол баланы бөрі-аналық асырап, содан Ашина әулеті пайда болады. Қазіргі заман ақыны осы арада өзгешелік жасағаны – оқиғаны тікелей ғұндармен байланыстырмай, бүгінге жеткен қазақтың қиын-қыстау жағдайлардан өткен тағдырын баяндауға арнаған. Осылайша бүгінгі оқырман үшін қазақ ұлтының басына түскен небір қиын ауыртпалықтан аман қалуды таза фантастикалық жағдай деп жеткізумен байланысты туған. Мұндай ойды жеткізуде ертегі композициясы оңтайлы болған.

Қазақтағы Қорқыттың ажалмен күресуіне арналған сюжет өзге халықтарда жоқ[253]. Фольклорлық шығармада Қорқыт түс көріп, түсінде жақында өлетіні туралы хабар естиді де, өлімнен қашып, дүниенің төрт бұрышын кезеді. Қайда барса да, алдынан көр қазып жатқандар шығады. «Кімге арнап қазып жатырсыңдар?» – деп сұрағанда «Қорқытқа» деген жауап естиді. Ажалға қарсы күресудің құралы ретінде қобыз жасап, Сырдың ортасына кілем төсеп, қобызбен күй тартып, ұзақ жыл өмір сүреді. Әпсананың қорытынды бөлімінде Қорқыттың шаршап, көзі ілініп кеткен кезінде жылан шағып өлтіреді. Бұған қоса қазақ арасында Қорқыттың жаналғышты алдап, аман қалғанын баяндайтын мәтін де бар, бірақ ол халықтың қалауы, Қорқыт бабаға деген сүйіспеншілігінің нәтижесінде кейіннен пайда болған. Әпсананың сюжеті де, композициялық құрылымы да Темірхан Медетбектің «Қорқыттың көрі»[254] атты өлеңіне генетикалық тұрғыда арқау болған. Ақын өз өлеңінің кіріспе бөлімін:

 

Келіп қалған ажалдан

Зәре-құты қалмаған

Жазған Қорқыт

Нар маясына

Керек-жарағын

Асығыс-үсігіс

Артып қашты, –

 

деп бастайды. Осыдан кейін Қорқыттың қобыз жасап, оны зарлатып жүріп қашқаны, қайда барса да, төбесінен төнген қап-қара бұлт болғаны, алдынан қазулы көр шыққаны айтылып, ақыры, «Қорқыт та дүниеден өтті» делінген. Демек, әпсанадағы ажалды жақындатпау үшін Сыр ортасында кілем төсеп отырғаны, шаршап кетіп, көзі ілініп кеткенінде ажалдың жылан болып келгені «түсіп қалған». Бірақ бұған қарамастан, әпсананың композициялық құрылымы басшылыққа алынғаны байқалады. Осының өзі фольклормен генетикалық байланыста қолданылған.

Авторлық төл туындының идеясын белгілі түрде көркем жеткізу мақсатында фольклормен генетикалық байланыс іздеу Болат Шарахымбайдың “Қырандар патшалығы” атты шығармасында орын алған.

Шығармаға өзек болатын оқиғаның өтетін жері – түрік халқы қасиет тұтқан – Тәңіртау.

Ақын:

 

Тәңіртауда

Биік ұстап Бірлікті,

Жалау етіп Әділет пен Шындықты

Ізгілігі жататын ақтарылып,

Қайсар патша – Самұрық құс тұрыпты, –

 

дейді.

Самұрық – ежелгі дәуірлерден бері Орта Азияны мекендеген түрік-парсы халықтарына ортақ қасиетті құс. “Ер Төстік” ертегісінде ол екі басты – бір басы – адамның, екіншісі – құстың басына ұқсаған деп айтылған. Көп құстан өзгеше көрсететін мұндай ерекшелік оның қасиеттілігімен байланысты. Өйткені, Самұрық – мифтік үш әлемді еркін аралайтын құс. Ежелгі дәуірдегі бұл түсінік туралы “Ер Төстік”, т.б. ертегілер хабар береді. Автордың Тәңіртаудағы патша әрі абыз қасиетін Самұрыққа “жүктеуіне” осындай фольклорлық сананың ықпалы болған.

Фольклорлық шығармаларда Самұрық құстың балапандарға жем іздеп, алысқа сапар шегетіні оның осы жоқ мезгілін пайдаланып, айдаһардың (жыланның) балапандарды жеп жүретіні баяндалады.

Шығарманың сюжетін таңдауда автор бұл фольклорлық туындыны басшылыққа алған. Бірақ фольклорлық сюжетті де, белгілі дәрежеде оның құрылымын пайдалану да өзіндік идеяға бағындырған.

Автордың айтар ойы – Тәңіртауға қайтып оралу (бұл астарлы оймен тәңірлік сенімге меңзеу сияқты) – ақиқатқа қайтып оралумен парапар ұғым. Әлемдік жолаушы өркениет өзінің түпқазығын таба алмай, жолайрықтарда адасып жүр деседі. Шаршаған, үміті үзілген... өршеленген. Осы ойды бейнелі түрде, әсерлі күйде жеткізу мақсатында мифтік кеңістіктердің кейіпкері ретінде Қыранды – жарықтың, ал, жыланды қараңғылықтың символы етіп, дүние текетірес екенін осы образдар арқылы баяндайды. Дегенмен мұны авторлық жаңалық деу қиын. Анығырақ айтқанда, ақын дуалистік мифті пайдаланған.

Фольклорлық шығармада айдаһардың балапанды жұтуына арналған сюжеттің бөлшектері мынадай:

1. Самұрық балапандарына тамақ іздеп, алыс жолға кетеді;

2.Осы кезде айдаһар балапандарды жеу үшін бәйтеректің бойымен жоғары өрмелейді.

3.Батырдың келіп, айдаһарды қылышпен бөліп өлтіруі;

4.Самұрық жауындатып-шашындатып жетіп, айдаһардың өлгенін көріп,

батырға жақсылық жасайды.

Авторлық шығармада бұл құрылым, негізінде, сақталған. Мұнда да Самұрық алыс жолға шығады, бірақ шығарманың идеясына сай оның өз ұясынан ұзап кетуі шындық іздеп кетуімен байланыстырылады, демек мұнда үндестік орын алған.

Фольклорлық шығарманың композициясындағы екінші бөлік – айдаһардың балапандарды жеу үшін бәйтеректің бойымен көтерілуі авторлық шығарманың идеясына сай:


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 111; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты